Қылмыстық құқық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 09:37, доклад

Краткое описание

Қылмыстық құқық қылмыс жасалғаннан кейінгі мемлекет атынан құзыретке ие болған құқық қорғау органдары мен қылмыс жасаған адам арасындағы қоғамдық қатынастарды ретейді. Қылмыстық- құқықтық қатынастың пайда болуының заңды фактісі қылмыс жасау болып саналады. Қылмыстық – құқықтық қатынас субъектілері болып, бір жағынан қылмыс жасаушы тұлға, екінші жағынан мемлекет тарапындағы құқық қорғау органдары саналады. Қылмыстық – құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарымен және міндеттерімен анықталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

қылмыстық құқық жүйесі.docx

— 42.10 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық құқықтың жүйес

іҚазақстан  Республикасының  Қылмыстық құқығы құқықтың негізгі саласының  бірі болып саналады.  Ол белгілі бір материалдық игілікті жасау  барысындағы қоғамдық қатынастарды реттемейді.   Солай  бол тұрса да оның  ретейтін  нәрсесі жеткілікті.

Қылмыстық құқық  қылмыс жасалғаннан  кейінгі мемлекет атынан құзыретке ие болған құқық  қорғау органдары мен қылмыс жасаған  адам арасындағы  қоғамдық  қатынастарды ретейді.  Қылмыстық- құқықтық   қатынастың пайда  болуының заңды  фактісі қылмыс жасау болып саналады.  Қылмыстық – құқықтық  қатынас  субъектілері болып,  бір жағынан  қылмыс жасаушы тұлға,  екінші жағынан  мемлекет тарапындағы құқық  қорғау органдары саналады.  Қылмыстық  – құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарымен және міндеттерімен анықталады.

Қылмыстық құқықтық қатынастың мәні  қылмыстық құқықты  реттеу әдістерінің ерекшеліктеріне  байланысты.  Қылмыстық – құқықтық реттеу жолдары жақтардың  тең  еместігімен сипатталып,  бұл  жерде  бағыныштылық  заңы бой  алады.  Қылмыстық   құқық  қоғамдық  қатынас  субъектілеріне қылмыстық  жауаптылыққа  тартумен, жаза  тағайындаумен  әсер етеді.

Қазақстан республикасының  Қылмыстық кодексінің 2-  бабына сәйкес қылмыстық құқық  міндеттері:  адамдар мен азаматтар құққықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы   мен   аумақтық  тұтастығын,   қоғам   мен мемлекеттің, заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Қылмыстық құқық  сонымей бірге алдын алу мен  тәрбиелеу қызметін де атқарады. Алдын алудың жалпы және арнайы түрлері бар. Жалпы алдын алу — қоғамға сенімсіз азаматтар тарапынан жасалатын қылмыстарды болдырмауға әрекет жасау. Арнайы алдын алу — қылмыс жасаған адамның одан әрі қылмыс жасауын болдырмауға әрекет жасау. Қылмыстык құқықтың тәрбиелік қызметі қылмыстық заңдарды жариялаумен және адамдардың қылмыс жасағандарға төзбестік көзқарастарын калыптастырумен, заңдарды

іс жүзінде  қолданылуымен көрінеді. Қылмыстық  құқық өзіне жүктелген міндеттерді  қылмыстық заңда көрсетілгендей бағыттау және жаза тағайындау арқылы жүзеге асырады Қылмыстық   құқықтың   жүйесі   Жалпы   және   Ерекше белімдерден тұрады.

Жалпы бөлімде  қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі мен міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен одан босату негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза және оның мақсаты мен жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мәселелері зерттеледі.

Ерекше бөлімде  нақты қылмыс құрамдары және. оларды жасағаны үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, сондықтан осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды.

Қылмыстың мақсаты  жөнінде қылмыстық құқык теориясында  бірнеше ойлар айтылған. Мысалы, профессор Е.І. Қайыржановтың айтуынша, «мақсат дегеніміз - қандай да бір әрекеттерді қолдану немесе іске асыру арқылы қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже, ал міндет деген сол нәтижеге жету жолдары». Яғни, қоғамда мақсатсыз міндеттер (болмайды, ал міндет мақсатсыз тууы мүмкін емес деген сөз.1

Бұл тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты  қылмыскерді жазалау немесе белгілі  бір мемлекетте, қоғамда қауіпті  болып табылатын әрекетті жасағаны үшін қаралау емес, керісінше, қоғамға кауіпті әрекеттерді болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады және бұл жөнінде қылмыстық занда көрсетілуі тиіс.

Қылмыстық  құқық  құқықтың  дербес саласы бол тұрса  да құқықтың басқа да  салаларына ұқсас. Атап айтқанда,  әкімшілік  құқықпен  ұқсас. Екеуіне де құқық  бұзушылық жасаған адамдарға  әжбүрлеу, жазалау жолдарымен әсер ету тән. Қылмыс пен  әкімшілік  құқық   бұзушылықтың объективті  айырмашылығы олардың қоғамға  қауіптілігімен сипатталады.  Әрекеттің қоғамға  қауіптілік дәрежесін бағалау заңмен  бегіленеді, сонымен  бірге қолданылатын мәжбүрлеу  шараларының  сипаты  анықталады.

Әкімшілік шараның  да  алдын алу  сипаты болады, бірақ  оның  қылмыстық құқықтық шаралрдан  айырмашылығы – ол  сипатына қарай  ауырлығы онша емес  және  соттауға жатпайтын,  қоғамға қауіптілігі  де онша емес тәртіп бұзушылықта  қолданылады.

Қылмыстық  құқық  міндеттері  жалпы болғандықтан, әсіресе қылмыстық іс жүргізу  және қылмыстық – атқарушылық  құқықтарымен де тығыз  байланысты.  Құқық қорғау  органдары өздерінің  қызмет процесінде  қылмыстық істері қарау жұмысында  қылмыстық іс жүргізу  заңдарын  басшылыққа алады. Қылмыстық құқық  мемлекет  пен  қылмыс жасаған тұлғаның арасындағы пайа болған қарым- қатынасты реттейді.  Ол қылмыстық  жауаптылықтың,  қылмыстың  құрамын және тағайындалатын жазаның  жалпы ережлрін белгілейді.  Қылмыстық  іс жүргізу нақты бір қылмыс жасалған жағдайда, оны кім жасады және ол  үшін қандай жаза  тағайындау  жөніндегі  мәселелерге байланысты мемлекеттік органдар мен  азаматтардың арасындағы қатынасты реттейді.

Қылмыстық іс жүргізу  қылмыстық құқыққа қарағанда  мазмұны мен  нысандарының йырмашылығына  тәуелді. Бұл әрине қылмыстық  іс  жүргізудің өзіндік ерешекшеліктері  болмайды деген ойға әкеп тіреуі тиіс емес. Қылмыстық іс жүргізу құқығы нақты  қылмыстық – құқықтық қатынасты  белгілейтін  белгілі  бір өкімет  органдарының қызмет түрін реттейді.  Осыған орай,  қылмыстық  іс жүргізудің өзін қылмыстық – құықтық қатынасты  белгілейтін  айырықа құқықтық  нысан  деп айтуға болады.  Осындай  түсініктің өзінде   де қылмыстық  іс жүргізуге қарағанда материалдық  қылмыстық құқықтың шешуші роль  атқаратындығы көрініп тұрады.  Қылмыстық  іс жүргізудіңқызметтік  ролі қылмыстық  - құықтық  қатынастың өзі осы қылмыстық процессуальдық  қатынастар арқылы  беліленіп  және жүзеге  асырылатындығында,  ал соңғысы  бастапқысына  байланысты  туындап,  жүзеге асады   және дамиды.

 

 

Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары

Ал осы негізгі  мақсатқа қол жеткізу үшін қылмыстық  заң мынадай негізгі міндеттерді  алдына қояды:

1). қылмыстық       жауаптылықтың       қағидалары   мен шарттарын анықтау;

2). қылмыстық жауаптылықтың  негізін анықтау;

3). қылмыс ұғымының  жалпы белгілерін анықтау;

4). қоғамға қауіпті  әрекеттердің шеңберін анықтау;

5). қылмыс     жасаған     адамдарға     қолданылатын    жаза түрлерін  анықтау.

Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да міндеттері бар  олар жоғарыда    аты    аталған    негізгі   міндеттерді   толықтырып нақтылап отырады.

Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға  тәрбиелік және жалпы ескертушілік тұрғысынан да әсер етеді. Қылмыстық  зандағы «мына әрекетті жасасаң  жазаланасың!» деген жариялану  фактісінің өзі қоғам мүшелеріне әсер етеді. Сонымен бірге, сот процесінің өзі де қылмыскерді ғана емес сот  залында отырған қоғамның басқа  мүшелерін тәрбиелеп және қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.

Қазақстан   Республикасының  қылмыстық  кодексінің  2-бабына сәйкес қылмыстық заңның міндеттері болып:

1. Адам мен  азаматтың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды    мүдделерін,    қоғамдық   тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған  ортаны, Казақстан Республикасының  конституциялық құрылысы мен  аумақтық  тұтастығын, қоғам мен  мемлекеттің заңмен қорғалатын  мүдделеріп қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен  адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.

2. Бұл міндеттерді  жүзеге асыру үшін кодексте  қылмыстық жауаптылық негіздері  белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Жаңа 1997 жылы қабылданған  Қазақстан Республикасының қылмыстық  кодексінде қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған  сапалық өзгерістер ескерілген. Қылмыстық  кұқықтың міндеттері қылмыстылықтың жағдайы  мен деңгейіне де тікелей байланысты. Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға  көшуі, экономикалық кризистер, өтпелі кезеңге байланысты қоғамда орын алып отырған жұмыссыздық, жоқшылық қылмыстылықтың сапалық және сандық жағынан да арта түсуі мен қылмыстың  бұрын жұртқа беймәлім түрлерінің өмірге келуіне септігін тигізді. Ұйымдасқан, кәсіптік, банк жүйесіндегі, компьютерлік және т.б. экономикалық қылмыстар кең  белең алды. Қылмыстылықтың санын  азайтуда, қылмыстылықпен күресуде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын саяси  экономикалық және саяси-әлеуметтік шаралардың маңызы зор. Жоғарыда аталған қылмыстық  құқықтың міндеттері қылмыстылықпен күресу саласындағы мемлекеттік саясаттың  бірі болып табылатын қылмыстық  саясат арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық  саясаттың мазмұны — қылмыстық  зандарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан  сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыстылықпен күресуде зандылық қағидаларын  сақтау. Ауыр қылмыс жасаған адамдарға  қолданылатын қылмыстық шараларды  жетілдіру, ал керісінше, қоғамға қауіптілігі  онша ауыр емес қылмыстарды жасағандарға қоғамнан оқшауламай-ақ қолданылатын шараларды белгілеу болып табылады.

Қылмыстық құқықтың қағидалары

Құқықтық  қағидалар заң шығарушылық пен құқықты қолданудағы бастау болып саналатын заңгерлік идеялардың жүзеге асырылуын қамтып көрсетеді.

Қылмыстық құқықтың алдындағы міндеттер қылмыстық  құқық ғылымымен және сот тәжірибесімен, сондай-ақ заңмен белгіленген қағидалар негізіндегі жаза қолдану арқылы арнайы әрекеттерді пайдалану жолымен орындалуы мүмкін және орындалады да.

Бұл ережелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 1-бабының 2-бөлігінде "Кодекс Қазакстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негізделеді" деп бекітілген.

Қылмыстық құқық қағидаларының жиынтығы қылмыстық  заң шығарушылыққа негізделген. Көптеген пікірлерге сәйкес қылмыстық құқық қағидалары құқықтың жекелеген саласындағы кұқықтық реттеудің сапалы ерекшеліктерін ашатын жалпы (құқық жүйесіне түгелдей және өзіндік арнайы мағынаға ие болатын белгілі бір саласына тән) және арнаулы (салалық) болып бөлінеді.

Дегенмен  кейінгі кезде қылмыстық-құқықтық ғылымында қыл-мыстық құқық қағидаларын арнаулы (салалық) қағидаға бөлудің қажеттігін жоққа шығаратын пікірлер де айтылып жүр. Ол жалпы-құқықтық қағидалар салалық арқылы жүзеге асады, ал салалык қағидалар өзінше жалпы құқықтық қағидалардың бытыраңқы тармақ-тары сияқты дегенге келіп саяды. Шындығында, мұндай көзқарасқа қосылуға да болады. Өйткені қағидалардың көпшілігі әртүрлі салада өзінің ұқсастықтарын тауып, арнаулы (салалық) деген сипатынан айырылып қалатыны ақиқат.2

Қылмыстық-құқық  теориясы қылмыстық заңдар мен олардың іс-тәжірибедегі қолданысын талдай келе, отандық және халықаралық-құқықтық дәстүрлерді сақтай отыра қағидаларды сала -салаға бөледі.

1.Заңдылық  қағидасы.

Қылмыстық құқық қағидасының жүйесінде  заңдылық қағидасы алғашқы орындардың бірін алады. Ол қағидалар жүйесінің  ең маңыздысы болып саналады. Қылмыстық  кұқықта заңдылық қағидасын бекіту мен оны одан әрі жүзеге асырудың азаматтар мен лауазымды адамдар үшін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар үшін маңызы зор.

Қылмыстық құқықта заңдылық қағидасы ауқымды  мазмұнға ие. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабына сәйкес былай делінген: "Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс кұрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады". Бұл бап лауазымды   адамдардан  жауаптылыққа  тартылған  жағдайда   қылмыстық заңды қатаң сақтауды міндеттейді.

Зандылық  қағидасын орындаудың бір кепілі қылмысты дұрыс саралау, яғни қылмыстық-құқықтық қатынаспен анықталған фактілерді ресми түрде мойындау болып саналады. Қылмысты саралау — бұл "... қылмыстық-кұқықтық нормамен қарастырылып, жасалған әрекет белгілері мен қылмыс құрамының белгілерінің арасындағы нақты сәйкестік жөніндегі анықтама және заңгерлік пайымдау".

Қылмысты  дұрыс саралау айыпталушы (сотталушы) үшін мейілінше маңызды. Мәселен, хабары жоқ адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөліміндегі "Қасақана қаза келтіру" мен 96-бабының 2-бөліміндегі "Ауырлатылған жағдайда касақана қаза келтіру" диспозицияларының арасындағы айырмашылықты айыра алмауы мүмкін. Осының бірінші жағдайында кәмелетке толғандар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланса, екінші жағдайда оған өлім жазасы қолданылуы мүмкін.

Қылмысты  саралауда жіберілген қателік теріс  жаза тағайындауға ғана емес, басқа да құқықтық шектеулерді негізсіз қолдануға немесе қолданбауға әкеп соғады (қатаң немесе жеңіл тәртіптегі ЕТК-ға жіберу, рақымшылықты және мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдану немесе қолданбау, үкімнің ескіру мерзімін, соттылығын жою уақытын теріс есептеу).

Құқық қорғау органдарында құқықтық нормалармен  бекітілмеген шараларды жөн-жосықсыз орындай беруге болмайды. Құқық пен әділеттілікті қоғамда құқық ғылымының көмегінсіз қоғамда орнықтыру мүмкін емес. Мәселен, тергеу ісінде зерттеудің объективті талаптарын бұзатын әрекеттерге жол беру мүлдем дұрыс емес. Қиянат жасамаған адамды негізсіз қамауға алу жөнінде шешім қабылдау, тергеушілердің кәсіби шеберлігінің нашарлығын, ісіне атүсті, міндетіне салақ қарайтындығын байқатады.

Осыған  байланысты заңдылық қағидасын орындауға  келгенде құқық қорғау органдары өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 9-тармағындағы "заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың занды күші болмайды" деген қағидасын бас-шылыққа алуы тиіс. Заңдылықты одан әрі жетілдіре түсу үшін заңдылық пен мақсатқа сәйкестіліктің арасындағы айырмашылықты жете түсіне білу қажет. Не нәрсе заңды болса, тек сол ғана мақсатқа сәйкес болады.

2. Заң алдындағы тепе-теңдік қағидасы

Қылмыстық заңдылықтарды одан әрі дамыта түсу үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабындағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" деп бекітілген құқықтық қағиданың мәні зор.

Жасалған  қылмыс үшін жауаптылықтың бәріне бірдей міндеттілігі қарастырылатын қылмыстық-құқықтық қағиданың мәнін құрайды. Ол — қылмыстық занды бұзған әрбір азамат жауапқа тартылуы тиіс және әрекетінде қылмыс құрамы бар адамның ешқайсысы қылмыстық жауаптылықтан босатылмауы тиіс деген сөз.

Азаматтардың  тең құқылығы кінәлінің тұлғалық сипатына, яғни кім екеніне қарамастан бірге жасаған қылмысына бірдей жауап береді деген мағынаны білдіреді.

3. Гуманизм қағидасы

Қазіргі кезде "гуманизм" деген ұғым қылмыстық-құқықтық ғылым қатарынан да нық орын алып отыр. Әсіресе бұл үғым қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларында еске алынып, одан кейін дербес сала болып бөлінген қылмыстық-атқару құқық кағидасынан орын алды. Бірақ бұдан гуманизм қағидасы барлық салада бірдей өзі қалаған орынды алады деген ой тумаса керек.

Информация о работе Қылмыстық құқық жүйесі