Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 15:47, курсовая работа

Краткое описание

Салт-дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақтың мәдениеті, тарихы, асыл қазынасы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл ережелер Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер…………………………….....................................................................5 2.2 Қазақстан ұлттық телеарнасы мен салт-дәстүрлер арасындағы байланыс..................................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….........……………...........…....21

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая кириспе.docx

— 45.01 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

Негізгі бөлім

2.1 Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер…………………………….....................................................................5                            2.2 Қазақстан ұлттық телеарнасы мен салт-дәстүрлер арасындағы байланыс..................................................................................................................9

Қорытынды............................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….........……………...........…....21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

\

 

Кіріспе

       Курстық жұмыстың өзектілігі

      Салт-дәстүрлер  ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан  қазақтың мәдениеті, тарихы, асыл қазынасы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл ережелер Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады.

       Зерттеу жұмысының нысаны «Қазақстан» телеарнасындағы салт-дәстүрлерді насихаттау.

        Зерттеудің  міндеті мен мақсаты Жұмысты жазу барысындағы мақсатым Қазақстан телеарнасының қазіргі таңда халыққа болашақ ұрпаққа салт-дәстүрлерді үгіттейтінін дәлелдеу.

      Зерттеу жұмысының  дереккөздері

      Курстық  жұмыс жазу барысында Намазалы  Омашевтің «Қазақ журналистикасы»  кітабы, «Этнографпен әңгіме», Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» энцеклопедиясы мен қазақ халқының мақалдары және Қазақстан ұлттық телеарнасының ресми сайты басшылыққа алынды.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

      Зерттеу  жұмысында Қазақстан телеарнасының  бағдармаларының басқа телеарналардан  ерекше екендігі ажыратылып, олардың  халықтың санасына, тәрбиесіне салт-дәстүрлерді  ұмытпау, оларды сақтауын насихаттауы.

       Зерттеудің  практикалық маңызы Бұл жұмысты жоғарғы оқу орындарында оқытушылар мен студенттер  әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

       Зерттеу әдістері Зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.

      Зерттеу жұмысының құрылымы Бұл жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, негізгі бөлім қорытындыдан тұрады.

 

 

     

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Қазақстан телеарнасындағы  қазіргі бағдармалары және  салт-дәстүрлер

 

       Қазақ   ұлттық  телеарнасы - бiрiншi ұлттық  қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі  қаланған. Сол жылы  "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Қазақстан" қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, "Ел" (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармаластық бірлестіктері жұмыс істейді. "Мезгіл", "Бар мен жоқ", "Қатардағы жауынгер", "Ақжүніс" топтама хабарлары беріледі. Екі тілде "Достық" тележурналы шығып тұрады. "Мир" телеарнасының тапсырмасы бойынша "Достастық жаңалықтары" беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы  Қырғызстан , Өзбекстан,Ресейдің  Қазақстанмен  шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады.

Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі медиа құрылым болып табылады. Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық аумағына, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына жауап береді. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери мерекелік парадтар,  НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді.

Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әртүрлі жастағы  көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық  және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік  тілді дамытуға негізделген жобалар  көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне  елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде  жариялап отыр. 

 «Қазақстан»  Ұлттық арнасы көрсетілімдерінің  елеулі үлесі көркем фильмдер  мен сериалдардың трансляциясына  беріледі. Телеарна эфирі барлық  фильм жанрларын ұсынып отырады  - әлемдік классика, детектив, комедия,  арт-хаус, триллерлер және экшн - фильмдер. Қазір қазақ елі көрермендеріне  түрік және корей халқының  үздік телесериалдары көрсетіліп  келе жатқанына бірнеше жылдың  жүзі болды. Ал, негізгі орын  отандық «Қазақфильм» киностудиясының  туындаларына беріліп жүр. Ұлттық  арна түрлі жанрлардағы бағдарламалар  шығарумен қоса көркемсуретті  фильмдер жасаумен де айналасып  келеді. 
           Қазір жобалар өндірісінде телехабарлар таратудың виртуалды студиясы сияқты ең соңғы жетістіктері кеңінен қолданыла бастады. Графикалық технологияның дамуына байланысты жарық қою құпияларын жіті пайдалану арқылы жүзеге асатын виртуалды декорациялар жасау мүмкіндігі пайда болды. Телеарна  өндірістің, сондай-ақ бейнеконтентті өңдеу мен сақтаудың сантаңбалық технологиясына көшкен. Бұл жүйені іске асыру жеделдікті көтерумен бірге телеарна шығармашылық бірлестіктерінің еңбек өнімділігін арттыруға зор мүмкіндік туғызады. Бүгінде белгілі бір оқиғаны жан-жақты қамтып көрсете алатын «Қазақстан» телеарнасындағыдай он екі камералық жылжымалы телевизия құрылғы ТМД елдері телевизиясының көпшілігінде жоқ. Бұл техниканың ең соңғы буыны саналады.

Бүгінде танымдық-тағылымдық, көңілашар-ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы  даму үстіндегі телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы  Қазмедиа орталығынан хабар тарата бастады. HD  форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда [2].

Қазақстан телеарнасы Қазақстанның ұрпағын тәрбиелеу  мақсатымен, оларға салт-дәстүрлерді әдеп-ғұрыптарды білу,орындауды үгіттеп, бірқатар бағдармалар құрастырып көрсетілуде. Оларға  қазақ халқының ойындарын, ас мәзірін, көркем әдебиет фильмдері, адамдардың ой қабілетін дамыту бағдармалары, көркем поэзия, қазақ халық әндерін жатқызуға болады. Жалпы салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, Кыз ұзату және өлген адамды жәнелту жатады. Қауымдық-қоғамдын ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойы, құрбан айт ,ораза айт, ас беру, т.б. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық- коғамдық салт-саналар өзара астасып, араласып жатады. Отбасылык ғұрыптар кейде қоғамдық сипат алады, ал бүкіл қауым аткаратын, қатысатың ғұрыптар әр отбасында көрініс табады [3;10б.].

      Қазіргі таңда бұл әдеп-гұрыптар мен салт-дәстүрлер әлі күнге орындалып, айтылып ары қарай жолын жалғастырып жатыр. Бұндай тарихи мәдениетті ұмыту қазақ халқы үшін мүмкін емес шарт. Салт- дәстүрлерді Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады [4].

          Бүгінгі күнде балалар назарын ойындар аударып жатыр. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер [3,31б.].

 

2.2 Қазақстан ұлттық телеарнасы мен салт-дәстүрлер арасындағы байланыс

     Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп6, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

        Осы ойындардың бірі көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда  өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді. Намыс дода ертедегі жігіттердің бір-бірімен жарсатын ойын ретінде жаңартып көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру. Ұлттық ат спорты түрлері Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып, көкпар ойынын әлемдік деңгейге алып шығуға талпыныс жасау. Әрі ұлттық арна ұлттық спорт түрлерінің бірден бір насихатшысы екендігін әйгілеу. «Көкпар. Ұлттық ойын» телебағдарламасы екі жолмен жасалады. Біріншісі: Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігі мен «Көкбөрі» Халықаралық федерациясының жоспарындағы республикалық біріншіліктерді түсіру. Екіншісі: Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігі мен «Көкбөрі» Халықаралық федерациясы тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының біріншілігін өткізу. Бұл біріншілік көкпарды телевизияның барлық сұранысына сай түсіру үшін өткізіледі.

          Ас адамның арқауы демекші қазақ халқы бұл тақырыпты ерекше тындап, қарайды. Сондықтан Қазақстан телеарнасы ас мәзірі бағдарламасын да құрды. Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі- үш қонақ көрпесі, екі- үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған. Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай- жапсарын жетік білу ата- бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз дей отырып ортаға қонақтарды шақырамыз. Қазақи ас мәзәрәне ең басты мына тағамдарды жатқызуға болады. Қазақша ет- асу үшін жылқы еті болсын, сиыр еті болсын жуылып салқын су құйылған қазанға тұтас салынады да отты басыңқырап қойып, бабымен қайнатылады. Бір қайнағаннан соң, көбігі алынады да, одан әрі ауық- ауық сапырылып қойылады. Сонда көбігі тарайды. Ал еттің бар маңызы сол көбігінде болады. Ет қайнап жатқанда оған салынатын қамыр дайындалады. Ол үшін алдымен еленген ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып қамыр иленеді. Содан кейін дөңгелектеп күлше қалпына келтіреді де әлгі табақ 30-40 минут төңкеріліп қойылады. Сонда қамыр көтеріледі.Қамырды оқтаумен жұқалап жайып (1-1,5 мм), 8х8 сантиметр мөлшерінде төртбұрыштап кесіледі. Айранды пісіп сары май шайқалады. 
Қымыз- биенің ашыған сүті. Шұбатты көбінесе торсықта немесе ағаш күбіде ашытады. Салт- дәстүрдің көрінісі қонақжайлылық туралы айтылған мақал- мәтел мағнасын түсіндіру. «Барымен базар», « құдайы қонақпыз»- деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру парыз. «Қырықтың бірі Қыдыр», « Қонақ пен бірге құт келеді» - мұнысы қонақты қума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса, екіншісінен құт келеді дегенді білдіреді.  
«Адам болар бала қонаққа үйір» - деген қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады.

            Бір айта кететін жайт- Қазақстан кең байтақ өлке. Соған орай оның түкпір- түкпіріндегі салт- дәстүр де әр түрлі. 

Қазақ тележурналистикасының  даму жолындағы негізгі бағыттарды экандағы бағдарламалардың түрлік және мазмұндық үндестігімен тамырластыра отырып саралауға ден қойдық. Олар: әлеуметтік-саяси, көркемдік-танымдық, ойшылдық-поэтикалық, талдау-проблемалық, танымдық бағыттар ретінде қарастырылды. Телепублицистиканың экрандық ерекшеліктері, тақырыптық- мазмұндық сипаты, көркемдік-идеялық  мән-маңызы С. Масғұтов, С.ОРазалинов, Қ. Игісінов, Қ. Қорғанов, Ғ. Шалахметов, С.Әшімбаев, Н.Иманғалиұлы, С. Байхонов, М. Ерғалиев, Ж. Ерман, Б. Омаров, Б. Құсанбек, Ғ. Боқаш  т.б. телепублицистердің бағдарламалары арқылы талданып, сараланады. Әр халықтың жүріс тұрысы, мінезі,рәсімі әртүрлі болып , әрбір істі өз рәсімінше біледі. Халық рәсімі жалғыз тергеуге керек болып қоймайды, халықтың шежіресін білуге һәм тұрыс-жүрісінің жайын,мінезін,ойын білуге де керек.Әйтеуір кім халықтық рәсімін білмесе , ол кісі халықтың өзін де білмейді. Бірақ халық арасында жүрмегендіктен, рәсімнің қайсы бірі уақыт өткен сайын ұмытылады,яки жүріс-тұрыстың, мекенінің жайына қарай оған қосылады, не бұзылып, бір түрге түседі [1,18].

Информация о работе Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер