Сарашпылық зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:40, дипломная работа

Краткое описание

1. Сарапшылық зерттеу
2. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
3. Сарапшы қорытындысын тұжырымдау. Сарапшының ішкі сенімі.
4. Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары.
5. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.
6. Қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлама.
7. Сарапшылық қателіктер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

5.docx

— 41.05 Кб (Скачать документ)

5-лекция тақырыбы: САРАШПЫЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

 

 

Жоспары:

  1. Сарапшылық зерттеу
  2. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
  3. Сарапшы қорытындысын тұжырымдау. Сарапшының ішкі сенімі.
  4. Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары.
  5. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.
  6. Қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлама.
  7. Сарапшылық қателіктер.

 

Лекция мәтіні:

 

І. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары

Процесті жүргізуші  және сарапшы қызметіне іс жүргізу  бақылауын жүзеге асырушы орган  сараптама жүргізудің технологиясы жөнінде түсінігі болуы керек. Сараптама жүргізудін ұйымдастырушылық аспектілерін біз бұрын қарастырғандыктан, ең елеулі әдістемелік мәселелерге, зерттеліп жатқан іс жүргізу әрекетінін іс жүргізу нысандарымен тікелей байланысы бар барлығы үшін ортақ сараптамалардың тектеріне (түрлеріне) тоқталайық Сарапшылық зерттеу — сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша ажыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардан (кезеңдерден)түрады:

  • дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда);
  • сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;
  • салыстырмалы зерттеу сатылары;
  • зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытын дыларын тұжырымдау сатылары.

Сарапшылық зерттеудін дайындық сатысы — сот сараптамасын жүргізудің бірінші сатысы, оны мазмұны сараптама жүргізу үшін негіз болатын іс жүргізу шешімімен және сарапшылық міндеттерді шешудін технологиясын анықтау үшін сарапшыға ұсынылған материалдармен танысу, сондай-ақ сарапшылық болжамдар көтеру, зерттеу бағдарламасын жасау және қажетті техникалық, аспаптық ақпараттық базаны дайындау болып табылады.

Сараптама тағайындау барысында сарапшының алдына сұрақтарды қою кезінде сараптама мүмкіндіктері мен сарапшының құзыретіне байланысты болса да, көрсетілген талаптарды қанағаттандырмайтын немесе сот сараптамасы терминологиясы тұрғысынан сыпайы емес сұрактарды қоюға жол беріледі.

Айтылғандарды ескере отырып, сарапшы өзінің құзыретіне жатпайтын сұрақтарды дәлелді түрде алып тастауға, сондай-ақ тиісті тапсырманың көлемін өзгертпей сұрақтарды қайта құруға құқысы бар.

Сарапшылық зерттеу үшін ұсынылған материаддарды оқып-зерттеу кезінде олар жетіспеген жағдайда, сарапшы оларды толықтыру жөнінде өтініш беруге құқысы бар. Аталған өтініш сот сараптамасы органынын басшысы арқылы жіберіледі. Бір ай мерзім ішінде қосымша материалдар ұсынылмаған жағдайда, өзінің қарамағындағы бар материаддардың көлемінен шыға отырып не қысқартылған түрдегі сарапшылық зерттеу өткізеді не қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлайды.

Сарапшылық зерттеудін осы сатысының проблемалары сарапшылардың іс материалдарын оқып-зерттеудің ауқымымен және сарапшылық зерттеу жүргізу үшін алғашкы мәліметтерді бағалау бойынша сарапшының мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Бұрын айтып кеткендей, сарапшы сараптама тақырыбына қатысты іс материаддарымен танысуға құқысы бар. Көбінде зерттеуге жататын дәлелдемелерді сарапшының дұрыс бағалауға қажетті мәліметтері бар қарау, тергеу эксперименттері мен өзге де тергеу әрекеттерінің хаттамалары болып табылады.

Сараптама міндеттерін  анықтауда сарапшынын істің мән-жайымен  танысуының зор мәні бар. Алайда, бірінші  кезекте сараптама тақырыбына жататын мәліметтер  зерттеу объектілерініқ табиғаты, шығу тегімен байланысты накты деректер түрады.

Зерттеудің толық объективтілігі максатында сарапшылар: айыпталушының белгілі бір фактілерді мойындауына (құжат-тарды жасауы, кісі өлтіруі); іс материаддарында іс жүргізу көрі-нісі болып көрінбеген жедел-іздестіру қызметінін. деректеріне; айыпталушының жеке басын келеңсіз сипаттайтын мәліметтерге; сараптама тақырыбына тікелей қатысы жоқ баска мән-жайларға жататын іс материалдарымен танысудын. керек еместігі жөніндегі негізделген пікір бар [1].

Сонымен, сарапшылық зерттеу нәтижелерінің сапасын  аныктайтьш, оның кұрылымының ажырамас компоненті болатын сарапшылық міндетгерді шешу шарттарының жалпы мәні бойынша сөз болып отыр.

Іс материалдарын  заңнамада көзделген шектерде және арнаулы білімдерге сәйкес оқып зерттеу кезінде сарапшы мәліметтердің көрінеу қарама-қайшылықтарын, фактілердін шынайы өмірде өмір сүре алмайтындығын жиі аныктайды.

Әсіресе, бұл  сот автотехникалық сараптама жүргізу кезінде болады, онда сарапшыға көлік құралдарынын қозғалыс параметрлері туралы техникалық жағынан дәрменсіз акпарат ұсынылады. Мұндай жағдайда сарапшының ұсынылған ақпаратты бағалаудын. мүмкіндіктері мен шектері жөніндегі сұрақ туындайды.

Осыған ұқсас  ситуациялар заттай дәлелдемелерді қарау, сондай-ақ материаддарға, заттар мен бұйымдарға криминалистік сараптама жүргізу барысында аралық нәтижелерді алу кезінде туындайды, оңда объектілердің сипаты мен оқшаулануы іс материалдарында келтірілген мәліметгердегі із жасау механизміне тіптен сәйкес келмейді. Дәлелдемелерді жалпы бағалау функциясы, сөзсіз, сарапшы қызметінің аясынан тыс жатыр. Алайда, сарапшының сарапшылық міндеттерді шешу кезінде көрінетін оның ғылыми құзыретінін шегінде жүзеге асырылатын бағалау құқысы бар.

Жалпы белгілер денгейінде объектілердін айырмашылықтарын анықтау кезінде жеке белгілерді салыстыру жүргізілмейді.

Салыстырмалы  зерттеу барысында жіктеушілік  міндеттерді шешу кезінде объектілер белгілерін бір не басқа кластарды  сипаттайтын нормалармен салыстыру  жүзеге асырылады.

Диагностикалык  міндеттердІ шешу барысында белгілерді салыстыру объектілердін қасиеттерін, сонымен бірге олардын қандай да бір нормалардан ауытқуын талдау мақсатында жүзеге асырылады.

Сарапшының  зерттеу нәтижелерін бағалау  және қорытындысын тұжырымдау сатысы болады, өйткені сарапшы зерттеуді объектілер белгілерінін сәйкес келу немесе айырмашылық фактілерін атап көрсетумен аяқтамауы керек. Ол алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге міндетті.

Осы сатыда сарапшы  өзінің ішкі сенімі негізінде анықталған белгілерді бағалайды және қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалык жинақтап қорыту әдістері, ықтималды-статистикалык, әдістер мен модельдеу кеңінен пайдаланылады. Саты сарапшылық зерттеу барысы мен нәтижелерін бейнелейтін іс жүргізу құжаты ретіндегі сарапшыныңкорытындысын техникалық ресімдеумен аяқталады.

А.Р. Шляхов атап көрсеткендей, жүргізілген зерттеу  нәижелерін бағалаудын дұрыстығы мен объективтілігі сараптама объектілерінің сандық-сапалық қасиеттерін, белгілерін, жақтарын диалектикалык бірлікте караумен қамтамасыз етіледі [1].

Сарапшының тұжырымдары  әрдайым түсініктердің шынайылығын тексерудің құралы ретіндегі практикамен арақатынаста болады. Қарастырылып отырған сатыда сараптама тақырыбына жататын істің мән-жайының маңызы аса зор. Нақ солар шешілетін сұрақтың, зерттелетін объектінің, анықталатьш фактінің накты мәнін алдын ала анықтайды. Сараптама тақырыбына жататын істін мән-жайын білу алынған нәтижелерді және қорытындыны бағалауда көмектеседі.

Сарапшылық зерттеулерді сарапшылар комиссиясы жүргізуінің  белгілі бір ерекшеліктері болады. Жоғарьша айтып кеткендей, комиссиялық және кешенді сараптамаларды сараптама тағайындаған орган не сот сараптамасы органының, басшысы жасақтаған, тиісінше, бір немесе әр түрлі сарапшылық мамандықтағы сарапшылар комиссиясы жүргізеді. Комиссия жұмысын жетекші сарапшы үйлестіреді.

Бөлек (талдау) сарапшылык зерттеу сот сараптамась объекті-лерінің белгілерін бөлек оқып-зерттеуден түрады.

Осы сатының барысында  сот сараптамасының әрбір объектісін жекелендіретін ортақ, содан соң жеке белгілері анык,-талады. Мұнда дәлелдемелерді, содан кейін, қажет болғанда салыстырмалы материалды окып-зерттеу қарастырылады.

Зерттеу нәтижесінде  әрбір объектіні жекелендіретін, оның мәнін, сапалык және сандык сипаттамасын, тиісті белгілерде көрінетін объекті касиеттерінің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер кешенін қалыптастыру жүзеге асы-рылады.

Осы бөлек зерттеу  сатысында сарапшылық зерттеу әдістері-нін мүмкіндіктері барынша іске асырылады.

Талдау зерттеуінін, кезеңі немесе бірқатар авторлардың  пікірлерінше, зерттеудің факультативтік сатысы сарапшылык эксперимент болып табылады, ол — сарапшылық міндетгердін. көбін шешу кезінде болатын таным әдісі, оның көмегімен ба-кыланатын және баскарылатын жағдайларда объектілер неме-се құбылыстар зерттеледі; сарапшылык зерттеу процесінің факультативтік сатысы. Ол накты факті мен фактілер, құбылыс-тар арасындағы себептік байланысты анықтау мақсатындағы тәжірибелер өндірісінен түрады; іс жасау механизмін аныктау; салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер алу (мысалы, жакыннан атылған іздерді салыстырмалы зертгеу үшін оқ үлгілерін алу); зерггелетін объектілердін ақауларына сараптама кезінде есеп жүргізілуге жататындарды аныктау; із қасиеттерін зерттеу (мы-салы, төменгі температура кезінде атылыс Іздерінін, көріну ерекшеліктерін анықтау); кылмысты жасауға ыклал жасаған техникалық сипаттың себептері мен шарттарын аныктау [2].

Салыстырмалы  зерттеу объектілердің анықталған белгі-лерінің сәйкес келуі немесе айырмашылығы анықталатын саты болыптабылады.

Ол салыстырылатын объектілер белгілерінін сәйкес келуі  мен айырмашылығын аныктаумен аяқталады.

Тендестірушілік міндеттерді шешу кезінде салыстырмалы зерттеу екі кезеңнен күралады:

  • объектілердің айырмашылығын немесе олардың бір топқа 
    қатыстылығын аныктаумен аяқталатын объектілердің жалпы 
    (тектік) белгілерін салыстыру;
  • объектілердін жеке белгілерін салыстыру.

Жетекші сарапшының қандай да бір ерекше Іс жүргізу қүқыктары болмайды, оның міндетіне комиссия жұмысын ұйымдастыру кіреді. Сондықтан да жетекші сарапшы жеке өзі немесе комиссия мүшелерімен бірлесе зерттеу жоспарын белгілеуі (шешуге жататын міндетгер мен косалкы міндеттер, рларды шешудін мерзімдері мен әдістерін аныктау), содан соң аталған жоспарды іске асыруды бакылауды жүзеге асыру ке-рек. Зерттеу барысында жетекші сарапшы комиссия мүшеле-рінін алатын нәтижелерін ескере отырып олардың жүмысын үйлестіру керек.

Комиссиялықсараптамаларды жүргізу кезінде сараптаманьщ әрбір объектісін толык көлемде зерттеу және кейінде барлық сарапшылардың түпкі корытындыларды түжырымдауға кдты-суы талап етіледі. Комиссия мүшелері — сарапшылар зерттеуді бірлесе немесе бөлек жүргізе алады. Алайда олардын әркайсы-сы зерттеуді толық көлемде жүргізуі тиіс. Зерттеу аяқталған-нан кейін сарапшылар комиссия кенесінде бірлесе отырып, алын-ған нәтижелерге талдау жасауы керек. Егер талқылау нәтиже-сінде сарапшылар ортак пікірге келсе, олар бірынғай қорытын-ды жасап, оған барлык комиссия мүшелері қол кояды. Келіспеу-шілік болған жағдайда олардың әркайсысы (сарапшылар тобы) жеке корытынды береді немесе өзінің қорытындысын жеке тұжырымдап қол кояды.

Кешенді сараптама  жүргізудін ерекшелігі оған әр түрлі  са-рапшылық мамандыктар әкілдерінің қатысуы, олардың күзы-реттерінін біркелкі еместігі болып табылады. Кешенді сарапта-ма жүргізу кезінде сарапшылардын. функцияларын бөлу, ол әрбір сарапшы зертгеуді тек өзінің қүзыреті шеңберінде, яғни объектілерді тек өзінің құзыреті шегінде және өзі меңгерген сол әдістерді қолдану арқылы зертгейді. Осы зерттеулердің қоры-тындысы бойынша әрбір сарапшы аралык корытындыны түжы-рымдайды және оларға кол кояды, барлық зерттеулер жүргізіл-геннен кейін сарапшылар алынған нәтижелерді талкылайды және жалпы (түпкілікті) корытындыны — қойылған сүрактар-дың жауаптарын түжырымдайды, бұған тек зерттеудін. жалпы такырыбында кұзыреггігі бар сарапшылар қатысып, қалғанда-рының катысуы міндетті емес. Кешенді сараптаманы жүргізуге қатыскан әрбір сарапшы тек езінің жеке жүргізген зертгеуіне, сондай-ақ өзінің корытындыда жасаған түжырымдарына жауап береді.

 

2. Сарапшы  корытьшдысын түжырымлау. Сарапшының ішкі сенімі

Жүргізілген зертгеудің нәтижелері бойынша сарапшы қоры-тындысын тұжырымдау оның Ішкі сеніміне негізделеді, оның мәні сарапшының жасаған тұжырымдарының дұрыстығы мен жалғыз мүмкіндігіне сенімділігі болып табылады. Ол — нақты сарапшылық міндетті шешудегі онын барлық қызметінің нәтижесінде пайда болатын танымдылык көрсетуші субъекті ретіндегі сарапшының эмоционалды-интеллектуалды жай-кұйі.

Сарапшының ішкі сенімі көп компонентті кұбылыс  болып табылады және оған гносеологиялық, логикалық және психо-логиялыкаспектілер кіреді [3].

Ішкі сенімнің гносеологиялық сипаты ол сарапшының түйсігіндегі зертгеу такырыбының көрінісі болып табылады және ол зерттеудін бүкіл процесінде қалыптасып отырады.

Саралшының Ішкі сенімінін, объективті негіздері өзінің жиын-тығында бір жүйені кұрайды, оның элементтері:

  1. сарапшының кәсіби білімі, оған оның дүниетанымпринциптері, арнаулы ғылыми білімі, сол саладағы ұжымдықсарапшылық практиканы білуі, зерттеу әдістерін қолдану дағдылары, нәтижелер дұрыстығыи тексерудің критерийлері ментәсіддерін білуі, жеке сарапшылық тәжірибесі кіреді;
  2. сарапшының кәсіптік сапасы: байкампаздығы, естілігі,жеке ой-түйіні;
  3. сараптама тақырыбына жататын мән-жайлар;
  4. барлық сарапшылық зерттеу процесі, оның шартгарьі, аралык және түпкілікті нәтижелері, толықтығы, логикалық жәнеғылыми негізділігі, сенімділігі тұрғысынан олардыңбағалануы [4].

Психология тұрғысынан қарағанда, сарапшының ішкі сенімі ол оның зерттеу нәтижелері бойынша түжырымдарынын объективті шындық немесе ғылымның қазіргі жағдайы мәселені шеше алмайды деп калыптасқан ондағы сенімділіктің психоло-гиялық күй-жайы болып табылады [3].

Информация о работе Сарашпылық зерттеу