Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:24, реферат
Криминалистикалық фотография - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді.
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ, БЕЙНЕ-
ЖӘНЕ ДЫБЫС
Криминалистикальщ фотография, беине- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Криминалистикалық фотография - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әртүрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілигн ғылыми жуйесін құрайды.
Осыған сәйкес фотографиялық құрал-жабдықтарға: криминалистер ойлап тапқан барлық жаңа түсірілімдік және проекциялық аппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілімдердің арнайы құрылғыларын, фотоматериал-дарды және оларды өндеу үшін қолданылатын химиялық реактивтерді жатқызамыз. Аталған кұрал-жабдықтардың ішінде кейбір фотоқұрылғылар тек қана криминалистикалық мақсатта қолдануға арналған. Мысалы: оқтың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоға түсіру үшін, фотографияға түсірудің осы берілген құрал-жабдықтарын криминалистикалық қызмет барысында қолдануға байланысты өндеп жетілдірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтыгы фотографиялық әдіс болып табылады.
Криминалистикалық фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудің тиімді әдіс-құралы. Ол іс ұшін маңызы бар қылмыстың іздерін, жеке затгарды және басқа да материалдық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудің сенімді әдіс-құралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін.
Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:
1)сот-жеделдік фотография
2)сот-зерттеу фотографиясы
Дыбысжазба жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында да кеңінен қолданылады. Әсіресе ол тыңдалатын телефондагы және басқа да сөйлесулерді жазып алу кезінде пайдаланылады. Осыған сәйкес жаңадан қалыптасып келе жатқан криминалистикалық техниканың бір бөлімі ретінде дыбысжазбалары тергеулік және жедел-іздестірушілік деп шартты түрде екіге бөлінеді.
Сот-жеделдік фотографиялық әдістер
Сот-жеделдік түсіру әдісі әртүрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және әуе кеңістіктерін, адам, мәйіт, заттар мен құжаттарды және олардың бөлшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі мен ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдық іздерді, сондай-ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды. Криминалистикалық фототүсірілімнің объектілері мен түсіру мақсатының ерекшелігін ескере отырып бейнелейтін фотографияның келесі әдістері қолданылады:
1.қарапайым
2.панорамалық
3. сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін
4. өлшеп түсіру
5. репродукция
6. ірі масштабта (макро түсіру)
7. стереоскопиялық түсіру әдістері.
1. Қарапайым түсіру әдісі - бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.
2. Панорамалык түсіру - сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мэйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір
панорамалық фотосурет шығару. Мысалы: кейбір ұзыннан ұзақ созылып жатқан немесе биік объектіні түсіру қажет болған жағдайда (бір кадрға симайтын) объектіні бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір
панорамалық фотосурет шығаруға болады. Панорамалық түсіру сызықты және шеңберлі болып екі түрге бөлінеді.
1-сурет. Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.
а) Сызықты панорамалық түсіру кезінде объект бөлшектеп түсіріледі, бірақ мұнда фотоаппаратты тізу сызықтың бойьшен кезектілікті сақтай отырып, қарама-қарсы орналасқан объектілер бірнеше нүктелерден түсіріледі.
Ал көлденең түсіру әдісіне мысалы ретінде: автоқөлік жол оқиғасы болған жерді түсіруді айтуға болады. Панорамалық түсіру кезінде ұстау (выдержка) мен диафрагма сақталынатын ереже бойынша өзгеріссіз бір қалыпты болуы тиіс. Дегенмен де объектілердің кейбір бөліктерін, учаскелерін әртүрлі жарықтандыруда түсіру қажеттілігі туындайды, мұндай жағдайларда керегінше тиісті түзетулер жасалады.
э) Шеңберлі панорамалық түсіру барысында алдыңғы кадрдың соңғы жағын келесісі 10-15% көлемінде жауып тұратындай етіп, фотоаппаратты бұ.рып айналдыра жылжыта отырып объектілер бір нүктеден түсіріледі. Түсіретін объектіні толық бейнелеп бекіту үшін қанша кадр керек болса, сонша рет түсіріледі.
3. Тануға түсіру әдісі - іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде тұрған қылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мэйіттің жеке басын анықтау және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақ қырынан (профиль). Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндетті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы мандайын, қүлағын жауып тұрмайтындай ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс. Сонымен қатар, танылатын адам басын белгілі бір қалыпта тік ұстап отыруы және суретке түсіру кезінде объектив оның көзінің сыртқы бұрышы мен күлақ қалқанының үстіңгі бөлігін тігінен қиып өтуі қажет. Суретке түсірілетін адамның көз жанары (көзі) тіке, алдыға объективке қарап (ол көзін ашық, қозғалт-пай жыпылықтатпай, күліп-жымыйып, ауызын ашып кал-май) отыруы керек. Ерекше белгілері болған жағдайда, сол жақ (профиль) қырынан суретке түсіріледі. Ол үшін жарықтандыру жағдайын міндетті түрде жақсарту қажет. Танушы тұлғаның сыртқы бейнесі нақты және объективті түрде түсірілуі тиіс. Сондыктан да тану үшін суретке түсіру барысында суреттегі бейнені жақсартуга бағытталған (мысалы: танушының бетіндегі, үстіндегі жара, жарақат, тыртық және сол сияқты т.б. да кемістіктерді жасыру үшін «ретуш» -химиялық жолмен өндеу, әртүрлі жарықтандыру) әдістерді қолдануға болмайды.
Мәйітті тану үшін түсіру, тірі адамды тануға түсіру әдіс-тәртібі бойынша жүзеге асыралады. Мэйіттің беті адам көріксіз жағдайда болса, оның бет-бейнесін (элпетін) жақсарту үшін сот-медицина саласының маман-сарапшысы тергеушінің басшылығымен мэйітке арнайы әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Мәйіт табылған кезде оның үстінде қандай киім болса, суретке сол киімімен түсіріледі. Егер мәйіттің үстінде ешқандай киім болмаған жағдайда тануға көрсету үшін оны киіндіріп суретке түсірудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда мәйіттің денесін матамен жауып түсіреді. Мәйітті суретке отыргызып түсіру мүмкіндігі болмаса, оны жатқан күйінде түсіреді. Мэйітті үстелдің үстіне бетін жоғары қаратып, тігінен жатқызып, фас, профиль (оң жақ, сол жақ қырынан) және басының 3/4 бұрыльшында түсіріледі. Фотосуреттегі мэйітгің бейнесі отырған адамға ұқсатылып түсірілуі қажет. Бұл талап-тәртіптерді сақтап суретке түсіру әдісі мәйітті фотосуреті бойынша дұрыс тануға көмегін тигізеді.
4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, көлемін немесе олардың арақашықтығын анықтап білу қажеттілігі туындауына байланысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі.
5. Репродукциялық түсіру - құқық қорғау органдары қызметінде әртүрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотоқөшірмелері кажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі.
Репродукциялық әдіспен түсіру кезінде (түсірілетін объектінің көлеміне байланысты) сақина кигізілген немесе кигізілмеген жай айналы фотоаппарат «Зенит» тәрізді және т.б. арнайы репродукциялық құрылғылар қолданылады.
Жақсы сапалы репродукция алу үшін түсірілетін объектіге фотоаппаратты үстінен тік (паралелль) және жарықтандыру объектісінің бір қалыпты болуын орнықтыру, сондай-ақ фотоаппарат объективінің осі суретке түсіретін объектінің ортасы арқылы өтуін қалыптастыру қажет.
Репродукциялау - арнайы рефлекстік қағазды қолдану көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Рефлекстік қағаз эмульсиялық жағымен суретке түсірілетін бейне көрінісінің бетіне қойылып, астыңғы жағынан жарықтандырылады. Рефлекстік қағаз арқылы жарық тұп нұсқаның кара бөліктерімен сіңіріліп, ак бөліктерінен көрініс табады.
6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердің табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу
жүргізу барысында жүзеге асырылады. Егер оқиға болған жерден қандай да бір ұлкен емес іздер немесе басқа да объектілер табылып, оны бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда макротүсіру әдісі қолданылады (мысалы: бұзу құралдарының іздері, қылмыскермен қалдырылған ұсақ заттар). Бұл әдісті қолдану көмегі арқылы сарапшы нақты бір қорытындыға келуге мүмкіндік беретін белгілерді анықтайды. Сонымен қатар, бұл белгілерді көрнекі түрде бейнелеп бекіту үшін қолданады.
Макротүсіру әртүрлі фотоаппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мақсатта бұрын көбінесе: «ФМН-2», «УЛАРУС-2», «МСК-1» тәрізді арнайы қу-рылғылар және т.б. қолданылған. Оқига болған жерде макротүсіру әдісі көріністі үлғайтуға мұмкіндіктер беретін үлғайтылған сақина кигізілген «Зенит» тәріздес айналы фотоаппараттар көмегімен орындалады. Қазіргі кезде тәжірибеде цифрлы фотоаппараттар және арнайы үлкейтетін объективтер кеңінен қодданылуда.
Макротүсіру «Зенит» фотоаппаратына арнайы қондырғы орнату көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін, ол арасында терімен бекітілген екі тіреуіштен тұрады, Алдыңғы тіреуішке объектив, ал артқысына - фотоаппарат корпусы орнатылады. Тіреуіштерді қозғалту нәтижесінде фотоаппараттың артқы қақпағы мен объективтің арасындағы арақашықтық өзгеріп, ол түсірілетін объектінің бейне көрінісі масштабының өзгеруіне әкеп соқтырады.
Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері
Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі қолданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мэйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.
Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.
Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:
а) оқиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;
ә) оқига жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;
б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мшіімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.
Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.
Бағдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс. Оқиғаның нақты қай жерде болғандыгы жөнінде бағдарлап білу мақсатында қолданылатын, яғни оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіні оқиғаға, қылмысқа еш катысы болмаса да айналамен қамтып қоса түсіру әдісі. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға болған жердегі жол белгілерінің қоршаулары, оған жақын орналасқан жылжымайтын объектілер қосатүсіріледі.
Шолып түсіру - бұл оқиға болған жерді қоршаган айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Бұл әдісті қолдану кезінде фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көпшілік бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге қатысты орналастырылады. Шолып тұсіру арқылы оқиға болған жердің жағдайын анықтауға және орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады. Түйінді түсіру оқига болған жердің жеке учаскілерін және ондағы қылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ipi масштабта түсіру әдісі (мысалы: қылмыстың материалдық басым бөлігі, яғни мәйіттің жатқан жері, өрт ошағы және т.б. көрсетіледі).