Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Әдебиетпен ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да жаратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкінішке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Әбу Насыр әл-Фарабидің жөні бөлек.
Әл-Фараби энциклопедист ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді.Ол барлық ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп екіге бөледі. Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген трактаттар шықты.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасы
2. Ұлы ұстаздың әлем ғылымына қосқан үлесі
3. Әл-Фарабидің философиядағы орны
4. Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аль-Фараби (Gulzhan TE-09-1).doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

       Қорыта келе, әл-Фарабиге қайта орала отырып, мынаны ескерткен жөн: сырттай әсер ету емес, іштен серпіліп шығатын ой күшіне, идеялар драмасына баса назар аудару керек. Әл-Фарабидің сарай төңірегіндегі тынышсыз өмірден аулақ болғанды ұнатып, өзіне тамаша лауазымдар ұсынып жатса да, күніне бір дирхемге қанағат тұтып, қарапайым ғана өмір сүрді, өйткені, осы жағдай оны, алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіншілік берді. Нақ осы сияқты, әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді.     Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде, Шығыс, Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фарабидің жасаған ықпалы әр тарапты болды және ұзақ уақытқа созылды. Барлық этникалык топтардың, соның ішінде, түркі тектілер өкілдерінің "мұсылман" Шығысының мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы әдеби тілді халықтық негізде дамыту әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызды. Түркі тілінде Махмуд Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармаларынан тамаша энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.   Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен және сол жерлерде сақтаулы тұр. Сол сияқты көптеген ғалымдар Фарабидің асыл мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруда жергілікті ғалымдарымыз да өз үлестерін қосуда. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан 'шыққан және ол Шығыс халықтарынын мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болды дей аламыз. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақжұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толыссыз.

 

                                     Қолданылған әдебиеттер:

  1. Абай энциклопедиясы. – Алматы, 1995
  2. Герцен А. Танымалы философиялық шығармалары. – Алматы, 1948
  3. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. – Алматы: Раритет, 2006
  4. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991
  5. Кішібеков Д. Философия – Алматы: Рауан, 1991
  6. Қасымжанов Б. Қазақ. – Алматы: Білім, 1994
  7. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1994
  8. Сегізбаев О. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі еркін ойлау дәстүрі мен атеизм – Алматы, 1973

 

 

 

 


 



Информация о работе Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасы