Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:42, реферат

Краткое описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................

1.1Қылмыс деген не? ........................................................
1.21 Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы түсінік және оның түрлері...................................................................
1.2.1 Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері.........................13
1.2.2 Рақымшылық және кешірім жасау...............................................16
1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17
1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................18

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

1421_westudent.kz___.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

Егер Қылмыстық кодекстің  Ерекше бөлімінің қолданылып отырған  нормасы соттылықтың болуын саралаушы  белгі ретінде қарастырса, мұндай қылмыстардың  қайталануында  сот  жазаны ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде   көзделген тәртіпті ескермей-ақ   тағайындайды,   яғни   сот   жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық -заң нормаларында бұрыннан    ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен катар қылмыстардың қайталануы болып және ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады.    ҚК-тің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық.   Мысалы, айыпкер ҚК-тің 175-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі  немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез-келген формасы) немесе корқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-тің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни   мүлкін тәркілеп 3   жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

Басқа мысал. Қылмыстардың қайталану белгісі бар жағдайда адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша  сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында  ҚК-тің 55-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлардың бар екендігін анықтады. Бұл жағдайда да сот айыпталушыға жазаны ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігінде көрсетілген ережелерді есепке алмай тағайындайды, яғни ҚК-тің 175-бабының 1 бөлімінің санкциясында көзделген жазалардың бас бостандығынан айыруға қарағанда жеңілдеуін тағайындай алады. Егер бәрі бір бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ол 6 айдан 3 жылға дейінгі мөлшерде болуға тиіс.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар дегеніміз -  айыпкердің жеке басына және ол жасаған  қылмысқа қатысты әртүрлі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады немесе арттырады, нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.

Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық береді:

а) балама санкция болса  жазаның жеңілірек түрін қолдануға;

б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция  белгілеген ең аз немесе соған жақын  мерзім тағайындауға;

в)  ҚК-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;

г)  шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды  қолдануға.

Ал,   ауырлататын   мән-жайлардың   болуы, керісінше, сотқа мынадай мүмкіндік береді:

а) балама санкцияда көрсетілген  жазалардың ауырын тағайындауға;

б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең көп немесе соған жақын мерзім тағайындауға;

в)   ҚК-тің   55-бабын  қолдану  мүмкіндігін болдырмауға;

г)  шартты түрде соттау немесе жаза өтеу мерзімін кейінге  қалдыру мүмкіндігін болдырмауға. ҚК-тің 54-бабы 1 бөлігінің «а» тармағында көзделген ауырлататын мән-жайлар болса, сот тағайындайтын жазаның ең аз шегі ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес анықталады.

Жеңілдедетін және ауырлататын  мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді  қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан босатудың ҚК-тің 375-379 және 381-баптарында көзделген түрлерін қолдану жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Беляев Н.А.  Цели  наказания и средства их достижения  в исправительно-трудовых учреждениях/  Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.

2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые   и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б.

3. Тарбагаев А.Н. Понятие   и   цели  уголовной ответственности/  А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б.

4. Марцев А.И. Теоретические  вопросы общего и специалъного  предупреждения преступления: Заң  ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б.

5. Карпец И.И. Көрсетиген  жүмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. — М., 1973.- 6 б.

6. Шаргородский М.Д.  Наказание по советскому уголовному  праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б.

7. Полубинская С.В.  Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.

8. Карпец И.И. Индивидуализация  наказания/ И.И. Карпец.— М., 1962.-  27 б.

9.  Ефимов Е.А. Условное  осуждение и условно-досрочное  освобождение от наказания/ Е.А. Ефимов. - М., 1963. — Б. 6.

10. Шаргородский М.Д.  Наказание по советскому уголовному  праву/ М.Д. Шаргородский. — М., 1958. — Б. 156-157

11.   Ломако В.А.  Применение угловного осуждения/  В.А. Ломако. -Харьков,   1976. –  27 б.

12. Ткачевский Ю. М.  Освобождение от отбывания наказания/ Ю. М. Ткачевский. — М., 1970.- 20 б.

13.   Анашкин Г.З.  Условное осуждение и практика  его примененш/ Г.З.     Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. — М., 1981, 116.

14.   Г.З. Анашкин,  З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетиген жұмыс.-Б.6 .

15.   Кейбір мәліметтерге  қарағанда шартты түрде соттаудың  1972 жылғы өзіндік үлесі 23—25% болған. Караңыз:  Наказания, не связанные  с лишением свободы. -М., 1972. - 21 б.

16.  Эффективность применения  уеоловного закона.  - - М., 1973. -124 б.

17.   Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская.  В.С.  Минская. Көрсетілген жұмыс.-Б.  24.

18.  Хламов П.И. О некоторых  особенностях применения наказания   военнослужащим/ П.И. Хламов. — Правоведение. 1964.- N4. –Б. 74-88.

19.     Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетііеен шығарма. —Б. 16.

20.  В.А.  Ломако. Көрсетшен жүмыс.  –Б. 73.

 

 

 

 

Ақпарат көзі:

Қазақша рефераттар сайты - www.temakosan.net


Информация о работе Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау