Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 14:07, реферат
Жазбаша деректемелер археологиялық зерттеулермен ұштастырылып қазiргi таңда б.з.б. 8 — 1 ғ-лардағы тайпалар, тайпалық одақтар жөнiнде көп мәлiметтер алынып отыр.Б.з.б.3 ғ-да Қазақстан жерiнде кейбiр тайпалар өз мемлекетiн құрып,алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түскенiн де жазба және археологиялық деректемелерден көруге болады.
Жазбаша деректемелер
археологиялық зерттеулермен
Бұл бiрлестiктi Мөде басқарған кезде ғұндар бүкiл әлемге танылды.Мөде әкесін өлтіріп таққа отырды.Ол ғұндарды ұлы елге айналдырған реформаларды іске асырады.Мөденің басқарған уақытында ғұндар дунхуларды талқандайды,жеңілген жаудың қалдықтары Маньчжурияға,Монғолия мен Оңтүстік Забайкальеге қашып кетеді. Мөде шаньюй б.з.б. 206 ж. Қытайға, б.з.б. 201 ж. Алтай тайпаларына сәттi жорықтар жасады.Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп,''Тыныштық және туыстық''туралы шартқа отырып,жыл сайын оған салық төлеп тұрды.Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке,Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі жерлер қосылды.Олардың халқы 1.5 млн. адамға дейін жетті.
Ғұндар бiрлестiгiне шыққан тегi әр түрлi тайпалар немесе этникалық саяси құрылымдар кiрген. Конфедерацияның қоғамдық өмiрiне бiр орталыққа бағынғысы келмейтiн қуатты күштер, кең байтақ жердiң әр түкпiрiндегi аудандар арасында берiк саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Ғұн қоғамында бiрлiк Фратрияаралық бауырластық ұйымның ерекше түрi болуы арқылы орнаған.
Б.з.б. 55 жылы ғұн одағы екіге бөлініп, Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік және ЧжиЧжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлiндi. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында қалды да, солтүстік сюннулер өз тайпаластарының қысымымен солтүстік пен батысқа қоныс аударды. Б.з.б. 49 ж. Чжи-Чжи ғұн конфедерациясын қайта бiрiктiруге деген талпынысы нәтиже бермедi.Оңтүстік және солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін,Чжи-Чжи басқарған солтүстік ғұндар Солтүстік Монғолия,Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.
Ол қаңлылармен
одақтасып, үйсiндермен
Шайқастың салдарынан:
-Ғұн әскері талқандалып,қала қиратылды.
-Чжи-Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп,қатал жазаланды.
-1200 жауынгер
Қытайдың қол астындағы
Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетiн құрды. Солтүстік ғұндардың Едiл — Жайықтағы үлкен бөлiгi 4 ғ-дың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейiнгi өлкенi бағындырды.
Б.з.93жылы-ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды.Ғұндар Сырдарияға,Арал жағасына,Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.Б.з.IV ғасырда-оңтүстік Орал даласына, Дунайға жетіп,'' ғұндар'' деген атпен Венгрияға қоныстанды.
Ғұндар шаруашылықтың көптеген түрімен айналысқан.Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды.Көшпелілер тұрмысында мал қысы-жазы тебіндеп бағылған.Жылқы ерекше маңызды орын алды.Сыма Цянь былай деп жазады:''Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді''.
Үй малынан жылқы,ірі қара және қой-ешкі өсіреді,біразы түйе,есек ұстайды.Шөптің қалың,судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді.Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады,олардың терісін киім қылады,жүн мен аң терісін жамылады.Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл атқарды.Ал қойдың етін,терісін,жүнін пайдаланады.Қой терісі мен жүннен киім,аяқ киім жасады,жүннен киіз басылды.Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды.Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ болуы,мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды.Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.
Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген.Деректемелерде ''солтүстік жерлерде суық ерте түседі,сондықтан тары себуге қолайсыз болса да,ғұндардың жерінде тары себіледі''деп жазылған.Байкал көлінің сыртындағы Нижне-Иволгинск қала жұртын қазған кезде еденді сылаған балшық арасынан туралған сабан,тары дәндері шықты.
Нақ осы жерден қысқы,тұрақты жартылай жертөлелердің жұрты табылды,олар кандар жүйесімен жылытылған.Тары дәндері, шойын түрендер, темір орақ , тас дәнүккіштер және астық сақтайтын ұралар шықты.Адам жерленген ағаш қималар да ғұндарда отырықшылық болғанын дәлейді.Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл атқарды.Бұл жөнінде деректемелерде былай делінген:''балалар қойға мініп ,садақ тарта алады және құстар мен тышқандарды ата біледі:бірақ өскен сайын олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады.Олардың арасында орнаған ғұрып және дәстүр бойынша,тыныштық кезде мал бағып,оған қоса құс пен аң аулайды,сөйтіп тіршілік етеді''.
Ғұндардың қабірлерін қазған кезде
көптеген жануарлардың қалдықтары
, киіктің,қабанның,құланның,
тері табылды.Қабірлерде
керамика-құмыралар,көзелер,
тың дамығанын дәлелдейді.Басқа жақтан әкелінген заттар,жібек маталар,айналар,көз
салған әшекейлер кездеседі.Ғұндар Қытай және т.б.елдермен сауда қатынастарын
жүргізген.Оны
үстем тап өкілдерінің
қымбат бағалы Қытай маталары дәлелдейді.
М.Қашғари ( XI ғ. )-ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады.Баспанасы-киіз үй.Ошақ тастан қаланып,оның үстіне қола қазан орнатылған.
Ғұндар ошақты қадір тұтқан.
Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті
мал шаруашылығы деп сипатталады.
Ғұндардың қоғамдық
құрылысына келетін болсақ олардың
қоғамында патриархалдық-рулық
басқарған.Жылына 3 рет өткізілетін халық жиналысында мемлекеттік іс талқыланып,
көк (аспан) құдайына арнап құрбандық шалынған.
Малға, жерге жеке меншік болған. Соғыс тұтқындарын құл етіп ,үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші, жер жыртушы есебінде пайдаланған. Мемлекет билеушісінің титулы-шаньюй.Олар өз туыстарынан түменбасын(әскер басшысы)сайлап,оларға жер бөліп берді (24 түменбасы болған).Түменбасылар мыңбасыларды, жүзбасыларды сайла-ған.Қоғамда билік мұрагерлікпен беріліп отырды.Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халыққа салық салынды.Ғұндарда жазу ісі де дамыған.
Ғұн қоғамында соғыс ісінің дамуы шарықтау шегіне жетті.Әскердің негізі-атты жауынгерлер болған.Басты қарулары –садақ.Бұдан басқа темір қалқан және қамал бұза-
тын қарулар болған.
Ғұндардың әскери қуаты, қытайлықтарды Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүрлет-
ті (ұзындығы 5000 шақырым,биіктігі 6-10 м,ені 5-6 м).Ғұндардың дағдылы құқық
ережелері:
-Ұрлық жасаған адамның жері алынады.
-Шайқаста
жаудың басын алған немесе
жауды тұтқынға түсірген
Ғұндар таптық қоғамға және мемлекеттік басқаруға өте бастаған.
Белгілері:
- жеке меншік пайда болды;
- алғашқы әкімшілік аппарат құрылды;
- салық енгізілді;
- құқық артықшылығының ержесі қалыптасты.
Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.
Ғұн тайпаларының өзіндік мәдениеті де қалыптасқан. Ғұндар Көкке (Тәңірге) сиынған
түркі тайпаларының арғы тегі болып есептеледі.Ғұндардан қалған аса құнды мәдени мұра-зергерлік өнердегі “ полихромдық стиль”болып табылады.Ол Жерорта теңізінің
шығысы мен алдыңғы Азияны мекендеген халықтарының Орталық Азия халықтарымен
өзара мәдени байланыстардың негізінде қалыптасқан зергерлік өнердегі бағыт болатын.
Яғни,күмістен,алтыннан зергерлік бұйымдар жасауда зерлеу,асыл тастармен көмкеру сияқты күрделі әдістердікеңінен пайдаланған.Бұл стиль бірте- бірте сақ–скиф дәуірінің
“аңдық стилін”ығыстыра бастады.Зергерлік өнердегі полихромдық стиль бүгінгі күнге дейін кеңінен қолданылып келеді.
Ғұндардың ең ұлы билеушісі Еділ (Атилла) патша болған.Еділ (Аттила) қаған (406—453) — батыс ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи ірі тұлға.Ол Еуропада тұрақтап қалған ғұндардың билеушісінің баласы болғандықтан жас кезінен Римде оқып білім алған.Кейін еуропалықтар оны ержүрек қолбасшы,дарынды дипломат,кемеңгер саясаткер ретінде мойындады.
Еділді Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила және оның дәуiрi тарихта өшпес iз қалдырды, белгiлерiн тек тарихи шығармалар, жылнамалар және эпикалық шығармалар ғана сақтап қалған жоқ. Мәселен, германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқанын айтуға болады. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерiне қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған.Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.
434 ж. Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде жарқырап көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды.Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунайға дейінгі жер Ғұн империясының иелігіне айналады.
Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.Арада төрт жыл өткеннен кейін Рим императоры Валентин ІІІ нің қарындасы Онорияның өтінішімен Еділ батысқа аттанып, Галлияға басып кіреді. Галлияны билеуге Рома императоры жіберген атақты қолбасшы Аэций вестгот, алан, фраңги ұлықтарымен тіл табысып, Еділге қарсы көп әскер шығарады. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі.
Каталаун шайқасы — Каталаун даласында (латынша: Campi Catalaunici; франсузша: Châlons-en-Champagne — Шалон-ан-Шампан) 451 ж. маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзб ж.) Канн, Наполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады.451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды.
Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франция) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен Еділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды.
Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет».
Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi.Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын.Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды.Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Еділ әскерiмен Паннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды».Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.
Информация о работе Жазбаша деректемелер археологиялық зерттеулермен ұштастырылып