Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2014 в 12:27, реферат
Сыр бойы мен Арал өңірін мекендеген қазақтар 18-19-ғасырда әсіресе,кіші жүз ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтіргеннен кейін,оңтүстіктегі Қоқан,Хиуа хандарының шапқыншылығынан көз ашпады.олардың қанды щеңгелі және өз ішіндегі руаралық қырқысулар мен барымта шабуылдары бұқара халықты әбден титықтатты.Қажыған,азап шеккен,ар-намысы тапталған халықтың қайғы қасіретін жеңілдетуді,елінің егемендігін,туған жерінің тәуелсіздігін сақтап қалуды ойлаған дала баиырлары өз маңайындағы рулардың басын біріктіріп,жан-жақтан анталаған жауға қарсы тұрды.
1850 жылы Сырдан өтетін қос өткел Жаңақала мен Қаратөбені уыстап тұру үшін Қазалы төңірегі жаулап алынды. Одан кейін Қосқорған, 1853 жылы маусым айында граф Перовскийдің бастауымен Ақмешіт қамалы қырғын шайқастан кейін басып алынды. Соның ізінше № 1 және № 2 форт салынып, Перовский Сырдария шебі бекінісі, Арал флотилиясы құрылып, Бутаков пен Черняяев соның кемелерімен Әмударияның сағасында орналасқан Қоңырат шахарына дейін барып қайтты. Одан көп өтпей айрықша билігі бар орыс шенеуінігінің аузына қарайтын қазақ жұртшылығын басқаратын басқару жүйесі құрылды. Содан соң орыстардың қазақтарды құлдыққа салуының, тағы да басқа болашақта жасайтын шаруаларының алғашқы тәжірибесі ретінде Сыр бойына Орынбордан қазақ-орыстардың 30-ға жуық үйі кӛшіріп әкелінді. Бұл жәйітті сол оқиғаларды өз көзімен көрген сол кезде болған Ізтілеу батыр «орыстар қазақтар сықылды шабарын шауып, аларын алып кете бермейді, керісінше, алса да тонамайды, бірақ қазақ жерінен ешуақытта кетпейді» деп әңгіме қылған. Бұдан кейін Сырдария мен Сібір шептерінің түйісуін көздеп, орыс әскерлері ішке қарай дендеп еніп берді. 1864 жылы генерал Веревкин Түркістанды, 1865 жылғы шілде айында генерал Черняев Ташкентті жергілікті халықты аяусыз қырып-жойып басып алды.
Сыр бойында орыстардың билік құруы
басқалардың наразылығын
Бірақ полковник Ерофеевтің дер кезінде батыл әрекетінің арқасында олар Ырғыз Торғай өзендеріне жетпей тоқтатылды. Содан кейін, орыстардың Сыр бойында хиуа тарапынан бірде-бір қарсы ашық әрекет бола қойған жоқ. Жаңақала үшін болған қырғын шайқастарда орыстар Жанқожаны өзіне сенімді одақтас деп білді. Батыр шайқастан кейін Райым гарнизоны әскерлерінің азық-түлігіне түскен олжадан 100 қойды бөліп берді.
Хиуа сарбаздарын талқандап, Сыр бойына қуып жіберуге үлес қосқаны үшін батырға жоғарғы мәртебелінің пәрмені бойынша жасауыл шені берілді. Жанқожа батыр Сыр бойымен Қарақұмды жайлайтын қазақтар арасында өте беделді, өте абыройлы еді. Ол орыстардың жағына шығып, өз туысқандарына орыс билігіне мойынұсыну керектігін көрсете білді. Алғашқы кезде батырдың бізге іш тартуының орыстардың Сыр бойының көп қан төкпей жаулап алуына, жаңа өлкеге алғаш рет қадам басқанда айрықша маңызы болды. Ең басты мақсат Хиуа мен Қоқан әскерлерінің әр қадамын бақылап сауда кемелерін сақтауға шындап кірісе алды Мұндай жақсы қарым-қатынас орната білу, Орта Азияға бойлап кіру үшін өте қажет еді. Оның үстіне Сахара қазақтарын өзіне қаратып алуы орыстардың жасаған айла шарғысының терең екендігінің бірден-бір дәлелі еді.
Жанқожа батырдың біздің жаққа жылы шырай танытқанын шебер пайдаланып, онымен арадағы достық ниетін нығайта түсу мақсатымен, басқа қазақтарға ақ патшаға мойынсұнғандарын бағалай білетінін көрсету үшін, Жанқожаны Сырдың оң жағасында, Қарақұм мен Борсық құмда көшіп-қонып жүрген қазақтардың билеушісі етіп тағайындады. Орынбор жаңа губернаторы жүргізген саясат Хиуа мен Қоқанның билігіне ұшыраған қазақтардың Ресейге дұшпандық көзқарасын күшейтті. Қазақтардың бір бөлігі Хиуа мен Қоқан аумағына көшіп кетті. Перовский бұл үрдісті тоқтатуға тырысты. Осы мақсат үшін 1834 жылы полковник Жемчижников қазақ даласына жіберілді. 1836 жылдан 1839 жылға дейін орыс әкімшілігі қазақтарды тыныштандыру үшін бірнеше жазалау экспедициясын жіберді. Орынбор губернаторы «мазасыз көршісі Аллақұл ханды бір соққымен құртқысы келіп, ақырында Хиуаны жаулап алуға патшадан рұқсат сұрады. Мүлде сәтсіз аяқталған бұл жорықты В.А.Перовский 1839-1840 жылдарда жасаған. Бұл әскери әрекеттің алдында 1834 жылы Ново-Александрск бекінісі мен Орскіден Тройцкіге дейінгі әскери шеп салынған болатын. Хиуаға қайталап жорық жасалуынан қауіптенген Аллақұл хан 1840 жылдың жазында Ресейге 424 орыс тұтқынын қайтарды. Ресеймен достық туралы келіссөздер жүргізу үшін ол Петербургке елшілер жіберді. Сонымен қоса жарлық шығарды, оған сәйкес «ендігі жерде ешкім орыс иеліктеріне шапқыншылық жасамауға және орыс тұтқындарын сатып алмауға тиіс» болды. 1834-1839 жылдарда қарулы жазалау экспедициялары Маңғыстау және Арал өңірі қазақтарына орасан зор материалдық және моральдық зиян келтірді, алайда олардың моральдық рухы жасыған жоқ.. Кіші жүздегі патшалық –отаршылдық саясатқа қарсы халық көтерілісі сол жылдарда басталды. Сол арқылы В.А.Перовскийдің Арал өңірі қазақтарын тыныштандыру жөніндегі саясаты мақсатына жетпеді. Керісінше Кіші жүздегі саяси жағдайды асқындыра түсті. Патша үкіметі хиуа жорығын қайталағысы келді.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарында патшалық Ресей
Орта Азия хандықтарын түпкілікті жаулап
алуға әлі де әзір емес еді. 1839 жылдың
аяғындағы Перовскийдің басшылығымен
Хиуаға жасалған сәтсіз жорық әлі
де естен кете қоймаған болатын. Орта
Азия хандықтарының экономикалық және
саяси ахуалын зерттеу
1847 жылы
орыс әскерлері Сырдарияның
ХІХ ғасырдың 40-жылдарының аяғында Ресей ӛзінің Сырдария өзеніндегі пәрменін нығайтып алды. Соның нәтижесінде, ол Хиуамен, оның шығыс шет аймақтарымен тығыз қатынасқа түсті. Қазақстанды, Қоқан және Бұқара хандықтарын жаулап алуына байланысты, Ресей Түркістан генерал-губернаторлығын құруға мүмкіндік берді. 1869 жылы ол Красноводск шығанағын иеленіп алды. Сол арқылы Хиуа үш жағынан: батысынан орыс әскерлерінің Кавказ отрядымен, солтүстігінен- Орынбор және шығысынан-Түркістан отрядымен, солтүстігінен – Орынбор және шығысынан Түркістан отрядымен қоршауға алынды. Хиуа ханы Ресейге көзқарасы жөніндегі дұшпандық саясатын жалғастырып, қалыптасқан жағдайдан тиісті қорытынды жасамады.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарының шегінде бұл көзқарас сыртқы істер министрлігінен тиісті қолдау таппады, бірақ жоғары әкімшілік салаларында өзіне күні өткен көп жақтастар таба берді және ақырында 60 шы жылдардың орта шенінде Петербургтің ресми пікіріне айналды. Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жөніндегі экспанциялық мақсаттары негізінен алғанда, екі жолмен жүзеге асырылды. Ресей әскерлерінің аймаққа Оңтүстігінен де, Солтүстігінен де ойдағыдай ілгерілеуі 1857 жылдарда Шымкент және Әулие Ата аудандарында жергілікті қазақтардың Қоқандықтарға қарсы көтерілісіне жәрдемдесті. Бұл көтерілістердің аяусыздықпен басылуы да қазақтардың едәуір бөлігінің Ресей жағына өтуіне себепші болды.Ал жалпы, алғанда, аймақтың тағдырын оның жергілікті қазақтардың Қоқандықтарға қарсы көтерілісіне де жәрдемдесті. Бұл көтерілістердің аяусыздықпен басылуы да қазақтардың едәуір бөлігінің Ресей жағына өтуіне себепші болды.
1860 жылы Орыс әскерлерінің
Райым бекінісі таратылғаннан кейін қоныс аударушы қазақтар 1855 жылы №1 фортқа көшті. Жаңа жерде қоныс олар суландырылатын жақсы, шұрайлы жерлерге орналастырылды. Бұрынғысы сияқты мұнда да қоныс аударушылар зор артықшылықтарды пайдаланды. Олар жергілікті еңбекшілерді қанады. Сөйтіп, Сырдария қазақтары екі жақты езгіге ұшырады, оларды бір жағынан патша өкіметі шенеуніктер, көпестер, қоныс аударушылар, ал екінші жағынан жергілікті феодал байлар, билер, сұлтандар және басқалар қанады. Еңбекші қазақтар арасындағы наразылық жыл өткен сайын өсе түсіп, ақырында 1856 жылы ашық бой көрсетілуге ұласты. Көтерілістің негізгі себебі жердің тартып алынуы болды. В.В.Григорьев былай дейді: «Қазалы фортының төңірегінде қазақтарды егіншіліктен оларға жосықсыз соқтығу мен қазақтардың ашкөздігі жирендіруде» деп жазды. Арал өңірінің қазақтары Есет Көтібарұлымен Жанқожа Нұрмұхаммедұлының жетекшілігімен отаршылдық езгіге қарсы көтерілген. Олар екі бөлікке бірінші үлкен Шекті және екіншісі кішкене Шекті болып бөлінетін Шекті руынан шыққан еді. Біріншісін, Есет Көтібарұлы басқарса, ал екіншісіне, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басшылық етті. Есет Көтібарұлы хиуалықтарға қарсы күресінде Жанқожаға талай рет көмек көрсетті. Ол былай тұрсын, Хиуа ханы Жанқожадан сұлтандардың ғана емес, батырлардың да қолымен құтылуға тырысты.
1874 жылы Жанқожа Есет Көтібарұлына мынандай хат жіберді: ,,Жеңілуді білмейтін жеңімпаз жаулап алушы Хорезм шахы. Халық батыры Жанқожаның туысы Есет Көтібарұлы Хиуа ханының арандатуына көнбеді, қайта керісінше, хиуа басқыншыларына қарсы күресте, Жанқожаға барынша көмек көрсетті. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи тұлға. Ол ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін жалғастырды. Осындай зұлымдықтың кесірінен 1860 жылы 86 жасында жайсаң батыр кісі қолынан қаза табады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сыр бойы қазақтарын Хиуа, Қоқан хандықтарына, кейіннен Ресей патшалығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліске бастаған Жанқожа батырдың тарихтағы орнын, көтерілістің тарихи-әлеуметтік , саяси-экономикалық сипатын әлі де болса кейінгі ұрпаққа ұғындыра түскен абзал.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жанқожа батырды, басқа батырларды өскелең ұрпаққа білдіру, орыс патшалары мен батырларының тарихын оқып үйрену емес, халқымыздың тарихына деген көзқарасты түбірінен өзгерту болған болар еді. Халық батырларына арнап жыр тудыру, ұлттық әдебиетіміздің дәстүрінде бұрыннан бар құбылыс. Ендеше, Жанқожа батыр жайындағы жырларды халық әдебиетінің дәстүрінде туған, сол жолды жалғастырған әдеби шығармалар деп қабылдауымыз қажет.
Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорында Жанқожа батыр туралы жырлардың 8 түрлі үлгісі сақтаулы. Жанқожа батырдың толғауы көлемі 170 жолдай. Бұл жырды орыс зерттеушісі Н.Веселовский 1893 жылы Мұсабай жыраудан жазып алған. Жанқожа батыр жайындағы жырлардың шын мағынасындағы тарихи жырлар екендігін оларды өзара бір-бірімен және басқа ХІХ ғасырдағы Исатай, Махамбет, Бекет, Досан, Өтеген, Сұраншы жайындағы жырлармен салыстырып та дәлелдеп шығуға болады. Көзі тірісінде де пір тұтып, төбесіне көтерген батырды туған халқы о дүниеге кеткенде де есінен ешқашан шығарған емес. Басқа да халық қаһармандары сияқты, кеңестік дәуірде жалған реализмнің құрбанына айналған Жанқожа батыр жайлы да шындық әңгіме ашық айтылмады.
1967 жылы батырдың Қызылқұмдағы бейітін халық болып қаржы жинап, жөндегені үшін тексеру жүргізіліп, кейбір азаматтардың жауапқа тартылғаны есімізде.Кеңес үкіметі тарап, еліміз егемендік алған кейіннен ғана, батыр жайлы барлық шындықтың бет-пердесі түрілді. Зерттеушілер мен ақын-жазушылар, шежірешілер Жанқожа жайлы жарыса жазды. 1991 жылы Жұлдыз журналының 12-санында батырдың өз ұрпағы, жазушы Молдахмет Қаназовтың «Жанқожа батыр» атты көлемді ғылыми зерттеу мақаласы жарияланды.
1992 жылғы наурыз айында
Бабамыздың Қызылқұмдағы денесі жатқан бейіт басынан зиялы адамдар барып түнеп, мал шалып, аят оқып, аққа салып аялап топырақ әкелді. Кесене Орта Азия мен Қазақстанда сирек кездесетін архитектуралық құрылыстың бірі. Ескерткіш-кесененің жобасын жасаушылардың өзі жерлестеріміз екені де мақтаныш. Олар Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері, суретші, мүсінші Қайырбай Зәкіров пен белгілі суретші Шәкірбек Сәменов. Ескерткіш-кесене пайдалануға берілгеннен кейін аудандық мәдениет бөлімінің қарауына өткізілді. Мұндағы мақсат-ескерткішке еге болу, айналасын көркейтіп- көгалдандыру, халықтың игілігіне айналдыру. Батыр бабамыздың Итжемес атты баласынан тарайтын бесінші ұрпағы -өмірбайұлы Әбдіхалық өз тілегімен кесенеге шырақшы болды. Әруақты бабамыздың құрметіне орнатылған ескерткіш-кесене бүгінгі таңда халықты имандылыққа тәрбиелейтін осындай ұлағатты орынға айналды. Мұның мәңгілік екеніне де сеніміміз мол. Ұрпағыңызды әрқашанда желеп-жебей жүр, қасиетті баба.
Информация о работе Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс