Қазақ тілінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:28, сочинение

Краткое описание

Біздің бүкіл тарихымыздың олжасының бірі – ата- бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қанын төгіп жүріп қорғап қалған қасиетті жеріміз болса, екіншісі – сол ата бабалардың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен – қазақ тіліміз. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан малаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ тілінің дамуы.doc

— 36.50 Кб (Скачать документ)

                                  

Қазақ тілінің дамуы

 

Біздің бүкіл  тарихымыздың олжасының бірі – ата- бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қанын төгіп жүріп қорғап қалған қасиетті жеріміз болса, екіншісі – сол ата бабалардың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен – қазақ тіліміз. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан малаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Тілі жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістін қай саласы болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды. Қоғамның қандай түрі болмасын, ол тілсіз өмір сүре алмайтыны анық. Яғни тілді адамдар ұжымы-қоғам дүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қызметін атқарады. Тіл – адамзат ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірлесіп жұмыс істеуіне, бірін-біріне түсінуіне мүмкіндік беретін құрал. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Әрбір құбылыстың шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдін де өзіндік шығу тарихы бар. Кейбір тілдер дүниеге ерте келгенімен, кейіннен қолданыстан шығып қалып жатса, енді бірқатар тілдері ілгері басып дамып келеді. Ана тілімізді қастерлеп, қадірлеу – ежелгі салтымыз. Қазақ халқы – ежелден шешендікке құмар, тіл өнерін ерекше құрметтейтін халықтардың бірі. Ана тіліміз ардагер ақын-жазушыларымыз Абай, С. Сейфулин, С. Мұқанов, С. Торайғыровтың жыр арқауына арналған.

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік», - деп, ашына айтқаны ойға келеді.

Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп, асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі – ар өлшемі! Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ана тілнің бүге-шегесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жерді, елді, Отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Кім ана тілін айрықша бағаламайды дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған. Ана тілінің байлығын пайдалана алмаған адам – пақыр, күлкіге ұшырайтын жан.

Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихы бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құралы. Қазақ тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл – халық тарихының, әдет-дәстүрінің, әдебиетінің, мәдениетінің, таным-түсігінің көрсеткіші десек, ұлттық сипаты салт пен әдетті, халықтық тағылым танымды, рухани қазынаны сақтаушы да – ана тіліміз. Еліміз егемендік алғалы бері қазақ тілі мемлекеттік тілге ие болып отыр. Мемлекеттік мәртебеге ие болу деген сөз мемлекетік құжаттар, іс-қағаздар түгелдей қазақ тілінде іске асады деген сөз. Қазақ тілінің бай ауызекі сөйлеу үлгілері көркемдігі бай болса, жазба нұсқалары әр кезеңіндегі ұлттық тілдің негізін танытар белгілер. Н.Ә. Назарбаевтың жолдауларында үнемі қазақ тілінде сөйлеу прблемасы қолға алынған. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін кем қолданылуы қолға алынып жатыр. Қазақша сөйлейтін жастарымыз азайып барады. Осындай жағдайды болдырмау үшін қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақ  тіліндегі ұлттық туындылырымызды көп оқумыз қажет. Тілді оқулықтан ғана  үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу т.б. Біздің мақсатымыз – ата -баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу. Дағыстанның  әйгілі ақыны Расул Ғамзатов былай деген-ді: «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ». Бұл И.С.

 Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері дегенде алынатын тұс –тілдің тазалығы. Көп адамдар тілдің тазалығына мән бермейді. Тілдің тазалығына мән берген адам өз ана тілімізді биікке көтерді. Ғ. Мұстафин айтқандай: «Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді» дегендей тіліміздегі сөздерді мән - мағынасын түсініп, керекті жерде қолданған  жөн. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі–оның орындылығында, өрлігінде орасан зор байлығында. Қазіргі қазақ тілі – халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбелеудің қуатты қаруы. Ендеше қазақ ұлты да өзінің бай қазынасы сақталған халық тілінің сыр - сазын танып, оны арғы бергі бүгінгі мұрамен, әдебиет, дәстүр, мәдениет өнермен сабақтастыра алғанда ғана әлемнің рухани құндылықтары қатарында өз қолтаңбасын қалдырады.

 

 

                                                                                                          «Журналистика» оқу тобы

                                                                           Абай Тағыберген


Информация о работе Қазақ тілінің дамуы