Криминалистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Криминалистикалық фотография - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ.docx

— 374.48 Кб (Скачать документ)

Жергілікті жерде детальды түсіру бары-сында күн сәулесі түсірілетін объектінің алды-на немесе артына емес, тек жанына тұскен кезде ғана нақты, әрі айқын фотосуреттер алынады. Қысқы уақытта фотосуреттер алу үшін сары және қызғылт-сары жарық-фильтрлері қолданылады.

 

 

       Детальды түсіру - бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен тусіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, келік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады. Детальды түсіру кезінде фотоаппаратты объектінің тек өзі немесе оның қажетгі бөлігі ғана кадрға сиятындай қашықтықта орналастыру қажет.

 

        Ғимарат, тұрғын-жай және т.б. жабық жер-лерде детальды түсіру кезінде күн сәулесі терезеден түсіп тұрған жағдайда терезеге мата іліп, қараңғы жерлерді түсіруге есептелген ұстау (вьщержка) қолданылады.Оқиға болған жерді түсіру көп жағдайларда электрлік тұтану шырағы арқылы жарықтандырылады.

       Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті қоршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мәйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мәйіттің ұзына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мәйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.

       Із жағынан әйнекке қарсы фотоаппарат қояды, қарама-қарсы жағынан қара экран, ал қырынан жарықтандырғыш орналастырылады. Жарық (сәуле) эйнекке 45-60 - бұрышта бағытталады.

      Қолдың көрінбейтін майлы іздері, оларды ұнтақтармен бояғаннан кейін немесе репродукциялық түсіру тәртібіндегі әдістермен суретке түсіріледі.

Аяқтыц көлемді іздерін, көлік күралдарынын, бұзу қуралдарының іздерін түсіруге жарықтандырудың екі қайнар көзі қоланылады. Біреуі фотоаппаратпен қатар, ал екіншісі іздің қырынан орналастырылып түсіріледі.                                  

 

        Біріншісі - іздің нақты формасын, екіншісі - ізді қалдырушы заттың құ.рылысының ерекшеліктерін көрсетуді қамтамасыз етеді. Қырынан түсірілетін жарықтың көзі іздің сызықтық ерекшеліктеріне байланысты перпендикулярлы түрде бағытталады. Ең қолайлы жағдай тәжірибелі жолмен тандалады. Өзіндік ерекшеліктердің әртүрлі бағытта орналасуына байланысты жарық көздерін әртүрлі жағынан қою жолымен суретке түсіру керек. Ізді жарықтың бір ғана қайнар көзін пайдалану аркылы да фотосуретке түсіруге болады. Терең іздерде кездесетін артық көлеңкелерді жою үшін ак қағаздан немесе матадан жасалған жарықтандыргыш экрандарды пайдаланып түсіреді. Экрандар жарык көзіне қарама-қарсы жағынан орналастырылады. Қардағы іздерді сары немесе сарғыш-күңгірт жарық фильтрлерімен қырынан жарықтандыру жолымен түсіруге болады.

       Заттар - яғни, заттай дәлелдемелер - біріншіден табылған жерінде, ал одан кейін қарама-қарсы (контрастылы) түстегі ортада түсіріледі. Заттың айналасында көлеңкелердің пайда болуын болдыртпау үшін мата немесе қағазды төсеп, мықты қондырғылардың көмегімен түссіз эйнектерді белгілі бір арақашықтыққа орналастырады. Суретке түсірілетін объект әйнектің бетіне қойылады. Жазықтықта түсірілетін заттың жанына миллиметрлік масштаб қойылып фотосуретке түсіріледі. Заттарды түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану қажет, тікелей - объектінің жалпы контурын керсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек. Заттай дәлелдемелердің жалпы түрін түсірумен қатар олардың белгілері (шығарылған фабрика маркасы, оның иесінің атауы, нөмері, зақымданған жерлері және т.б.) ipi масштабта түсіріледі.Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезінде белгілі бір оқиға болған жер учаскелерін немесе жауап алынған түлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке объектілердің бейнесін көрнекі түрде бекіту және жұргізіліп отырған бұл тергеу әрекетінің нәтижесін объективтендіру мақсатында фототүсірілімдер жасалады. Объектілерді жергілікті қоршаған ортаны қамти отырып және жауап алынған түлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке көріністерін кадрға сиятындай етіп ipi көлемде фотосуретке түсірген жөн.

       Сезіктіні устау кезінде түсірілетін фототүсірілімдер: сөзікті тұлғалар қылмыс жасау үстінде немесе қылмыс жасап біте салып ұсталған; қылмыстың қалай жасалғанын көрген куәлер, соның ішінде жәбірленушілер көрсеткен нақты бір адамдар болған; оның денесінен немесе киімінен, болмаса тұрғын-жайынан қылмыс іздері табылған жағдайларда жүзеге асырылады.

Ұстау кезінде келесідей  нақты жағдайларға байланысты: ұстау барысындағы объектілердің (тұрғын-жайдың, ғимараттың, жергілікті жердің, көлік құралдарының және т.б. сыртқы көрінісінің) жалпы жағдайы; ұсталған кездегі олардағы заттар (оның түрі және киімдері мен денелеріне орналасу жағдайы); трғаны ұстау кезінде оның лақтырып жіберуге әрекетгенген заттары; ұсталған субъектінің денесіндегі, киіміндегі іске маңызы бар іздер; ұсталған тұлғаның ұстіндегі киімдері (олар ұрланған болуы, болмаса оны куәлер мен жэбірленушілер қылмыс жасау үстінде сол киімімен көруі мүмкін) фотосуретке тұсіріледі. Аталған объектілер міндетті түрде шолып, түйінді және детальды әдістермен түсіріледі.

 

      Сот-зерттеу фотографияларының әдістері

      Микрофотография - зерттеліп отырған объектілердің микроқұрылымы мен микробедерін анықгау және бекіту мақсатында қолданылатын сот-зерттеу әдістерінің бір түрі. Бұл әдіс құжаттарды зерттеу барысында кеңінен қодданылады, атап айтқанда: қиылысатын штрихтардың басып жазылу кезектілігін анықтау кезінде, қарындаш штрихтары мен көшірме қағазының бояуын ажырату кезінде; трасологиялық зерттеулерде, мысалы: бұзу құ-ралдары мен құрал-саймандарынан қалған іздерді идентификациялау үшін; атыс қаруларын атылған оқтар мен гильзалары арқылы идентификациялау; криминалистік зерттеу барысында яғни, лакпен боялған заттарды, талшықтарды, өсімдік бөлшектерін және есірткі заттарының құрамын, шыны, металл үгінділерін идентификациялау, сондай-ақ идентификациялық емес мәселелерді шешу кезінде қолданылады.

      Микрофотография келесідей екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: а) объектіні кішкене ғана үлкейтіп түсіру, арнайы қысқа фоқустық объективтермен және микрообъективтермен қамтылған фотоқамералар арқылы орындалады. ә) объектіні едэуір үлкейтіп түсіру жарықтандырғыш, электронды микроскоппен жабдықталған фотоқамералар арқылы жүзеге асырылады. Микротүсіру кезінде жарықтандыру жеткілікті түрде күшті және бірқалыпты болуы керек.Микрофототүсірілім жоғары шешу қабілеттілігі бар қарама-қарсы түсті фотоматериалдарда орындалады.

      Жарық сәулелі, растрлы-электронды, электронды микроскоптардың көмегімен әртүрлі ұлғайту дәрежесінде өткізгіштік қабілеті жоғары фотосурет шығаруға мүмкіндік беретін фотоқамералар бар.Жарық сәулелі микроскоптар арқылы тоқ күшіне байланысты әртүрлі ұлғайту еселігімен (20х, 50х, ЮОх, 200х және т.б.) фотосуретке түсіруге болады. Электронды микроскоптарда шағын мөлшердегі еселіктен 50 ОООх дейін және одан да жоғары еселікте фотосуретке түсіруге болады.

        Жарықфильтрмен фотосуретке түсіру әдісі. Жарықфильтрмен түсірілетін түсірілім түс ажыратқыш деп аталады. Оның мақсаты - белгілі бір зерттелетін объектінің немесе оның бөлшектерінің түс өзгешеліктерін (айырмашы-лықтарын) анықтау, ол әртүрлі жарықтықтарда бір уақытта үлкейтілген немесе кішірейтілген өзгешеліктермен жүзеге асырылады. Бұл тәсіл нашар көрінетін (немесе байқалатын) мэтінді, кркаттағы қосып жазуды анықтауға, қандай да бір бояу жағылған көрінбейтін жазуды оқуға мүмкіндік береді.

       Қолданылатын жарықфильтрі тікелей объективтің эйнегіне кигізіледі немесе ұстағыш арқылы объективтің алдына орнатылады. Фильтр - түсірілетін объектінің сипатына және зерттеу мақсатына сәйкес іріктеліп алынады. Бұл жағдайда спектрді бейнелейтін түстердің диаграммасын қолдану пайдалы болып қалуы мүмкін. Диаграмма бөліміндегі қарама-қарсы орналасқан түстер қосымша болып табылады (оптикалық қосылыстар кезінде ақшыл түс береді).

    Ультракүлгін сәулелерінде фотосуретке түсіру. Мұндай түсірілімдегі

 

 

 

бейне көрінісі - тұсірілім объектісінен көрініс табатын фотоматериалға ультракүлгін сәулелермен әсер ету немесе ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пайда болған көрінетін люминесцентгік жарықты жіберу арқылы шығарылады.

       Бұл әдіс көбінде жалған құжаттарды зертгеу кезінде келесідей жалғандық-тарды: жазбаларды химиялық жолмен өңцеуді, қырып-өшіріп жазылған мәтін-дерді, ұқсас құжаттардағы жазуларды бақылап қарау кезіндегі әртүрлі айырма-шылықтарды анықтау мақсатында пайда-ланылады.

Толқын    ұзындығын    400-ден    340 миллимикронға дейін  ультракүлгін сәу-лелері арқылы көрінетін фотосуреттер жай    айналы    объектив    көмегімен алынады, ал толқын ұзындығы көлемі аз сәулелер арқылы алынатын фотосуреттер - кварцтық  немесе  айналы-линзалық объектив   құралдары   арқылы   жүзеге асырылады. Фотоаппарат объективінің алдына ультракүлгін фильтр (УФС-1, УФС-2, УФС-3, УФС-4 немесе басқа) орналастырылады, ал түсірілім объектісі аналитикалық люминесценттік лампа арқылы жарықтандырылады.

        Керінетін жарық фоқусына қарағанда ультракүлгін сәулелерінің фоқусы объективке жақын болғандықтан, жарықтың байқау резкості нақты, тура көзделгеннен кейін камераның кассеталық белігі аздап объективке қарай жылжытылады. Фоқусқа түзету өлшемдері масштаб кескініне қарағанда көбірек, ал фильтрден өткізілетін ультракүлгін сәулелерінің толқын рындығына қарағанда азырақ жасалады. Ол бірқатар сынақ түсірілімдер жасау жолымен айқындалады.

        Көрінетін ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіру кезінде әдетте сәулелермен әсерленбеген фотоматериалдар (диапозиттік пластинкелер, «позитив пленкелері», «микрат», фототехникалық пленкелер) қолданылады.

Ультракүлгін сәулелерімен әсерленген көрінетін люминесценцияны фотоға түсіру кезінде кэдімгі эйнекті объектив арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ультракүлгін фильтрді объективтің алдына емес, қуатты лампының алдына орналастырылады. Шағылысқан ультракүлгін сәулелерді сіңіру үшін объективтің алдына жарықты бөгейтін фильтр орналастырылады, бұл люминесценцияньщ суреттік бейне көрінісінің жоғары дәрежеде нақтылы көрінуіне мүмкіндік туғызады. Оны түс ажыратқыш түсірілім ережелеріне сәйкес алады.

 

        Бейнежазба дыбыс жазбаларын криминалистикада қолдану

         Бейнежазбаға   түсіру   көбінде   тергеу   әрекетін   жүргізу   барысында қолданылады. Бейнежазба күрделі және әртүрлі жағдайдағы зерттелетін оқиғаның жай-күйін, оның жекеленген заттары мен іздерінің байланысын көрсету қажеттілігі туындағанда, қандай да бір жүргізілетін тергеу әрекетін, сондай-ақ жеке әрекеттер мен қосымша процестерді, оқиғаның немесе құбылыстың даму барысын толық бейнелеп көрсетіп бекіту мақсатында қолданылады.  Мысалы:   қылмысты  жасау   әдісі мен болған  оқиғаның механизмін және т.б. анықтау үшін бейнежазбаға түсіріледі.

       Бейнежазбаның   өзіндік   жетістіктері   мен   кемшіліктері   де   болады. Бейнежазбаның кино-түсірім әдісіне қарағанда ерекшелігі түсіру кезінде магниттік лентаға дыбыс пен көріністі бір уақытта (синхрондық) бекітуге және оның сапасын қолдануға мүмкіндік береді. Бейнежазба кино түсірілім сиякты лабораториялық өндеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, кино түсіріліммен салыстырғанда бейнежазба жылдам ағымды оқиғаларды және олардың баяу көрінісін өндіріп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

        Криминалистикалық бейнежазбаның әдеттегі фототүсірілімге қарағанда ерекшелігі оның алға қойған мәселесі мен бекіту әдісін қолдану мақсатында. Бейнежазба көзделген мақсатқа сәйкес, композициялық және техникалық жағынан дұрыс болу үшін міндетті түрде бейнежазбаға түсіру жоспарын алдын ала кұрып алу қажет. Жоспарда мүмкіндігінше түсірілетін объектілерді және оларды бекіту мақсатын, қолданып отырған құралдардың кұрылым масштабын, түсіру нүктелерін, оның техникалық тәсілдері мен қосымша жарықтандыру әдістерін көрсету керек.

       Бейнежазба көбінде тергеу эксперименті, тінту, оқиға болған жерді қарау, жауап алу мен беттестіру және тануға көрсету, айғақтарды оқиға болган жерде тексеру мен нақтылау әрекетгерін жүргізу барысында қолданылады. Тергеу әрекеттері қандай тәртіпте жүргізілсе бейнежазбаға түсіру сондай кезектілікпен жүзеге асырылуы тиіс. Бейнежазбаға түсіру кезінде объектілерді - бағдарлап, шолып, түйінді және детальды әдістерді қолдана отырып түсірген жөн. Аталған түсіру әдістерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бағдарлау әдісімен бейнежазбаға түсіру оқиға болған жердегі қоршаған ортаны түсіруден орталық объектіге өтіп оны ipi масштабта көрсету болып табылады. Осындай түсіру әдісі нәтижесінде объектілер жөнінде толық және динамикалық бағдарлау ақпараттарын алуға болады. Шолып түсіру әдісі арқылы оқиғанын жалпы жағдайы мен оның өзара байланысатын жеке элементтерін қажетті кезектілікті сақтай отырып бейнежазбаға түсіруге болады.

        Бейнежазба процесінде алдағы тарауда айтылып кеткен фототүсіру әдістері қолданылады. Сонымен қатар, бұл түсірудің өзіне тән келесідей тәсілдері бар: бір және көпкамералы, бағыты мен бұрышын өзгертіп түсіру, камераны объектіге жақындата және алыстата отырып түсіру, панорамалы-жылжуды қолдана отырып түсіру тәсілдері.

        Бейнежазба криминалистикалык сараптама жүргізу барысында да қолданылады. Мысалы: дереу микробейнеге түсіру көмегімен сот-баллистикалық сараптама жүргізу кезінде, зерттеліп отырған әртүрлі объектілердегі атудан қалған зақымдардың, іздердің пайда болу механизмін бекіту үшін қолданады.

       Тергеу әрекеті барысында дыбысжазбаны қолдану. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың негізгі мақсаты, бұл - жеке тергеу әрекеттерінің барысын қосымша түрде дыбыстай бейнелеп бекітуді қамтамасыз ету болып табылады. Әсіресе, жауап алу, беттестіру, айғақтарты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тануға көрсету сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кеңінен қолданылады.

       Тергеушінің жұмысын жеңілдету мақсатында процесуалдық құжаттарды толтыру кезіндегі қолданылатын дыбысжазба тәсілдері (жауап алу, қарау, тануға көрсету хаттамалары және т.б.) мен іс бойынша бағдарлау сипатындағы дыбыстық ақпарат жинау тәсілдерінің әдетте қолданып жүрген кез-келген қызмет саласындағы дыбысжазба құралдары әдістерінен ешқандай айырмашылығы жоқ.

Информация о работе Криминалистика