Тілдесу мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 18:56, реферат

Краткое описание

Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім: Тіл мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар

2. Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу
2.3 Қазақ тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тілдесу мәдениеті.docx

— 39.50 Кб (Скачать документ)

Тіл мәдениетін дамытудың тағы бір әдісі - дебат. Қазіргі уакытта мектепте, жоғарғы оқу орындарында бұл әдісті жиі қолданылады. 
Қорыта айтқанда, тілді талғампаздықпен жұмсау, дұрыс қолдану мәселелер тілдік дағдыларды жетілдіріп, әдеби тіл нормаларына сай заңдылықтарды меңгертуге келіп сиятыны белгілі. Осы міндеттің дүрыс шешім табуы жоғарыда аталған тиімді әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында жүйелі түрде қолдану. Басты нысана етіп, тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алып, оны жүзеге асыру үшін оқушының сөйлеу, жазба тілдерін жетілдіріп, тіл мәдениетін көтеру[1,145 б.].

10, 11-сыныптардағы білім мазмұнын  анықтауда, негізінен, тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік т.б. қызметтері қатар ескеріліп, оқу  материалдары соған сай практикалық  бағыттылық, коммуникативтік белсенділік, қоғам талабы мен оқыту жүйесінің  бірлігі, интеграция, жүйелілік, сабақтастық  т.б. ұстанымдар негізінде іріктеліп  алынуы тиіс. Тілдік білім мен  білік негізіне оқушының жеке  тұлғалық мәдениетін қалыптастыру  тірек етіп алынады. Бұл білім  берудің жаңа деңгейіндегі адам-қоғам  қатынастарындағы жалпыадамзаттық  өркениет пен ұлттық құндылықтарды  сабақтастыру мақсатына сай келеді.

 
 
 
                                              

 

                                            ҚОРЫТЫНДЫ 
 
           Жұмысты қорытындылай келе, қазақ тілі сабақтарында оқушыларды тіл (сөйлеу) мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын мақсат – ана  тілінің мәні, тарихы мен бүгіні, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

         Осы мақсатқа  сай туындайтын негізгі міндеттер:

- сөйлеу мәдениеті негіздерін  меңгерту;

- сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін  жаңғырта отырып, сөз әдебінің  нормаларын меңгеру;

- іс-қағаздары үлгілерін сауатты  жазуға дағдыландыру, жазба тіл  мәдениетін қалыптастыру; 
- қарым-қатынас түрлерінің сөз мәдениетімен, стильмен арақатынасын таныту; 
- шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы мағлұмат беру;

- шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру; 
- пікірталас түрлері, олардың маңызы туралы білім беру;

-  оқушыны пікірталас мәдениетіне баулу;

- ұлттық көркем сез нормаларын меңгерту ауқымында белгіленді. 
        Өмірге қажетті тілдің функиионалды жүйелеріне сай сөз саптауға машықтандыру үстінде қазақ тілінің грамматикалық негіздері туралы негізгі сатыда алған білімдері кеңейтіліп отырады. Мысалы, сөз әдебіне қатысты материалдар фонетикалық, лексикалық, синтаксистік білімдерін жаңғырта отырып меңгерілсе, жазба тіл мәдениетіне арналған тақырыптарда орфография мен пунктуация, стильдер туралы ұғымдарға көбірек назар аударылады. Ал, шешендікке баулу тіл тарихына, социолингвистикаға байланысты білімдерге негізделіп отырады.

        Тіл мәдениетіне  тәрбиелеу сөз мәдениеті негіздері  туралы және тіл туралы жан-жақты  ұғым беруден басталады. Сөз әдебі, әдетте, ауызша сөйлеу тілі мәдениетімен  тұтастықта танылатындықтан, адамның  айналасындағылармен табыса білуінің  құпиясы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық  және іскерлік секілді түрлерімен  сабақтастық сараланды. Осы қатынас  түрлерінің мақсатына қарай тілдің  қолданыс аясының өзіндік ерекшеліктеріне  көңіл аударылды. Ал, жазба тіл  мәдениеті аясында, негізінен, іс-қағаздары  стилі мен оқушылардың шығармашылық  бағыттағы жазба жұмыстарының  үлгілері топтастырылды. Осы тақырыптар  бойынша берілетін білім мен  іскерлік-дағдылардың шығармашылық  бағытта кең өрістеуіне шешендікке  баулу арқылы мүмкіндік туғызылады. Одан кейінгі кезекте жұрт  алдында сөйлеуге машықтану жолдары, нақты сөзге дайындықтың сатылары, сөз құрылымы (сөздің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы), тыңдарманмен  байланыс жасаудың шарттары туралы  мағлұмат беріліп, практикалық тапсырмалар  мен тақырыптар көрсетіледі, пікірталасының  түрлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері, пікірсайысындағы өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениеті туралы, оның талаптары мен шарттары ұлттық және мәдени дәстүрге негізделе отырып ұсынылады. Өз пікірін қорғаудың, қарсыласын мойындатудың түрлі тәсілдері оқушы ұғымына ыңғайластырылған. Сұрақ қою, сұраққа жауап берудің әдіс-амалдары нақтыланып беріледі. Айтысу шеберлігін жетілдірудің негізгі жолдары анықталып көрсетілген. Әдістемелік жағынан, осы тақырыптарға орай ұсынылатын жұмыстарда мазмұн бірлігін сақтай отырып, грамматикалық талдаулардың да жүйелі берілуіне баса назар аударылады. Практикалық жұмыстар оқушы өміріне, қазіргі заманға ыңғайландырылуы керек. 
        Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік, практикалық бағыттылық, тілдік қызметтің барлық түрін өзара байланыста оқыту, қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция т.б. ұстанымдар басшылыққа алынады. 
Оқытудың, білім берудің тініне, өзегіне сөйлеу мәдениеті деңгейін көтере отырып, оқушының жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру негіз етіп алынады. 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттер:

 
1. Абалкова Б., Игібаева А.К. Интерактивті әдіс арқылы тіл 
мәдениетін дамыту / Б. Абалкова, А.К. Игібаева // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392 б.

2.Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.-

Алматы:Қазақстан,1965.-186 б.

3.Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық  
// Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда,2001.- 230 б. 
4.Педагогический словарь.-М.: Наука,1960.-774 с.

5.Ожегов   Л.И.   Лексикология.   Лексикография.   Культура   речи  
/Л.И. Ожегов. - М.: Высшая школа, 1974. - 352 с.  
6.Қазақстан Совет энциклопедиясы.- Алматы: ҚазССР Ғылым  
Академиясы,1977.-631 б. Т.11. 

7.Педагогическая энциклопедия.- М.: Советская энциклопедия, 1965.- 
311 с. Т.2. 

8.Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова //Ұлт 
тағлымы.-2001.-№7.-Б.3-6  
9.Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту негіздері.- Алматы: 
Қазақ университеті, 1991.-156 б.

Қосымша әдебиеттер: 

10.Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері  
және оған қойылатын талаптар / А. Д. Кунапьянова, Л. Р.  Аубакирова // «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-464 б.

11.Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: Оқыту әдістемесі. Жалпы 
білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған / Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова.- Алматы:Атамұра, 2001.-112  б. 

12.Дәуітбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. Қазақ тілін тереңдетіп 
оқыту бағдарламасы / Ж. Дәуітбекова, Е.Арын, Г. Махамбетова.- Алматы:Жеті жарғыі, 2003.-72  б. 

13.Аубакирова Л. Р. Кунапьянова А. Д. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны /  Л. Р.  Аубакирова, А. Д. Кунапьянова // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392 б. 
15.Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». (1998 жыл 5 - қазан).

16.Тілдерді   қолдану   мен   дамытудың   2001-2010   жылдарға   арналған мемлекеттік бағдарламасы.

17.Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984

 


Информация о работе Тілдесу мәдениеті