Тілдесу мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 18:56, реферат

Краткое описание

Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім: Тіл мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар

2. Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу
2.3 Қазақ тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тілдесу мәдениеті.docx

— 39.50 Кб (Скачать документ)

5 сыныпта осы тарауда ауызекі  сөйлеу тілі мен жазба тілдің  ерекшеліктерін қамтитын жаттығулар  мен тапсырмалар берілген. Оқушыларға  тіл мәдениеті екі үлкен саланы  — ауызша сөйлеу мәдениеті  мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы  жайлы дәріс беріліп,  ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетіне байланысты жұмыстар жүргізіледі. Тіл мәдениеті  саласында оқушылардың өзіндік пікірі, ойлы көзқарасы, ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек талап етіледі, сөйтіп «өзіндік менін» қалыптастыруға алғаш рет қадам жасалады[11,51 б.].

Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады: 
-   ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату;

-   ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру;

-   оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі 
сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру; 
-    ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін білгізу мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды етіп айтқызу;

-   дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру;

-   күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;

-   сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сай 
жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу; 
- жазба жұмыстарында сөздердің бірге және бөлек жазылатын 
түрлеріне, терминдердің жазылуына, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атаулары, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;

-жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар  мен пайдаланылған оқу 
материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндер құрату. 

Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, тіршілігі, шаруашылығы. Өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, т.б. 
Тіл мәдениеті бойынша 5 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Міндетті деңгей:

-сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу; 
-орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;

-ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;

-мәтіндерге өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай алу;

-  оқыған ертегі-әңгімелерге ұқсатып ертегі, әңгіме жаза білу.

Мүмкіндік деңгейі:

         - ауызекі сөйлеу тілі мен жазба  тілдің ерекшеліктерін пайымдай  білу; 
- ауызекі сөйлеудегі қателерді тауып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін таныту; 
- ауызша сөйлеу мәдениетіне жататын қағидаларды іс жүзінде қолданыпкөрсету; 
- сөз қолдану мәдениетіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу, дағдыларын игеру;

         - әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндерді  ажырата білу, өзі құрастыра алу.

Ал, 6 сыныпта тіл мәдениеті тарауында оқушыларды жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді. Мұнда жұрт алдында сөйлеудің түрлері, мұғалімдердің, оқушылардың, баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу

ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылыктары айқындалады.

        Оқушыларға ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл-қозғалысы) тақырыптың мазмұнымен астарласып беріліп, соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын талдатады.

Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келетіндігі, қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы, жазба тілде қойылатын тыныс белгілері жайлы мағлұмат беріліп, соған орай жаттығулар жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ой айту, дауыс ырғағы дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқатады. 
Бұл тарауда сонымен қатар, жазудың маңызы, сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады. 
          Оқушылар жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндік жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізеді.

Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда сөз таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен қатысы, сөз таптарының ойды анық, дәл, нақты білдірудегі мәні,  сөз таптарының ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен байланыстары, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар және оқшау сөздердің ауызша және жазбаша тілдегі қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. 
           Ұсынылатын тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпы, өнері; ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық; табиғаттағы өзгерістер; от басындағы қызығушылық, береке; сынып мүддесі, ұлттың мақтанышы, көрнекті адамдардың өмірі жайлы сыр, т.б.

 

2.3Қазақ тілі сабақтарында жоғары  сынып оқушыларын тіл мәдениетіне  тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

 
         Жалпы білім  беретін мектептер бағдарлы оқытуға  бет алды және оқу мерзімі  де ұзарды, ал оның әлеуметтік  тиімділігі неде болуы тиіс  деген сұрақтың жауабын табу  әрбір пән әдістемесінің негізгі  мәселесіне айналды. Бұл мәселенің  түйіні білім философиясының  жаңаруы, жаңа парадигманың енуі, білім мазмұнының қоғам талабымен  ұштасуы, жаңа технологияның қолданылуы  т.б. тенденциялардың маңыздылығын  ескере отырып, оқытуды интеллект  дамуының қайнар көзіне айналдырудың  тетіктерін айқындау арқылы шешілері  сөзсіз.

10, 11-сыныптағы қазақ тілі пәнін  оқыту тілдік қатынастың жеке  тұлға мәдениетімен бірлігіне  негізделіп жүйеленді. «Сөз мәдениеті»  деп аталатын бұл курста 9-сыныпқа  дейін қазақ тіл білімінің  ғылыми негіздерімен жан-жақты  таныс болып келген жеткіншектің  игерген білімдерін біліктілік  тұрғысында пайдалануға бағыт  беріледі. Мұнда оқушының жеке  адами қасиеттерін, тілдік бейімділік  қабілеттерін арттыру көзделеді. Мұндай бағытты таңдап алуымыздың  себептерін төмендегідей негіздемелерімен  айқындауға болады.

Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Олай болса, білімнің мәні — өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, оқушының өзіндік әрекетіне бағыт беруде, оны әрдайым дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде.

Мектеп бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу үшін оларға берілетін білім өзегінде, біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілегтілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуметтік күштен оқушы әрекетін дамытудың тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан жоғары сатыда жеткіншекке тілдің танымдық сипаты мен коммуникативтік қызметіне сай өмір тіршілік-жағдайларын ескере отырып, жан-жақты меңгерудің тиімді жолдарын үйрету көзделді. Бұл сөз мәдениетін қарым-қатынастың нақты түрлері бойынша жүйелі дамыту, жетілдіру арқылы шешілмек. Тілдік мәдениеті, білігі бар адам ғана қай ортада да өзіне сенімді бола алады және айналасындағылармен өзара тіл табыса білуге қабілетті болады. Ал, тіл табыса білу — еңбек нәтижелігінің ең қажетті шарты. 
           Екіншіден, тіл адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады. Яғни тіл мен сөйлеу — сол адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым оқушының коммуникативтік дағдыларын жеке тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастыруды қажет етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану бағытының білім мазмұнымен анық та айқын кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде оқушының сөз мәдениетін жетілдірудің қаншалықты деңгейде шешілуімен қамтамасыз етілетіні даусыз.

Сондықтан 10, 11-сынып бағдарламасы мынадай жүйемен беріледі: Сөз мәдениеті және қарым-қатынас, «Шешендік және сөз мәдениеті», «Пікірталас мәдениеті».

Үшіншіден, бүгінгі білім мазмұнындағы түбегейлі бетбұрыстар оқушыға теориялық терең мағлұмат берумен қатар баланың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыруға қарай бейімделіп құрылуы тиіс деген қағиданы берік ұстауды қажет етеді. Бұл орайда оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, нақты практикалық маңызы бар тілдік іскерліктерді жүйелі қалыптастырудың орны бөлек. Мұндағы басты талап ой-пікір алмасудың, сөз мәдениетіне жетік болудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Сондықтан тілді оқытудың әдістемелік жүйесінде естігенін тез қорытып, өз ой-түйіндерін дұрыс та мәнді, тиімді етіп айта білуге төселдіретін оқыту құралдары мен тәсілдері, жолдары анықталуы керек. Жеткіншек сөз әлемінің өзіне әлі де беймәлім ықпыл-жықпылдары бар екенін, одан әркім өзінше жол тауып шығуы қажет екенін мойындататын схоластикалық тұрғыдағы идеалды малданып отырмай, өзі сол сөйлеу талап-тарымен бетпе-бет келгенде не істей алар едім деген сауалға жауап табуына қажетті білім-біліктерді меңгертуге икемделген оқыту жүйесі қажет. Міне, сол себепті де ой тереңдігімен, сөз сиқырымен танылған таңғажайып дарынды шешендердің не дегенін ежіктеп баяндаудан гөрі, өзін әрбір жағдаятқа қоя отырып, толқу, толғану сезімдерін бастан кешіруге, нақты тапсырмалар арқылы сынға түсуіне орайласқан оқу процесінде ғана баланың ойы да, тілі де дамитыны ескерілуі мәнді. Бұл, оқыту жүйесіндегі шешендік өнерден бас тарту емес, сол шешендік сөздерді өз деңгейінде, өз орнында пайдалана отырып, оны сөз мазмұнын, ой түйінін жеткізетін құрал ретінде түсіну қажет деген сөз. Сөз мазмұнын түсіну ғана баланың логикалық ойын дамытады, одан әрі қарай берілетін жаттығулар арқылы тілі ширайды. Сондықтан тарихта болып өткен шешендердің сәздерінің теориялық негіздерін танытатын ережелерден гөрі, сол шешендердің сөз үлгілеріне еліктетіп, ой айтуға үйрету әлдекайда тиімді. Әрі мұндай әдістер оқушының жас ерекшеліктерімен де іштей қабысып жатыр. Себебі жоғары сатыдағы мектеп оқушысы үшін темірдей теорияларды қабылдаудан гөрі, өз тәжірибесіне сүйене отырып ой түйіндеулерін жасау, жеке ой қорытындыларын жүйелеу қызықты да маңызды болады. Өйткені олар қандай жағдаятта да өз бетімен жол табуға құштар. Оның үстіне XXI ғасырдың табалдырығын аттағалы отырған жас буынды білімнің сипаты немесе тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні көбірек алаңдатады. Бұл әрине, өте табиғи талап. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтудің бір шарты — тіл табысу, өз көзқарасын айқын дәлелдей білу болса, онда соған қажетті тілдік талғамды, сөйлеу қабілетін тек практика арқылы дамытуға болатыны ақиқат шындық. Сондықтан да шешендікке баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету теория түрінде емес, жүйелі түрдегі эмпирикалық ережелерге, заңдарға сәйкес берілетін білім мен біліктің бірлігіне негізделеді.

Төртіншіден, жаңа білім мазмұнында ұлттық дәстүр мен жалпы адамзаттық құндылықтардың бір-бірімен түйісіп, өзара сабақтасып берілуі де маңызды талаптардың бірінен саналады. Олай болса, тілді оқытуды баланың қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен, шешендікпен, пікірталас мәдениетімен орайластырудың негізінде де жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру; олардың тілдік талғамын қалыптастыруды уақыттың бүгінгі талаптарымен үндестіру, ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларымен тамырластығын түсіндіру арқылы да қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз жеткізіледі. Соның нәтижесінде оқушының өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі. 
Бесіншіден, ана тілін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі — тілдің табиғи қызметі қарым-қатынас құралы екендігін таныту. Бұл сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге асатыны белгілі. Психологияда сөйлеудің әрекет деп танылуы туралы қағида тілді оқыту әдістемесінің методологиялық негізі ретінде алынды. Сөйлеу, яғни, практикалық әрекет, тілдік білімнің адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында нақты жүзеге асуы болып табылады. Яғни сөйлеу — тілдің әрекетке ұласуы, білімнің адам қажеттіне айналуы. Сол себепті бағдарламада оқу материалдары логикалық-семантикалық ұстаным негізінде сөз мәдениетінің ауқымында беріліп отырады[12,53-65 б.].

Міне, осы қағидаларды топтастыра отырып, 10, 11-сыныптардағы қазақ тілін оқытудың мақсаты — ана тілінің тарихымен бүгіні шешендік өнердің алуан сипаттары туралы мағлұмат негізінде оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру болып айқындалды. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың тіл мәдениетін дамытуға интерактивті әдістер арқылы қол жеткізуге болады.

Интрактивті әдістерге: миға шабуыл, дебат, пікірталас, диалог т.б. жатады. Соның ішінде диалогқа тоқталайық. Диалогтік сөйлеуде оқушылар өз ойын тез жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығын   арттыруға   үйретіледі.    Бір-бірлеріне   сұрақ   қоя   білуге төселеді. Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай  нәрсеге  сұрақты  қалай  қоя  білуіне де  байланысты  танылатынын пайымдайды. Адамның белгілі бір нәрсеге, мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы – ойлаудың  алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің «кілті». Сұрақ - қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті.

Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы - оған бүкіл топ оқушылар куә болғандықтан, бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады, қандай мәселе төңірегінде болмасын, бұл жарыс (ой, сөз жарысы десе де сыйымды) оның есінде ерекше сақталады. Оқушылардың бірі басым түсуі, екіншісі жеңілуі де мүмкін. Жеңілген оқушы қатесін түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге дағдыланады. Қазақ тілінің негізгі өзекті мәселелерінің бірі - оқушының өзіндік көзқарасына негізделген сөйлеу тілін дамыту болғандықтан, олардың тіл мәдениетін арттырудың бір тиісті жолы - белгілі бір тақырып төңірегіндегі өзара сынға арналған пікір алысуды ұйымдастыру.

Информация о работе Тілдесу мәдениеті