Қылмыстық құқық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 09:37, доклад

Краткое описание

Қылмыстық құқық қылмыс жасалғаннан кейінгі мемлекет атынан құзыретке ие болған құқық қорғау органдары мен қылмыс жасаған адам арасындағы қоғамдық қатынастарды ретейді. Қылмыстық- құқықтық қатынастың пайда болуының заңды фактісі қылмыс жасау болып саналады. Қылмыстық – құқықтық қатынас субъектілері болып, бір жағынан қылмыс жасаушы тұлға, екінші жағынан мемлекет тарапындағы құқық қорғау органдары саналады. Қылмыстық – құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарымен және міндеттерімен анықталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыстық құқық жүйесі.docx

— 42.10 Кб (Скачать документ)

Гумандық  дегеніміз адамгершілікті, адамгершілік қасиеттерді қастерлеуді білдіреді. Осындай мазмұндағы ұғым кылмыстық-құқықтық саясат қағидасында да бар.

Гуманизм  қағидасының өміршендігін дәлелдейтін  негіздердің бірі адамды баға жетпес қазына деп тану болып саналады. Гуманизм — адамды тұлға деп тану, оның қасиеттерін, қоғамдық прогресс мақсатындағы адам игілігін арттыруға деген ұмтылысын қастерлеу. Мемлекеттік кызметтің кағидасы болуы үшін гуманизм теориясы белгілі бір идеологиялық сипат алып, әлеуметтік сенімге ие болуы керек. Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тартып алынбайтын құқығын ең қымбат қазына санап және өзінің қызметін азаматтар мен қоғамның мүддесі үшін жүргізетіндігі айтылған. Қылмыстық-құқық саясатында да гумманизм қағидасын

жүзеге  асыру осы жоғарыда айтылған  қағидалар   маңызды орын алады.3

Гуманистік  көзқарас әділеттілік қағидасы мен ведомстволық түсінікке сәйкестендіріле отырып  тағайындалатын жазаларды белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді қарастырады. Гумандық белгілі бір дәрежедегі мейірімділік пен қайырымдылык, арқылы  көрінеді, сондықтан да оған шектен тыс қатаңдық мүлдем жат. Сонымен қатар ол өзіне тәне ерекше қызметтерді де жүзеге асырады жоне гуманизм идеясына мүлдем сіңіп кете бермейді, сол сияқты жазаның мақсатына жетуге де ұмтыла  бермейді.

Сөйтіп, гуманизм қағидасы қылмыспен күрестің негізгі бағыттарын белгілей отырып, қылмыстық заң саласында басты темірқазық болуы тиіс. Біздің еліміздегі гуманизм қағидасы өлім жазасының орынына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

4. Әділеттілік  қағидасы

Қылмыстық- құқықтық әсер етудің іс жүзінде қолданылуын  әділеттілік тұрғысынан зерттегенде бұл қағиданы одан әрі жетілдіру қажеттігі байқалады. Қолданыстағы құқықтарда берілген жауаптылықты тексерудің кең мүмкіндігі біртектес кылмыстарға тағайындалатын жаза мерзімдерінің республиканың түрлі аймақтарында айтарлықтай   айырмашылықта  болатынын   көрсетті.   Бұл   әрине, қылмыстық саясат пен жауаптылықтың әділетті кағидасының тұрақтылығын бұзу болып саналар еді. Олай дейтініміз, жауаптылық мөлшері, сипаты қылмыстың ауырлығына, кінәнің дәрежесі мен кінәлінің тұлғасына байланысты емес, қылмыстың жасалған жеріне, судьялардың тұлғасына және басқа да жағдайларға байланысты болатын сияқты.

Заң шығарушылардың соттық қараудағы  кейбір қалыптастырған жайлары сот практикасын мейілінше тұрақтылыққа, зандылықты нығайтуға, әділеттілік қағидасын толығымен жетелеген болар еді. Бұл тұрғыда қылмыстық занда барлық қылмысты белгілі бір санаттағы жасалған қылмыстың нақты құқықтық зардаптарын көрсететіндей санаттарға (ерекше ауыр, ауыр, ауырлығы орташа, ауырлығы онша емес) бөлудің мәні зор. Мұндай бөлу қабылданып, құқықтың бірқатар жүйесінде өз нәтижесін беруде. КР ҚК-нің 52-бабынын, 1-бөлімінде жазаның әділеттілігі туралы былай делінген: " Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көрселгілген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады".

