Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2014 в 20:07, дипломная работа

Краткое описание

Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет.

Содержание

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-СОТ-ЖҮЙЕСІНДЕГІ-СОТ-ТӨРЕЛЕР.doc

— 455.00 Кб (Скачать документ)

Әсіресе, судья лауазымына халықтың көзқарасын, оның өз қызметінде адал болуы, заңды бұлжытпай ұстануы, оларды қадірлеуі және сотта өзін сотқа деген қоғамдық сенімді ақтайтындай танытуы, процеске қатысушыларға сабырлынық, әдептілік және кішілейілділік білдіруі керектігін міндеттеу арқылы қалыптастырады.

Аталған талаптарды судьяның мұлтіксіз сақтауы мен орындауы, оның бейтараптылығы мен шыншылдығына ешбір күмән келтіргізбеуге тиіс.

Судьяға қойылатын мұндай жоғарғы талаптар дәрежесінің аса жауаптылығы қоғамдағы заңгер кесібінің ішіндегі олардың абырой-беделі биік мәртебесімен анықталуы қажет.

Мұндай шаралар қазір мемлекет көлемінде іске асырылып, жетілдірілуде. Ол тұрғыдағы өңгіме әлі алда айтылады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады:

  1. Принцип сөзінің этимологиясы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді, бірақ ол зерттеудің бастаушы нысанасы болмай, керісінше, оны қорытындылайтын нәтижесі болып саналады.
  2. Принцип Конституция мен заңдарда көрінісін тауып, олардың нормаларымен бекіп, принцип — норма деген атауға ие болады.
  3. Айтылғандардың негізінде, сот билігінің (әділдігінің) принциптерін соттың өзінің ұйымдасуы мен қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін Конституция мен заңдарда, әрине, құқықты норма ретінде бекитігі негізгі ережелері мен идеялары тұрғысында түсінуге болады.
  4. Судьяның тәуелсіздігі принципінің конституциялық дәрежесі бар, сондықтанда оның басқа салалық принциптерден өзгешелігі оның ең жоғарғы заң күшінің болуында. Оның мұндай мәртебеге ие болуы, бұл мәселенің яғни, судьяның тәуелсіздігінің елеулі, өзекті және ерекше маңызыдылығында. Сот саясатын іске асыруда оның орасан зор орны бар екендігін де атаған жөн.
  5. Аталған мәртебесімен судьяның тәуелсіздігі принципі, әрине конституциялық бола тұра, осы дәрежесін жоғалтпай, салалық ретінде де қарастырылады.

6. Бұл принциптің ішкі құрылысын талдау нәтижесімен, оның элементтері бір-бірінен ажырамайтындығын, яғни бір-біріне сіңіп кеткенін көрсету қажет. Мұны келесідегі кесте түсіндіреді: судья тәуелсіз, ол тек заңға бағынады, ал заң судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, корғайды және сақтайды.

7. Судьяның сот билігінің өкілі  екендігі мен тәуелсіздігі мәселелері, оған заң тарапыңан елеулі, жауапты  талагггарды қоюымен ұштасады. Ондай талаптар заңның шеңберінде ғана белгіленіп қоймай, судьялар қауымдастығының өздеріне сот әділдігін іске асыруға байланысты ете жауапты міндеттерді жүктеуін сезіне отырып, кабылдаған судья әдебінің Кодексінде де жетілдірілген.

Осылайша, судьяның, (соттың) тәуелсіздігі принципін, конституциялық дәрежесі мен жоғарғы заң күші бар мәртебесі арқылы сот әділдігінің шынайы көрінісін айқындайтын сот билігінің дербес, өрі маңызды принципі ретінде түсінуге болады.

1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің басқа принциптерімен ара қатынасы

 

Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі мен маңызына байланысты мәселелер тараудың алдыңғы бөлімінде анықталып кетті.

Бұл бөлімде да қаралатын мәселелермен ұштастырыдып, одан әрі оны жетілдіру мақсаты алға қойылуда.

Судьяның тәуелсіздігі принципінің жалпы сот билігінің басқа да, әрқайсысы өз алдына дербес принциптерімен өзара тығыз байланыста болатыны сөзсіз.

Демек, ара-қатынас деген ұғым байланысты және арадағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді де түсіндірсе керек.

Принциптердің ара-қатынасына тиесілі  әуелі анысың, одан кейін, әрине олардың дербестігін білдіріп, әрқайсысына төн қасиеттері мен мақсаттарына сәйкес бір-бірінен ерекшеленетін жақтарын қарастыру олардың сапалы мәнін және маңызын айқындайды.

Тіпті, мұндай байланыс бар деуге олардың бәрің және әрқайсысын бөлек, жеке өз андына сот әділдігінің принциптері (принципі) деп атаумен түсіндіріледі. Мұның өзі аталмыш принциптерді құқық саласындағы бір жүйе деп түсшуге де негіз болады (принциптер жүйесі).

Ендеше, осындай жүйені қалыптастырушы элементтерді талдаған жөн.

Біріншіден, принциптердің баршасы құқықтық норма ретінде танылуы тиіс. Олардың неғұрлым маңыздылары Конституцияның нормаларымен баянды етілсе, қалғандары салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде көрінісін табады.

Екіншіден, олардың әрқайсы өз алдына жеке, дербес бола тұра, бір-бірімен ішкі байланыста болады. Салалық принциптер конституциялық принциптерден туындалып, олармен тығыз байланысты және сәйкес болуы тиіс.

Үшіншіден, жоғарыңа көрсетілген принциптердің өзара байланысы олардың бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын керкейте түсетін қасиеттерімен, сондай-ақ қажетті жағдайларда әрқайсысы өз алдына ерекшеленетін мән-жайларымен түсіндіріледі.

Төртіншіден, бір жүйедегі принциптер бола тұра, олардың әрқайсысы өз алдына және түпкілікті бірлікте сот билігінің (әділдііінің) сапалы мәні мен маңызын баяндайды.

Принциптерді неғұрлым сипаттайтын осы элементтердің негізінде олардың жіктелуі жағына да көңіл бөлген жөн.

Әдебиеттерде құқықтық принциптерді әдеттегідей деңгейлі орындарына (иерархиясына) байланысты және әркилы қатынаста болатындарына сәйкес жіктеу тәсілі қолданылады.

Неғұрлым тұжырымдалғандарына сәйкес құқықтық принциптер: жалпықұқықтық, салалық, арнаулы, кешенді, т.б. болып жіктеледі.

Сот әділдігінің принциптеріне қатысты оларды шартты түрде ұйымдастырушы және функционалдық принциптер деп бөледі.Тағы сот құрылысының және сот өндірісінің принциптері деп те жіктейді.

Біз қарастырып отырған принциптер сот билігіне қатысты болуына сәйкес және көбінесе, сот әділдігінің мазмұнын ашуға арналғандықтан, принциптердің жоғарыда көрсетілген жіктеулеріне аса тоқталмастан, бұған дейін (алдыңғы бөлімде көрсетілгендей) конституциялық және салалық болып бөлінулері шеңберінде зерттеуді жөн.

Конституциялық принциптер соттың ұйымдастырылуы мен оның қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады. Олардың негізгі заңда көрінісін табуы, оның нормаларымен бекуі қарастырғалы отырған принциптердің ен жоғарғы заң күші болуымен және олардан басқа құқық салалары принциптерінің нәр алып, туындалатындығымен түсіндіріледі. Сот қызметіндегі, яғни сот әділдігін іске асыру барысында бұлжытпай басшылыққа алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің құқықтық мақсаты бүкіл басқа заң нормаларының өздерімен сәйкес болуын талап етуінде. Оларды қалайда болмасын бұрмалау, бұзу негізіңде қабылданған шешімдер заңсыз деп танылып, бұзылуға жатады.

Қуқықтық мемлекеттің басты бір нышаны- бекітілген заңдармен санасу және оларды қастерлеу болың табылады. Заңның өркім үшін біркелкі талабы мең күшінің болуы қоғамның зайырлығын танытады. Осыған орай, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Демек, сот әділдігі заңға бағынышты. Заңды қолданған кезде судья конституциялық негіздерді басшылыққа атуға тиісті, яғни бұл мәселе оның міндеті болмақ. Басқаша айтқанда, бұл қағидалар сот әділдігінің сапасын, мәні мен мазмұны білдіреді.

Мысалы, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді. Яғни, ешқандайда болжам-жорамал айыггғау үкімі үшін негіз бола алмайды деген сөз. Сондықтан да, басқаша бұл қағиданы кінәсіздік жорамалы деп атайды.

Осы орайда, айтылуға тиісті тағы бір маңызды мәселе бар. Мұнда, аталмыш принциптердің өзара тығыз, берік байланысты болатындығын, мұнъшен қоймай бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын көркейте түсетін қасиеттерін де атап кеткен жөн. Айталық, кінөсіздік жорамалы қағидасынаның мазмұны мен мақсатын толықтыра түсетін айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті еместігін бекітетін дербес принципті атауға болады. Демек, мұндай міндет қылмыстық қудалауды іске асыру органдарына жүктелуге тиіс. Керісінше, айыпталушы заңда көзделген амал-тәсілдерді қолданып, қорғануға, сотта ез сөзін тындатуға құқылы.

Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі 9-тармақшасында көрсетілгендей ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттталуға тиіс емес. Мемлекет осы тұрғыңа өзінің қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші, кепілші ретінде танылмал. Сондықтан, адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады делінген және заңсыз алынған айғақтардың заңды күші болмайды.

Сонымен, адамды қылмысқа кінәлі деп есептеу үшін, әуелі оның айыбы толық, жеткілікті және күмәнсіз деректермен дәлелденуге тиісті. Екіншіден, ол адам өзінің кінәлі еместігін дәлелдеуте міндетті емес, мұндай жүк айыптаушыға тапсырылады. Үшіншіден, айып тек заңда көрсетілген тәртіпте ғана дәлелденуге жатады. Төртіншіден, адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылуы тиіс. Бесіншіден, ешкім езінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес. Алтыншыдан, адамды кылмысқа кінәлі деп тек қана сот өзінің ерекше процессуалдық актісі - үкімі арқылы ғана тани алады. Жетіншіден, айыптау үкіміне болжам емес, нақты анықталған дәлелдемелер жиынтығы негіз бола алады. Сегізіншіден, адам кінәлі деп айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейінгі уақытта ғана есептследі.

Келесі конституциялық принципке сәйкес, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Ата заңда басшы принциптер қатарына осындай мағыиада ереже болып енуі, әуелі адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғуға тыйым салуды қарастыру болса, екіншіден, құқық қорғау органдары мен соттың жауапкершілігін күшейту мақсаты көзделген. Яғни, құқық бұзышылықты нақты анықтап, мүқият зерттеп, заң тұрғысынан дұрыс дәрежелей білу, қателік жібермеу, немқұрайлыққа жол бермеу қажеттіліктерімен түсіндіру жатады.

Сот әділдігін демократиялық институттармен толықтырып, баянды ететін келесі бір принциптің негізі бойынша өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Ілтері, Кеңес Одағы дәуіріндегі халық соты жүйесінде жоғары тұрған сот өзінен төмен тұрған соттың қарауындағы кез келген істі алып қарайтын өкілеттігі болған. Ал азаматтық іс жүргізу процесінде істің соттылығы ұғымы мүлде  болмайтын.  Олардың  барлығы  аудандық соттардың қарауына жатқызылып, жоғары тұрған сот қалауы бойынша олардың кез келгенін алып қарай беретін. Мұндай жағдай кейін Конституцияға сәйкес емес деп танылған болатын.

Қазіргі танда, егемендігін алған мемлекетімізде жаңа қылмыстық істер жүргізу кодексі (13.12.1997 ж.) және азаматтық істер жүргізу кодексі (13.07.1999 ж.) қабылданып, істердің соттылығының түсінігі жетік ажыратылған. Осыған байланысты, ісі (мұнда мүдделі жақты айтады) каралушы тұлғаның рұқсаты болмай, сот органдары оны бір-біріне өткізуіне болмайды.

Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына рақымшылдығы мен мейірбандығы. Міне, осыған байланысты, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардын кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін, тұңғыш рет 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге байланысты — ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі, қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына мейірімділік, сүйіспеншілік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты болуы керек. Көзделіп отырған мақсат, біріншіден, осы болса, екіншіден, адамнын қылмыс жасауына көпе-көрнеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.

Сондай-ақ, құқықтың қайнар көзі Заң болмақ -деп анықтаған мемлекетте қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Ендігі жерде судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципі мен демократизм принципі екеуінің ара қатынасын ашатын болсақ, ең бастысы демократизм принципі бүкіл мемлекет нен құқықтың басқарушы және маңызды принципі екенін атағанымыз жөн.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Осы принцип сот билігінің органы соттың ұйымдастырылуы мен қызметін толығымен өзіне бағындырады. Демек, сот әділдігі принциптерінің өзімен сәйкес болуын талап етеді.

Әйткені, судьяның нақты, іс жүзінде тәуелсіз болуы, осы арқылы сот әділдігін де тәуелсіз етуі қоғамды қобалжытатын өзекті мәселелердің бірі.

Демократия — халық билігінің тусінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нағъіз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен қолданылмасқа? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.

Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар