Сарашпылық зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:40, дипломная работа

Краткое описание

1. Сарапшылық зерттеу
2. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
3. Сарапшы қорытындысын тұжырымдау. Сарапшының ішкі сенімі.
4. Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары.
5. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.
6. Қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлама.
7. Сарапшылық қателіктер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

5.docx

— 41.05 Кб (Скачать документ)

Сарапшының ішкі сенімі — субъективтік санат. Алайда, оның субъективтік сипатына қарап, ол айрықша жеке сипагга бола-ды, онда ұжымдық ішкі сенім болмайды деп санамау керек.

Сот сарагттамасының  құқыктык институты тарихы тұрғыдан бір субъект — сарапшынын сараптама жүргізуіне есептеліп қалыптасты. Осыдан сарапшының жеке өзіндік зертеулері, өз

атынан корытынды  және қорытынды үшін жеке басынын  жауапкершілігі негізінде заңға енгізілген сараптама жүргізудін принциптері шығады. Бұл принциптер бір міндетті шешу үшін әр түрлі мамандықтарды немесе зерттеу әдістерін игерген бірнеше адамдардын катысуы қажетгілігі мен мақсатқа лайык-тылығы ситуацияларында колайлы. Осы ситуациядан түбегейлі шығу сарапшылардың ұжымдық ішкі сенімі деп аталатын тану-дық негізі бар іс жүргізу принципін дәйекті түрде енгізу болып табылады.

Осы сатьща оны  іске асыру сарапшылык комиссияның  бас-қа мүшелеріне де қатысты білімдерге, мәліметтерге және зерт-теу нәтижелеріне негізделген үжымдық ішкі сенімді калыптас-тыруды қажетететін комиссиялықжәне кешеңді сараптамалар-ды жүргізу кезінде орны болады.

Үжымдық ішкі сенім  принципінің дамуы сот сараптамасы  органының сараптамаларды жүргізуді ұйымдастырудың — коры-тындыны занды тұлға атынан беру мүмкіндігі туралы жаңа ны-сандарды белгілейтін мәселелерді шешумен байланысты. Сот сараптамасынын қазіргі қылмыстық іс жүргізу институтын ұжьшның «жұта алмайтын» жеке адамы, жеке тұлғасы ретіндегі сарапшысыз түсіну мүмкін еместігі туралы пайымдаулар тара-са да, кдзіргі сот сараптаманың дамуы, ең алдымен оның өндіріс технологиясынын жетілуі проблеманың барған сайын өзекті-лігіне әкеп тірейді.

Қазіргі уакытта  сот сараптамасы органдарындағы сарапта-маларды жүргізуді үйымдастыру  сол кез келген кәсіпорын не-месе мекеменің өңдірістік кызметі бастамасынан құрылады. Бұл жерде, өндірістік процестердің ұжымдылығы, оларды жеке опе-рацияларға ұсақтау мүмкіндігі және осы операцияларды осы-ларды орыңдауға, мекеме ішінде функцияларды дифференциа-циялауға мамандавдырылған адамдарға тапсыру жайлы сөз бо-лып отыр (өндірістік және басқару, негізгі және қосалкы функ-цияларды шығару). Бакылауға байланысты кәсіпорын немесе мекеме үжымдык, ондіруші ретінде көрінеді, өнімді өз атынан шығарады, тұтынушымен бүтіндей жеке өзара қарым-қатынас-ты реггейді.

Ұжымның сараптама  жүргізуге катысуЫ сарапШыға  ұжым тарапынан консультация беруден, ең тиімді зерттеу әдістерін анықтаудан, алынған нәтижелерді бағалаудан, корытындыны тұжырымдаудан көрінеді [6].

Сонымен, сот  сараптамасы органдарындағы сарапшылык ендірісті ұйымдастырудың калыптасқан нысаны жеке сарапта-ма мен өндірістік бастамамен ұйымдастырылған сараптама ара-сындағы аралык. жағдайдағы орынды алады. Бұл жерде, өнді-рістік бастамаларды сот сараптамасы органдарының кызметіне ендіру процесі сарапшылықтехнологиялар элементтерін ендіру шамасына қарай дамиды.

3. Сарапшы  қорытындысындағы тұжырым нысандары

Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары туралы мәселе арнайы қарайтын такырып, өйткені ол сарапшы қоры-тындысынын дәлелдемелік маңызымен тікелей байланысты.

Тұжырым сарапшылық зерттеудіқ іс бойынша дәлелдемелік мәнін анықтайтын оныңтүпкілікті максаты болып табылады.

Жалпы түрде тұжырымдар — қойылған сұрақтардың жауа-бы. Мұнда істің мән-жайы бойынша сұраққа жауап немесе сұракты шешудің мүмкін еместігі көрсетілуі керек.

Логикалык аспектіде  тұжырым — зерттеу нәтижелері бо-йынша жасаған сарапшынын ой қорытындысы, оны ол аныкта-ған немесе зерттелетін объекті туралы ұсынылған алғашқы мәліметтер және тиісті білім саласының жалпы ғылыми ережелері негізінде аныктайды.

Тұжырымға қойылатын негізгі талаптар принциптер түрінде қал ыптастырылған:

  1. Біліктілік иринципі. Бұл өзінің шешімі үшін арнаулы ғылыми білімдерді қажет етпейтін сұрақтар сарапшының алдына қойылмауы және онымен шешілмеуі керек.
  2. Анықтылық принципі. Әр түрлі түсінік беретін әр мағынадағы түжырымдарға жол бермеу.

3. Түсініктілік принципі. Дәлелдеу процесінде арнайытүсіндіруді керек етпейтін және тиісті арнаулы білімдері жоқпроцеске катысушылар үшін түсінікті тек осындай түжырым- 
дар пайдаланылуы мүмкін [5].

Сарапшынын тұжырымдары  өр түрлі негіздер бойынша, соның ішінде сарапшы шешетін міндеттердің деңгейіне қарай (диагностикалық, жіктеушілік, тендестірушілік, ситуалогиялык)

жіктеледі.

Диагаостикалық  зертгеу нәтижелері бойынша объектінін. та-биғаты мен жай-күйі туралы түжырым жасалады. Жіктеушілік тұжырымдар объектінің белгілі бір класка қатыстылығын анық-тауда орны бар. Тендестірушілік зерттеулерге тұжырымдардың екі түрі тән — жеке тепе-тендік туралы (бірыңғай шығу кезі) және тектік (топтык) катыстылықтуралы. Сонғы түжырым жеке тепе-тендікті (бірынғай шығу көзін) аныктау мүмкін болмаған жағдайда кездеседі. Ситуалогиялық зерттеулерде жеке немесе ортак уакиғаның механизмі туралы тұжырым жасалады.

Түжырымдарды  мазмүны бойынша бөлумен бірге, олардың логикалық нысандарын ескеріп жүргізілетін өзгелері де болады:

  1. шығарылатын үйғарудың расталу дәрежесі бойынша —кесімді және ықтималды. Кесімді түжырым — ол сарапшылықзерттеулердің нәтижелері толығымен расталуы. Ал ыктималды 
    тұжырым Ішінара негізделеді. Ол әдетте сарапшымен аныкталатын фактінің жоғары дөрежедегі ықтималдық кезінде шығарылады;
  2. аныкталатын фактіге қатысты — оң (расталған) және расталмаған. Расталмаған түжырым аныкталатын фактінің болмауын, ал оң түжырым онын болуын атап керсетеді; 
  3. зат пен белгі арасындагы байланысты пайымдаудағыкөрінген сипаты бойынша — фактілердің мүмкіндігі туралы, шынайылыгы, фактілердің қажеттілігі туралы және міндеттІлігі туралы. ФактІлердің мүмкіндігі туралы түжырымда белгілі біржағдайларда қандай да бір уакиғаның мүмкіндігі атап көрсетіледі; шынайылықтуралы тұжырымда фактілердін (объектілердің) шынайы емір сүруі туралы сез болады; фактілердің қажеттілігі туралы түжырымда сарапшыға тапсырылған жағдайларда уақиға міндетті түрде болуы керектігі айтылады; міндеттіліктуралы түжырымда белгілі бір ситуацияда кай мінез-күлықколайлы болуы аныкталады;
  4. тергеу мен онын, негіздері арасындагы қатынастардың сипаты бойынша — шартты және шартсыз. Шартты тұжырымдаонын. шынайылығы қандай да бір шарттарға байланысты болады, ал шартсызда —шарты болмайды.
  5. логикалық одақтар және олардың типтерінің болуы (болмауы) бойынша — біржакты және баламалы. Баламалы тұжырым сарапшынын. жалғыз бір шешімге келе алмауы және зерттеудін корытындысында бірнеше нүскалар болғанда жасалады. Мұндай тұжырымдарда барлык мүмкін нұскаларды санамалау талап етіледі және олар бірін-бірін жоққа шығаратын және бір деңгейлікте болуы керек.