5. Демократизм кағидасы

Адамдық тұлғаның, азаматтык, абыройдың әлеуметтік қүндылық идеясы — нағыз демократияның ең маңызды шарты. Мемлекет өкіметтің демократиялық ұйымдары азаматтардың саяси іске араласу мүмкіндігін, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді ойластырады. Әрбір мемлекеттің қоғамдық және демократиялық құрылыстарының демократиялылық дәрежесі олардың кеңдігі мен нақты кепілділігіне тікелей байланысты. Нағыз демократия қашанда адамның әлеуметтік құндылығын айғақтап және оны жүзеге асыру жолымен көзге көрінеді.

Қылмыстық құкықтың өзіндік ерекшеліктері  болатындығы белгілі. Сондықтан ол демократиялық бастауларды толық жүзеге асыратын құқық саласына жатпайды. Дегенмен бұл салада да демо- 
кратизм қағидасы бар. Ол көбінесе қылмысқа карсы күреске жұртшылықтың қатысуымен байқалады.

Жұртшылық қылмысқа қарсы күреске құқықпен реттелген және заңдылықтың жалпы қағидасына сай жолдармен қатысады. Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқарушылық заңдар мынадай мәселелерді реттейді:

а) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату;

б) кылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамдарға тәрбиелік әсер етуге жұртшылықтың қатысуы;

в) жазасын өтеп жатқан адамдардың, олардың жазасының түрі мен мерзімін өзгертуге, соттаудың құқықтың зардаптарын, жазадан кейінгі орналасуы мен бақылауына қатысуы;

г) жұртшылықтың қылмыстық істі қозғауға, тергеуге және қарауға қатысуы.

Демократизм қағидасы жұртшылықтың қылмысқа карсы күреске қатысуымен шектеліп қана қоймайды, сонымен бірге азаматтар 
тарапынан құқықтық қорғау органдарының қызметін бақылау жасауымен де көрінеді. \

6. Кінәге жауаптылық  қағидасы

Кінәге  жауаптылық қағидасы қылмыстық кұқықтың негізгі қағидаларының бірінен саналады, оның жүзеге асырылуы қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға қажетті шарттары арқылы көрінеді.

Кінәге  жауаптылық қағидасы мынаны көрсетеді, адам өзінің қасақаналықпен немесе абайсыздықтағы кінәсінен қоғамға зардап бітірген әрекетіне (әрекетсіздігіне) ғана жауап береді .

Кінә  — нақты тұлғаның әрекеті мен  оның жауаптылығын негізді  түрде байланыстыратын мәселе. Осы кінә арқылы адамның әлеуметтік жағымсыз қасиеті мен көзқарасы байқалады, кылмыс жасау фактісі арқылы адамгершіліктік және құқықтық тұрғыдан қарағанда мүмкіндікті нәтижелі шешу ғана анықталып қоймайды,  қылмыстың нақты субъектісіне қылмыстық жауаптылық пен жазаның қажетілігі де анықталады.4

Кінәні  анықтап алмай әрекетті саралау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жекелеу қағидасын орындаудың алғы шарттары саналатын кылмыс пен қылмыскердің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау мүмкін емес.

Сөйтіп, кінә әрекеттің негізін анықтауда  ғана емес, сол әрекет үшін жазаның шегін белгілеуде де басты маңызды орын алады.

Бұл жағдайлар  Болгар Халық Республикасының Қылмыстық  кодексінің 35-бабынан нақты әрі нық орын алып, былай делінген:

"1) Қылмыстық жауаптылық жеке болып  саналады. 2) Жаза занда көрсетілгендей қылмыс жасаған адамға ғана тағайындалады".

Жеке  жауаптылық қылмыстық құқық бойынша  қылмыстың субъектісі есі дұрыс, жасы толған адам ғана бола алады деп ұйғарады.

7. Қылмыстық  жауаптылықтың болмай  қалмаушылық  қағидасы

Жазаның болмай қалмаушылық қағидасы қылмыстық  және қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптарын бұлжытпай орындау, әрбір қылмыс дер кезінде және толық ашылып, қылмыс жасаушы әділетті әрі лайықты жазасын алу болып саналады.

Қолданыстағы  қылмыстық занды талдай келе, қарастырып отырған қағиданың мынадай қажеттіліктері байқалады:

а) шындықпен жанасып жасалған қылмыстардың бәрі ашылуы тиіс;

б) қылмыс жасаған кінәлілердің барлығы қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс;

в) қылмыстық занда қарастырылған негіздерге сәйкес әркімге лайық жаза берілуі керек немесе ол жауаптылық пен жазадан бо- 
сатылуы тиіс;

г) қылмыспен келтірілген зардаптың орны мүмкіндігі бар жерде толтырылуы тиіс.

Жасалған  қылмысы үшін жауаптылықтың болмау қалмаушылық қағидасын жүзеге асыру практикалық орган қызметкерлерінің         жұмысына ауқымды міндеттер жүктейді. Ол талаптар әрбір қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс және бірде-бір кінәсіз адам сотталуға тиіс емес деген зандылық кдғидасына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге бұл қағидалар объективтілікті, әділ соттың жариялылығын, тұрғын халық  арасындағы құқықтық насихаттың  әсерлі жүргізілуін талап етеді. Принципті іс жүзіне асыру қылмыстық әрекеттерді

тіркеуден     жасыруға     және қылмыстық іс козғаудан негізсіз бас тартуға байланысты.

8. Қылмысты жекелеу кағидалары

Кылмыстық құқық ғылымында жазаны жекелеу  институты көптен бері қалыптасқан. Бұл мәселе көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Алайда, қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде осы  қылмысты жекелеу кағидасы туралы бірыңғапікір қалыптаспапты.

Жасалған  қылмыстың қауіптілік сипаты мен  дәрежесі — жазаның мөлшеріне елеулі әсер ететін аса маңызды жағдай. Жасалған әрекет қылмыстық-құқықтық санкцияға сай болуы керек, яғни аса кауіпті қылмыс үшін аса қатаң санкция қарастырылады. Қарапайым ғана қисын мен ой тұжырымына сәйкес жасалған әрекетіне орай кінәліге лайықты нақты бір жаза тағайындалады.5 Қылмыскер өз ойлап-топшылағанына емес, нақты жасаған әрекетіне жауапты. Бұл тұрғыда қылмысты дәрежелеу мен саралау бірден-бір негіз болады. Жаза түрі ең алдымен жасалған әрекетіне сай болуы керек және бұл жерде әрекет жазаның түрі мен мөлшерін анықтауға  басты негіз болады. Мұндай қорытынды, қисынды негізбен бірге  жазаның әділдігі жөніндегі  қоғамдық  құықтанымға (бір бөлегі судьлардың құықтанымы саналатын) сай келеді. Қоғамдық пікір ең әуелі жасалған әрекетке байланысты оның сипатын, ауыртпалық-зардабын, себебі мен мақсатын, жзаның сай келуі мен әділдігін бағалайды.

 

Қорытынды

 

Қылмыстық құқық  қылмыс жасалғаннан  кейінгі мемлекет атынан құзыретке ие болған құқық  қорғау органдары мен қылмыс жасаған  адам арасындағы  қоғамдық  қатынастарды ретейді.

Әрбір   қылмыстық   құқықтық   қатынастардың   өзіне   тән әдістері бар: Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға, реттеушілік қылмыстық-кұқықтық қатынастарға,  ескертушілік қылмыстық-құқықтық қатынастарға.

Қылмыстық құқықтың міндерттері:

1.Адам мен азаматтың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары  мен заңды    мүдделерін,    қоғамдық   тәртіппен қауіпсіздікті,  қоршаған  ортаны, Казақстан Республикасының  конституциялық құрылысы мен  аумақтық  тұтастығын, қоғам мен  мемлекеттің заңмен қорғалатын  мүдделеріп қылмыстық  қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен  адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.

2. Бұл міндеттерді  жүзеге асыру үшін кодексте  қылмыстық жауаптылық негіздері  белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық құқықтық қағидалары: заңдылық қағидасы, заң алдында тепе- теңдік қағидасы, гуманизм қағидасы, әділеттілік қағидасы, демокатизм қағидасы, кінәге жауаптылық қағидасы, қылмыстық жауаптылықтың болмай  қалмаушылық қағидасы, қылмысты жекелеу кағидалары жатады.Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердің қылмыс болып табылатынын және қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздерін белгілейтін құқық нормаларын біріктірген құқықтың бір ерекше саласы.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1.Қазақстан Республикасының  Коституциясы

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық  құқығы

3.Ағыбаев А.Е  қылмыстық құқығы., Жалпы бөлім. Алматы – 2000ж

4.Алауханов Е.О.,Үмбеталиев С., Рахметов  С.М. Қылмыс құрамы. Алматы, 2000ж

5.Бұқыбай Д.Б. Қылмыстық құқық.  Жалпы бөлім: Лекциялар курсы –Алматы, 2003 –253бет.

6.Жүнісов Б.Ж. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім): Оқулық басылым – Қарағанды: 2000ж – 240 бет

7.Жоламанов А.С Қылмыстық құқық., Жалпы бөлім. Алматы – 2001ж

8.Игнатов А.Н., Костарев Т.А. Уголовная ответсвенность и состав преступления. Лекция. М.,1996г

9.Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). –Алматы, 1997г

10. Кудрявцев В.Н. , Келина С.Г.  Принципы советского уголовного  права. – М., 1998 г

11. Мұқажанова М. Қылмыс құрамының  субъективтік жағы Алматы, 2001ж


Информация о работе Қылмыстық құқық жүйесі