Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 20:43, доклад
Публицистикалық стиль – қоғамдық қатынастың (мәдени, спорттық, қоғамдық-саяси және т.б) кең көлеміне қызмет ететін тілдің функционалдық түрі. Публицистикалық стиль көбінесе газеттерде және қоғамдық-саяси журналдарда кездесетіндіктен, оны газетті немесе журналды-публицистикалық деп атайды [5;76].
Публицистикалық стильдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, және стилистикалық ресурстарының көпжақтылығы бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұны мен сөйлемшелерінде және насихатта көрініс табады.