Циклон

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 17:56, реферат

Краткое описание

Catarina циклоны
Циклон (гр. kyklon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады. Синоптик. картада бұл құбылыс жинақталған тұйық изобарлар түрінде бейнеленеді. Циклон көбіне атмосфераның жер бетіндегі қабатының ауа ағындарын параллель жылы және суық ауаға бөліп тұратын тұрақты атмосфера шебі үстінде қалыптасады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 41.95 Кб (Скачать документ)

Циклон

 

Catarina циклоны

Rolling-thunder-cloud.jpg

Циклон (гр. kyklon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады. Синоптик. картада бұл құбылыс жинақталған тұйық изобарлар түрінде бейнеленеді. Циклон көбіне атмосфераның жер бетіндегі қабатының ауа ағындарын параллель жылы және суық ауаға бөліп тұратын тұрақты атмосфера шебі үстінде қалыптасады.[1] Бұл шептен жоғары биіктік шеп зонасы орналасады. Циклон қамтитын өңірдің ені кейде 1000 — 3000 км-ге жетеді. Жаңа Циклон өткен кезде ауа райы бұзылып, жылы шептің жақындағаны (жел күшейеді, шарбы бұлт қоюланады) сезіледі. Жаңа Циклонның суық шебінің өтуі (будақ жаңбырлы бұлттан нөсер жаңбыр жауады) суық ауаның адвекция құбылысына жалғасады. Көбінесе Циклонның қалыптасуы бірнеше тәулікке созылады, бастапқыда қарқынды жылжиды (көбінесе батыстан шығысқа, кейде солтүстікке ауысады), соңынан баяулайды. Кейде жаңа термиялық ауытқулар (мысалы, Циклонға неғұрлым суық ауа массаларының кіруі) Циклон регенерациясын (қайта қалыптасуын) тудырады.

Циклондар — орталығында қысымы төмен облыспен бірге атмосфераның құйынды қозғалуы. Циклондар облысы едәуір кеңістікті, кейде бірнеше мың квадрат километрлік алапты қамтиды. Жердің өз осінде айналғанда қысымның әр түрлі болуына байланысты орталыққа карай ағылған ауа массалары Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды да, жоғары көтеріледі. Циклондардың орташа қозғалу жылдамдығы сағатына 35 км шамасында болады. Батыс Еуропа мемлекеттері мен бұрынғы КСРО елдеріне олар Атлант мұхиты жағынан келеді, ал оның жылжуы оңтүстік-батыс және батыс бағыттардан болып тұрады. Циклондар ауа райына көп әсер етеді де, көбінесе оңтүстік секторда бұлттар мен жауын-шашынды ала жүреді. Олардың жақындағанын:

 

батыста тарамдалып орналасқан қазбауыр бұлттардың пайда болуынан

барометрлік қысымның төмендеуінен

шығыс румбалық желдердің соғуынан

бұлттанудың жиіленуінен білуге болады.

Циклондар орталығы өткеннен кейін барометрлік қысым жоғарылайды да, жаңбырлы ауа райы ашық күндермен ауысады. Қыста олардың алдыңғы жағында температура жоғарылап, жазда төмендейді де, ал соңғы жағында керісінше болады. Циклондардың жылжуы қоңыржай ендіктердегі атмосфераның жоғарғы қабаттарында басым болып келетін шығыс бағытnағы желдердің әсерінен болады. Бьеркнестің пікірі бойынша, циклондар ауа фронттарынан, яғни әртүрлі ауа массаларының арасында бөлу бетінің болып тұруынан пайда болады. Бұл бөлу беттері батыстан шығыс0а қарай ауысып отыратын бұрылыстар және толқын тәріздес ауытқулар жасап отырады. Солтүстік жарты шарда жылы ауа массалары солтүстікке қарай жылжитын жерінде — циклондар, ал оңтүстікке қарай бұрылыс жасаған жерінде — антициклондар құрайды.

 

Циклон - ортадан тепкйл және екпінді күштердің әсерімен ауаны шаңнан, газдан тазартатын құрылғы.[2][3]

 

 

 

 

 

 

Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай төмендегі жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін:

 

Желдің. Оның ішінде боранның, дауылдың, құйынның. Бұл жағдайлар желдің 25м/с пен одан жоғары жылдамдық болған жағдайында орын алады.

 

Нөсер жауында. 12 сағат ішінде жауынның көрсеткіші 50мм және одан да көп болған жағдайы. Ірі бұршақтарда. Бұршақтың диаметрі 20мм және одан үлкен болған жағдайда. Қатты қар жауғанда. 12 сағат ішінде 20см биіктіктегі қарды жауып тастауы

 

Қатты бұрқасында. Желдің жылдамдығы 15м/с және одан да жоғары болғанда

 

Шаңды дауылда. Жылы мезгілдегі. Бір денен күннің суығанда (замороски). Вегетациялық периодтағы топырақтың температурасы 0С дейін жеткенде

 

 

 

 

 

 

 

Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән темп-расы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздік және құрлықтық болып екіге бөлінеді. Термодинамик. сипатына қарай салқын, жылы және жергілікті болып аталады. Салқын тұрақты ауа массалары құрлық үстінде, қыста үлкен антициклон жүйесінде, жер бетінің радиациялық салқындауы нәтижесінде пайда болады. Оған Сібір антициклонында қалыптасатын Саха (Якутия) үстіндегі құрлықтық ауа массасы жатады. Ол Қазақстан климатына (әсіресе қыста) елеулі ықпал жасайды. Қыс кезінде Сібір антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы қалыптасады. Сондықтан оны «Сібір қысы» деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік ауа массасы темп-расы жоғары, өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Оны «Азиялық жаз» деп атайды.

 

АУА МАССАЛАРЫ - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; біртекті төселме беттің үстінде біртекті радиациялық жағдайда қалыптасады. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ағыстардың бірінде тұтасымен орын ауыстырады және бір-бірінен атмосфералық Шептермен бөлініп тұрады.

 

 

 

Қара дауыл - өте таралған табиғи апат. Әсіресетундрадағы, мұздардадағы, теңiздегі, таулардағы дауыл желдерөте қауіпті. Кез келген қатты жел қыстыгүнiбұрқасынмен, қарлы боранмен, жаздыкүнi - тозаңмен, құмменбiрге жүре алады.

Егер жел топқа ашық жерде тап болса, дереу баспана жасауға кірісу керек. Бұл жәбірленуші адамдарға басты және жалғыз қол жететiн қауiпсiздiк өлшемi.

 

 

Шөлде не далада жел жағынан кез келген жерде нық орналасқан заттың ығына(тас, қалың бұталар,жануарлар мәйіті және т.б) жату керек. Киімді түймелеп, тыныс мүшелерін шаң мен құмнан қорғау үшін шүберек затпен қорғау қажет. Жаныңызға, қол астыңызға тұщы су қорымен құты қойыңыз.

 

Таулы аймақтарда жел ағынымен параллель жатқан шатқалдар, шыңдар, асулар сияқты аэродинамикалық шарттары қолайсыз орындардан жылдам кетуге тырысыңыз. Қуыстарға, қою орманға, көлемді бөгеттер сияқты қауіпсіз жерлерге тығылыңыз. Мұның өзінде қара дауыл әкелуі мүмкін тас көшкіні жүру қаупі бар аймақтардан сақтаныңыз.

Барлық жағдайларда дауыл соңын сенімді орналасқан лашыққа қарағанда, түбегейлі салынған баспанада күткен дұрыс.

Құйынмен кезігу де аса қауіпті. Құйын дүлейіндегі жылдамдық 100 м/с болса, көлденең жылдамдығы 30-40 км/сағ жетуі мүмкін. Үлкен жылдамдықта ауаға көтерілген және жан-жаққа ұшырылған табиғи және басқа да қоқыстар,ұсақ тастар, сынған бұтақтар үлкен қауіп төндіреді. Дауыл, қара дауыл және т.б. желдерге қарағанда құйын 10-100 метр жолақ болып жіңішке жолмен жүретіндіктен одан сытылып шығу мүмкіндігі әрқашан болады. Тек құйын жылдамдығы мен бағытын білсеңіз болғаны, қарсы бағытқа қашыңыз. Құйын ортасында қалсаңыз жиналыңыз,жерде қозғалмайтын затқа мықтап жармасыңыз, бетіңізді, әсіресе көзіңізді шүберекпен жабыңыз, үлкен киімдерді алдын ала шешіп тастаңыз.

 

Егер үйде болған кезіңізде боран, дауыл, құйын соқса жргілікті азаматтық қорғаныс штабы не метеорологтар ескертуін тындап, шаруашылық құрылыстарын жел ұшырмас үшін бекемдеңіз. Әсіресе бұл тақтайлар, фанералар, шиферлер, шатыр заттары сияқты жеңіл салмағы және үлкен көлемді заттарға қатысты. Бұндай беттер жел күшімен тез көтеріліп ғимараттарға улкен зардаптар, электр жүйесін үзуі, машиналар кузовын сындыруы мүмкін. Мұндай ұшуы жылдам заттарды бірге байлап, жерге терең қағылған қазықшаларға мықтап байлау керек. Оларды әдеттегідей ағаштан тұрғызылған сарайларға кіргізу дұрыс емес. Себебі, қатты желден сарайлардың өзі де апат екпініне төтеп бере алмай бұзылуы мүмкін.

Ескі шаруашылық құрылыстарын шатырарқылы жүргізілген арқан арқылы жерге қағылған қазыққа байлануы керек.

Болжаммен жел өтіндегі терезелерді қақпақтармен, олар жоқ болса тақтайлармен бітеу керек. Қарсы жақтан терезеледі, есіктерді ашық күйінде қалдырған жөн. Кері жағдайда әуе ыдырауы эффектісі орын алып, атмосфералық қысым айырмашылығынан есік терезе өздігінен ұшып кетеді.

Электрді алдын ала өшірген дұрыс. Шамдар, шам үшін керосин және қолшамға батарейка даярлауды ұмытпаңыз. Бірнеше күн құрғақ тамақпен қоректенбес үшін артық баллонымен газ плитасын дайындауды ұмытпаңыз.

Бұдан басқа үйде ауыз су қорын, қысқы уақытта отын қорын жасауды ұмытпаңыз.

Алапат зор күшті құйын не дауыл жақындаған кезде, не үйіңіз әбден ескірген кезде баспана ретінде үйіңіздің жерқоймасын пайдалануға болады. Ол үшін онда алдын ала жылы киімдер, көрпелер, ауыз су, тамақ, жарықтандыру құралдарын,балта мен күректерді түсіріп қойыңыз.

Қарсыз уақытта қара дауылды ескі үйден жылдам кетіп қабырғалардан, құлауы мүмкін құрылыстардан алысырақта қазылған траншеяда өткізген дұрыс.

Жел кезінде терезелер мен есіктер жанында тұруға болмайды, ал егер қабырғада жарылыстар пайда бола бастаса бұрыштарға тұрған дұрыс.

Егер дауыл ашық алаңда кездессе, рельефтің биік нүктелерінен кетуге, жеке тұрған ағаштардан алысырақ кетуге асығыңыз. Ойық шұңқыр тауып түбіне жатып алуға тырысыңыз. Киіміңізді толығымен түймелеп басыңызды қолмен басып жатыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда бірқатар қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады, олар ауа массасының қозғалысынан болады. Олардың қатарына жатады: дауыл, екпінді жел, қатты жел, дауыл көтерілуі т.б.

 

Дауыл – жойқын күшті және едәуір ұзақтықтағы жел (желдің жылдамдығы 32ш/сек жоғары).

 

Теңіз дауылы – теңізде күшті толқын көтеретін және құрлықты жойқын қирататын ұзақ, қатты жел (желдің жылдамдығы 20ш/сек жоғары).

 

Екпінді жел – атмосферадағы конвективті процестермен байланысты, бағыты өзгермелі, кенеттен желдің қатты күшеюі, (желдің жылдамдығы 20-30ш/сек).

 

Қатты жел – жер бетіндегі салыстырмалы ауа қозғалысы (жылдамдығы 14ш/с жоғары).

 

Дауылдың, теңіз дауылы, қатты желдің қиратқыш күші орасан зор.

 

40 м/с  жылдамдықтағы жел 100кг/ш.м әсер  ететіндігі, ал 80ш/сек.-400кг/ш.м әсер  ететіндігі есептелген. Сондықтан  қатты және дауылды желдерде  айтарлықтай құрылыс объектілерінің  және ең алдымен шатырлардың  қирауына әкеліп соғады.

 

Дауылдан қалай сақтану керек?

(Мекеме  бастығына кепілдеме )

 

- болу  мүмкін табиғат апаты туралы  барлық персоналдарды құлақтандыру;

- алыс  жолдарға жалғыз автомашиналардың  шығуына уақытша тыйым салу;

- өндірістерде  барлық сыртқы құрылыстарды тоқтату, барлық жүк тиеу-жүк түсіру  жұмысарын тоқтату;

- жарылыс  немесе өртке әкеп соғатын  электр энергиясымен қамтамасыз  ету көздерін, барлық агрегаттардың  және механизмдердің сөндірілуін  ұйымдастыру. өрт сөндіру құралдарын  және электр энергиясымен қамтамасыз  ету авариялық көздерін дайындау.

- ТЖ  пайда болғанда және қауіп–қатері  төнгенде (бөлімшелер) авариялық-құтқару  құрамаларын дайындыққа келтіру;

орынбасарлар арасында тәуліктік күзет ұйымдастыру (бақылау қызметі);

- ауыз  судың, медициналық көмек құралдарының  қорын құру;

- ғимараттардың  есіктерін, шатырдағы үйлердің, үй  төбесіндегі терезелердің ауа  тазартқыш саңылауларын жабу. Үлкен  терезелер мен витриналарды тақтаймен, қалқандармен қоршау. Шыныларды  тілімделген қағаздармен немесе  матамен желімдеу.

- ауылдық  жерлерде фермалардағы малдарға  жем, су қорын дайындау;

- қолданған  шаралар туралы қалалық (аудандық) ТЖ комиссиясына белгіленген  тәртіп бойынша баяндау;

- жоғалған  адамдар мен ауылшаруашылық малдарын  іздестіруді ұйымдастыру;

- зардап  шеккендерге алғашқы медициналық  жәрдем көрсету және емдеу  мекемелеріне жеткізу жұмыстарын  ұйымдастыру;

- қажет  жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды  көшіру;

- барлық  жұмыстарды тек топпен және  бірнеше адамдар істейді;

- құтқару  жұмыстарына жеке басшылық ету.

 

Тұрғындарға кепілдеме

 

Тұрғындарға қорғану орындарын тауып және дайындалу қажет болатындықтан, уақыт есебімен, дауылдар мен құйындар қауіп-қатері туралы ақпарат күні бұрын жүзеге асырылады. Ол нақты аймаққа табиғат апатының келу уақытын, оның сипаты және қалыптасқан жағдайға сәйкес келетін, адамдардың іс-әрекеті туралы мәлімдейді.

 

Сигнал алғаннан кейін:

 

- ғимараттардың  орнықтылығын арттыру жұмысына  кіріседі және адамдарды басқа  орындарға жайғастыру, өрт шығармау  шараларын жасайды және қажетті  қор құрады.

- ғимараттың  жел соғатын жағындағы терезелерді, есіктерді, ауа тазартқыш тесіктерін  және шатырлардың люктарын тығыздап  жабады. Терезе шыныларын желімдеп, терезе және витриналарды терезе  қақпақтарымен және қалқандармен  жабады. Іштегі қысымды теңестіру  мақсатында ғимараттың ық жағындағы  есік және терезелерді ашады.

- қажетті  электр фонарларын, керосинді шамдар, жорық плитасын, азық-түлік қорын  құрып, ауыз су және дәрі-дәрмектер  дайындау керек.

- магистральды  су жүргізетін крандардың және  газдардың, электр сөндіргіштердің  күйін және орналасуын тексереді.

 

Қатты құйын мен дауылдың жақындауы туралы тікелей ақпарат алысымен жасырынатын немесе алдын ала ғимараттарда дайындалған орындарға бару қажет, ал құйын болған жағдайда тек жертөле мен жерасты ғимараттарына жасырыну керек.

 

Ғимарттың ішінде болғанда, терезе әйнектерінің сынығынан сақтану қажет. Қатты жел екпінінде терезеден аулақ кетіп, қабырға қуыстарына, есік тесіктеріне немесе қабырғаға нығыздалып тұру қажет.

 

Далада ашық аспан астында болғанда ғимараттардан алыстап кетіп, жыра аңғарларда, шұңқырларда, ор, жыра, жол шетіндегі орларда қорғану қажет. Сонымен қатар, түбіне жасырына, жерге жабыса жату қажет. Қатты дауылдар мен құйындарда лақтырылған қоқыс үйінділерінде мұндай әректтер жарақат санын едәуір төмендетеді. Көпір үстінде, құбырларда, обьектілерге тікелей жақын орналасқан жерлерде, күшті әсер ететін улы заттар (КӘЕУЗ) және тез тұтанатын заттар сияқты жерлерде жүруге болмайды. Егер де қатты дауыл мен құйындар найзағаймен қабаттас болса, электр зарядтармен зақымдану мүмкіншілігі үдейтін жағдайлардан аулақ болу керек. Сондықтан, қатты дауыл мен құйын болған уақытта, жеке тұрған ағаштар, бағаналар, діңгектер астына тығылуға болмайды. Бұзылған ғимараттарға кіруге болмайды, қажет болған жағдайда оны сақтықпен істеу керек, сатылардың, іргелердің, айтарлықтай бүлінбегеніне көз жеткізу кажет. Қарлы және шаңды боран кезде ғимраттарды тастап кету ерекше жағдайда және тек жеке топпен ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, міндетті түрде қозғалыс бағытын және оралу уақытын хабарла қажет. Тек негізгі жолмен ғана қозғалу керек. Бағыттан адасып қалған жағдайда, көліктен алыс кетуге болмайды. Әрі қарай қозғалу мүмкіншілігі болмаған жағдайда тұратын орынды белгілейді.

Информация о работе Циклон