Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 15:51, реферат

Краткое описание

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақкәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік жаза және оны орындау тәртібі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық.docx

— 30.81 Кб (Скачать документ)

Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болса, онда іс бір-ақ сотта, органда (лауазымды тұлғада) қаралады, тұлғаға бір текті жаза қолданылған жағдайда ең жоғарғы мөлшердің үш есесінен аспауы тиіс.

Әкімшілік жазаны тағайындау (осы әкімшілік жазаны туғызған) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны міндеттемелерден босатпайды. Әкімшілік жаза азаматқа мынадай түрде тағайындалуы мүмкін:

  • әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан (кем емес) кешіктірмей;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты айдан (кем емес) кешіктірмей;

  • салық салу саласындағы құқық бұзушылықты жеке тұлға жасаған болса — жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал заңды тұлға үшін — жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;

  • созылмалы әкімшілік құқық бұзушылық үшін оны анықтаған мезеттен бастап екі айдан кешіктірмей.

  • Егер әкімшілік жазаға тартылған тұлға, жаза өтілген мезеттен бастап бір жылдың ішінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамаса, онда тұлға әкімшілік жазаға тартылмаған болып есептелінеді.

X "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 61 және 62-баптарында жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар көрсетілген. Хрестоматиядағы осы негіздерді қарастырыңдар, өз пікірлеріңді айтыңдар. Сонымен, әкімшілік жаза дегеніміз — әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін қолданылатын жауапкершілік шарасы. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларга сәйкес болуы керек. Әкімшілік жазаларды тағайындау құқығы өкілді органдар мен лауазымды тұлғалардың бірталайына берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

 

  1. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж..Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.

 

  1. Құнқожаев «Құқық негіздері»

Ашитов .З.О. Егеменді қазақстан құқығы.-А.1999. 

  1. Мемлекет және құқық негіздері.-А,2001. 
  2. Азаматтық іс-жүргізу кодексі,-А.1999. 
  3. Мемлекет және құқық негіздері.-А.2001.

Информация о работе Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері