Публицистикалық стиль

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 20:43, доклад

Краткое описание

Публицистикалық стиль – қоғамдық қатынастың (мәдени, спорттық, қоғамдық-саяси және т.б) кең көлеміне қызмет ететін тілдің функционалдық түрі. Публицистикалық стиль көбінесе газеттерде және қоғамдық-саяси журналдарда кездесетіндіктен, оны газетті немесе журналды-публицистикалық деп атайды [5;76].
Публицистикалық стильдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, және стилистикалық ресурстарының көпжақтылығы бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұны мен сөйлемшелерінде және насихатта көрініс табады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Публицистикалық стиль.docx

— 19.65 Кб (Скачать документ)

Публицистикалық стиль –  қоғамдық қатынастың (мәдени, спорттық, қоғамдық-саяси және т.б) кең көлеміне қызмет ететін тілдің функционалдық  түрі. Публицистикалық стиль көбінесе газеттерде және қоғамдық-саяси журналдарда  кездесетіндіктен, оны газетті немесе журналды-публицистикалық деп атайды [5;76].

Публицистикалық стильдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, және стилистикалық  ресурстарының көпжақтылығы бұқаралық  ақпарат құралдарының мазмұны мен  сөйлемшелерінде және насихатта  көрініс табады.

Публицистикалық стильге  біріккен екі негізгі функция  – ақпараттық және ықпал етуші  тән. Тілшілер деректерді хабарлап, оларды сараптайды. Осы екі функцияның әрекеттестігі  публицистикада сөздердің қолданысын анықтайды. Басқа функционалдық  стильдермен салыстырғанда (көркем және ауызекі сөйлеуден басқа), публицистикалық  стильде  экспрессивтіліктің деңгейі  өте жоғары. Көбінесе, публицистикалық  стильдің мінездемесін  экспрессивтілік  сипаттамамен шектеудің өзі кездейсоқ  жағдай емес.

Газетті-публицистикалық  стиль үшін ықпал етуші функция (экспрессивті функция) маңызды және ол көркем құралдарда публицистиканың  қажеттілігін қатаң талап етеді. Сондықтан, публицистика практикалық  түрде әдеби тілден экспрессивтілікке  ие барлық құралдарды алады. Берілген тілдік стильде кеңінен қолданылатын көркем, эмоционалды ықпал етуші  тілдік құралдың тығыз әрекеттестігі  мен кірігуі газетті-публицистикалық  стильдің маңызды лингвистикалық белгісі  болып табылады.

В.Г.Костомарованың сөзі бойынша, стандарт пен экспрессияның диалектикалық  үйлесімі газеттің негізгі сындарлы ұстанымы болып табылады. Бұл тек  газеттің ақпараттық және талап етуші  функцияларымен ғана емес, сонымен  қатар, газет «коммуникативті мағыналы, яғни анық және көркем, дәл, қысқа болу»  керек деп шартталған [2;90].

Фразеологиялық айналымдар, мақал – мәтелдер, қанатты сөздер  газет тілінің міндетті стилистикалық  компоненттері, маңызды экспрессивті – эмоционалды қанықтылықтың  қайнар көзі, газет тілінің сындарлы – стильдік ерекшелігін жүзеге асыру  құралы болып табылады. Олар газет  мәтініне ерекше ықпал етіп, төл  бейнелілікті жасауға көмектеседі. Олар тек үйлесімді мағынаны шағындап білдіріп  қана қоймай, қарым –  қатынас пен баға бере алады. Мысалы, келісаппен су түю (to beat the air) мәтелі бос  іспен шұғылдану (to do something in vain) еркін  сөз тіркесіне қарағанда үлкен  экспрессивтілік, бағалылық береді.

Автор сөздердің синонимдік әдіс – айлаларынан мәтіннің айтылу мазмұнына, оның мақсатына және міндетіне, мінезіне сәйкесін таңдай алады. Бұл  ретте фразеологизм немесе афоризмнің төмендетілген ауызекі немесе керісінше әдеби реңді тандауы басқа да тілдік құралдарды қолдануды талап етеді.

Газет материалдарының тақырыптамалары  – оның маңызды элементтерінің бірі. Көп жағдайда басылым «беті»  олардың сапасы мен рәсімделуіне тәуелді. Тақырыптамалар оқырманға  газет санымен танысуға, материал мазмұны туралы шұғыл түрде ой түюге, тақырыптың бастысы мен қызықтысын таңдауға көмектеседі. «Психологтардың  зерттеулері  оқырманның сексен процентке  жуығы тек тақырыптамаларға көңіл  аударатынын көрсетеді» [12;3] және газет  мәтінінің тиімділігі оның тақырыптамаларымен анықталады. Газеттің тақырыптамалары  газеттік ақпараттардың маңызды  компоненттері болып табылады. Оның басты мақсаты – оқырман назарын  хабарламаның маңызды және қызықты  бөлігіне аудару: тақырыптама, ереже  секілді, оқырманды ұсынылған материалмен  танысуға ынталандыра отырып, мақала мазмұнын толықтай ашпайды. Сондықтан, өзінің негізгі міндетін атқару үшін, яғни, оқырманды қызықтыру және кей  жағдайда қобалжыту үшін, тақырыптама  максимальді түрде көзге түсетін  және есте қалатындай болу керек. Фразеологиялық  айналымдар оқырман назарын газеттік тақырыптамаларға аудартатын, көзге  түскіш құрал ретінде кеңінен  қолданылады.

Фразеология – газет – публицистикалық стильдің ажыратылмас компоненті болып табылады. Газет – публицистикалық тіл диалектикалық қарама – қайшы қос тенденцияның : осы тілдің элементтерінің экспрессия мен стандартқа бір мезетте бағытталуының өзара ара – қатынасының жемісі ретінде мойындалады. Басқа функционалдық стильдер секілді газет – публицистикалық стиль де спецификалық фразеологиялық бірліктердің қорын қалыптастыруға ұмтылады. Себебі, ұлттық тілдің фразеологиялық жүйесін әр түрлі функционалдық стильдердің фразеологиялық жүйесі негізінде көрсетуге мүмкіндік беретін фразеологияның ішкі стильдік жүйесі бұқаралық ақпарат құралдарында фразеологиялық бірліктердің қолданылуына арқау болады [1,3].

Газеттік фразеологияның жаңаруы кезінде, ереже бойынша, газеттік – тілдік құрылым үшін экспрессия мен стандарттың қарама – қайшылығы күңгірттенеді немесе жоғалады. Негізінде, газеттік фразеология  – экспрессияға да, стандартқа да жатпайтын, бірақ газеттік қолданыста спецификалылықты сақтайтын бірліктер жиынтығы [2,233]

Фразеологиялық бірліктердің метафорлық, бейнелеуіштік, бағалауыштық, экспрессивтілік қырлары оны  газеттік мәтіндерде эстетикалық қызмет жасаушы тілдік құралдың бірі екендігін  айқындайды.

Мысалы ағылшын тілі жүйесінде газеттерде қолданылатын төмендегідей фразеологиялық бірліктер қатары бар: It looks paradoxical that certain banking institutions receiving Federal aid look with a fishy eye at the new Home Owners Loan Corporation. (a fishy eye – томсырайған, түңірейген көзқарас). A bill creating a rainy day fund to cover budget deficits in Nevada’s K – 12 school system was debated Monday by Senate Finance Committee members. ( a rainy day – ақшасыз, сәтсіз күн ). 1 million euro for a bottle of fire water – a Mexican businessman hopes to get that much for an exclusive bottle of tequila. (fire water – «отты су»,  яғни алкогольдық сусын). It he is caught, there will be plenty of charges for him to answer and he will certainly get into hot water. (get into hot water – қиыншылыққа тап болу). (NYT, May 11,2011 )

Газеттерде фразеологиялық бірліктердің қолданысы прагматикалық  тұрғыдан алғанда маңызы зор. Себебі, жоғарыда келтірілген мысалдарда көрсетілгендей, фразеологиялық бірліктің бай мәнерлі мүмкіншіліктері және коннотативті деңгейі әсіресе газеттерде айқын байқалады.

Біз коннотация туралы лингвистикалық әдебиеттерде жарияланған В.Н.Телияның көзқарасымен келісеміз. Оның айтуы бойынша, коннотация арқылы тілдік бірліктердің мағынасының құрамына кіретін экспрессивті, эмоционалды және бағалауыш  элементтердің байланысы түсіндіріледі.Коннотативті макрокомпонентті бірліктер барлық сөйлемге эмотивті – бағалауыш ажар таратады.

Фразеологиялық бірліктердің коннотативті тұрғыдағы мағынасы мәтінге айқындық пен мәнерлілік береді және қажетті прагматикалық эффект тудырады.

Фразеологиялық бірліктер  коннотацияда тіл деңгейінде экспрессивті, эмоционалды – бағалауыш және функционалды – стилистикалық компоненттерді айқындайды [3, 8 ]. Сонымен қатар, кейбір зерттеушілер берілген жұмысқа арналған нормативті – стилистикалық компонентті қарастырды.

Фразеологиялық бірліктер  бейнеліліктің арқасында тілдік деңгейде экпрессивтілік пен эмоционалдыққа ие болады, яғни, бір затты екі  жақты бейнелеуі. Мысалы: шегелей айту, қанат жаю, жол ашу, шашасына шаң жұқтырмай, тайға таңба басқандай, бас қату, құйрық бұрау, ішек – сіле қату, жер бетіне сыймай масаттану, айдарынан жел ескен шабандоз. (Егемен Қазақстан, 3.09.03), дуалы ауыздар, етек – жең жинау, сойыл соғу. (Егемен Қазақстан, 13.08.03) Since the very beginning it was clear that a boy had a head for engineering. (Had a head for – жақсы меңгеру). It was a brother – in – law of Nolan – Terence Quinn, peace to his ashes – who last represented the Democracy of Albany in Congress. ( peace to his ashes – қазаның арты қайырлы болсын). At this point it’s trying to beat a dead horse, the situation of trying to get into the playoffs takes the best effort Michael can give at this time, and it doesn’t look like it’s in his power.( to beat a dead horse – текке әуре болу). I am aware of the fact that I take a bare by the tooth right now, but I can’t help myself. (take a bare by the tooth – тәуекелге бел байлау). (NYT, May 03,2011 )

Келесі келтірілген мысал  қызығырақ болып табылады. Себебі, сөйлемде қолданылған фразеологиялық бірлік толығымен зат есім ретінде  көрсетілген: China’s new industries had a seemingly bottomless appetite for recyclable paper. (industries had a seemingly bottomless appetite – тойымсыз тәбет). Фразеологиялық бірлік функционалды – стилистикалық компонентті мағынаға ие. Ол бастапқы кезде адамдардың күнделікті тұрмыста қолданатын сөздік қорында болды.Фразеологиялық бірліктің мағынасының нормативті – стилистикалық компоненті төмендетілген стилистикалық бояу арқылы бөлінеді. Фразеологиялық бірлік әр түрлі тілдік жағдайда әр түрлі деңгейдегі экспрессивтілікке ие болады. Ол мынадай шартқа негізделеді: сөйлеу кезінде толығымен фразеологиялық бірліктің тілдік экспрессивтілігі және эмоционалдығы байқалады, сонымен қатар, стилистикалық әдістердің қызметі негізделген фразеологиялық бірліктің тілдік мағынасы мен тілдік мағынаға кереғар болып табылатын қосымша стилистикалық ақпарат пайда болады.

Стилистикалық әдіс тілде  фразеологиялық бірліктің мағынасына жеке – дара ажар береді және мәтінде  қосымша стилистикалық мағынаның  құрылуына пайдасын тигізеді.

Тілдегі фразеологиялық бірліктің  стилистикалық өзектілігінің мүмкіншілігі оның негізгі құралына байланысты, ал әдістердің психологиялық базасы оқырмандардың міндетті түрде тілдегі  фразеологиялық бірлік туралы білімі болуы және оның қарапайым тілдік қолданысы болып табылады. Дара стилистикалық әдістер фразеологиялық бірліктердің мағынасына әсер еткен тілдік деңгейінде ғана бекіген болып саналады.

Газет беттерінде әр түрлі  бейнелі – идиомалық мазмұнды тұрақты тіркестердің қолданысы  белсенді орын алады. Фразеологиялық бірліктің  қолданысы кезінде олардың сөзойнатымы, трансформациясы,    мағынасының қысқаруы немесе ұзаруы, симантикалық екіжақтылығы байқалады. Мысалы: His attitude is as plain as Salisbury. (As plain as Salisbury – өте анық, күмәнсіз, күндей жарқын, бұқпасыз.) Тіркес екі омонимдес «plain» - анық және «plain» - тең сөздеріне негізделген сөзойнатым болып табылады. 

 

 


Информация о работе Публицистикалық стиль