Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июля 2013 в 14:57, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойғандығы белгілі. Сондай-ақ, бүгін Ху Цзиньтаоның елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен келіссөздерден кейін Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне де өз ретімен шешіліп келеді.

Содержание

І.Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-саттық айналымы
2. Қытайда өндірілетін ойыншықтардың сапасы
3. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтасық

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат, СӨЖ 2010.doc

— 71.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт  ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университеті

 

 

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс

 

Пәні:          Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынас

 

Орындаған: Н.Құдайбергенова

 

Тобы:             Ж-07-1

 

Қабылдаған: А.Оразова

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2010 жыл

 

 

 

Жоспар:

 

 

 

І.Кіріспе.

 

ІІ. Негізгі  бөлім. 1. Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-саттық айналымы

2. Қытайда өндірілетін  ойыншықтардың сапасы 

3. Мұнай-газ  саласындағы ынтымақтасық

 

ІІІ. Қорытынды.

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойғандығы белгілі. Сондай-ақ, бүгін Ху Цзиньтаоның елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен келіссөздерден кейін Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне де өз ретімен шешіліп келеді.

Қазақстан халқы  өз тәуелсіздігін нығайту мен  аймақтық ынтымақтастықты күшейтуде, жалпы экономика саласында үлкен  жетістіктерге Президент Нұрсұлтан  Назарбаевтың басшылығымен жеткендігі белгілі. Ал Қытай арадағы стратегиялық әріптестікті орнатып, дамыту туралы бірлескен Декаларацияға қол қойыл құжат көрші екі мемлекеттің ХХІ ғасырда бірлесе дамуының алғышарты деуге болады. Сондай-ақ, онымен бірге, Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты бірнеше маңызды құжат мөрмен бекітілген. Атап айтқанда, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық, трансшекаралық өзендердегі апатты жағдайларға байланысты жедел хабардар ету, “Қорғас” шекарааралық ынтымақтастығының халықаралық орталығы қызметін реттеу, электр желілері компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, “Қазнұртел” компаниясы мен мен Қытай Даму банкінің арасындағы несие беру туралы Келісімдерге қол қойылып, Каспий теңізі мен батыс Қытайды жалғайтын Трансқазақстандық темір жол магистралінің құрылысын салу мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеу туралы және Ақпараттық - коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респбуликасының президенті:

- Қазақстан мен Қытай арасында бұрын ешқандай жақын байланыс болмаған еді. Енді міне 1700 шақырымдық шекараның белгіленуінің арқасында екі жақты тауар айналымы жылдан жылға өсіп биыл 5 млрд долларға жақындады.

Ху  Цзиньтао, Қытай Халық Республикасының  төрағасы:

- Біз қол жеткен саяси ынтымақ пен экономикалық байланысты одан әрі дамыта береміз. Тату көрші, жақсы дос, сенімді әріптес ел ретінде Қытай Қазақстанның жетістіктеріне шын көңілмен қуанады. Ол табыстардың айқын белгісі бүгінгі Астананың асқақтаған бет-бейнесі.

 

ІІ.1. Бүгінде экономикасы жан-жақты дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің ТМД елдерімен де, өзге Еуропалық елдермен де байланысы жақсарып келе жатыр. Ішкі-сыртқы саяси қатынастарда жақсы жағынан көзге түсіп, дамыған елу елдің қатарына енуді жоспарлап отыр. Осындай тығыз байланыс орнатып мемлекетіміздің бірі – көрші Қытай Халық Республикасы. Аспанасты елімен біздің ел барлық сала негізінде байланыс орнатқан. Мәселен, импорт, экспорт жағдайлары да реттелген. Сауда-саттық саласында емін-еркін жүруге болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі ағымдағы жылы 15 млрд долларға жетпек. Бұл Елбасы мен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен жүргізілген келіссөздер барысында да белгілі болды.

"Тек биылғы  жылдың бірінші жартысында тауар  айналымы $6,5 млрд болып, өткен  жылғымен салыстырғанда 25% өсті. Ал биыл тауар айналымы 15 миллиардқа жетеді. Бұл - үлкен қарқын, жаман емес",- деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев. ["Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігі].

Негізінде екі ел арасында саяси, экономикалық ынтымақтастық  үшін ешқандай кедергі жоқ. Өзара  сауда-саттық көлемі артып келеді. Қазіргі уақытта халықаралық кеңістікте күрделі экономикалық жағдайлар белең алуда. Оның үстіне соңғы уақытта біздер және әлемдегі көптеген елдер әлемдік қаржы дағдарысына тап келуде және бұл дағдарыс дүниежүзі экономикасы үшін өте ауыр соққы болды. Осындай сәтте елдің жан-жақтағы көрші мемлекеттермен тығыз байланыс орнатқанының әбестігі жоқ секілді көрінеді. Дегенмен, аспанасты еліндегі өндіріліп жатқан тауарлардың санынан гөрі сапасы көпшілікті алаңдатары анық. Мәселен, балаларға арналған ойыншықтарының өзі түрлі химиялық қоспалардың көмегімен жасалатыны жасырын емес.

Шындығына келгенде, сол  балалардың ойыншықтарының барлығы  да — шетелдің мультфильм, ертегілерінің  кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің  идеологиясы жүруде деген сөз. Онсызда  телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі. Қарап отырсақ, мұның өзі астыртын саясат. Себебі, бұл аспан асты елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте мемлекеттің тұтқасын ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқан қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін.

Еліміздегі базар, дүкен  сөрелерін Қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес.

Бұл елдің тамағы, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тағамы, тіпті балалар киетін киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы екенін, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтер өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан сапаға емес, санға мән беруде. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына ойлана бермейміз. Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсызбыз. Балаға ойыншық алғанда, байқасаңыз, олардың қызылды-жасылды, ашық түсті болып келетінін аңғаруға болады. Ал ол буыны әлі қатая қоймаған сәбидің көзін ауыртып, зиян келтіретінін дәрігерлер растап отыр. Қытайлар нәрестелeрге арналған сүтке улы зат — меламин қосып, үлкен дауға қалып еді... Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңадан туылған нәрестелер үшін шығарылатын құрғақ сүт құрамына аса қауіпті улы зат меламинді қосқан қытайдың 20-ға жуық кәсіпорнының бірнеше қызметкері сот алдында жауап беріп, олардың екеуі өлім жазасына кесіліп, халықаралық деңгейде дау туғаны белгілі. Одан кейін ит тамағына меламинді қосқан қытайдың кәсіпорнына ашуланған Вашингтон Пекинге наразылық көрсетіп, екі ел арасында кәдімгідей дипломатиялық тұрғыда үлкен дау туған еді. Бұл қауіпті меламин улы заты жоғарыда аталған өнімдерде ғана емес, қытайлық тауарлардың көбісінен табылып, Еуропа елдері осы елден импортталатын заттарды шекарадан өткізуге тыйым салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.2. Қытай тауарлары, соның ішінде ойыншықтары Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады. Ойыншықтардан мырыш, фенол, формальдегид сияқты улы, қатерлі заттар анықталған

Енді белгілі  деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық «Dong Lian» және «Yip Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, зорға құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылып тынады екен. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында ася зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен. Бұл жерде айта кетер мәселе, деректерге сүйенсек, осыдан он шақты жыл бұрын Еуроодақ елдерінде тісі шығайын деп жүрген сәбилерге арналған әртүрлі дыбыс шығаратын ойыншықтарды поливинилхлоридбен жасауға тыйым салынған еді. Алайда Қытайдан әкелінген ойыншықтардың барлығы осы материалдан жасалған. Сонымен еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытта еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып қалады. Қытайдан ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал балалардың күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі — ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді.

Қазіргі нарық  заманында халықтың негізгі бөлігінің  әлеуметтік жағдайының төмендігін ескерсек, ата-ананың көпшілігінің дүкендердегі ойыншықтарды сатып алуға қалтасы көтере бермейтіндіктен, амал жоқ базардан сапасы сын көтермейтін ойыншықтарды алып беріп, еркетотайларын қуантуға тырысады. Себебі, еліміздегі ойыншықтар дүкенінің кез келгеніне кірсеңіз, ондағы ойыншықтардың бағасының қымбат екенін көруге болады. Республикалық санэпидстанциядан алған деректерге сүйенсек, 2010 жылдың 1 жартысында Алматы қаласында 25 ойыншық тексеріліп, оның 11-і талаптарға сай келмей, құрамынан формальдегид мөлшері көптігі, ұштарының үшкір екені анықталған. Ал бұл ойыншықтар пластмассадан жасалған. Шымкент қаласында 205 ойыншықтың 8-нен фенол, свинц мөлшерінің көптігі, бояуының сапасыздығы белгілі болды. Бұл да пластмасса, резеңкеден жасалған. Басқа облыстардағы қорытынды бойынша құрамында формальдегид, фенол сияқты зиянды заттар бар ойыншықтар анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.3. Естеріңізде болса, Атырау мұнай өңдеу зауытынның қуатын арттыру үшін Қытайдың «ЭксИмбанкі» біздің елге жеңілтеліген несие беретін болды. Бұған дейін еліміздегі қара алтынның 30 пайызынан астамына ие болған аспан асты елі енді шикізатқа жатпайтын секторда да бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Ол үшін 3,5 миллиард доллар бөлмек. Сонымен қатар кеше Қазақстан мен Қытайды жалғайтын, жаңа газ құбыры салынып бітті. Құбырды пайдалануға беру салтанатының басы-қасында да екі мемлекеттің басшылары болды. Магистральді газ құбыры негізі 4 мемлекетті - Түркімен, Өзбек, Қазақ және Қытайды қосады. Ал, кеше тапсырылғаны трансұлттық құбырдың қазақ жеріндегі бөлігі. Ұзындығы 1300 шақырымдық құбыр, еліміздегі табиғи газдың транзиті үшін қажет.

«Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» газ құбырының құрылысының жүріп  жатқандығы белгілі. Бұл Қазақстаннан Қытайға газ тасымалдайтын екінші желі. Әрі Батыстан оңтүстік облыстары арқылы өтетін жаңа желі, біздің оңтүстік аймақтардың импортқа тәуелділігін кеміте отырып, Қазақ газының Қытайға тасымалданатын экспортын арттырады. Жалпы мұнай-газ саласындағы екі елдің серіктестік қатынастары ұдайы дамып келеді. Былтыр Қытайға 6 миллион тонна қазақ мұнай тасымалданды. Қазан айында Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры іске қосылды. Бұл Қарт теңіз бен Батыс Қытай арасын жалғай отырып, аспан асты еліне тасымалданатын көмірсутегінің көлемін арттырды. Атырау мұнай өңдеу зауытын кеңейтіп, қайта реконструкциялау шараларының да маңызы зор. Ақтауда битум зауытын салынуға келістік. Ол зауыт келер жылы басталатын Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің құрылысына қажетті өнім шығарады. Келіссөздер барысында шикізаттық емес сектордағы әрітепстік туралы екі елдің үкіметаралық бағдарламаларын да талқыладық. Бұл бағдарламалардың аясында бірлескен кәсіпорындар құру үшін Қытай үкіметі 3 миллиард доллар несие мен инвестиция бөліп отыр.

Информация о работе Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс