Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2014 в 12:27, реферат
Сыр бойы мен Арал өңірін мекендеген қазақтар 18-19-ғасырда әсіресе,кіші жүз ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтіргеннен кейін,оңтүстіктегі Қоқан,Хиуа хандарының шапқыншылығынан көз ашпады.олардың қанды щеңгелі және өз ішіндегі руаралық қырқысулар мен барымта шабуылдары бұқара халықты әбден титықтатты.Қажыған,азап шеккен,ар-намысы тапталған халықтың қайғы қасіретін жеңілдетуді,елінің егемендігін,туған жерінің тәуелсіздігін сақтап қалуды ойлаған дала баиырлары өз маңайындағы рулардың басын біріктіріп,жан-жақтан анталаған жауға қарсы тұрды.
КІРІСПЕ.
« Қазаққа сарт та қылды
үлкендікті,
Көркемдік Жәкең барда еш кемділті,
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті ».
Мұсабай жырау.
Сыр бойы мен Арал өңірін мекендеген
қазақтар 18-19-ғасырда әсіресе,кіші жүз
ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтіргеннен
кейін,оңтүстіктегі Қоқан,Хиуа хандарының
шапқыншылығынан көз ашпады.
ЖАНҚОЖА БАТЫР ЖАЙЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Жанқожа батыр жайында жазылған өлең-толғаулар мен тарихи жар-дастандарда қоғамның саяси,сол кездегі қазақ халқының тарихи-әлеуметтік бет-бейнесі айқын беріледі.Ондағы болған оқиғалар шынайы,кейіпкерлер нақтылы.
Жанқожа батыр туралы ғалымдарымыз
біраз мәселелерге қозғау салып
жүр.Олар көтерген мәселелер – Жанқожа
батыр туралы жырлардың хатталып,
Қазіргі кезде Жанқожа жайлы
жырлардың біразы жинақталып,жеке кітап
болып шықты.Ол кітапта 10000 жолдан асатын
өлең-толғаулар мен тарихи жыр-дастандар
топтастырылған.Жанқожа батыр
XIX ғасырдағы ел тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батыры,Хиуа мен Қоқан хандықтарына,отаршыл Ресей империясына қарсы шыққан ұлттық-азаттық көтерілістердің қолбасшысы Жанқожа кеңестік кезең тарихында бұрмаланып көрсетілді. «Жанқожа еңбекші халыңтың патша үкіметіне қарсы наразылығын Сыр бойында да өз билігін нығайтуға пайдаланбақ болды,өз қарауындағы қазақтарға сұлтандар билігін орнатуға тырысты» деп солақай саясаттың ықпалымен теріс көзқарас қалыптастырып,тарих парақтарың жалған мәліметтермен толтырды.Сонымен қатар кеңестік идеология тарихшылардың пікір-көзқарастарын өзгерте бастады.Ол туралы шынайы деректер бүркемеленіп,мұрағаттарда шаң басып жата берді.Кейбірі жоғалды да,тек еліміз тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін шыңдықтың беті ашылды.Жалған,біржақты жазылған дүниелердің күні бітіп,батырға қатысты туындылар баспасөз беттерінде жарияланып,кітаптар жарық көріп жатты.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774,қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Арықбалық ауылы – 1860,Қызылқұм) – батыр,Сыр бойы қазақтарының Хиуа,Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы», «Тарихи тұлғаларда»: «Жанқожа Нұрмұхамедұлының бүкіл өмірі тек патшалық Ресей,Қоқан және Хиуа хандықтарымен ғана емес,ішкі жауларымен – билік құмар байлармен,билермен де болған күреске толы»,-деп ,басқа да кітаптарда батыр есімі жарқырап көрінді.
Жанқожа батыр туралы біраз тарихи
деректер бар.Жанқожа туралы деректерге
қызығушылық танытып,алғаш
Кеңестік кезең Жанқожа туралы
айтуға кедергі келтірсе де,батыр
туралы,оның ұлт-азаттық көтерілісі
жайлы тұңғыш зерттеу еңбегі 1949
жылы жарық көрген «Восстание Сырдарьинских
казахов» атты ғылыми монографиясында
тарихшы Т.Шойынбаев жазды.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780-1860) Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаматтық күресін басқарды. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи тұлға. Ол ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері жалғастырды. 1836 жылы Жанқожа өз жауынгерлерімен бірге Әмудария мен Сырдария арасында Хиуаның тұрақты әскерлеріне қарсы күрес бастады. 1842 жылдың күзінде оның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды, оның баласы Майқараны тұтқынға алды. Қазақтарға қатыгездік көрсеткені үшін Бабажан қазыққа отырғызылды. Ал оның баласы жас болғандықтан босатылып жіберілді.
1843 жылы Жанқожаның жасағы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы наразы қазақтардың қозғалысын өзі басқармақ болып ұйғарды. 1856 жылдың желтоқсанында Сырдария қазақтарының қарулы күресі басталды. Желтоқсанның ортасына қарай көтерілісшілер саны 3 000 адамға дейін жетті. Көтеріліс орталығы Хиуаның бұрынғы Жаңақала бекінісі болды. Орал бекінісінің бастығы Михайлов Сырдария шебінің бастығы Фитинговқа құпия хабарламасында «Жанқожаның қарақшылары арасында қарасақалдар, кішкене шектілер және төртқаралардың бір бөлігі бар»- деп хабарлаған. Бұл рулар Әлім тайпасына жататын еді.
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сонау 1730 жылы Ресей патшасына бодан болса да, Арал теңізі мен Сыр бойында орыс әскерінің билік құра бастаған кезінде, яғни 1847 жылы Арал бекінісі салынған уақытта, былайша Ресейге бағынды делінгенмен, Сырдың төменгі ағысымен Қарақұм, Борсыққұмда көшіп қонып жүрген кіші жүздің бір бөлігі біресе Хиуаның, біресе Қоқан ханының шапқыншылығының жорығына ұшырап, орыстардың билігіне біржола мойын ұсына қоймаған еді. Хиуа мен Қоқан хандары болса, Сыр бойында көшіп –қонып жүрген қазақ руларына өз билігін жүргісі кеп, үнемі ұшыр, зекет жинап, әйелдерінің абыройын төгіп, ажарлы қыздарын өздерінің харам сарайларына зорлап әкетіп, қазақ ауылдарын шауып әкетуді әдетке айналдырған. Ташкент, Бұқара ,Хиуадан шығатын керуен жолдары Сыр мен Қарақұмның үстін басып өтіп, Орынбормен Троицкіге тура кеп құлайтын. Орта Азия хандарымен Ресейдің сауда-саттық жасайтын басты күре тамырдай жолында әлгіндей бүліншіліктің ұдайы болып жатуы сауда саласындағы істеріне өте қолайсыз еді. Біздің керуендерімізді зекет төле дегенді сылтау етіп кейде талап тонауға да ойы кетіп жүрген Хиуа мен Қоқан хандарына бағынған немесе 1840 жылы үш алаштың ханымын деп жар салып көтеріліс бастаған орта жүздің сұлтаны Кенесары Қасымұлының ықпалына кірген қазақ рулары өне бойы Сыр мен Қуаң бойында кідірдіп ұстап бөгеп қала беретін. Шынын айтқанда сол кездегі жаханнамаға көз тастап, Оралдан «Ырғыз сонау Орынбор» Торғай бекінісіне дейін бір сүзіп шықсақ, 40-жылдарға дейін бір жағы Арал теңізі мен Сырдарияға оның екі саласы Қараөзек пен Жамандарияға, бір жағы Торғай мен Сарысуға барып шектелетін емін–еркін жатқан кең даланың шын мәнінде орыс Хиуа және Қоқан қожалықтарының ортасында бостан жатқанын, шығыс жақтан Қасымұлы Кенесарының қалай басып кірем десе есігінің ашық екенін айдан анық көруге болады.
Бұл кезде орыс патшалығының жаулап алған жерлері Қарақұм мен Борсыққұмға жақындап келіп тоқтаған еді. Қоқан ханының қожалық жері Сырдың екі саласының түйісетін тұсында салынған Қосқорған мен Қараөзекті, Хиуа ханының иелігі Жаңақала Қожанияз және қамалдарды қамтып, Қуаң бойымен Сырдың сол жағасына келіп табан тіреген еді. Сөйтіп, орыс патшалығына қарады дегенмен жаңағы бос жатқан далада көшіп-қонып жүрген кіші жүздің әлім аталығына тарайтын қаракесек, шекті, төртқара, қарасақал және шөмекей тайпалары жайлаған жаңағы боз даланы ешкім әлі жаулап ала қоймаған болатын. Сондықтан да, Орта Азияда Ресейге баратын керуен жолы өтетін әлгі далаға қожалық етсем деген талаппен Хиуа мен Қоқан хандары Кенесары тәрізді қазақ сұлтандары үнемі өз-ара таласып жүрген еді. Соған қарағанда, Орта Азия жөніндегі біздің саясатымыздың негізгі кілті қолында тұрған Орынбор әкімшілігі осы жағдайға басты назар аударған секілді. өйткені, Орта Азия мен біздің арамыздағы сауда-саттық жағдайы қиындап кетті. Қоқандар болса, ел көтерме қамалы ретінде Ақмешітті салып Сыр бойымен батысқа қарай дендеп кіріп бара жатты. Хиуа ханы да одан қалыспай, Сыр бойылық қазақтардан зекет ұшыр жинауын жиілетті.
Тіпте екеуі екі жақтап қол жинап, Қарақұм мен Борсыққұмда көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарын жаулап алуды жиілетті. Кереуен жолдарын қауіп-қатерден құтқару ақ патшаның ықпалына қараған момын қазақтардың күйін тайдырмау граф Перовскийдің 1839-1840 жылы сәтсіз аяқталған жорығынан кейін қайтадан бастарын көтере бастаған, Хиуа мен Қоқан хандарына ақ патшаның олардың өз көршілеріне европаша емес нағыз азияша жасап жүрген зорлық-зомбылықтарына кӛне алмайтынын білдіру болды. Ең бастысы біздің балық өнеркәсібімен шұғылданатын алпауыттарымыздың көптен бері аңсары ауып жүрген Арал теңізінде балық аулау талабы сол кездегі Орынбор әскери губернаторымен айырықша Орынбор корпусының командирі, генерал Обручевтің мынадай жағдайды тыю үшін батыл әрекет жасау керек -деп Петербургтен рұқсат сұрауына әсер етті. Мемлекеттік канцлер, граф Нессель Родденің қарсылығына қарамастан император бірінші Николай ол рұқсатты тез берді. Онда орыс әскерлеріне Сырдың сол жағасын өз жеріміз деп, иемденген Хиуалықтардың наразы болмасы үшін, әсіресе Райым бекінісін жаулап аларда олардың Ресей әскерімен шайқасып қалуын болдырмау мақсатымен Сырдарияның сол жағына өтуіне тыйым салынды.
Жанқожа да Ресей әскер күшінің жәрдемімен ата жауы болған Хиуа және Қоқан отаршыларын Сырдың бойынан қуып шығуды ойлады. Сыр қазақтарының орыс әскерлерінен тіл табысқанына ызаланып, 1847 жылдың 18-20 тамыз айында Хиуа ханы 6 мыңдай әскерін Жаңақала бекінісіне Қожанияз бекке әкеліп төкті. Бұл күш Сырдың екі бетіндегі қазақтарды шауып, көптеген ауылдарды ойрандады. Елдің мал-мүлкін талан таражға салды. Осындай бүліншілікке ұшыраған, Жанқожа 1847 жылдың 21-тамызында Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке өтініш жазып, жәрдем сұраған. «Егер де сіз біздерге дос болсаңыз, біздерге жәрдем беруге келіңіз, мына біздерді ойрандап жатқан хиуалықтардан халқымызды азат етейік -деп хат жолдаған. Осы жіберген хабардан екі күн ӛткен соң, 23-тамызда Жанқожа өзінің сарбаздарымен Райым бекінісіне келіп, Ерофеевтің 200 атты қазақтарымен, 2 зеңбірегімен Сырдарияның сол жағындағы хиуаның Жаңақала бекінісіне шабуыл жасап, оның күл-талқанын шығарып қашқан жаудың нөкерлерін қуып жетіп, оларды елден жинап алып, 500 жылқысын, 50 қойларын қайырып алып қалады. Жанқожаның өз еліне абыройы күшті екеніне қолбасшы батырлығына көздері жеткен Орынбор генерал губернаторлары батырды ӛздеріне қаратып, Ресейдің жүргізіп келе жатқан отаршылдық саясатын Сыр бойында іске асыруға пайдалануды мақсат етеді.
1848 жылдың 1 мамырында Жанқожаға «есаул» деген әскери атағын беріп, жылына 200 сом күміс ақша төлеп тұратынын хабарлаған және оны Сыр қазақтарының басшысы деп жариялаған. Мұның сыртында сиыр құйымшықтанып бір сыр жатқанын сезген батыр, бұл сыйлықтарды шен-шекпенмен ақшаны алудан бас тартады. Сондықтан, ол Ресейлік үкімет басшыларына жазған хатында «Мен ондай сый құрметке ие болатындай сіздерге ешнәрсе істегенім жоқ»- деп жауап қайырған.
Ресейдің бұл сыйлықтарын алғанда Жанқожа өзінің оларға берілгендігін білдіріп ант беруі керек еді, мұндай мінәжатқа батыр келіспейді. Ал орыс әскерлерінің Сыр бойына келуін шын көңілімен қарсы алғанымен, бір жылдың ішінде олардың бұл жерге келудегі саясатын Жанқожа батыр жете түсінеді. Ерофеевтің әскерлері Жаңақаланы қиратуда, Хиуалықтармен болған ұрыстарда өздерінің түпкі пиғылдарын байқатады. Олардың бұл шайқасқа қатынасқанына Жанқожаның көңілі толмайды. Оған қосымша орыс әскерлері орналасқан Райым, Қазалы бекіністерін жергілікті қазақтар маңдайының терімен салған. Ал, Ресей патшасы келмей жатып, жергілікті халықты қанағанын батыр өз көзімен көреді. Жанқожаның күдігі көп ұзамай тура келіп, бұл аймақты патша үкіметі меншіктеп, бұл жерлерде Ресейдің орталық тәртібін орнатады.
1847 жылы маусым айының 30-ы күні
Орынбор әскери губернаторы
Информация о работе Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс