Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 19:19, реферат
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп төнеді.
Жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды.
Адамның өміріне және денсаулығына,
жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы
мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға
бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке
адамға қарсы қылмыстар деп танылады.
Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі
зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына,
заңды құқықтары мен бостандығына қауіп
төнеді.
Жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас
саласын қамтиды. Олар негізінен адамгершілік
қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік,
сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара
қатынастар туралы нормаларымен реттеледі.
Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы
ересек адамның өз нәпсіпқұмарлық қажеттігін
кіммен және қалай шешетін жыныстық бостандығын,
сондай-ақ ересектердің де сол сияқты
кәмілетке толмағандардың да дербес құқықтығын
қамтиды. Қылмыстық заңнама (ҚР ҚК 120-124-баптары)
осы құқықтарды қоғамда қалыптасқан жыныстық
мораль нормаларына қайшы келетін іс-әрекеттерге
тыйым салу жолымен шешеді. Жаңа заңнамаға
қарағанда бұрынғы қылмыстық заңда ауырлататын
мән-жайлармен жасалған әйел зорлауда
өлім жазасына кесу қарастырылған (ҚазКСР
ҚК 101-бабының 4-бөлігі).
Зорлау - әйелдің жыныстық еркіндігі мен
жыныстық дербестігіне қол сұғудың ең
ауыр түрлерінің бірі. Қылмыстық заң бойынша
зорлау дегеніміз – жәбірленушіге немесе
басқа адамдарға күш қолданып немесе күш
қолданбақшы болып психикалық қысым жасап
(қорқытып) не жәбірленушінің дәрменсіз
күйін пайдаланып ер адамның әйелмен кәдімгі
түрде жыныстық қатынасқа баруы.
Зорлаудың объектісі әйелдің жыныстық
бостандығы болып табылады. Ал, кәмелетке
толмаған және өте жас қыз баланы зорлау
кезіндегі жыныстық дербес құқылық ең
жоғары. Мұндай қылмыс жасалған жағдайда
оның жәбірленушісі тек қана әйел болуы
мүмкін.
Зорлаудың объективтік жағы заңда жәбірлеушіге
немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе
оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің
дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық
қатынас жасау деп көрсетілген. Осыған
орай, зорлаудың міндетті белгісі жыныстық
қатынас, яғни еркек пен әйелдің табиғи
жанасуы болып табылады.
Зорлаудың субъективтік жағы тек қана
тура ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің
күш қолданып, қорқытып немесе жәбірленушісінің
дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық
қатынастың қалай екенін ұғынып біледі,
және соны қалайды.
Зорлаудың субъектісі жасы 14-ке толған,
еркек жынысты адам болуы мүмкін.
Зорлау қоғамдық қауіптілігі күшті ауыр
қылмыстардың қатарына жатады. Қазақстанда
1996 ж.– 1,1 %, 1997 ж.– 1,0 %, 1998 ж.– 0,84 %, 1999 ж.-
0,76 %, 2000 ж.- 0,86 % зорлау қылмыстары тіркелген.
Адамның жыныстық дербестігі және жыныстық еркіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы – Зорлау. Адамның жыныстық дербестігі және жыныстық еркіне қарсы қылмыстар, нәпсіқұмарлық адам бойына біткен табиғи қасиет.Ол негізіне мораль прициптері,неке бойынша және де некден тыс жыныстық ара қатынастарын реттейтін заңдардың нормалары бойынша шектеледі.
Адамның жалпы еркіндігі мен дербестігі жыныстық еркіндікті де,ересек адамның нәпсіқұмарлық тәбетті қандай нысанда кіммен қанағаттандыратының өзі шешетін дербестікті де қамтиды және де ересек адамның да,кәмелетке толмағанның да жыныстық дербестікке құқығы бар деген мағына береді.Қылмыстық заң Қылмыстық кодекс 120-124 баптары бұл құқықтардықоғамда қалыптасқан жыныстық мораль нормаларына көрінеу қайшы іс-әрекеттерді жасауға тиым салу арқылы қрғайды.
Жыныстық дербестікке қарсы қылмыстар дегеніміз қылмыстық заңда қарастырылған, 16 жасқа немесе 14 ждасқа толмаған адамның жыныстық деместігіне, дене бітімінің және психикалық қалыпты дамуына ересек адамның жыныстық еркіндігіне немесе қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынас ғұрпына қалыпты қастандық бұл қарастырылып отырған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі сол,олар адамның жыныстық еркіндігі мен, жыныстық дербестігіне елеулі нұқсан келтіреді кәмелетке толмағандарды бұзады,олардың дене бітімі мен ішкі жан дүниесінің дамып қалыптасуына теріс ықпал жасайды қоғамдық мораль білдіреді.
Жәбірленушіге сипаттаманы әрбір бап бойынша бөлек,заңнын мәні бойынша беру керек,жәбірленуші жасына қарамай әйелде ер адамда болуы мүмкін,яғни екі жыныстың да адамдарын бірдей қорғау қылмыстық заңда көрсетілген.
Енді 120 бап бойынша Зорлау дегеніміз — әйелдің жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі.
Қылмыстық заң бойынша зорлау дегеніміз- жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе психикалық қысым жасап қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып ер адамның әйелімен кәдімгі түрде жыныстық қатынасқа баруы.
Бұл қылмыстың обьектісі -әйел жынысты адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігі.
Бұл дегеніміз- ер адаммен жыныстық қатынасқа бару мәселесін әйел өзі шешеді деген сөз .
Жыныстық қатынасқа әйелдің ықтияры болмағандығына оның ондай әрекетке ешбір келісім бермеуі және жанталасып қарсыласуы дәлел болады.Зорлаудың жәбірленушісі тек әйел жынысты адам ғана болады. Зорлағандық үшін жәбірленушінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы рөл атқармайды, жезөкшені,көңілдесін, әйелін зорлағандық үшін де жауаптылық қарастырылған.
Қазақстанның қылмыстық заңы кез келген адамның жыныстық еркіндігін,оның оны қалай пайдаланып жүргендігіне қарамастан, қорғайды.
Зорлаудың обьективтік жағы –жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушімен жыныстық қатынас жасауда.
Бұл ретте әйел мен ер—адамның кәдімгідей бірігуін жыныстық қатынасқа бару деп түсіну қажет. Егер жыныстық қатынас әйелдің ықтиярынсыз, оған күш жұмсалып немесе оны не басқа адамдарды қорқытып, не оның дәрменсіз күшін пайдаланып жасалса,ол зорлау болып танылады.
Алдап немесе өзіне деген сенімді теріс пайдаланып жыныстық қатынасқа барудың әйелдің келісімін алса, онда зорлағандық болмайды.
Зорлау кезінде күш жұмсау дегеніміз -ұрып-соғып жәбірленушінің денесіне әр түрлі дәрежедегі жарақат түсіру. Бұл ретте оның тәнің ауыртады, бостандығын шектейді, байлап тастайды, қылқындырады, қысқасы, жәбірленушінің қарсылығын басу немесе қарсыласуына мүмкіндік бермеу үшін әртүрлі әрекеттер жасайды.
Зорлау жасау үшін күш қолданудың бір тәсіліне заң психикалық қысым жасауды да жатқызады. Сонымен жәбірленушінің қарсылығын басу үшін кінәлі онысөзбен қорқытады,оған қару көрсетеді,ондағы мақсат-күш жұмсаудан қайтпайтындығын көрсету.
Қорқытуды зорлауды тәсілі ретінде пайдаланғандаоның заңсыз болуы тікелей,қарқынды көрсетілуі, ол нақты және шындық болуы тиіс. Тек сондай ғана әйелді дәрменсіз етеді.
Мүлкінді жоямын деп қорқыту немесе жәбірленушіні масқаралайтын деректерді мәлім етемін деп қорқыту, яғни арандатушылықпен жыныс қатынасын жасау зорлау болып танылмайды. Мұндай әрекеттерді жасаймын деп қорқыту әйелді дәрменсіз жағдайға душар етпейді, себебі оның өзін -өзі сақтап қалу шараларын қабылдауға немесе басқалардан көмек сұрауға мүмкіндігі болады. Күш жұмсау немесе күш жұмсаймын деп қорқыту тек жәбірленушіге ғана қатысты емес, басқа адамдарға да(туыстарына, жақындарына, таныстарына) қатысты болуы мүмкін.
Зорлаудың мына түрлері сараланған болып табылады:
1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау. Адамдар тобы жасаған зорлауға екі немесе одан көп адамның зорлаудың обьективтік жағына кіретін тым болмаса бір әрекетті алдын ала келіспей жасаған зорлауы жатады. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының зорлауы дегеніміз-сол қылмысты жасауға алдын ала өзара келіскен адамдардың қылмысқа қатысуы.
Ұйымдасқан топ жасаған зорлауға бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін бұрыннан біріккен тұрақты адамдар тобы жасаған зорлау жатады.
Топтасып зорлағандық үшін тек тікелей зорлық көрсетіп жыныстық қатынасқа барған адамадар ғана емес,сонымен қатар жәбірленушіге күш қолданып немесе оны қорқытып жыныс қатынасының жасалуына көмектескен адамдар да жауапқа тартылады. Олар топтасып әйел зорлауға қатысқандар болып танылады. Жәбірленушіге қарсы күш қолданбаған, бірақ оны басқа біреудің зорлап жыныстық қатынас жасауына көмектескен адамдар қылмысты ұйымдастырушы, арандатушы немесе оған көмектесуші ретінде Қылмыстық кодекстің 28-бабы бойынша және 120-баптың тиісті бөлігі бойынша жауапталады.
Бірнеше адамның бір әйелді топтасып зорлағаны ғана емес, бірнеше адамның өзара келісіп және күш қолданып немесе қорқытып бірнеше әйелдің әрқайсысын топтасып зорлағандыққа жатады. Егер топ ұйымдасқан болса, зорлау кезінде өздерінің атқарған рөлдеріне қарамастан, топтың ұйымдастырушысы да, оған қатысушылар да Қылмыстық кодекстің120-бабы 2-бөлігінің А тармағы бойынша жауапталады.
Топтасып әйел зорлауды ұйымдастырушы адамдардың әрекеттері,сол қылмысқа қатысқан басқа адамдар өздерінің есі дұрыс еместігіне , жасының толмағандығына немесе басқадай себептерге байланысты жауаптылықтан босатылса да, жоғарыда көрсетілген бөлік бойынша сараланады.
2. Өлтіремін деп қорқытып,сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға аса қатыгездік жасап зорлау.Өлтіремін деп қорқытқанда кінәлі оны ауызша айтады немесе соған сай әрекет жасайды. Мысалы айтсақ , жыныстық қатынасқа баруды талап етіп жәбірленушіні қылқындырады , оған қару , пышақ,ұстара көрсетеді, оларды қолдануға ұмтылады. Өлтіремін деп қорқыту арқылы жәбірленушіге психикалық қысым жасалынады, ол өз өмірін сақтап қалуды ойлап ешқарсылық көрсетпейді . Қорқыту нағыз шындық болуға тиіс және тікелей жасалынған. Жәбірленушіні дәрменсіз ететіндей сол қорқытудың қаншалық рас болғанын әрбір жағдайда сот анықтайды. Егер зорлау аяқталғаннан кейін, егер ол жайында айтсан Өлтіремін деп жәбірленушіні қорқытса, онда кінәлі Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі бойынша және қорқытқандық үшін қосымша 112-бап бойынша жауапқа тартылады.
Адам өлімімен ұштасқан зорлау,қасақана адам өлтіру ретінде,Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінің К тармағы бойынша саралануға тиіс.
Зорлаған кезде қатыгездік танытудың белгісі- зорлап жыныстық қатынас жасау кезінде жәбірленушінің немесе басқа адамдардың тәнін,жанын қатты ауырту.
Азаптау, қинау,т.б. жан күйзелту –жәбірленушінің қарсылығын басатын тәсіл болып табылады. Әйелді жақын,туыс адамдарының көзінше, әдейі көрсетіп зорлау қинау да аса қатыгездікке жатады.
3.Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соғатын зорлау.Қылмыстың бұл нышаны болу үшін кінәлі өзінің соз ауруымен ауратынын білуге және оның жұғатынын біле тұра зарлап қылмыстық қатынасқа баруы тиіс.ҚК 120-бабы 2-бөлігінің В тармағымен саралау үшін жәбірленушіге кінәлінің қандай ауру жұқтырғынның манызы жоқ . Бірақ ,егер зорлау кезінде жұққан соз ауруынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе, онда ол зорлаудан келген ауыр зардап деп танылуы мүмкін.
4. Бірнеше рет жасалған зорлау немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның зорлауы. Егер кінәлі екі немесе одан да көб рет зорлап жыныстық қатынас жасаса, ол бірнеше рет жасалған зорлау деп танылады. Егер кінәлі ҚК 121-бабында көзделген қылмысты жасаған болса, онда ҚК 120-бабы 2-бөлігінің Г тармағы қолданылады.,ал оның сол бірінші қылмысты орындаушы немесе оған қатысушы болғандығының және оған дейін аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс жасағандығының маңызы жоқ. Жәбірленушіні белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайта зорлағанда ғана бінеше рет зорлау болады.
5. Көрінеу кәмелетке толмағанды зорлау. 14 жастан 18 жас аралығындағы адаммен күш қолданып жыныстық қатынасқа бару –кәмелетке толмағанды зорлау деп танылады.
Нәсіпқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттері туралы қазақша реферат
Бұл Қазақстан Республикасының ҚК 1997 ж енгізілген басты қылмыс құрамы. Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі тек әйелдің ғана емес еркектің де жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғу болып табылады. Сонымен қатар бұрын әйелден қылмыстық жазаға тартылмаған әйел мен әйел арасындағы қатынасы үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Нәсіпқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттері зорлаумен тең жауапқа тартылады. ҚК 120 бабында көрсетілген әрекеттердің ауырлығы әділетті түрде қай жыныстың (еркектің, әйелдің) жыныстық қол сұғылмаушылығына жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылықтың құрбан болуына қарамастан сараптанады.
Обьективтік жағы- әйел мен әйел арасындағы еркек пен еркек арасындағы және де басқа нәсіпқұмарлық сипаты бар зорлау әрекеттері.
Еркек пен еркек жыныстық қатнасы-еркек пен еркек арасындағы зорлық құмарлықты қанағаттандыруды(еркек пен еркектің жыныстық қатнасы арқылы).
Лесбиянство- әйел мен әйелдің зорлаулы жыныстық құмарлықты пікір алмасу арқылы қанағаттандыру, серігінің эрогенді аумағына әсер ететін, жыныстық қатнасты еліктеу, басқа да құмарландыру әрекеттерін жасау( мастурбация, вибратор құралдарын қолдану, жыныстық қатынасты әртүрлің әдістермен қагағаттандыру)
Қылмыс субьектісі- еркек пен еркек аорасындағы қатнастарда тек еркек , ал әйел мен әйел арасындағы қатнастарда он төрт жасқа толған әйел жынысы болады. Нәсіпқұмарлық сипаты бар зорлау әрекеттерінде басқа жыныстың адамдары қатысса(еркек пне еркек қатынасына әйел,әйел мен әйел қатынасына еркек) олар ұйымдастырушы, басқарушы немесе жүргізуші ретінде жазаға тартылады.
Осы қылмысты жасау кезінде топ құрамында тек зорлық әрекеттерді жасауға ғана қатысқан бірақ өзері жыныстық қатынасқа кірмеген болса, ҚК 121 бабы 2-тармақ «а» тармақшасы жыныстық сипаттағы әрекеттері жасағаны үшін басқалармен жауапқа тартылады.
Субьективті жағынан нәсіпқұмарлық сипаты бар зорлау тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі оны зорлық қолданып жасап отырғанын сезіне отырып осыны жасауды қалайды. Қылмыссебебі жыныстық құмарлықты қанағаттандыру. Кейбір жағдайларда кек алу мен жәбірленушінің ар-намысы, қадір қасиетінтаптау мақсатымен жасалуы мүмкін. Сот тәжірибесі көрсеткендей мұндай себептер еркек пен еркек, әйел мен әйел жыныстық қатнастарында көбінесе колонияларда кездеседі1.
Басқа нәсіпқұмарлық сипаттағы әрекеттер басқа жыныстық белсенділіктін эротикалық нысандарын қамтиды және белгісінен тәуелсіз нәсіпқұмарлық сипаттағы әрекеттерді оның әдісіне қарай екі өзіндік топқа бөлуге болады: