Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 21:18, курс лекций
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті.
Кіріспе
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік түсінігі және мазмұны
Мұрагерлік құқық түсінігі
Мұрагерліктің маңызы
Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
Мұра мирасқорлығы
Мұрагерліктің негіздері
Мұраның құрамы
Мұраның ашылу орны және уақыты
Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
Заңды мұрагерлік
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
Өсиет бойынша мұрагерлік
Өсиеттің нысаны
Талап қойылған өсиет
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
Нотариатта куәландырылған өсиет
Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
Өсиеттiң құпиясы
Өсиетке түсiнiк беру
Өсиеттiң жарамсыздығы
Өсиеттiк бас тарту (легат)
Жүктеу
Өсиеттiң орындалуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі
Өсиеттің күші:
Нотариат кеңсесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің толық күшін жою туралы өтініш беру; жаңа өсиет жасау жолыен жойылуы мүмкін.
Өсиет;
Нотариат кеңсесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгкрту туралы өтініш беру; бұрын жасалған өсиетті бөліктері бойынша өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін. Бұрын жасалып, кейінгі өсиет арқылы толық немесе ішінара күші жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезеңінде соңғысының күшін жойса немесе өзгертсе қалпына келтірілмейді.
Нотариустың өсиетті куәландыратын
басқа адамның куәлардың
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Нотариатта куәландырылған өсиетттер; нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін. Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:
Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.
Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкiн. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады.
Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс. Өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi. Нотариус жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актiлерiнде нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куәландырады.
Нотариатта куәландырылған өсиеттерге: 1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; 2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; 3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi; 4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi; 5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасау¬а уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi; 6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi. Жоғарыда бірінші тізімде келтiрiлген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттiң бiр данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге мiндеттi. Өсиеттiң нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердiң өзгелерiне тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1051-бабының ережелерi қолданылады.
Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы. Өсиеттiң күшi: 1)нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн. Нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру; бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы Азаматтық Кодекстiң Мұрагерлік құқықтағы мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы ережелерiне де негiзделедi Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың Азаматтық Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы. Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін. Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн. Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс. Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi. Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады. Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды. Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды. Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды. Өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттiк бас тартуды орындау оның үлесiн алған басқа мұрагерге, не мүлiк иесiз қалса, мемлекетке ауысады. Өсиеттiк бас тарту мұра ашылғанға дейiн немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейiн орындалмайды. Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшiн жауап бермейдi.
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит берушi ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай мiндет мұра қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығарған кезде өсиеттi орындаушыға жүктелуi мүмкiн. Мүлiктiк сипаты бар әрекеттер мәнi болып табылатын жүктеуге, тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1074-бабының ережелерi қолданылады. Егер Кодексте көзделген мән-жайлар бойынша мұраның жүктеудi орындау мiндетi мойнында болған мұрагерге есептелетiн немесе оған тиесiлi үлесi басқа мұрагерлерге ауысса, жүктеудi орындау міндеті тоқтатылады.
Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға), өсиет жүктелген өкiлге тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс. Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы: 1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға; 2) мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшiн мүмкiн болған барлық шараларды қолдануға; 3) мұра қалдырушыға тиесiлi ақша сомасын алуға; 4) мұра қалдырушының еркi мен заң актiлерiне сәйкес мұрагерлерге өздерiне тиесiлi мүлiктi беруге; 5) мұрагерлердiң оларға жүктелген өсиеттiк бас тартуды орындауын қамтамасыз етуге (Азаматтық Кодекстiң 1057-бабы); 6) өсиеттiк жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттiк жүктеудi атқаруды талап етуге (Азаматтық Кодекстiң 1058-бабы); 7) мұраны борыштардан тазартуға тиiс. Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен өсиеттi орындау жөнiндегi қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн. Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап етуi бойынша есеп беруге мiндеттi.
Курстық жұмысты аяқтай келе, мұрагерлік дегеніміз қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа тұлғаға (мұрагерлерге) өтуі. Мұрагерлік қатынастың субъектілері мұра қалдырушы және мұрагер болып табылады.
Заң бойынша мұрагерлікте жеке тұлғалар мұра қалдырушы мен мұрагер
бола алады, ал өсиет бойынша жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, яғни заматтық құқықтық қатынастың барлық сбъектілері мұра қалдырушы және мұрагер бола алады. Мұрагерлердің құрамы мұра ашылған күні анықталады, ал мұра мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда ашылады. Осыған байланысты, мұра ашылған күні тірі болған адамдар мұрагер бола алады. Мұра ашылған күннің ертесінде қайтыс болған мұрагердің мүлік құқықтары мен міндеттері оның ұрпақтарына өтеді.
Азаматтық Кодекс өсиетті жасаудың және қол қоюдың жаңа ережелерін бекітті. Бұл жаңа ережелер бойынша өсиетті өсиетші өзі немесе оның сөзінен нотариус жаза алады. Бұл жағдайда өсиет жасауда куәгердің қатысуы қажет және ол туралы мәліметтер өсиетке енгізілуі керек. Азаматтық Кодекстің 1051 бабы 1 тармақшасы бойынша өсиетті жасаған кезде нотариустың жалпыға танымал техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етілген (жазу машинкасы, жеке компьютер). Азаматтық Кодекстің 1070 бабында ерлі-зайыптыларды мұрагерліктен шеттету қарастырылған.
Бүгінгі күнге дейін мұрагерлік қатынаста көптеген проблемалар жиналып қалды. Кейбір проблемалар азаматтардың әртүрлі шаруашылық қоғамдастықтарға және серіктестіктерге мүше болуына байланысты туындайды.
Жаңа Азаматтық Кодекс Конституциядағы «мұрагерлік құқыққа кепіл беріледі» деген ережені қамтамасыз ету керек. Азаматтық Кодекс өсиеттің еркіндігіне құқық берген. Бірақ 18 жасқа толмағандарды және еңбекке жарамсыздарды мұрадан айыруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 1051 бабының 4 тармақшасында өсиетті өсиетші нотариусқа жабық конвертте беруге құқылы. Ал нотариус өсиетті тек ол қайтыс болған күні ғана ашады.
Азаматтық Кодекстің Мұрагерлік құқыққа арнаған бөліміндегі жаңа ережелер бойынша мұрагерлердің қатары үштен беске дейін өсті.
Жақын болашақта Қазақстанда да мұрагерлік құқықтың рөлі өседі. Соңғы кезде көпшілікте қымбат мүліктер пайда болды. Мысалы, жекелендірілген жер учаскелері және пәтерлер, акциялар, облигациялар және т. б. Бұл адамдарды олар қайтыс болғаннан кейін мүліктерінің қайда қалатыны қызықтырады. Курс жұмысын қорытындылай келе мұрагерлік институт соңғы кезде біздің республикамыз сияқты жылдам дамыса екен деп ойлаймын.