Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 09:54, курсовая работа
Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
Үстіміздегі Қазақстан бойынша 600 мың адам білім алатын 2515 мектеп құрылмақшы. Ал солар өз кезегінде тағы 600 мың адамды үйрете алады. Осылайша үкімет электронды сауатсыздықпен күресетін болады. Мұның қазақстандықтардың қор биржаларындағы үдерістерге қатысуына да қатысы бар. Осының барлығы енді ғана көтеріліп жүрген мәселе. Сондықтан бұлар аса баяу жүруде. Бұл үшін де Қазақстанның билігін айыптауға болмайды. Бізде қазірдің өзінде интерактивті қызмет көрсетуді енгізе бастайтын тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Президент Әкімшілігі мен үкімет толықтай электронды құжат айналымына көшіп үлгерді. Осы жүйені енгізу саласында біз Сингапурмен, Малайзиямен және басқа да мемлекеттермен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Бұл мәселелермен Үкімет те белсенді айналуда. Халық қызығушылық танытып, электронды қызмет көрсетулермен жұмыс істеуді үйренуге тиіс.
Осы орайда Президент пен
Парламенттің коммуникациялық
Қорытынды
Жоғарыда айтылғандай, интернет-журнализм журналист кадрлардың кәсіби сауатсыздығы мен білімділігін қажет етпейтіндіктен, бұл салада сауатсыздық дендеп барады. Жаңа медианың дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы туралы түрлі пікірде, коммуникативистер. Өйткені, соңғы кезде дәстүрлі мас-медианың өзінде ғаламтордың тілдік ерекшеліктері мен ақпараттың берілу формасына еліктеу бар. Мәселен, интернет тіліндегідей қысқа да нұсқа жазу, лид- мәтіндер, визуалды ақпараттарды мейлінше мол беру үрдісі дәстүрлі БАҚ-ға үйреншікті болып барады. Кейбір мамандардың пікірінше, жаңа медиа дәстүрлік БАҚ-қа бәсекелес емес, оның жаңа технологиялық жалғасы, жаңа формаға енген трансформациясы деп қарастырған жөн десе, басқа сарапшылар жаңа медиа күндердің күнінде дәстүрлі БАҚ-оның ішіндегі баспасөзді уақыт көшінен ысырып тастауы да ғажап емес: «Газет оқу 1975 жылға дейін туылған ұрпаққа тән. Олардың қатары мол болып тұрғанда, газеттер өмір сүре береді. Мүмкін, ақпарат құралы ретінде болмас, бірақ, қайталанбас бірегей өнім түрінде қалады, «басты газет оқырманы» – билік. «Билік жасарған сайын, газеттер де оған қызықсыз болып қалмақ» (www.aіkyn.kz). Ал, шынын айтқанда, медианарықта анағұрлым сапалы, бәсекеге қабілетті және ары қарай дами алатын БАҚ қалуы бек мүмкін. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» (2009 жылғы 6 ақпанда өзгертілген) Заңға сәйкес, Қазақстандағы интернет-ресурстары, атап айтқанда, портал, форум, блог, чат, WAP-портал, интернет-телевидениесі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілді. Демек, жаңа медиа БАҚ дәрежесіне теңестіріліп, үлкен мән берілді. Ендігі уақытта, интернет-ресурстарына басқа БАҚ секілді аса жауаптылықпен қарап, сапасыз дүниелермен былапыттай беруге болмайтыны анық. Журналистиканың таралу формасы ауысса да, оның халық алдындағы мақсат-міндеттері өзгерген жоқ. Яғни, интернет-журналистика еліміздің дамуына, қоғамдық өмірдің қай саласы туралы сөз қозғалса да, аса кірпияздықпен, сауаттылықпен, байыптылықпен болжам-байламдар жасауы тиіс. Жаңа медианың басты ұмтылыстары мен ұтылыстары осындай. Бір білеріміз, ғаламтор пайдасы мен зиянының ара салмағына қарамастан адамзаттың ажырамас құндылығына айналып үлгерді. Енді, оны санамыздан аластату мүмкін емес. Тек ғаламтордың, оның әсерінен туындаған БАҚ формасы – жаңа медианы өз ой-санамызға лайықтап қолдансақ болғаны. «Қай елдің баспасөз күшті болса, сол елдің өзі де күшті» деп Алаш қайраткері Міржақып Дулатов ХХ ғасырда айтса, ХХІ ғасырда бұл аталы сөздің де формасы өзгергендей. Яғни, қай елдің ақпарат кеңістігі, ғаламторы күшті болса, сол ел ғана өзінің «ақпараттық иммунитетін» қалыптастырып, ақпараттық экспанциядан қорғанбақ, басқаға мойындатпақ, танытпақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Интернет и я. – 2003, №7,8.
– 40 б.
2 «Reed and Googie in talks to share revenue»
3 ПМУ хабаршысы. Журналистика сериясы,
2004, №1. – 65 б.
4 http://www.google-ipo.com
5 Жаңа ғасыр. – 2006, №10. – 70 б.
6 http://www.google –watch-org/china.html
7 www.kenniswijk.nl
8 МЭМО. – 2002, №7. – 40 б.
9 Computer club. – 2002, №5. – 45 б.
10 http://www.suma-ev. De
11 Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік
өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.
– 256 б.
12 Кітапхана әлімі. – 2004, №2. – 25 б.
13 ПМУ хабаршысы. Журналистика сериясы,
2005, №1. – 65 б.
14 Высшая школа Казахстана. – 2002, №3. –
60 б.
15 Мир ПК. – 2004, №1. – 150 б.