Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июля 2013 в 14:57, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойғандығы белгілі. Сондай-ақ, бүгін Ху Цзиньтаоның елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен келіссөздерден кейін Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне де өз ретімен шешіліп келеді.

Содержание

І.Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-саттық айналымы
2. Қытайда өндірілетін ойыншықтардың сапасы
3. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтасық

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат, СӨЖ 2010.doc

— 71.50 Кб (Скачать документ)

Алдағы уақытта  да Қытай елімен сауда-экономикалық, энергетикалық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайа бермек. Былтыр қазақ пен қытай арасындағы тауар айналымы 17 миллиард доллардан асқан. Алайда халықаралық қаржы дағдарысының кесірінен алыс-берістің көлемі биыл біршама азайып, өткен сегіз айда 6 миллиард долларға жетті. Кездесу кезінде бұл кемшіліктің кешікпей қайта қалыпына келетінін ескерткен Мемлекет басшылары келешекте ауыл шаруашылығы мен шикізаттық емес секторды дамытуға мән беретіндіктерін айтты. Сонымен қатар, Қазақ пен Қытай қарым-қатынасы Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы ықпалдастық және келісім шаралары секілді ұйымдар аясында да арта түспек.

Тасымал, көлік, атом-энергетикасы мен ауыл шаруашылығы  секторларында да маңызды инвестициялық  жобаларды жүзеге асыру жоспарланып  отыр. Тіпті қаржы нарығындағы  серіктестік сенімді нығайту  үшін Қытай үкіметі қазақ еліне 10 миллиард доллар жеңілдетілген несие береді.

Дегенмен Қазақстанның ішкі жағдайына төндіріп отырған Қытайдың қауіп-қатері жайы да көпшілікті алаңдатады. Қытайды зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, елдiң жалпы табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетiп, одан кейiн өз мүмкiндiгiн сарқа беретiн көрiнедi. Дегенмен, осындай бiр тықырдың таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, орман сиреп, жайылымдар азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр. Қазiр Қытай елi – қақпағы жабық өз iшiне сыймай бұрқылдап қайнап жатқан қара қазан тәрiздес. Түбiнде ол бәрiбiр тасиды. Сонда, ол қалай қарай құйылады? Қазақстанмен бiрге әлемдi де мазасыздандырып отырған осы мәселе. Бұл жерде Қазақстан үшiн өте үлкен қауiптiң басын ашып айтқан жөн. Қытайдың территориясымен шектесiп жатқан жерлерге назар аударып қарасақ, айналасының барлығы халықтың тығыз орналасуы нәтижесiнде тығындалып тұр. Қаруына сенген Ресейдi есептемегенде, қытайлар үшiн тек Қазақстанға (Орталық Азия) қарай ғана ағылуларына мүмкіндік қалады. Қазіргі күні 500 мыңға жуықтаған қытайлар 20 жылдан кейін 20 миллион болуы еш күмән тудырмайды.

Сондай-ақ Батысты  игеру саясаты шеңберінде Шыңжаңға ішкі Қытайдан 20 жылда 250 миллион адамды көшіру жоспарын бастап кеткенін ескерсек, Қазақстанда 20 миллион қытайдың пайда болуы ертегі емес сияқты. Егер де Қытайдың 150 млн.нан аса жұмыссыздары бар екенін ескерсек Шыңжаңда жұмыс орындарын ашса, әп-сәтте-ақ сонша халықтың көшіп келуі түк емес. Қазір қалашықтар салып көшіру үдерісі басталып та кетті.

Жалпы Қазақстан  бойынша Қытайдың 20 ірі компаниясы және орта-ұсағы бар 2000-нан аса  бірлескен компаниялар жұмыс  істеуде. Олардың басым бөлігі әрине  энергетика саласында. Атап айтқанда Қытайдың иелігіне өтіп кеткен компаниялардың қатарында

1. Ақтөбемұнайгаз  – 85,32 пайыз үлес

2. Маңғыстаумұнайгаз  – 47

3. ПетроҚазақстан  – 67

4. Қазгермұнай  – 50

5. Қаражанбасмұнай  – 50

6. Бозашы оперейтинг

7. Павлодар мұнай  өңдеу зауыты – 58

8. Шымкент мұнай  өңдеу зауыты – 50

9. Айдан мұнай  – 100

10. ҚуатАмлонМұнай

11. Торғай Петролиум  секілді атынан ат үркетін  мекемелер бар. 

Жалпы Қытай  Қазақстанның  барлық энергетикалық  ресурстарын, яғни мемлекетіміздің  күш қуатын толықтай бақылауға алу үшін барыншаинвестиция құйып жатыр. Қытай тек қана энергетикалық ресурстар қорын сатып алу үшін 3 трлн. қаржы бөлгенін әлемге жариялады. Бұл Қытайдың кезекті қақпаны. Сіздер ойлайтын шығарсыздар қытайлар бізге миллиондап доллар инвестициялар құйып жатыр деп. Ол салған ақшалары өндіріске, экономикамызды дамытуға емес, мұнай, газ, уранды өндіріп Қытайға алып кету үшін ғана. Ал оның шығынын өтейтін біз боламыз, өйткені несие ретінде мойнымызға ілініп жатыр ғой. Бір елдің экономикалық қауіпсіздігін тәуелділіктен қорғау үшін тұтыну тауарларының жартысынан астамын өздері өндіруі керек екен. Бұл жағдай бізде қызыл сызықтан әрі асып кетті. Алманың атасы атанған Алматы өңірі алманы Қытайдан тасығаннан кейін не сұрауға болады.

Тәуелсіздік алғанына небәрі 20 жыл толатын Қазақстан елі үшін дамыған елдермен орнатқан тығыз байланысы әлі де биік белестерге шығуына біраз септігін тигізеді. Дегенмен, аспанасты еліндегі қытайлықтардың шырмауына түсіп, келешек ұрпақтың денсаулығына, болашағына кері әсерін тигізетін жайттардан аулақ болғанымыз абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

    1. Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігі]

 

    1. «Жас қазақ үні» республикалық қоғамдық саяси басылымы, 27 сәуір, 2010 жыл.

 

3. Әлемтор: www.google.kz

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс