Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2014 в 20:07, дипломная работа

Краткое описание

Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет.

Содержание

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-СОТ-ЖҮЙЕСІНДЕГІ-СОТ-ТӨРЕЛЕР.doc

— 455.00 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                                                     Ф-ОБ-001/033

                                     Ф-ОБ-001/003

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7

 

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.

 

1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және

 оның маңызы _______________________________________________8-15

 

1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің

басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34

 

2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.

 

2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы  тұлғалар мен іске

      қатысушы тұлғалар________________________________________35-48

 

2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға  ықпал ететін 

       көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59

 

2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62

 

ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.

Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпал-кедергісіз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздынығы орасан зор.  2001 ж. 6 маусым күні Астанада болып еткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекгі III съезінде Мемлекет басшысы бұдан кейін бүкіл сот жүйесі шешуге тиісті мынадай міндеттерді атап көрсетті:

"Бірінші-сот сатылары арасында соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу керек. Сотта көпе-көрінеу қылмыс туралы қылмыстық істерді тергеу мен қарау тәртібін бұрынғыдан да қаншалықты мүмкін болғанынша оңайлату керек.

Екінші-сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту қажет.

Үшінші-Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа заседательдерінің қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру. Өлім жазасы көзделген ауыр қылмыстардан бастау керек.

Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.

Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет.

Алтыншы-тергеу әрекеттерін сот бақылауы институтын пайдаланудың шетелдік тәжірибесін зерттеу керек. Батыста ол кең таралған. Ресейде де осы жолмен жүруге езірленіп жатқан сыңайлы. Біз басқалардың істегендерін көзсіз көшіріп ала бермеуіміз керек. Алайда, біздің сот-құқық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, назар аударуға тұратын нәрселерді пайдаланған жен.

Жетінші-сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін жасау шаралары қолданысын. Бұл ретте сот әділдігінің біздің қоғамның ең лайыкты мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершілік және этикалық болмысына деген талаптарды күшейту қажет.

Сегізінші-соттардың жұмысын халық үшін барынша ашық және ұғынықты ету керек. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы түбегейлі өзгертуді талап етеді".

Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге асыруға кажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндіктің  болуы  тақырыптың  басты  өзектілігі.

Тақырыптың  ғылыми  жаңалығы. Судьяның (соттың) тәуелсіздігін қамтамасыз ету қоғамның және мемлекеттің міндеті болып табылуға тиіс. Оның тек қана Конституция мен заңдарға бағыныштылығын мойындап, басқа мәселелеріне, әсіресе, сот төрелігін іске асыру қызметінде тәуелсіз болуын елдің Ата Заңы, басқа да заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері баянды етуінде орасан зор заңдық қана емес, саяси да мән бар.

Себебі, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады деп бекітеді. Ал судьяның сот тәрәлігін іске асыру кезінде Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуы, басқадай айтқанда, оның тек заңға тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды.

Тақырыптың  зерттеу  деңгейі. Сот  жүйесінде судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін білдіреді.

Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай, соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана қолдануға тиісті.

Жұмыстың  методологиялық  негізі.  Жұмыстың  методологиялық  негізін философ, заңгер  ғалымдардың биліктің  бөлінуі, сот  жүйесі  туралы  айтқан нақты логикалық  салыстырмалы, әлеуметтік  ғылыми  тұжырымдамалары  мен  ұсыныстары, сонымен  қатар  нормативтік  құқықтық  деректермен тәжірибелік  мәні  бар ғылыми  еңбектері  құрайды.  

Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі маңызы мен мәнін ашу, әуелі оның түсінігін және оның маңызын зерттеумен ұштастырылды.

Жалпы, билік феноменін, оның белінуі теориясын ежелгі уақыттан зерттеумен бұл меселелерге байланысты Аристотельдің, Ш.Л.Монтескьенің көзқарастары мен еңбектерінде айтылған  ой- пікірлері  келтірілді.

Зерттеу  объектісі. Қазақстан  Республикасы сот  жүйесіндегі  сот  билігінің  функциялары  ретінде  сот  әділдігі, конституциялық  бақылау, тәрбиелеу  және  заңдар, нормативтік  құқықтық  актілер  түсіндірумен  мемлекеттік  тұрғыдан  талдау  жасау.

Зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттері. Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқаруціы норма болып саналуға тиісті екендігі жұмыстың  басты  мақсаты.

Тәуелсіздік мәселесі судьяға қатысты болғандықтан, судьяның түсінігі мен құқықтық жағдайы қарастырылды. Осы екі ұғымның байланысы негізінде судьяның тәуелсіздігі ережесіне түсінік берілді.

Судьяның тек заңға бағындырылуы оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басты шарт ретінде қаралды. Осыған байланысты судьяға заң қоятын талаптар мен міндеттерді  анықтау.

Теориялық  және  практикалық  маңыздылығы. Дипломдық  жұмыстың  теориялық  негізін  заңгер  ғалымдардың  сот  билігі,  жүйесі  және  судьяның  тәуелсіздігі  мен  сот  төрелігін  жүзеге  асырушы  тұлғалар  туралы  тұжырымдамалыры  мен  ұсыныстарын  құрайды.

Жұмыстың  тәжірибелік  маңыздылығы  сонда  жұмыстағы  тұжырымдар қорытынды  мен  ұсыныстар  сот  жүйесінің  жұмысын  ұйымдастырудың  құқықтық  негіздерін  одан  әрі  ғылыми  зерттеуге  негіз  болады,  оның  теориялық  қорын  кеңейтеді.

Жұмыстың  құрылымы  және   көлемі. Жұмыс  екі  тараудан, бес  параграфтан, қорытындымен  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады. Дипломдық  жұмыстың  көлемі алпыс  алты  бетті  құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.

 

1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және оның маңызы

 

Латын сөзі принцип негіз, бастапқы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді. Сондықтан, сот билігінің принциптерін заң әдебиеттерінде басқаша, сот әділдігінің негіздері деп те атайды.

Сот әділдігі сот билігінен туындалатын, онымен сабақтас ұғым болғандықтан принциптерді сот билігінің немесе сот әділдігінің деп атау өзгешелікті білдірмейді, керісінше, бұл екеуі бір мағыналы ұғымдар.

Әрине, бұған дейін айтылып кеткендей, сот билігінің түсінігі сот әділдігі ұғымынан әлдеқашан кең және көлемді. Бұған, тіпті, сот әділігі сот билігінің бір (басты да, әрі негізгі) нысаны деп көрсетудің өзі дәлел. Сондықтан кең мағынасында қарастыра келе, тақырыпты судьяның тәуелсіздігі — сот билігінің демократиялық принципі деп атау сот әділігі сот билігі түсінігінен туындайтындығымен, екіншіден оны жүргізуші басты тұлға судья болғандықтан, судьяның тәуелсіздігі деп қарастырумен байланыстырып, уөж етуге болады. Демек, дәстүрлі терминологиялық атаудан аса бір ауытқу болмайды деген сөз.

Осымен қатар, судьяның тәуелсіздігі принципін біз қынмыстық іс жүргізу құқығының басты әрі негізгі принциптерінің біреуі ретінде қарастырамыз. Әрине, бұл принциптің азаматтық іс жүргізу саласында да орасан зор рәлі мен орны бар екендігінде сөз жоқ. Бір сезбен айтқаңда, сотта іс жүргізу мәселелеріне байланысты судьяның тәуелсіздігінің өзектілігі мен қажеттілігің қарастыруды мақсат етеміз.

Қазақстан Республикасының Констшуциясында (оның 75, 77-баптарында) сот төрелігі деп аталады. Осыған орай, бұған дейін және жалпы осы жұмысымызда сот төрелігі, сот еділдігі, сот билігі ұғымдарын алма-кезек, немесе қабаттастырып айтуымыздың себебіне тоқталатын болсақ, өкінішке орай, әлі де заңдарымызда, пайдалануға ұсынылған құқық әдебиеттерінде кездесетін заң терминдерінің айтынуының (жазылуының да) кемшіліктері мен жетіспеушіліктеріне сілтеген болар едік. Бұл басты себеп болса, одан тыс аталмыш терминдердің біркелкілендірілмеуі, ягаи, әр түрлі (синонимдес сөздер) аударылуының да салдары бар. Еліміздің Ата Заңын, т.б. норматавтік құқықтық актілерін мемлекеттік тілде жазушы қауымның еңбегін құрметтей отырып, осы мәселеге байланысты пікірімізді келесідегідей етіл көрсеткіміз келеді. Біздіңше, сот төрелігі дегеннен гөрі сот әділдігі деп айтылғаны жөн. Тіпті көпшілік заңгер қауым (ғалымдар, тәжрибелі қызметкерлер де) "сот әділдігі" терминін пайдаланын келеді. Елбасы өзінің республика судьяларының ІІІ-съезінде айтқан алғы сөзіңде де "сот әділдігі" терминін көп қолданып сөйледі .

Бұл екі сөздің (сот төрелігі, сот әділдігі) синонимдестігінде дау жоқ. Бірақ, құқық (заң) саласына тиімділігі сот әділдігі болуы керек. Төрелік деп айтқанда, бұл сөздің үстемдік (билік) мағынасына тартатыны керініс табады. Ал сотты халық әділдік, әділеттілік түсініктерімен үғынады. Былайынша айтқан-да, оділ сот, әділ сот шешімі деп түсінумен ұштасады.

Орыс тілінен аудару жағына келсек, правосудие -правильно судить, с правом судить — деген мағыналарын білдірсе , қазақ тілінде дұрыс соттау, соттау құқығы мағыналарын берген болар еді. Сондықтанда заң терминологиясында дұрысы сот әділдігі деп қолдануды ұсынған болар едік.

Сот билігінің принциптерінің мазмұны мен мәні заңдарда көрінісін табады.

Принциптер зерттеудің бастаушы нысанасы емес, оны қорытындылайтын нәтижесі болып саналады. Бұл түсінік ғылымның барша саласында қолданылады.

Сот билігіне қатысты принциптер деп Конституция мен Конституциялық заңда және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген соттың ұйымдасуының және сот әділдігі мен басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыратын қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін негізгі ережелер (қағндалар) мен басқарушы идеяларды айтуға болады.

Бұл принциптер азаматтық іс жүргізу құқығына да тән және осы салада кеңінен қолданылады.

Сот еділдігі принциптерінің нормативтік мазмұны объективтік тұрғыдан олардың құқықтық норма екендігін бітдіреді.

Осыған байланысты, профессор К.Х.Халиқов оларды (принциптерді) соттың ұйымдастырылуы мен қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады - деп әділ есептейді.

Оған дәлел, конституциялық принциптердің ең жоғарғы заң күші болады. Осыған байланысты құқықтардың түрлі салалық принциптері конституциялық негіздерден туындалады. Сот қызметіндегі, әсіресе, сот әділдігін іске асыру барысында бұлжытпай басшылыққа алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің құқықтық мақсаты бүкіл басқа заң нормаларының өздерімен сәикес болуын талап етуінде. Конституциялық нормалардың бұзылуы сот әділдігіне жатпайтын сот актілерін шығарута әкеп соғады, ал олардың күшін жоғарғы тұрған сот сөзсіз жоюға тиіс болады.

Демек, принцип - норма, құқық шығармашылық қызметте заң базасын реттеуші, оның төңірегінде құқық жүйесінің басқа да элементтері шоғырланатын конструкция (каркас) ретінде танылуға жатады.

Сот әділдігінің конституциялық принциптері соттың құрылысы мен қызметін реттейтін құқық салаларының принциптері мен бүкіл мазмұнында - сот құрылысында, азаматтық іс жүргізу құқығында өз көрінісін тауып, дамытылған. Сот құрылысы мен іс жүргізу құқығы нормаларында сот әділдігі принцилі заңдардың нақты баптарының тұжырымдары түрінде берілуі мүмкін. Алайда, бұл мұндай принциптердің бүкіл мазмұны осы тұжырымдармен шекгеледі деген сөз емес. Кез келген принциптің мәні сол құқық саласының көптеген нормалары мен институттарында көрінеді, әйтпесе принцип белгілі бір құқық саласы үшін өзінің негізгі мәнін жоғалтар еді.

Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар