Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:28, сочинение
Біздің бүкіл тарихымыздың олжасының бірі – ата- бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қанын төгіп жүріп қорғап қалған қасиетті жеріміз болса, екіншісі – сол ата бабалардың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен – қазақ тіліміз. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан малаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.