Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Әдебиетпен ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да жаратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкінішке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Әбу Насыр әл-Фарабидің жөні бөлек.
Әл-Фараби энциклопедист ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді.Ол барлық ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп екіге бөледі. Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген трактаттар шықты.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасы
2. Ұлы ұстаздың әлем ғылымына қосқан үлесі
3. Әл-Фарабидің философиядағы орны
4. Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аль-Фараби (Gulzhan TE-09-1).doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)

     Бақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын, керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар.

                           ҰЛЫ ҰСТАЗДЫҢ ӘЛЕМ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

      Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедист және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отрарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен тұстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін   хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазуғ риторикадан трактовкалар жазды. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.  
     Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Бұл идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.  
    Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.  
      Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады.  
     Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.  
     Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар.  
      Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай емес.

                            

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ОРНЫ

      Әл-Фараби ең алғаш сусындаған Орхон-Енисей жазбаларындағы терең философиялық, моральдық-этикалық, ұлттық құндылықтардың негізгі элементтерінде дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауы бар екенін білеміз. Осы дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізгі ұстындары – аңыз, әпсана, жыр-дастандарда адамның қайрат-жігері, еркі мен жауапкершілігі, абсолюттік Құдірет иесі — Тәңір және оның билігі арасындағы әмбебап тұтастық пен үйлесімділік айқындалады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы дін ретінде қаралатын универсализмді исламнан бұрынғы түркілік өркениеттегі діни, философиялық ағым десек қателеспейміз. Түркілік универсализм дүниетанымында ең негізгі құбылыс “тұтастық”. Бүкіл жанды-жансыз болмыстар – жер, көк, тау, тас, күн, жұлдыз сияқты элементтер жиылып осы тұтастықтың, бүтіннің бөлігі ретінде біртұтас космостық жүйе құрайды. Осы бүтіндік пен тұтастық негізінде құндылықтар пайда болып, бүкіл адамзат “еркіндікке” қауышады. Міне, дін, философия және саясат объектілерінің нығаюына ықпал ететін түркілік дүниетанымдағы элементтер мен құбылыстарды әл-Фараби исламдық дүниетаным формалары ішінде қорытып, оларды осы тұрғыда түсіндіре білді.

      Әл-Фараби іліміндегі “сана” (ақыл), “планета” (фалак) және сол сияқты терминдер көне грек философиясынан алынғанымен, ислам терминологиясында “сама”-көк, “рух”-жан, “малак”-періште, т.б. сияқты ұғымдарды білдіруде қолданған. Әл-Фараби әртүрлі философиялық жүйелерді, құбылыстар мен құндылықтарды пайдалана отырып, оларды исламдық қалыптар негізінде қорытып, ұсына білген ойшыл. Өйткені, оның негізгі әдісі – жалпы болмысты тұтастық тұрғысынан қарастыру. Сондықтан ол негізгі исламдық платформаға басқа көзқарастағы пікірлер мен жүйелерді сәйкестендіру, үйлестіру үшін көбінесе еркін түсініктеме әдісі – “тауилді”(бүгінгі герменевтикалық әдістен терең әрі кең) қолданады.

      Әл-Фараби философияны оқудан бұрын діннің бүкіл қыр-сырын меңгеруді шарт деп білсе, Ясауи өзінің “Мир’ат ал-қулуб”(Көңілдің айнасы) атты рисаласында “...кім де кім шариғатты – яғни, діни қағидалар жүйесін білмей тұрып, тариқатқа қадам басса, жаңылыс жол таңдағаны...”, – депті. Осы тұрғыдан екеуінің де дүниетанымдық түпқазықтары — Құран мен исламдық мәдениет екендігін байқатады.

 

       Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, адамның шын мәнінде кемелдікке жетуі оның теориялық және практикалық танымы жағынан тең қарулануына байланысты. Өйткені, Әл-Фараби өмір сүрген уақыт пен кеңістікте шынайы философияның қызметі адамзаттың игілігіне ықпал етіп келе жатқан дін және ғылымдардың тұтастығы мен бірлігін сақтау болатын. Дінді қорғау деген сөз оның рухын қорғау деген сөз. Әл-Фараби философиясы да, дін де адамзаттың бақыты мен игілігі үшін қызмет ететіндігін айтады. Дін адамды иман арқылы ақиқатқа жетелесе, ал философия сол иманды рационалдық жолмен нығайтуға негізделген ойлау жүйелерін қалыптастырады.

     Әл-Фарабидың ойлау жүйесінде адам ғаламның орталығы ретінде қарастырылады. Ол бір жағынан тәнмен физикалық әлемге байланса, екінші жағынан жан, рух және санамен метафизикалық әлемнің екі арасын жалғастырушы көпір қызметін атқарады. Физикалық және метафизикалық екі әлемнің ортасында дәнекер қызметін атқаратын адамның негізгі мақсаты – “ұлы бақытпен қауышу. Ұлы бақытпен қауышу – адамның “фаал ақыл” яғни, белсенді сана мәртебесіне жетуі арқылы жүзеге асады. Адамның рухы Тәңірге ұмтылғанда ғана игілікке беттейді. “Игілікке ұмтылу – тек игілік үшін болғанда ең ұлы бақыт болып саналады” – дейді Әл-Фараби. Бұл мәртебеге жетудің жолы – дүниелік, материалдық тәуелділіктен арылу. Өйткені, “...ағаштың кемелділігі оның жемісі болса, бақыттың кемелділігі де моральдық құндылықтармен өлшенеді”. Бұл жерде Әл-Фарабидің ойлау жүйесінің толық және кемел тұтастықта екендігін көруге болады. Яғни, физикалық және метафизикалық әлем адам арқылы тұтастықта, үйлесімділікте болады. Бұл туралы француз философы Де Ласи Олеари: “Әл-Фарабидің ілімі бақытқа жету жолында рухтың тәннен, материядан ажырауын басты мақсат етіп қояды. Оның осы жол арқылы Тәңірге қауышуға болатындығын көрсетуі Әл-Фараби ілімінің неоплатонизм мен сопылық дүниетанымның қосындысы екендігін көрсетеді. Жалпы алғанда, вахдат-и-вужуд теориясына қарай ойысқан үйлестіру методы екендігін көруге болады”, – дейді. Осы ойды түрік философы Жавит Сунар да қуаттайды. Оның пікірінше, Әл-Фараби неоплатонизмнің әсерімен өзіне дейін тек қана хал ілімі ретінде танылған сопылық ілімге философиялық форма берген ең алғашқы философ. Ал бізге Әл-Фараби сопылық ілімге философиялық форма берген философ ретінде емес, керісінше философияға мистикалық-сопылық құбылыстар енгізу арқылы тұтастыққа ұмтылған ойшыл ретінде көрінеді. Дегенмен, жалпы исламдық дүниетанымда тұтастыққа жету – сұхбат (диалог) арқылы болғандықтан, жоғарыдағы пікірге де қосылуға болады.

       Әл-Фарабидегі адам мәселесі туралы сөз қозғағанда оның дүниетанымдық, танымдық мәселелерді зерттеу әдісі психологиялық пайым төңірегінде қарастырылғанын көруге болады. Әл-Фарабидың гносеологиялық танымында адам санасы “фаал ақыл” яғни, белсенді сана тарапынан берілген абстрактылы категорияларды қабылдай алады. Бұл адам санасының ең жоғарғы дәрежесі. Адам “белсенді санаға” қауышқанда ақиқаттың бүкіл сыры мен құпиясының мәніне жете алады. Осылайша Әл-Фараби сопылық дүниетанымның рационалдық танымын әрі бақыттың теориялық негізін салады. Гносеологиялық қуаттар мен қабілеттерді тәннің әрбір ағзасына (мүшесіне) орналастырған Әл-Фараби, гносеологиялық танымның ішінде ең маңызды орынды қалбке (жүрекке-көңілге) берген. Әл-Фараби үшін адам миы гносеологиялық орталық саналғанымен, ең соңғы абсолюттік гносео-орталықты “қалб” деп таниды. Ислам қайнақтарында абсолюттік таным – жүрек (қалб), аян (уахи) және интуиция (илһам) жолы арқылы “ғайып әлемінен” (метафизикалық әлем-Тәңірден) келген мәліметтер. Міне, Әл-Фараби мұны философия арқылы түсіндіруге тырысады. Оның пікірінше гносеологиялық таным адам санасы мен тәжірибесінен әрі метафизикалық қуаттар мен болмыстардың әсерінен туындайды.

     Әл-Фарабидің “ал-инсан-ул фазыл” (парасатты адам) категориясы суфийлердің “инсани-камил” (кемел адам) концепциясына сай келеді. Ондағы “парасатты адам”, “парасатты қоғам”, “қаған-философ”, “бақыт”, т.с.с. ұғымдар мен категориялардың орнын Ясауи ілімінде “кемел адам”, “жол көрсетуші-муршид”, “рухани еркіндік” сияқты сопылық категориялар ауыстырған. Шынайы ұстазсыз, пірсіз ақиқатты елестетудің өзі мүмкін емес. Сондықтан шайхтық, ұстаздық мақамдарға зор мән берілген.

Әл-Фарабидың көзқарасы бойынша тәннің кемелдігін рух, ал, рухтың кемелдігін де “белсенді сана” қамтамасыз етеді. Бұл туралы ойшыл “Фусус-ул Хикам” (“Даналықтың жауһарлары”) атты еңбегінде былай дейді: “Сенің болмысың екі табиғаттан тұрады: бірі түр, форма, сан, сапалық қасиетке ие, қозғалатын немесе қозғалмайтын, жайылып, бөлшектене алатын субстанция. Екіншісі жоғарыдағы атрибуттардың ешқайсысына ие емес субстанция. Бұл екіншісінің мәні тек сана арқылы танылады. Басқаша айтқанда, сен екі әлемнің қосындысынан тұрасың; бірі — ғайып әлемі, екіншісі жаратылыс әлемі. Өйткені, рухың Тәңірдің әмірімен, тәнің оның жаратылыс әлемінен жаратылған. Әл-Фарабидің ілімінде осы “екі әлем табиғаты” жиі-жиі пікірталас көзі ретінде көрінеді. Екі әлемнің бірі бұйрық (хақ) әлемі – мәңгілік, себепсіз, өздігінен бар болған, абстрактылы әлем. Екінші халқ – жаратылыс әлемі бірінші хақ әлемінің себебімен пайда болған, сезім мүшелерінің түсініп қабылдай алатын, шектеулі әлем — осы дүние. Осы екі әлемді бір-бірімен іштей тығыз қатынаста ұстап, біріктіріп тұрған “көпір” – адам.

      Сонымен адамның рухы хақ әлемінен болса, оның тәні халқ (физикалық ұғымда – жаратылған) әлемінен құралған. Ең кемел “сурет пен сиретте”, яғни, форма мен мазмұнда жаратылған адам осы дүниеде социо-психологиялық себептерден еркі мен қайратын (жігерін), ақыл таразысын тепе-теңдікте сақтай алмай “бастапқы” кемелдігін жоғалтуы мүмкін. Ал адамның жаратылудағы мақсаты – рухты “материалық кірлерден” арылтып, өзін-өзі үнемі бақылау, кемелдігін сақтау арқылы қайтадан хаққа (Тәңірге) қауышу...”. Әл-Фараби “кемелділік дәрежесін рационалдық махаббат арқылы дәлелдеген болатын. Әл-Фарабидің ілімі бойынша рух өзінің мәндік табиғатында әуестік пен құмарлықтан үстем, ұлы қасиетке ие. Оның түйсіну және ерік-жігері бар. Таза ойдың тіршілігі үшін еркін ойлауға, моральдық еркіндікке мұқтаж. Таза ойлау нәтижесінде пайда болған еркіндік кемелдіктің белгісі. Әл-Фарабидің көзқарасында өз ойы мен пікірлерін айтуға немесе мәлімдеуге еркі (қайрат-жігері) жетпейтін адам құл деп есептеледі. Ал, адам ой-санадан да, қайраттан да мақрұм болса, ол хайуан. Егер де ой-санасындағы пікірлерін айтуға, мәлімдеуге қайраты мен жігері жететін болса, ол шынайы еркін, азат адам. Әл-Фараби ілімінде адам бір жағынан еркі мен қайраты бойынша ерікті, азат болғанымен, басқа тұрғыдан алғанда ерікті емес. Өйткені, “әрбір әрекет өзінен бұрынғы әрекеттердің нәтижесінде” пайда болады. Бұл себептің соңы да “тағдырға” келіп тіреледі. Міне, осылайша Әл-Фараби ілімінде адам еркіндігі мен психологиялық детерминизмі параллель тұрғыда қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРТА ҒАСЫР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ  ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

    Әбу Наср әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген ғалымдар өздерінің ой- пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина, тарихшы-ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий, Жамолуддин ибн әл-Кифтий, Ибн Әби Усайба, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым. Аристов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен. Біз соны өзбек тілінен қазақшаға тәржіма жасап, окырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз. 
 
    Әбу Әли ибн Сина: Мен мантик (логика), жаратылыстану және риезиет (математика, геометрия) ғылымдарын жақсылап меңгердім. Сосын теологияны оқып үйренуге кіріскенімде Аристотельдің «Метафизика» кітабын оқыдым. Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап окып шықтым. Бұл кітапты жаттапта алдым. Бірақ соныңөзінде мен оны түсіне алмадым. Ақыры одан үмтімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап екен деген қорытындыға келген едім. 
Бір күні бесін намазы кезінде кітап сатушыларға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «Бұл кітапты ал, бағасы арзан - үш дихрам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж», - деді. Осылайша мен кітапты сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Наср әл-Фарабидің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойымда жатталып қалған себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұнын түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңінде-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім. 
 
     Захируддин ал-Байхакий: Шейх Әбу Наср әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып, шыққан тегі Түркістаннын Фараб деген жерінен екен. Бұл кісі «Муаллим ас-Соний» - «Екінші ұстаз» деген лақап есім алған. Ислам ғалымдары арасында одан бұрын мұншалыкты ақылы алғыр адам болмаған еді. 
Әбу Насрдың көп трактаттары болған. Мен Рай шаһары бастығының кітапханасынан бұл кісінің шығармаларын көрдім. Сол жерде мен Әбу Насрдың небір шығармаларын көрдім, тіпті ондай кітаптар жайында ешқашан естімеген де екенмін. Тағы бір айта кететін жәйт – көрген кітаптарымның көпшілігі Әбу Насрдың өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу Закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді. 
.. .Ғұлама Әбу Наср әл-Фараби айтқан екен: «Кімде-кім хикмат (философия, даналық) білімін оқып үйрен уге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет . Хиқмат 6ілімін оқып үйренуге кіріспек болған адам білімді де, ғалымдарды да құрмет тұтатын кісі болуы шарт. Ондай кісі ғылым адамдарынан басқа ешбір нәрсені қадірлейтін болмауы керек. 
Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. 
Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады. 
Жалған ақша таза ақша есептелмейтіні сияқты, жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды. 
Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. 
Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайдығой. Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. 
Кімде-кім өзін өз дәрежесіеен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады». 
 
       Жамолуддин ибн әл-Кифтий: Әбу Наср әл-Фараби - Мауераннахрдағы түрік шаһарларының бірі болған Фарабтан шыққан философ. Бұл кісі мұсылмандардан шығып, әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракка барып, Бағдад шаһарында тұрып қалады. Әбу Наср бұл қалада хикмат білімін үйренеді. Осы жерде Әбу Наср сол дәуірде деңдесі жоқ адам болып шыгады. Логиқаға қатысты кітаптарды зерттеу және оларға түсініктеме жазуда көп іс тындырды. Логиканың қиын тұстарын айқындай түсті, көпшілікке түсіексіз болған жасырын сырларын ашты әрі бұл ғылымның пайдалану әдістерін жеңілдетті. Ол өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін түсініікті сөз тіркестерш, астарлы меңзеу сөздер қолданып отырды. Тіті ол логиканы түсндіру, үйрету және талдау жасаудағы Әл-Киндий, тағы басқалар жіберген олқылықтарды да атап көрсетті. 
.. .Әбу Насрдың бұдан басқа «Ихсо ал-улум ва аттаьриф» - «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру» туралы жазылған құнды кітабы бар. Мұндай шығарма жазуда осы кезге дейін Әбу Насрдан ешкім озып кеткен емес. Тіпті бұл секілді ой-пікрлерді оған дейін әлі ешкім айта алмаған, ол кісі шыққан биікке ешкім көтеріле алмаған еді. Дамып келе жатқан ғылымдардың барлық салалары да оның салған дұрыс жолын пайдаланды деуге болады. 
Әбу Насрдың Афлотун (Платон) және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді... Мен философияны үйренушілер үшін одан («Фараби кітабынан». - Н. К.) пайдалырақ бірер кітап бар деп ойламаймын. Бұл шығарма барлық ғылым салаларына ортақ әрі осы еңбек арқылы басқа ғылым салаларының өзіне тән мән-мағыналарын түсінуге болады. Бұрын логикадағы категориялардың мағыналарын, олардын. неден құрылғанын түсіну мүмкін емес еді, қалайша сол мән-мағына барша ғылымға ең алғашқы негіз, іргетас болып қалануы мүмкін екендігі дәл осы Фараби шығармасында ғана түсіндірілген болатын... 
 
        Ибн Әби Усайба: Фараби - шынайы философ, терең білімді данышпан еді, философияға қатысты пәндерді толық игерген болатын. Ол риезиет (математика, геометрия) ғылымдарына жетік, білгір, ірі ғұлама, мал-дүниемен ісі жоқ, қарапайым адам еді. Ол тағамға шыдамды, қанағаты мол жан болатын. Ол өзінік мінез-кұлқы жығынан ежелгі дәуір философтарына ұқсайтын. 
Әбу Наср тәуіпшіліктен де едәуір хабардар еді. Тәуіпшіліктің теориялық жағын жақсы білетін. Бірақ тәуіптік тәжірбиені іс жүзінде қолдану және оның ұсақ-тұйек емін жасау ісін айтарлықтай терең меңгермеген болатын. 
.. .Әл-Фараби Дамаскіге алғаш барған кезінде бір бауға қарауыл еді, сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат - философия ғылымымен айналысатын. Әбу Наср бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары - шығармалары мен оларға жазылған түсініктерді бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарауылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді. 
Біраз уақыт Әбу Наср осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшһүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне иеболды. 
Ел билеуші әмір Сайф ад-Даула (Абул Хасан ибн Абдуллох ибн Хамдан ат-Тағлабий) Фарабимен әңгімелесуді ұнататын болған, әмір оныңбіліміне таңданып, оған көт ізет-құрмет көрсетеді. Сол арқылы әмірдің, Әбу Наср қатысатын жиындарының да даңқ-дәрежесі артады, бұған әмірдің өзі де рақаттанады. 
...Кейбір шейхтардың айтуына карағанда, Әбу Наср әл-Фараби бір жолы Мысырға (Египетке) сапарлап барған, кейн Дамасісге қайтып келіп, осы жерде Сайф ад-Даула Али ибн Хамдан әмірлігінде, осы елде әр-Розий халиф болып тұрған кезде қайтыс болды. 
Сайф ад-Даула өзінің жоғары мәртебелі он бес әкім кісілерімен бірге Әбу Насрдың жаназасында болды. Елдің айтуынша, Әбу Наср өте қанағатшыл адам болғаны үшін әмірші Сайф ад-Дауланың ерекше құрметне бөленген екен. Алайда, соған қарамастан Фараби күніне төрт дихрам күміс ақшадан басқа ешкандай сый-сияпатты пайдаланбайды. Сол төрт дихрамды тіршілікке зәру болған нәрселерге ғана жұмсайтын болған. Ол «тұрмыс-тіршілігім не болады» деп қайғырмайды екен. Тіпті баспана етерлік үй-жайды да, өзіне келетін бірен-саран пайданы да ойламай өіпті. 
...Елдің айтуына қарағанда, Әбу Наср қозы жүрегі мен райхан шәрбатын өзіне тамақ еткен екен. Әбу Наср алғашқы кезде қазы болып істеген дейді. Ғылым дүниесіне тереңрек бойлаған соң бұл жұмысты тастап, бар жан-тәнімен білімін асыра түсуге кірісіп кетіпті, мал-дүниеге ешқашан қызыкпаған        екен. 
Ол қарауылдау үшін кешкісін бауға барады екен де, шырақты жағып, кітап оқуга кіріседі екен. 
Музыка саласында да ол білімді болыпты. Бұл салада да онын, зерттеулері шарықтау шегіне жетіп, барынша кемелденіпті, музыка өнерінде одан озып кету мүмкін емес екен. 
Жұрттың айтуына қарағанда, ол ғажайып бі рмузыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді. 
 
       Ибн Халликон: Әбу Наср әл-Фараби логика, музыка және бұл екі пәннен басқа да бірнеше ғылым салаларына қатысты шығармалардың авторы болған. Сондай-ак, ол мұсылмандардың ең ірі философы саналады, ешкім ғылымда бұл кісінің, дәрежесіне дейін көтерілген емес. Әбу Әли ибн Сина да онын, кітаптарынан көп нерсе үйренген. Әбу Әли ибн Синаның сөзіне қарағанда, ол Фараби шығармаларын оқып ләззат алған екен. Бұл кісінің, шыққан тегі түрік болған, ол сол өз елінде туып, сонда өскен. Кейін өз елінен шығып, басқа еледерге саяхат жасайды, ақыры Бағдад шаһарына барады. Сол кезде ол түрік тілімен қатар араб тілін, тағы басқа бірнеше тілді білген. Әбу Наср Бағдадта араб тілін үйренуге кірісіп, бұл тілді жан-жақты әрі терең біліп шығады. Соңынан осы тіл арқылы ол хикмат -философия ғылымын меңгеру жолына түседі. 
...Адамдардың айтуынша, Аристотельдің «Жан туралы» кітабының Әбу Наср оқып шыққан нұсқасы табылған. Міне, сол кітапқа Фараби өз қолымен, «мен осы кітапты жүз рет оқыдым» деп жазып койыпты. Бул ғалым жайында пікір айтқандардын сөзіне қарағанда, Әбу Наср, сол философ Аристотельдің «Физика» деген шығармасын қырық рет окыдым, бірақ оны тағы қайталап оқуым керек деген екен. 
.. Бір жолы Әбу Наср әл-Фарабиден: 
- Философия саласында кім мықты, Сіз бе әлде Аристотель ме? –деп сұрапты: 
Сонда әл-Фараби: 
- Егер мен сол кісінің өзнен білім алу бақытына ие болғанымда, онда мен оның ең мықты шәкірттерінің бірі болар едім, - деп жауап беріпті. 
...Білімге құштар жандар Әбу Насрға тыным бермей, бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ол жазған шығармалар бөлек-салақ күйінде шашылып жатады екен. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Сол үшін көпшілік шығармаларының жеке тараулары мен бөлімдері ғана сақталып қалған

Информация о работе Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасы