Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 13:03, курсовая работа
Париж бітім конференциясы (1919 – 20) – 1-дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған халықаралық конференция. 1919 жылы 18 қаңтар – 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өтті. Оған соғысқа қатынасушы барлық елдердің 1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер тек АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапония мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысуымен қаралды, ал қалған елдердің өкілдері жалпы мәселелерге ғана жіберілді. Коференцияның нәтижесінде Германиямен және оның одақтастарымен жасалған бітімдерге қол қойылды.
Кіріспе
1. Париж конференциясы
2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған жаңа мемлекеттер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Англия Францияның көмегімен Америка Құрама Штаттарына қарсы тартысты күрес жүргізді. Әрине, Англия мен Франция арасында Германияның колониялары және Түрік империясының болашағы туралы бірталай қарсылықтар болды. Сондықтан Парижде өткен конференцияда бұл екі мемлекет Африка мен Таяу Шығыс жерлері кімнің қолының астына өтетініні туралы тартыс болды. Ал бірақ, АҚШ державасы билік туралы қарсылығын талқылағанда, Англия мен Франция делегациясы бірігіп АҚШ-қа қарсы шыққан. Өйткені АҚШ “жаңа әлемдік тәртіп” орнатса, Англия мен Франция мақсаттарынан айырылып қалуы мүмкін еді.“Бейбітшілік пен әділеттілік” принципінде қаланған “жаңа әлемдік тәртіпке” қарсы болған Францияның Премьер-министрі - Клемансо. Өйткені, Клемансо Вильсон мен Ллойд-Джорджқа қарағанда импереалистік саясат мектебінің түлегі болған. Ол “ жаңа әлем тәртібін” утопия мен демагогия деп санап, онымен күрес жүргізді. Ол Францияға тиімді бейбіт келісім шарт жасап, сонымен қатар Африка мен Таяу Шығыстағы үлкен территорияға ие болуды қалады. Ұлттар Лигасының құрылуын Клемансо жақтады. Ал бірақ Ұлттар Лигасының құрылуы мен колониялардың бөлінуінің арасындағы қандай да болмасын байланысты ол қайтарып тастады. Клемансо Ұлттар Лигасы ұлттар арасындағы “татулық пен байланыс” қаруы деген ойды зиян утопия деп талқылады. Оның ойынша, Франция Ұлттық Лиганы ең алдымен позициясын күшейту үшін пайдалану керек. Ал бірақ Германияның дүниежүзілік соғыстан кейінгі Европадағы орны туралы сұрақта олардың арасында қарсылықтар байқалды. Негізінде, Германияның қатты әлсіреуі Англияға тиімді болды ма? Жоқ, тиімді болған жоқ. Англия Германияны үлкен держава емес колониялық және теңіз державасы ретінде әлсіреткісі келді. Бұл саяси жол Англияның “күш тепе-теңдігі” саясаты Еуропада Англия басшыларымен ұзақ уақыт өткізілді. Оның ең басты мақсаты Еуропада бір емес, екі мықты держава құрылуы және олардың бір-бірін бейтараптауы. Сол кезде ғана Англия басшылық жағдайға ие болып, еуропалық проблемалардың бәрін шешуге мүмкіндік алады.
Бірінші дүниежүзілік соғысынан кейін өз басшылық жағдайын сақтап қалу үшін Англия өз қарсыласы және досы Францияның күшеймеуі үшін тырысты. Сондықтан, бейбітшілік конференциясында Англияның делегациясы әлсіреген, бірақ әлі де күшті Германия арқылы Францияның күшеймеу жағдайын сақтап қалуды көздеді. Оны ағылшын делегациясы “өте күшті емес Франция” және “өте күшсіз емес Германия” лозунгтары арқылы іске асыруды мақсаттады.
Францияның саясаты Англияның саяси бағытына қарама-қарсы болды. Бұл да түсінікті. Парижде өткен бейбітшілік конференциясында Англия мен АҚШ мақсаттаған күшті Германия мемлекетінің құрылуына, Франция жақтас болды ма? Әрине, жоқ. Өйткені, Франция Еуропада басшылық жағдайға ие болуға ұмтылды. Бірақ, Еуропада ең күшті герман мемлекеті болғандықтан, Францияның Еуропа дүние бөлігінде басқарушы орын алуы туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Сондықтан да, Франция басшылары соғыс біткен соң, Германияны құлдырату ең басты мәселе деп есептеген. Сол үшін Франция делегациясы бейбітшілік конференциясында Рейн өзенінің сол жақ жағалауын беруін сұрады, және де Германияны кішкене мемлекеттерге бөлу жоспарын ұсынды. Сол жоспар бойынша, бөлшектелінген Германияны өз қолында мықты ұстап, Францияның соғыс саясатына бағындырмақшы болды. Сөйтіп, үш үлкен соғыс жеңімпаздарының жалпы жоспарының қорытындысы: олардың өзара түсініспеушілігін және соғыстан кейінгі өмірді ұйымдастыру күресін айқындап көрсетті. Әсіресе үш маңызды мәселе үшін қатты күрес болды.
Париждегі бейбітшілік конференциясы ашылғанынан-ақ мәселелерді қарастыру тізімі туралы түсініспеушіліктер пайда болды. Франция мен Англия өкілдері Италия, Жапония және басқа да мемлекеттердің қолдауымен, Африка мен Тынық мұхиты және Түркия империясы жерлеріндегі Германия колонияларын бөлшектеуін ұсынды. Бірақ бұған АҚШ делегациясы қарсы шықты. Президент Вильсон біріншіден Ұлттар Лигасының жарғысын қарастырып және енгізілуін, оны Германия және оның одақтастарымен жасалған бейбітшілік келісімінің бір айырылмас бөлшегін жасауын, сол арқылы жаңа да адал жол және бейбіт өмір ұйымдастыруын, содан соң ғана Германия колониялары мен түркі жерлерінің мәселелерін шешуін ұсынды. Франция мен Англия делегациялары оған мүлдем қарсы болды. Клемансо Ұлттар Лигасы мен бейбітшілік келісімін өзара қоспауын ұсынды. Ллойд-Джордж Ұлттар Лигасының жарғысы мен бейбітшілік келісімінің бір болғанына келіскенімен, Ұлттар Лигасының жарғысы күрделі және ұзақ жұмыс екенін айтып, сондықтан да, уақытты соза бермей колониялық мәселелерді шеше бастау керек екенін ұсынды. Ұзақ уақыт дауласу арқылы Ұлттар Лигасының жарғысы арнайы комиссияның қолына берілді. Франция мен Англия делегаттары сол комиссияға тек ұлы мемлекеттердің ғана емес, кіші мемлекеттердің өкілдері де қатысуын ұсынды. Негізі, ағылшын-француз өкілдері комиссияны мүмкіндігінше үлкен қылып, оның жұмысын ұзаққа созылуын қалады. Бірақ та бұған Вильсон өз жауабын берді, ол өзін комиссияның төрағасы боламын деп ұсынды. Вильсонның басшылығымен аз уақыт ішінде бірталай маңызды Ұлттар Лигасының жарғысы талқыланды.
Комиссия жұмысы 3 ақпан 1919 жылы басталды, ал 14 ақпан күні Америка президенті пленарлық отырыста комиссия жұмысының нәтижелерін баяндап шықты. Ұлттар Лигасының құрылуымен “халық арасындағы түсініспеушілік пен қақтығыстар” жойылады. Адамдар бір-бірінің жүздеріне қарап: “Біз - бауырласпыз, бізде - бір ниет” деп айтады. Ұлттар Лигасы арқылы бізде “бауырлас және достық келісім” бар деп айта аламыз. Әрине, бұл сөздер Америка президентінің комиссия нәтижелерін идеалдық түрде көрсетілгендігін айғақтайды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Европаның саяси картасын едәуiр өзгерiстерге ұшыратты. Оның бетiнде жаңа мемлекеттер пайда болды. Олар Австро-Венгрия, Ресей империясы құлағаннан кейiн құрылды.
Чехословакия. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың соңына қарай Австро-Венгрия ыдырай бастады. Оған дейiн чехтар мен словактар венгерлер сияқты автономиясын алған болатын. Алайда, соғыстың соңында Австро-Венгриядан чех және словак жерлерiн бөлу үшiн қозғалыс күшейдi. Австро-Венгрия бiтiмге келуге өтiнiш жасағаны мәлiм болған кезде, 28 қазан 1918 жылы Прага ұлттық комитетi чех және словак жерлерiндегi өкiмет билiгiн өз қолдарына алып, әртұрлi партиялар өкiлдерiнiң Уақытша ұлттық жиналысын құрды. Жиналыс Чехословакияның тұңғыш президентiн — Томаш Масариктi сайлады.
Жаңа республиканың шекарасы Париж бiтiм конференциясында айқындалды. Оның құрамына Австриядағы чех жерлерi, Венгрия құрамында болған Словакия және Закарпаттық Украина, кейiнiрек Германия құрамында болған Силезияның бiраз бөлiгi кiрдi. Осының нәтижесiнде елдiң халқының үштен бiрi немiстер, венгерлер, украиндықтардан тұрды. 1920 жылғы Конституция Чехословакияда қалыптаса бастаған демократиялық құрылысты бекiттi. Европаның болашақта дамыған өнеркәсiптiк елi ретiнде Чехословакия саяси тұрақтылық пен халықтың әл-аухаты, тұрмыс жағдайы жоғары деңгейiмен ерекшелендi.
Венгрия. 31 қазан 1918 жылы Австро-Венгрия императоры және Венгрия королi Карл IҮ-шi венгер графы М.Каройиге демократиялық партиялардан үкiмет құруды тапсырды. Бұл үкiмет Антантаға сүйенiп Венгрияны соғысқа дейiнгi шекарасында сақтап қалуға тырысты. 16 қараша 1918 жылы Венгрия республика болып жарияланды. Алайда, Венгрияда демократияны сақтап қалу мұмкiн болмады. Венгер коммунистерi /негiзiнен олар РКПб-ға мүше болған, Ресейдегi революцияға қатысқан, Брест бiтiмiнен кейiн үйлерiне қайтқан соғыс тұтқындары болатын/ революцияға шақырды және елдiң барлық жерiнде Ресей үлгiсiндей Кеңестер құра бастады. Олардың өкiмет басына келуiне Венгрияның көршiлерiне берiлетiн территорияны босатуды ультиматум тұрiнде талап еткен Антанта “көмектестi”. Бұл ультиматум елде ұлттық апат ретiнде қабылданды. үкiмет және Каройидiң өзi отставкаға кеттi. Бұл дағдарыстан шығу тек Кеңестiк Ресей көмегi арқылы ғана шешiлетiн сияқты болып көрiндi.
21 наурыз 1919 жылы коммунистер
мен социал-демократтар бiрiктi және
қантөгiссiз Венгер Кеңестiк
1920 жылдың жазында
жаңа үкiмет бейбiт келiсiмге
қол қойды. Бұл бойынша
Австрия. 30 қазан 1918 жылы
Австрияда өкiмет билiгiн
Серб, хорват және словендер Корольдiгi. Австро-Венгрия құрамына кiрген оңтұстiк славян халықтары Сербия маңына топтасты, 4 желтоқсан 1918 жылы Серб, хорват және словендер Корольдiгiн құрды. Алайда сербтер осы мемлекетте жетекшi орынға ұмтылды. Олар шыққан тегiнiң бiрдейлiгiне қарамай /хорваттар мен словендер -католиктер, македондықтар, черногорлықтар, сербтер-православиелiктер, албандықтардың көпшiлiгi мұсылмандар/ басқа халықтардың мүддесiмен санасқысы келмедi. Осы негiзде ұлттық мәселе саяси өмiрде тұрақсыздық тудырды. Әсiресе елдiң iшiнде сербтер мен хорваттар арасында қайшылық тереңдедi. Үкiмет барлық наразылықты басуға тырысты. Король Александр 1929 жылдың қаңтарында тiптi парламенттi тарату мен саяси партияларға тиым салуға дейiнгi шараларды жүргiздi. Ел халықтың “ұлттық бiрлiгiнiң” символын көрсетiп, Югославия корольдiгi деп аталды. Осыған жауап ретiнде хорваттық ұлтшылдар, усташтар, 1934 жылы корольдi өлтiрдi. Тек 1939 жылы басқару режимi ұлттық мәселеде жеңiлдiктер жасауға шешiм қабылдады: автономиялық Хорват облысын құру туралы жариялады.
Польша. Тәуелсiз поляк мемлекетiн қалпына келтiру Юзеф Пилсудскийдiң атымен байланысты. 1919 жылдың желтоқсанында Антантаның Жоғарғы Кеңесi Польшаның Шығыс шекарасын уақытша “Керзон линиясы” бойынша анықтады. /Керзон Британияның сыртқы iстер министрiнiң аты/. Бұл линия бiр жағынан поляктарға, екiншi жағынан украиндар мен литвалықтарға жақын жерден өттi. Алайда, Польшаны Германияға қарсы қоюды ойластырған Францияға сүйенген Пилсудский бұл шешiмдi қабылдамады. Оған Ресей империясы құлаған соң өз тәуелсiздiгiн алған Литва, Украина, Белоруссия мемлекеттерiнiң нығая алмағандығы да әсерiн тигiздi.
Поляк әскерлерi бiрте-бiрте
Галицияға /Украинаның бұл бөлiгi бiрiншi
дүниежүзiлiк соғысқа дейiн
1921 жылы наурыз Ригада
бейбiт-келiсiмге қол қойылды.
Финляндия. 31 желтоқсан 1917 жылы Финляндияға тәуелсiздiк берiлдi. 1918 жылдың қаңтарында-ақ солшыл социал-демократтар мен финдiк Қызыл Гвардия Кеңес өкiметiн орнатуға тырысты. Олар Финляндия астанасы Хельсинкидi, елдiң оңтұстiгiндегi өнеркәсiп орталықтарын басып алып, революциялық үкiмет құрды. Ол Кеңестiк Ресеймен достық туралы келiсiм жасады. Финляндия тәуелсiздiк жариялағаннан кейiн онда қалған орыс әскерiнiң бөлiмi революцияны қолдады. Фин үкiметi Васа қаласына көштi және бұрынғы Ресей генералы К.Г.Э.Маннергеймге ұлттық әскер құру тапсырылды. Ресей әскерiнiң Финляндияда болуы Финляндияның Германиядан көмек сұрауына сылтау болды. 1918 жылдың сәуiрiнiң басында он мыңға жуық немiс әскерi Финляндияға тұсiрiлдi. Революция талқандалды. Бiрақ ел Германияға тәуелдi болып қалды, Финляндияны корольдiк деп жариялау және оның тағына герман принцiн шақыру жоспары талқыланды. Алайда, бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста Германия жеңiлдi де, Финляндияда Республика жарияланды, немiс әскерлерi елден кетуге мәжбұр болды. ‰кіметтiң сайланатын органдары құрылғанша жаңа мемлекеттi Маннергейм басқарды. кеңес-фин қатынастары жақсармады.