Курыстык жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 21:18, курс лекций

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті.

Содержание

Кіріспе
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік түсінігі және мазмұны
Мұрагерлік құқық түсінігі
Мұрагерліктің маңызы
Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
Мұра мирасқорлығы
Мұрагерліктің негіздері
Мұраның құрамы
Мұраның ашылу орны және уақыты
Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
Заңды мұрагерлік
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
Өсиет бойынша мұрагерлік
Өсиеттің нысаны
Талап қойылған өсиет
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
Нотариатта куәландырылған өсиет
Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
Өсиеттiң құпиясы
Өсиетке түсiнiк беру
Өсиеттiң жарамсыздығы
Өсиеттiк бас тарту (легат)
Жүктеу
Өсиеттiң орындалуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курыстык жумыс.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)

Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк

 

       Егер заң бойынша мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болса, ашылатын мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы бойынша оның ұрпақтарына ауысады. Қайтыс болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған туыстығы бiрдей дәрежедегi ұрпақтар арасында тең бөлiнедi. Тiкелей өзiнен тарайтын туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығы туыстық дәреже шектелмей қолданылады, ал көлденең туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның туған аға-iнiлерiн (апа-сiңлiлерiн, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендерi не оның туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) алады.

 

 

 

Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар

 

 

    Мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған еңбекке жарамсыз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады. Басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде олар мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрған-тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болса, Азаматық Кодекстiң 1061-1066-баптарында аталған заң бойынша мұрагерлердiң қатарына жататын, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн еңбекке жарамсыз адамдар, осы кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады. Мұрагерлiкке шақырылатын адамдар, басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн мұраға алады.

Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық

 

 

      Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.

 

Мұра алу кезiндегi ерлi-зайыптылардың  құқықтары

 

 

      Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.

 

Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлi кезiнде оны басқару

 

 

      Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады. Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, жергiлiктi атқарушы орган мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты Азаматтық Кодекстiң 1059-бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.

Өсиет бойынша  мұрагерлік

 

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.

Мұра қалдырушы кез келген мүлік  туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға  құқылы. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге  ерікті жіне күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға,олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

ҚР-ның АК-нің мұрагерлік негізгі  өсиет боынша жүзеге асырылады.ҚР-ның 54 тарауы «өсиет бойынша мұрагерлікке»  арналған,ал 59 тарауы, «заңды мұрагерлікке» арналған, Мұрагерлік құқық мәселелерінің әртүрлі негізінде өңделу дәрежесі байқалады. Өсиет бойынша мұрагерлікке 14 бап, ал заңды мұрагерлікке қатысты ережелер 10 бапты қамтиды.Өсиетті әрекет қабілеттілігі бар тұлға өзіне тиесілі мүлікті өз ықтиярымен кімге бергісі келетін туралы мәлімдейтін заңды күші бар құжат.Өсиетті өсиет қалдырушы тірі кезінде жазады, ал оның еркі ол қайтыс болғанан кейін, яғни мұра ашылғаннан кейін ғана өсиетті заңдық себеп-салдары пайда болады.Өсиет біржақты мәміле.Өсиеттің басқа мәмілелерден айырмашылығы осында деп айтуға болады.Осыған орай, өсиет қалдырушы өсиеттің талаптары мен шарттарына байланыссыз, кез келген уақытта өсиетте көрсеткен мұрагерлер қатарын және мұралық массаны өзгерте алады, сонымен қатар өсиетті түпкілікті өзгерте отырып, оны жоюға да құқы бар.Осы құжат (өсиет) неігзінде мұра мүлкінің тағдыры қай негізде жүзеге асатыны белгілі болады. ҚР-ның АК-нің заңды мұрагерлік бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) жақын туыстарына қатысты кезек тәртібі мен оның үлестері нақты қарастырылған. Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сін салыстырмалы түрде қарастырсақ, қазіргі ҚР-ның А-де мұра қалдырушының мұрагерлерінің кезек тәртібі ұлғайған.

Ал, Ресей Федерациясында заңды  мұрагерлікке шақырудың 8 кезегі қарастырылған. Бұл тұрғыда Н.В. Ростовцевтың айтуынша, мұрагерлікке шақырудың кезек тәртібінің көп болуы, мұра қалдырушының мүлкінің иесіз мүлік ретінде мемлекетке өтпеуіне бірден-бір себеп дейді. Н.В. Ростовцевтың пікірін орыс ғалымдары Щербаков пен Ю. Харитонов та қолдайды. Осыған байланысты шын мәнінде бұл ғалымдардың пайымдауларына келісеміз.Адамзатқа қатысты туыстық жұртты үшке бөледі, олар; өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл туыстық қарым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді. Қайын жұрт мұра қалдырушының қандық туысы емес, қайын жұрт мұра қалдырушының көлденең туысы болып табылады. Біріншісі- өз жұрты(жеті ұрпаққа таратылады); екінші жұрт- нағашы жұрт. Екі жаққа жа (ері мен жұбайы) бірдей шешелерінің төркіні, үшіншісі- қайын жұрты, ері мен жұбайының елі.Осыған орай,ҚР-ның АК-нің 1064 баптың 3 тармағының 2 азат жолын толықтыру келесі түрде ұсынылады;

«Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушының зайыбына қатысты туыстары(еріне қатысты  туыстары), соның ішінде зайыбының ата –анасы (қайын атасы, қайын енесі) немесе ерінің(атасы мен енесі), сонымен қатар зайыбының (ерінің) туған аға інілері мен апа- қарындастары шақырылады.

Егер нотариат куәландырған өсиет  куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте  куәнің аты, тегі және тұрақты тұратын жері көрсетілуі тиіс.Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойылған адамға қатысты да енгізілуі тиіс. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай –ақ оны куәландырады.(құпия өсиет),Құпия өсиет. Оның жарамсыз болып қалу қаупімен , өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қол қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысумен куәлар қол қойатын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң актілерде нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдар куәландырады.

Нотариатта куәландырылғандарға  теңестірілетін өсиеттер. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге; 1)ауруханалар, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлерді, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлердің және кезекші дәрігерлері, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердің директорлары, бас дәрігерлері куәландырған өиеттері; 2) госпитальдарда, санаторийлерге және басқа да әскери емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпиталдардың , санаторийлердің және басқа да әскери емдеу мекемелердің бастықтары, кезекші дәрігерлер куәландырған өсиеттер; 3) жүзу кезінде Қазақстан Республикасының жалауымен теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде жүрген азаматтардың осы кемелердің капитандары кәландырған өсиеттері және тағы басқа куәландырылған өсиеттермен  теңестіріледі. 4) барлау және басқа да экпедецияда жүрген азаматтардың осы экпедециялардың бастықтар куәландырған өсиеттері; 5) нотариустары және нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік беріілген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, әскери оқу орындардың орналасқан мекендеріндегі  әскери қызметшілірдің өсиеттері, сондай-ақ осы бөлімдерде жұмыс істейтін жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің де әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлері (бастықтары) куәландырған өсиеттері; 6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттері теңестіріледі.

Талап қойылған өсиет қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.

Мұрагерліктің мыныдай негіздері  бар;

1.Мұрагерлік өсиет және заң  бойынша жүзеге асырылады.

2.Өсиет қалдырылмаған не бүкіл  мұраның тағдыры айқындалмаған  кезде, сондай-ақ осы Кодексте  белгіленген өзге де жағдайларда  ұрагерлік заң бойынша орын  алады.

Ортақ бірлескен меншік болып табылатын  мүлікке мұрагерлік мынандай жағдайлармен қарастырылады;

1.Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншікті үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу не осы кодекстің  218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатусышының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты ашылады.

2. Ортақ бірлескен меншікке қатысушы  ол қайтыс болғанан кейін осы  баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын  ортақ мүліктегі өз үлесіне  құнына өсиет қалдыруға құқылы.

Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетілген  мұрагер мұра ашылғанға дейін  қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе тәртіппен  лайықсыз мұрагер ретінде мұрагерліктен  шеттелген жағдайда, сондай-ақ мұрагер  мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагерді қосымша тағайындау). Азаматтық кодекстің 1044-бабына сәйкес мұрагер боа алатын кез келген адам қосымша тағайындалғаг мұрагер болуы мүмкін. Өсиет бойынша мұрагердің қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтін бас тартуына жол берілмейді. Мүліктің өсиет етілмей қалған бөлігі мұрагерлікке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлініеді. Бұл мұрагерлердің қатарына заң бойынша мүліктің басқа бөлігі өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлерде кіреді. Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.

Мыналар;

  1. нотариатта куәландырылған өсиеттер
  2. нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тисінше ресімделген болып танылады. 

      Өсиетке өсиет  қалдырушының өзі қол қоюы  қажет. Егер өсиет қалдырушы  дене кемістіктеріне, науқастығына  немесе сауатсыздығына байланысты  өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған  нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысумен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қою мүмкін.

Қазақстан Республикасы заңның ережелеріне  сәйкес өсиетті жазу, оған қол қою  немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда;

  1. нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам ;
  2. пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерімен шөберелер, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
  3. толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар ;
  4. сауатсыз және өсиетті оқуға қаблетсіз басқа да адамдар ;
  5. жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды;

Өсиеттің күшін мына кезде жоюға және оны өзгертуге болады:

Өсиет қалдырушы өзі жасаған  өсиеттің кез келген уақытта күшін  жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.

Информация о работе Курыстык жумыс