4. Сарапшылық  зерттеу нәтижелерін ресімдеу


Сарапшының  корытындысы — Іс жүргізу қүжаты, овда жүргізілген зертгеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрак-тардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі не-месе түжырымның бІреуІ болса да сарапшының бастамасы бо-йынша жасалады. Сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптама-ны сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшынын. (сарапшылардың) колы аталған органның мөрімен расталады.

Зан (ҚІЖК-нін 251-бабы) кұрылымын анықтамай-ақ, сарап-шы қорытындысы мазмұнының негізгі элементгерін белгілейді. Алайда, сарапшылық практикада мұндай кұрылым жасалған және ведомстволык нормативтік кұкықтық актілерде көрініс тапқан. Соңғыларға сәйкес, сарапшының қорытындысы үш бөлімнен түрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.

Сарапшы қорытындысыныц кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, онын нөмірі, материаддар келіп түскен және корытынды жасалған күні; сараптама тағайында-ған адам; сараптама жүргізудін, негізі (кдулыны кім, кдшан және кдй іс бойынша шығарды); зертеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарапта-ма жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесіні аты, іс жүргізу жағдайы); сарапшының алдына қойылған мәселелер; сарапшыныңбастамасы бойынша койыл-ған мәселелер; сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер — тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандықбойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы ту-ралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының кол қоюымен куә-ландырылған белгі.

Осында оған қосымша  материалдар ұсыну туралы сарапшы-нын берген өтініші туралы, корытынды беру үшін елеулі мәні бар іс мән-жайлары туралы, жүргізілетін сараптама түрі туралы ақпараттар болуға тиіс.

Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінін жай-күйі; қабыл-данған зерттеу сүлбасы; пайдаланылған зерггеу әдістері мен оларды қолданудын. техникалык шарттары туралы; сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы; сарапшыныңқатыс-

кдн тергеу әрекетгері және егер зерттеу үшін маңызы болса, олардың нәтижелері туралы; зерттеу  барысында пайдаланыл-ған норнативтік құкықтык актілер мен аныктамалық әдебиет-тер туралы; жүргізілген зерттеудін. нәтижелерін сарапшылык бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі.

Зерттеу әдістемесі оны сарапшының толык қоддануы тура-лы айтуға және кажет болғаңца, зертгеуді кайта жанғырту аркьі-лы түжырымдардын дүрыстығын тексеруге болатындай сипат-талады.

Әрбір сүраққа  зерггеу бөлімінің белгілі бір  тарауы сәйкес келуі керек.

Сараптама актісінің  зерттеу беліміңде бейнелеу материал-дары — қосымшада болатын фототүсірілімдер, сұлбалар, сыз-балар, регистрограммалар, контактограммалар коса беріледі. Бүл материалдар көрнекілікті қамтамасыз етіп, сарапшылар тұжырымдарының сенімділігін арттыруға бағыггалады.

Қорытындыға мына бейнелеулер қоса беріледі:

  1. олардық кейінде өзгеруі кезінде ерекше мәні бар зертгеу объектілерінін, жалпы (алғашкы) керінісінің түсірілімі;
  2. анықталған белгілері көрсетілген объектілердің жеке бөліктерінің түсірілімі;
  3. олардың бақылау түсірілімдері, өйткені үстінен басып жазу және шартты белгілер аныкталған бөлшектерді қабылдап түйсінуде қиындык. тудырады.

Әрбір түсірілім  мәтіндегі егжей-тегжейлі түсіндірме жазба-лармен камтылуы керек. Бейнелеулер  сарапшынын (сарапшы-лардын) колымен және сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады

Синтездеу бөлімінде  алынған нәтижелердін жалпы жиын-тык бағасы мен сарапшы тұжырымдарының ғылыми негіздемесі келтіріледі.

Тужырымда койылған сүрактарға сарапшының жауаптары баяндалады. Әрбір сүракқа ез мәні бойынша тұжырым беріледі немесе себептерін көрсете отырып оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

Сарапшынын бастамашылық керсетуі кезінде тиісті түжы-рымдар қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамнын) сұрақтарының түжырым-жауаптары сонынан беріледі.

Егер қорытынды  берудін мүмкін еместігін растайтын  мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, онда сарапшының корытындысы барлық сұрақтарға немесе қойылған сүрактар дың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігі негізінде болуы керек. Сонымен бірге жүргізілген зерггсулердің расталмаған нәтижелері бойынша жасалатын сұрақты өз мәнІ бойынша шешудің мүмкін еместігі туралы тұжырымды корытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламадан айыра білу керек.


Корытындыға зерттеуден кейін калған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ак фотокестелер, сұлбалар, сызбалар, графиктер, кестелер және сарапшынын қорытындысын растай-тын баска да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Корытындыньщ қосьтмшасына сарапшы (сарапшылар) қол кояды.

Комиссиялык, кешенді, косымша және кайталама сарапта-малар бұрын баяндалған жалпы ережелерге сәйкес ресімделедІ, алайда тиісті корытындыларда нысаны мен мазмұнына катыс-ты белгілі бір өзіндік ерекшелігі болады.

Комиссиялык сараптаманы  ресімдеу кезінде корытындынын кіріспе бөлімінде оның комиссиялык. екендігі және онын. өткізілген орны көрсетіледі. Комиссиялық сараптамада сарап-шылык комиссия мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп тал-дайтындығы және ортақ пікірге келгенде корытындыға кол коятындығымен ерекшеленеді. Сарапшылар арасында келіспеу-шілік болған жағдайда олардың әркайсысы немесе сарапшы-лардың бір бөлігі жеке корытынды береді.

Кешенді сараптама  нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе  бәлімінде оның кешенді сипаты, өткізілу және әрбір сарапшынынорындаған зерттеуінінорны көрсетіледі. Кешенді сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыда әрбір сарапшының кандай зерттеу жүргізгендігі және оның қандай түжырымға келгендігі керсетіледі. Әрбір сарапшы корытынды-ның осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

Әрбір сарапшы  аныктаған накты деректерінің жиынтығы негізінде олар аныктау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортак корытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортак корытындыны (корытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға күзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдап кол қояды.

Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда зерггеулердің нәтижелері кешеңді сараптама жүргізуге сәйкес ресімделеді.

Косымша сараптама  нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның осындай екендігі, негізгі сараптама ту-ралы мәліметгер хабарланады (ңомірі, күні, орындаушысы, сондай-ак түсініктемені және толыктыруды қажет ететін негізгі сараптаманын корытындысы). Корытындынын зерттеу бөлі-мінде, егер сарапшы негізгі сараптаманы жүргізу кезінде сол әдістер мен күралдарды пайдаланып және сондай нәтижелерге қол жеткізген болса, ол зерттеу барысы мен нәтижелерін баян-дамай, негізгі сараптама актісінін тиісті тарауларына сілтеме жасауына болады.

Қайталама сараптама  нәтижелері бойынша қорытындынын кіріспе белімінде оның қайталануы туралы белгі, сондай-ақ бас-тапқы сараптама туралы мәліметтер болуы керек (нөмірі, күні, орындаушысы, сот сараптама мекемесінің атауы, кайталама са-раптаманы тағайындаудың тұжырымдары мен себептері). Қай-талама сараптама актісінін зерттеу бөлімінде сарапшы бастапқы сараптама корытындысы мен зертгеу нәтижелерінің айырмашы-лыктарын, егер мұндай бар болса, болу себептерін көрсетеді.

5. Қорытьгады  берудің мүмкін еместігі туралы  хабарлаиа

Егер сарапшы  зерттеуге кіріспей тұрып онын аддына қойыл-ған мәселелер өзінің кұзыретІ шегінен тыс екендігіне немесе корытынды беру үшін үсынылған материалдар жеткіліксіз екеніне және оларды ұсыну туралы өтініш кднағаттандырыл-маған не ғылым мен техниканын. казіргі жағдайы қойылған сұрактарға жауап беруге мүмкіндік бермейтіндігіне көзі жетсе, ол қорытынды берудін. мүмкін еместігі туралы дәледді хабарла-ма жазып, оны сараптама тағайындаған органға (адамға) жібереді. Мұнда жасалатын қүжат қорытынды берудің мүмкін емесгігі туралы хабарлама деп аталады (ҚІЖК-нің 252-бабы). Аталған құжат өзінің мәні бойынша сарапшылық зерттеу жүргізудін мүмкінсіздігі туралы хабарлама болып табылады.

Информация о работе Сарашпылық зерттеу