Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 15:47, курсовая работа

Краткое описание

Салт-дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақтың мәдениеті, тарихы, асыл қазынасы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл ережелер Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер…………………………….....................................................................5 2.2 Қазақстан ұлттық телеарнасы мен салт-дәстүрлер арасындағы байланыс..................................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….........……………...........…....21

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая кириспе.docx

— 45.01 Кб (Скачать документ)

      Теледидардағы алуан жанрлардағы ақпараттарда телепублицистика сарыны мен пайымды талдау да, телекөрерменнің жеке пікірлері мен өрнекті ойлары да, жұртшылықтың белгілі бір құбылысқа өзіндік көзқарасы да қатарласа жүріп, өзектесе өрбиді. Бірмізгілде телепублицист өзі көтеріп отырған мәселеге көрерменнің назарын аударып, оларды ой-толғақ әрекетіне қатарластыра алып шығады. Мәселен, «Алтыбақан” хабары – таза, бабиғи, ұлттық бояуы қанық, реңі қою, халық табиғатына жақын, ауыл тұрғындарының салт-дәстүр аясындағы өнерін дамытуға арналса, «Кездесуде” жазушының шығармашылық өмірін жолын аудиториямен әңгімелесу арқылы таныстыру, ал «Сұхбатта” қаламгердің шығармашылық зертханасын ашу, өмірлік ұстанымын айқындау, азаматтық болмысын танып-білуге тележүргізушілердің бағыт ұстанғандығын байқауға болады. Әсіресе, жан әлемін құпиялап ұстайтын жазушылардан сыр тартып, өзектесе ой өрбітіп, қалтарыстағы көзге көп шалына бермейтін асылдарын көпшілікке жайып салатын тележүргізушінің шеберліктерінтеледидардағы жаңаша ізденіс, тың үлгі деп бағалауға болады [5].

             Автордың ізденісі мен ақыл-ойынан, режиссердің өзіндік қолтаңбасы мен оператордың қырағы көзінен экранға шектелген дүние ғұырының қысқалығын мына жайлардың астарынан іздеуге болады. Біріншіден, басшылықтағы жиі-жиі ауыс-түйіс. Басшы не журналист болсын, экранға өз ойы, өз пікірі, өз жобасымен келді. Демек, бұрын көрерменге көзтаныс, эфирге сіңісті бола бастаған көркем дүние көрерменімен қош айтысады. Бұған Ш. Мұртаза кезінде «Таңшолпан”, «Шарайна”, «Тайбурыл”, «Жігіттің сұлтаны”, «Қыз сыны” т.б. телебағдарламалар дәлел. Екіншіден, уақыт ағымының өзі заман тынысына орай, аудиторияға жаңа түр, соны пішіндегі хабарлар легін әкелді, не оны уақыттың сұранысы тудырады. Сондықтан бағдарлама легінің өзгеріп, түрленіп, сипатын, түрін өзгертіп отыруы заңдылық. Үшіншіден, бүгінде шетел арналарының түрлі бағыттағы бағдарламаларының көптігі. Олардың техникалық мүмкіндіктері, жүргізушінің аудиторияны меңгеруі, көтерген тақырыбының өзектілігі, көрерменнің хабармен бүтіндікке айналуы секілді сипаттардың бағдарлама өзегінен көрініс табуы. Осы орайда: «Бүгін ұлттық сана жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгіл, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл ”,деген Президент сөзі орынды.

           Тағы келесі бағдарлама Ғибратты ғұмыр. Бұл бағдарлама  Әдебиет, өнер, мәдениет, саясат, әлеуметтік салаларда ел-жұртқа танылған қоғам қайраткерлері, тұлғалар туралы деректі желілік фильмдер. Белгілі қоғам қайреткерлер туралы тереңірек , ал онша тіпті мүлде естімеген қоғам қайраткерлері туралы білуге болады [6, 210б.].

           «Жарқын бейне»  - өмірден өтсе де, өшпейтін із қалдырған, аты аңызға айналаған азаматтарды еске алу бағдарламасы. Негізгі мақсат: «Олар кімдер? Несімен есте қалды?», - деген сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі ұрпақты елін сүюге, жерін қадырлеуге, тұлғаларды ардақтауға үйрету. Бағдарламада тұлғаны көзі көргендер, жақын-жуықтары естелік айтады.

Сонымен қатар көпшілік адамдардың сүйіктісі Шәмші атаның тапағаты бағдарламасын да көруге болады. Екінші курстың аяғында тіл және әдебиет  факультетінің студенттері кең  байтақ Қазақстанның әр аймағына фольклорлық  практикаға аттанған едік. Топ кураторы, ұстазымыз, қазір ғылым докторы, Асылбек Жартыбаев бастап біз  қостап, Оңтүстік Қазақстан облысының  Түлкібас ауданына жол тарттық. Келген күні-ақ жергілікті қонақүйге орналасып  алдық. Сөйтсек бұл қонақүйге  атақты Шәмші ағамыз да тоқтаған екен. Онға жуық студент бар біздің топ алғашында ұлы композиторды көруге ғана ынтық болдық. Бірақ ол кісі бізге «назар аударады –ау, бізбен сөйлеседі-ау» деген ой үш ұйықтасақ, түсімізге кірмеген. Өзі әрлі әндеріне қосқан сонау Сарыарқалық жастар осынау жасампаз жанға бірден ұнадық білем, соңынан ерген шенеуніктерге мойынсұнбай қайта-қайта бізден ел-жұртымыздың амандығын, өзі білетін адамдары туралы сұрай береді. «Жақсымен өткізген бір күн бір сағаттай-ақ өтеді де кетеді» дейді халық даналығы. Шындығында, Шәмші ағамызбен әңгімелескен бір күн бүкіл өміріме азық болғандай. Ел арасындағы алып- қашпа әңгімелердегідей емес екен Шәмші. Өте мейірімді, жанашыр, асқан парасатты, қазақ десе, өзегін жұлып берердей өр, энциклопедиялық білім иесі. Тіл және әдебиет факультетінің студенттері болған соң ба, ол кісі біздің ойымызға тамызық болсын дегендей, әдебиетіміздің ақтаңдақ тұстары туралы сауалдарды қарша боратты. Кейін Шәмші аға қойған сұрақтар ғылыми семинарларда көптің талқысына салынды да. Ол кісі әңгіме айтқанда «майын тамызып» айтады екен. Шұрайлы әңгімелерін тыңдап қана қоймайсыз, сол әңгімелердің ішінде өзіңіз жүргендей боласыз. Шәмші ағаның әңгіме айту шеберлігін әлі ешкімнен байқағаным жоқ. «Сендерге ел жұрт қарап бойын түзейді, шырақтарым, білімді болыңдар. Көп ізденіп, көп көріңдер. Ұлтымыздың бай тілі мен әдебиетінің тағдыры сендердің қолдарыңда. Сендер бақыттысыңдар ғой!»-деген сөздері әлі жадымда. Түлкібасқа келген сапары аяқталған сәтте, ол кісі барлығымызды өз бөлмесіне шақырып, қонақасы берді. Бұл да біз үшін күтпеген жаңалық еді. Ертесіне аудандық фотоательеге арнайы барып суретке түсетін болып уағдаластық. Алматыға аттанарда күзде болатын мерейтойына барлығымызға шақыру билетін таратты. Өкінішке қарай, ұлы композитордың шығармашылық кешін біз кейін теледидардан көрдік...

          Сол сияқты «Телқоңыр» бағдарламасының мақсаты – қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттау, бабалар мұрасын жалғастырушы дәстүрлі әншілерді елге танытып, қолдау көрсету, ынталандыру. Сонымен қатар,   бабалардың мәңгі өшпес мұрасын қайта жаңғыртып, өз әнін өзіне қайтару арқылы халықтың талғамын көтеру. Сонау алыс заманнан жеткен асыл мұраларымыздың бір саласы - халық әндері мен халық композиторлары туындыларының шығу тегімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.

           «Әлі есімде» Идеясы: Ән - халықтың жүріп өткен жолдары мен тағдыр-талайынан сыр шертетін шежіре. «Елу жылда ел жаңа». Әр заманда өркениет әлемі өз әуенін талап етеді емес пе?! Дәл осы заңдылықтың негізінде өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, А.Жұбанов, Ә.Еспаев, Қ.Мусин, Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, Б.Жамақаев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов, Н.Тілендиев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев, Е.Хасанғалиев сынды көптеген дарынды композиторлардың шығармалары ұлттық музыка мәдениетіне жаңаша леп әкелді. Және осы тұста біршама күміс көмей, жезтаңдай бұлбұл әншілер халыққа танылды [2].

           Ақын, композитор, әншілердің шығармашылық бірлігінен туып, тыңдарман жүрегінен орын алған тамаша туындылар музыка сыншылары, журналистер мен режиссерлердің зерттеп, зерделейтін негізгі нысанына айналды. Әрі, Қазақстан эстрадасының ауқымы тек қазақ әндерімен шектелмеді, олар, тіпті, идеологиялық шеңбердің шегінен шығып, бұл жанрдың нағыз жауһарларын жасады. Жобаның негізгі күретамыры қазақтың эстрадалық музыкасының тарихы болмақ. 
 Мақсаты: Нәзік лиризмімен, ғажайып қуаттылығымен, ана тілді әсем әуезімен бағаланатын, уақыт өткен сайын құлпырып, жасампаздығымен жаңаратын қазақтың эстрадалық музыкасын насихаттау. Сол арқылы жас ұрпаққа ұлтымыздың ұлы дарындары жайлы мағлұмат беру.

           Танымдық, әрі музыкалық «Телқоңыр» хабарының жүргізушісі, арнайы шақырылған қонақтары және көрермендері болады. Қазақтың дәстүрлі әндерінде автор, орындаушы, жеткізушілеріне қатысты даулы мәселелер жетерлік. Сондықтан хабарда ток-шоу сипаты да жоқ емес.  Мысалы, бір жылдары науқаншылдықпен «асыра сілтеніп», халық әндерінің ішіндегі кәсіби өресі жоғары «Гауһар тас», «Алқоңыр» сияқтылары Сегіз сері деген, өмірде болмаған бір авторға телінгені бар. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Жаяу Мұсаның әні делініп жүрген «Сұрша қыз»   Балуан Шолақтың әні болып шықты.   Белгілі бір әннің ондаған орындаушысы бар. Олардың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Қазір насихатталмай, ұмытылып бара жатқан әндер қаншама.      

    Халық әндерін, халық композиторлары әндерін ырғаққа салып, жаңаша орындап жүрген әншілер де аз емес. Олардың қайсысы қалай орындайды? Жаңаша орындап, жаңғыртып жүр ме, әлде әннің нақышын бұзып, қадірін кетіріп жүр ме? Дәстүрлі ән өнеріндегі ұстаз-шәкірт мәселесі. Көп жағдайда белгілі бір әнші-ұстаздан дәріс алған шәкірттер өзіндік қолтаңбасы жоқ, көшірмеге ғана айналып жатады. Бұл да талқылауға тұратын жағдай.       

 Әр бағдарлама бір  немесе екі әнге және сол  әндердің төңірегіндегі мәселелерге, орындалуына қатысты жайларға арналады. Хабарға 10-12 адам (музыка зерттеушілер, дәстүрлі ән өнері жайлы жазып жүрген жазушылар, белгілі эстрадалық әншілер, әйтеуір әнге қатысы бар адамдар) арнайы шақырылады. Ән жұмбақ бағдарлмасы Жобаға әрқайсысы үш адамнан тұратын екі команда: қазақ эстрадасының жұлдыздары өздерінің туған-туыстарымен немесе достарымен бірге қатысады. Олар ойынның 4 кезеңінен өту арқылы қазіргі әндер мен халық әндерін, композиторларды, ән авторлары мен орындаушыларын бес саусағындай білетіндіктерін дәлелдеулері қажет. «Ән-жұмбақ» бағдарламасының жүргізушісі барқыт үнді белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы көрермендерге әдемі әзілімен, орынды тапқырлығымен тамаша көңіл-күй сыйлай отырып, қатысушылардың музыкалық сауаттылығын «тексеретін» болады. Жұмбақтап жасырылған әуенді жаңылмай табуға еліміздің танымал эстрада жұлдыздары Лұқпан Жолдасов, Жолбарыс Сейфуллин, Мұрат Қожа, «Жігіттер» тобы, Мәдина Сәдуақасова, Аша Матай, Нұржан Керменбаев, Айқын, «Ринго» тобы, Тұрсынбек Қабатов, Маржан Арапбаева, Нұрлан Әлімжан және т.б. өнер тарландары белсене кіріспекші. Бағдарламаны музыкамен көркемдеуге қазақстандық бэнд «Studio 54» тобы және шоу-бизнес әлемінде жуырда ғана «Өкпе» атты әнімен танылған Динара Қайырғожа ат салысады. Топ мүшелері шоу-бизнеске жаңа аяқ басқанымен, өздері шығарған әндерін көптен бері орындап жүрген талантты музыканттар болып табылады. «Studio 54» бэнды бағдарлама көркемдігін арттыра түсері сөзсіз. «Ән-жұмбақ» бағдарламасы көрермен назарына дүйсенбі мен бейсенбі күндерінің аралығында ұсынылады. 

          Ең жанға бататын намысымызды жандыратын бағдарламалардың бірі «Сол жылдар» Идеясы XX ғасырдың 20-шы жылдары бастау алған Қазақстанның жаңа мәдениеті жайлы тарихи-талдау, танымдық бағдарлама. Бағдарлама зерттеу жанрында құрылады. Негізгі кейіпкерлер - отандық мәдениеттің қалыптасуына, дамуына ат салысқан тұлғалар. Бағдарламада мұрағат материалдары пайдаланылады және тақырыпқа орай, кейіпкерлер әңгімесі жазылып алынады. Мақсаты: Мәселен, 1958 жылы Қазақ телевизиясы құрылды. Осы Қазақ телевизиясының қалыптасуын өзек ете отырып, бір жылдың мәдени тарихына шолу жасау. Мысалы, 1967 жылы кейіннен  қазақ эстрадасына жаңа серпіліс әкелген «Досмұқасан» ансамблі дүниеге келді.  Бір ғана осы ансамбльдің төңірегіне сол жылдардағы қазақ эстрадасының дамуы мен шарықтауына тоқталып өту. Яғни, негізгі мақсат - еліміздің 1920 жылдан бергі мәдениет тарихындағы елеулі оқиғаларды ескеру арқылы, отандық мәдениеттің тарихын түгендеу, тереңіне үңілу.

        «Қыл  қалам» Идеясы: «Қазақстан суретшілерінің антологиясы» - бұл сонау Әбілхан Қастеевтен бастап, бүгінгі жас шеберлерге дейін қысқаша жинақталған қазақстандық суретшілердің телеэнциклопедиясы іспеттес. Әр бағдарлама танымдық және эстетикалық қырлары бар, бас-аяғы жып-жинақы эссе болады. Бағдарлама тылсым өнердің негізін қалаушылар, авангард, мүсін, графика т.б. болып бірнеше бөлімдерден құралуы мүмкін. Мақсаты: Қазақстандық суретшілердің әлемнің айтулы қылқалам шеберлерінен артылмаса, кем түспейтіндігін насихаттау.

       «Кітапхана» Идеясы: Қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің тарихын негізгі екі бағытта бағалау байқалады. Олар: өз алдына дамып келе жатқан XVII ғасырға дейінгі қазақтардың көне түркілік ауызша және кәсіби әдебиеті, ал, екіншісі: жаңаша классикалық жазба әдебиет. Бағдарламаның негізгі өзегі - қазақ әдебиетінің кеңінен танымал шығармалары мен көне жәдігерлері туралы осы сала мамандарының пікірлерін халыққа жеткізу.   Мақсаты: көрермен назарына қазақ әдебиетінің ғажап туындылары жайлы  тың деректер ұсыну, ғаламтор жаулап алған жастар санасын кітаптың қадіріне, құндылығына аудару [2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ҚОРЫТЫНДЫ

   Қазақстан телеарнасы Қазақстанның ұрпағын тәрбиелеу мақсатымен, оларға салт-дәстүрлерді әдеп-ғұрыптарды білу,орындауды үгіттеп, бірқатар бағдармалар құрастырып көрсетілуде. Оларға  қазақ халқының ойындарын, ас мәзірін, көркем әдебиет фильмдері, адамдардың ой қабілетін дамыту бағдармалары, көркем поэзия, қазақ халық әндерін жатқызуға болады.

Экрандағы телеавторлар мен шығармашылық және техникалық  топтың әрбірі теледидар табиғатын ескере отырып, өздерінің біліктілігі мен парасат-пайымының деңгейінен көрермендеріне үлгі-өнеге тұтар ғибратты шынайы көркем туынды ұсынуға ұмтылыс танытқан. Сондықтан олардың шығармашылық ерекшелігін мына бағыттардан қарастыруға болады..

 Біріншіден, теледидар  сценарийіне айқын, анық айтылатын,  жарқын, жарасымды сезілетін, ауызекі  сөйлеуде әлеуметтік мәні басым,  толғақты әрі толымды ой қосылып,  өмірдегі азаматтық мұрат бейнелі,  отты, қуатты сөздермен айшықталды. Екіншіден, ағартушылық-тәрбиелілік,  рухани-мәдени бағыттағы хабардың  тақырыптық өрісі кеңейді, кейіпкердің  алғырлығы мен сезімталдығы ұшқырланып, телеэкрандағы  жүргізушінің сұрағы мен қонақ жауабынан үйлесімділіктің тұтас бейнесін байқауға болады. Үшіншіден, теледидардың тіл байлығына жаңа тіркестер мен ұғымдар қосылды. Өйткен, ой мен ұғымды білдіретін сөз іздеу, сөздің жігін білдірмей қалау шеберлігін игеру қажеттілігі туды. Төртіншіден, теледидар хабарларынан сан алуан құбылыс, түрлі суреттерді, кескін мен көңіл-күйдің терең түкпіріндегі сезімдер, алуын, өршіл мәнездерді байқауға болады.

Осы нұсқауларды  орындау арқылы Қазақстан телеарнасы үлкен дәрежеде , ең үздік телеарна екенін көрсетеді. Қанша  телевединие болмасын осындай бағдармалар құрып қарапайым халықты да , болашақ ұрпақты, да саясат меңгерушілерін де қазақи салт-дәстүрге оқытуды көбі өз қолына алмайды. Себебі бұл оңай нәрсе емес. Бұл жай салт-дәстүр емес бұл ата-бабалардан келе жатқан өнеге. Қазіргі таңда бұл әдеп-гұрыптар мен салт-дәстүрлер әлі күнге орындалып, айтылып ары қарай жолын жалғастырып жатыр. Бұндай тарихи мәдениетті ұмыту қазақ халқы үшін мүмкін емес шарт. Салт- дәстүрлерді Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады

Информация о работе Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер