Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 15:51, реферат

Краткое описание

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақкәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік жаза және оны орындау тәртібі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық.docx

— 30.81 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері
  2. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың  ұғымы мен түрлері
  3. Әкімшілік құқық бұзушылық 
  4. Әкімшілік жаза және оны орындау тәртібі

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақкәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды.

 

 

Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері

 

 

Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді.

 Әкімшілік құқықтың  көздері мыналар:

 

 

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;

 

  • 2001 жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;

 

  • Қазақстан Республикасының заңдары;
  • Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар, өкімдер);

 

 

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың  ұғымы мен түрлері

 

 

Әкімшілік-құқықтық қатынастар -бұл мемлекеттік басқару аясында  калыптасатын және әкімшілік-құқық  нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады

 

 

Әкімшілік мәжбүрлеу  түсінігі мен түрлері

 

 

Әкімшілік мәжбүрлеу  басқару әдісі ретінде  адамдардың санасына және мінез – құлықтарына  психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал  етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті  қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.

 

 

Әкімшілік – мәжбүрлеудің белгілері:

 

 

1)  Заңның негізінде қолданылады. Құқық нормасымен мыналар реттеледі: қандай шаралар,  қандай жағдайда, қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларының айқын  регламентациясы  жеке басқа,  тұрғын жеріне  және азаматтардың жеке меншігіне  қол сұғылмаушылық қағидаларын  сақтау үшін қажет;

 

 

2)  Юрисдикциялық (іс жүргізушілік),  құқық қолданушылық актілері арқылы жүзеге асырылады;

 

 

3) Жеке тұлғаларға  арналған, яғни әкімшілік   құқықтық  нормаларды бұзған нақты құқық  субъектілерге ғана қолданылады;

 

 

4) Әкімшілік мәжбүрлеуге  соттан тыс қолдану тәртібі тән. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану  оларды  сотқа бармай –ақ  тікелей жүзеге асыратын тиісті атқарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзырылығына берілген. ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік  мәжбүрлеу шараларының жекеленген  шараларын соттар пайдаланады (аса қатаң әкімшілік жазаларға тартқанда);

 

 

5) Ведомстволық  шектеулері болмайтын  (жол жүру  қауіпсіздігі ережелері, санитралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) мемлекеттік басқару сферасында  жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін қалыптастыратын әкімшілік – құқықтық нормаларды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.

Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік -  бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде  көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп  деп тану үшін оның  ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы  (массовость) - бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы  қоғамдық қатынастарға  қауіп төндірсе, заң шығарушы  осы қатынастарға қорғалатын мәртебе  беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін  бекітуге және   оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге  мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:

  • ескерту жасау;

  • әкімшілік айыппұл салу;

  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;

  • әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

  • арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;

  • жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

  • заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

  • әкімшілік қамауға алу;

  • шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру

 

  1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi - айыппұл) - әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде қолданылып жүрген заңнамалық актiге сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сай келетiн көлемде салынатын ақшалай жаза. айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының процентiмен не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен келтірілген залал сомасының, алынған табыс сомасының, заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының, есептелмеген ұлттық және шетелдік валюта сомасының не монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының процентiмен көрсетiледi.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалардың қатаң сақталуы негізінде жүзеге асады. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі. Бір тұлғаның екі не одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасағанында, әрқайсысы үшін жеке-жеке жаза қолданылады.

Информация о работе Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері