Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 19:19, лекция
Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыcтың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады.
XX ғасырдаң екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың
Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыcтың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.
Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болғпн еді.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.
Бұл мәселені тарихшылар, әдебиетшілер, соның ішінде Ә.Х. Марғұлан, С. Мұқанов сияқты белгілі авторлар біраз зерттеген. Жеке мақалалар мен монографиялар да бар.
Әрине, бұл еңбектердің бәрінде олар Шоқанның қоғамдық көзқарастарының көп қырына бір ғана көзқарас тұрғысынан қарады деп үстірт ұғуға болмайды. Ғылымның мақсаты – объективтік ақиқатқа ұмтылу. Ол ақиқатқа жету үшін, сансыз ізденістерді, талпыныстарды қажет етеді.
Міне, осы орайда Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.
Бірақ, ғалымдардың бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөзқ ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.
Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы мақаласында /жазбаларында/ ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған.
Патша үкіметі Сібірдегі қазақтардың билігін заң жүзінде өзінің қолына алуды мақсат етті. Осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысы болған 1860-шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш. Уәлиханов жақсы хабарбар етті. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін жақсы білетін ол реформаны даындаған облыстық басқарманы халық тағдырына немқұрайдылығы үшін сынға алады, халыққа тиімді өзгерістерді талап етеді. Атап айтқанда, біріншіден, Ш. Уәлиханов өз халқының өзіндік ерекшклігін ескеру реформа даындау барысында ерекше маңызды фактор екенін айтады. Ш. Уәлиханов осы сот реформасы жайындағы хатында қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі қажеттігін терең талдап, қорытты.
Ал, бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістердің бәрі де зиянды, жағымсыз құбылыс, деп түсінді Ш. Уәлиханов. Қоғамның дамуына не залал, не пайда екендігі жайында ұғымдар әр дәуірде әр түрлі болған, ал, халыққа ең маңыздысы, оның мұқтажын өтейтін нақты іс-шаралар. Реформа – ол экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал, саяси реформа экономикалық істерді іске асыратын құрал ретінде көрінеді – олар халықтың материалдық әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отырады. Прогресс дегеніміз өзі деп тұжырымдайды.
Адам - әрқашан да өз ортасының презенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдайларға байланысты болмақ.
Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы пікірін тереңдете түсіп, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтады.
Міне, осыдан кейін: «В наше время нет общественного вопроса, который был бы так важен, как вопрос о народных реформах. От неудачных и удачных реформ зависит вся будущность народа, в них заключается его быть или не быть. Реформы бывают только тогда удачными, когда они правильны т.е. тогда когда они основаны на тех неизбежных законах, прогресса при которых только и возможно здоровое развитие общественного организации» деген шешімге келді. Бұл жерде ерекше бөліп айтар мәселе – Шоқанның прогресс деген ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жақсарту деген мағыналарды сиғызады.
Пікрімізге дәлел ретінде Шоқанның осы тектес басқа да ойларын келтіре алар едік. Мысалы, «Жонғария очерктерінде» Құлжада көне заман ескерткіштерінің қиратылып жатқанына байланысты күйінішті, орыстың, еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.
Шоқанның прогресшілділігі халықты мәдениетпен, алдыңғы қатарлы ұлттық ғылымынан бөліп тастауға қарсы бағытталған.
Таптардың қазақ қоғамында орын алып отырғанына Ш. Уәлиханов талай рет тоқталды.
«Алатау қырғыздары өздерін жай қырғыз» деп қана атайды. Тек қащақтар ғана оларды ақ, не қара қалмақ деп атайды. Кейбір аңыз-деректер бойынша, қырғыз-қайсақтар екі түрлі нәсілден таралған. Бірі – күн нұрынан жаралған асыл текті ақсүйектер де, екіншісі – құдая тобасы жоқ, басы жұмыр пендеден туған құл-құтандар, деп аталатын қара халық.
Бұл ойларды А.И. Майковқа, Ф.М. Достоевскийге жазған (1862-жылғы) хаттарында айтқан. Ш. Уәлиханов әдет-ғұрыпты өте жақсы білген, билердің сотындағы кейбір жайттар бітімгершілік /мировой/ сотқа қарағанда, әділдікке әлдеқайда жақын деп көрсетті. Мысалы, би болу үшін халық арасында әділдік, шешендік жағынан танылған адам болуы керектігі, бдің билігі ұнамаған адамның екінші бидің төрелігіне жүгінуге құқы барлығын және тағы басқа фактілерге сүйене отырып, Шоқан осы кезеңде билер сотын сақтау керек, деген тұжырымға келеді.
Қазақ даласында құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімінтерең білетін, оған қоса шешендік өнерді меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін би атаңғысы келген адам халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің білімділігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі халықтың арасында тез таралып, танылады. Үкім шығару мәселесінде би мен соттың функциясы бір болғанымен, араларында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Бидің балалары заңнан тәлімі бар болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қалады.Сол сияқты:Бидің санына шек қойылмайтын болса, әрбәр округте мировой судья бірнешеу болады.Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де, еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокатар сиятқты билердің маңызы жеке беделге негізделген. Ал мировой судьяның сайлауында арнаулы тәртіп, парық бар.
Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады, оның беделі жойылғанда билік құруына құқы болмайды. Би қазынадан да, халықтан да ешқандай пұл алмайды, бірақ, биден биақы алады, ал, мировой судьяғаземствоның алым-салығынан белгілі мөлшерде қаражат бөлінеді.
Билердің мәжілісі мезгілсіз, кейдейсоқ оқиғалар мен ахуалдардың себебі бойынша шақырылады.
Әрине, билердің қанаушы тап мүддесін көздейтіні, халықты езуге мүдделі болғаны талас тудырмайтын жайт. Бірақ, Шоқанды өз заманы тұрғысынан алсақ, ол мәселе дұрыс шешілген деген ойға келеміз. Шынында да, халыққа бала кезінен таныс, беделі бар билер сотын сақтап қалуда белгілі бір тәртіп бар. Шоқан бітімгершілік соттың әділетсіздікке баратынынғ соның басқалай былықтарын да жақсы білген. Отаршыл Ресейдің отаршыл сотынан әділет күту қиын болғандықтан, Шоқанның билер сотын сақтап қалыға ұмтылуы көңілге қонады.
Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңаршылығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді-кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.
Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады.
Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын «айрықша мәнді оқиға» деп атап, оны «қырғыздардың нақты білімінің бастамасы» деп санады.
Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың өте пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін «Қырғыз хрестоматиясының» бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды. Сауатсыз, білімсіз адамдар – қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар – ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеңін алдыңнан
Іздеме-ақ табылар – деп жазды Алтынсарин.