Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 19:19, лекция
Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыcтың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады.
Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану. «Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана» деп көрсетті Ы. Алтынсарин.
Сонымен, Ы. Алтынсаринның ағарту идеясы қоғамда ғылым мен білімнің рөлін дәріптеуге бағытталған. әлбетте, бұл жерде қоғамдық өмірмен байланыстырылмай алынған ғылымның рөлін асыра дәріптегенін байқауға болады. Ы. Алтынсариннің орыс-қырғыз мектептерін ашуы, «Қырғыз хрестоматиясын» жазуы, қазақ ауылдарында орыс әдебиетін таратуы Қазақстан мәдениетінің дамц тарихында үлкен оқиға, революциядан бұрынғы дәуірде қазақ халқының рухани өміріндегі дамудың бастамасы болды.
Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі оның демократиялық пікірлерінің айқын көрінісі еді. Ол еркі жоқ бұқараның қорғаушысы болып, езілген, сауатсыз халыққа жасаған қанаушылардың әділетсіздіктеріне, қастандықтарына, зорлық-зомбылықтарына, заңсыздықтарына қарсы шықты. Ол қоғам ауырпалықтарын, үстем таптар өкілдерінің ел үстінен күн көрген жарамсыз мінездерін өткір сынға алды.
Өзінің шығармаларында Ы. Алтынсарин көбінесе жергілікті өкімет, сот орындарының өкілдерін, молдаларды сынады, себебі, оның шығармалары негізінен оқушы балаларға арналған еді. Ы. Алтынсарин оқушылардың көпшілігі болыс, ауылнай, сот болатынын жақсы білді. Сондықтан Ы. Алтынсарин оқушылардың бойына ізгілік өрнегін егу үшін «Қырғыз хрестоматиясында» демократия және гуманизм рухында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді басты. Келешекте қазақ ауылдарында демократиялық идеялардың таратушысы болу үшін, оларды әділеттік, тазалық, шындық рухында тәрбиеледі.
Ыбырай Алтынсарин патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген қлт саясатында сын көзімен қарады. Реседің үстем таптарының орыс ұлтына жатпайтын басқа халықтарға жүргізген ұлттық кемісітушілік саясатын көре білді. Орыс шенеуніктерінің қазақтарды төменгі нәсілдің адамдары деп санауы, қазақ халқына надан, тұрпайы көріп, жиіркенішпен қарауы Ы. Алтынсарин секілді халықтың адал ұлдарына өте ауыр тиді. Ы. Алтынсарин «білімді орыстардың» жергілікті халықты жек көре қарауын сынай отырып, мәдениетті адамдардың міндеті – қазақ халқын мешеусің деп қорламай оның мәдениетінің дамуына көмектесу деді.
Ол өз заманының қоғамдық-саяси тәртіптеріне де сын көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдарын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты тұтас сынауға өресі жетпеді.
Ы. Алтынсарин тарихты терең білмеуі әлеуметтік әділетсіздіктің түп-төркіні қоғамыдқ-саяси қатынастарда екенін түсінуіне мүмкіндік бермеді. Надақтықты жою үшін олардың экономикалық негізін құртып, қоғамды революциялық жолмен жақсартып, халықтың экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету қажет.
Ы. Алтынсарин замандастарын гуманизм тәрбиелеуге тырысты, оларды кедейлерге, бақытсыздыққа ұшырған адамдарға жәрдем беруге шақырады. Бай таптардың өкілдерін кедейлерге жәрдемдесуге шақырғанымен, іс жүзінде байлардың кедейлерге рақымсыздығын, олардың қарапайым халыққа жасаған заңсыздықтарына, әділетсіздіктеріне, озбырлығына куә болды. Бұл жағдай мәңгі болуы мүмкін емес, арамза мырзаларды жазалайтын күн де туар, деген ой ұшқыны Ы. Алтынсаринде де болды.
Қазақ халқының мәдениетін дамытуға бағытталған Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі, оның езілген еңбекшіхалықты ашық жақтауы, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауы феодалдық үстем таптарға және ресми өкімет орындарына ұнамады.
Өз дәуірінде Ы. Алтынсарин Қазақстанның экономикалық даму келешегі, қазақ халқының болашағы, оның қандай жолмен алға басатыны туралы аса құнды, терең ой-пікірлер айтты.
Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады.
«Қырғыз хрестоматиясында» басылған «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде революциядан бұрынғы Қазақстанда кең таралған барымтаны айыптайды, қазақ көшпелілерінің отырықшылдыққа өтіп, мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналасуын, қазақ ауылдарының арасында сауданың дамуын жақтайды. Сонымен бірге Ы. Алтынсарин Қазақстанның дамуын табиғи процесс ретінде қарады. Ы. Алтынсарин қазақ халқының бұдан былайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді қате деп санады. Ы. Алтынсариннің бұл ойлары осы күнде де маңыздылығын жоймаған.
Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды.
Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.
Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.
Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.
Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көщге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, өздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол.
Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адасның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады.
Абай қазақ қоғамының болмысына терең үңіле білді.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол –
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жемеңіз.
Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
«Ғылым таппай мақтанба».
Абайдың ойынша, елдің жақсы, жаман болуы оның ынтымақ берекесіне байланысты. Ол ел берекелі болса – жақсы жайлау, ол бір – көл дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады: «Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді.
Абайдың айтуынша күллі (38-қара сөзінде) адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық дейді. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Жалпы, Абай әлеуметтік мәселелерге моральдық тұрғыдан келеді.
Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған.
Абай жалпы билік ұғымына қалай қарады? Абайдың өмірлік шұғылданған кәсібі – билік, кәдімгі дала биі еді. Әрине, әділ би болды. Қандай қоғамда қандай билік үстем құрады, ол неге негізделеді және би мен заңның арақатынасы қалай ажыратылады немесе неге негізделеді. Билердің шешімі Абай үшін тек қана басқару үшін емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан тамыр тартқан «толық ұғым» (концепция).абай үшін бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды. Сондықтан да ол қазақ дәстүріне жат патшалық заң – законды жақтырмай, оның отаршыл пиғылына сенімсіздікпен қарап:
Абай Ресей заңына сенімсіздік білдіреді. өйткені отарлық билікті қамтамасыз етуге, соны қорғауға арналған заңда тұрақ болмайды. Ол мемлекеттің күнделіктісаясатына орай бейімделіп отыратындығын, бір ғана жақтың – отаршыл биліктің ғана мүдесіне қызмет ететінін Абай түсінеді.
Сол кездегі билікке, салтқа, заңға қарсы шығуының өзі абайдың рухани тәуелсіздікке ұмтылғанын байқатады.
Хандықты жою – қазақтың мемлекеттігін жоюға және халықтың санасындағы мемлекеттік тұтастық ойлау жүйесін өшіруге алып келеді. Онда ұлттық үстемдік, мемлкеттік тұтастық, бірлік, мемлекеттік мүдде, идеология және ұлттық мақтаныш жатыр. Мұны Абай түсінген. Ол: «Сәулең болса кеудеңде, Мына сзөге көңлің бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, қаптаған соң көзді шел» - деп қатулана сөйлейді. Сондағы айтпағы:
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел? – деген ой.
«Сәулең болса кеудеңде»
Абай биліктің жағдайын және оның баптарын жақсы білген. өзі де заң шығаруға қатысқан.
Абайдың экономикалық прагматизмді (пайдалылықты) жақтауының себебі, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанға сауда капитализмі еркін ене бастаған. Бұл әлеуметтік қозғалыс басында саудагер таптары болса, бұл тапқа бірте-бірте қазақ жастары да араласа бастаған. Абайдың: пайда деп, мал деп туар ендігі жас, еңбекпен малын сатып түзден жимас, дегенде жастардың сауда ісіне ықыласын бейнелеген. Абайдың арманы малды еңбекпен табу. Жастар жалған жолға түспей, адал еңбекпен мал тауып жұртқа жақса дейді.
Осылайша, Абай әкімшілік және сот мәселелері бойынша өз пікірлерін ашып айтты. Қызметті және басының мүддесіне пайдаланушы жергілікті әкімдердің сайлауларда болатын айла-амалдарын, қулық-сұмдықтарын, алаяқтығын, соттардың әділетсіздігін, сатылшығтығын өлеңдеріңде және қара сөздерінде батыл сынады.
Қазақ халқының мешеулігіне қайырған Абай патриархалды-феодалдық әдет-ғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертарпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының прогресс жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді.
Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан (мемлекет жағынан) басқарып, жас буынды тәрбиелеуде үздіксіз қамқорлықтың керектігін көрсетеді.
Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзіне аспайтын қыял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды.
Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті. Ұлы ойшыл ақын жастарға жар тандау мәселесіне де дәл осы тұрғыдан келудің қадет екендігін үйретті.Абайдың сүйіспеншілік, махаббат, отбасы жөніндегі пікірлерінің құндылығы – демократиялық, ойларды ту еріп ұстайлы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, экономист. Студент кезінде саяси жұмыстарға белсеңді қатысқан. Маркс ілімін оқыды. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. «Коммунистік жар» деген атпен «Коммунистік партия манифесін» қазақ тіліне аударды. Ол өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің әділетсіз отаршыл саясатымен күресуге арнады. Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділетті құру үшін тер төкті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейхан 1906-шы жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде Қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасы Орал қаласындағы «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат мен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ ажстары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойды.
Ә. Бөкейхан басқарған Қазақ
кадеттерінің бағдарламалық міндеттері
көптеген мәселе бойынша орыс кадеттерінен
айырмашылықтары болды. Біріншіден, Ә.
Бөкейхан қоғамдық-