Версаль бітім шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

Париж бітім конференциясы (1919 – 20) – 1-дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған халықаралық конференция. 1919 жылы 18 қаңтар – 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өтті. Оған соғысқа қатынасушы барлық елдердің 1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер тек АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапония мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысуымен қаралды, ал қалған елдердің өкілдері жалпы мәселелерге ғана жіберілді. Коференцияның нәтижесінде Германиямен және оның одақтастарымен жасалған бітімдерге қол қойылды.

Содержание

Кіріспе
1. Париж конференциясы
2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған жаңа мемлекеттер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

сөж америка.doc

— 113.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

            Кіріспе

  1. Париж конференциясы
  2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған жаңа мемлекеттер.

         Қорытынды

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Париж бітім конференциясы (1919 – 20) – 1-дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған халықаралық конференция. 1919 жылы 18 қаңтар – 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өтті. Оған соғысқа қатынасушы барлық елдердің 1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер тек АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапония мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысуымен қаралды, ал қалған елдердің өкілдері жалпы мәселелерге ғана жіберілді. Коференцияның нәтижесінде Германиямен және оның одақтастарымен жасалған бітімдерге қол қойылды. 1) 1919 жылы 28 маусымда Версальда қол қойылған бітім 1914 – 18 жылдардағы 1-дүниежүзілік соғысты ресми аяқтады. Бітімге бір жағынан, Германия, екінші жағынан, АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония және олармен одақтас мемлекеттер қол қойды (қ. Версаль бейбіт келісімі). 2) 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жермен сарайында Австриямен бітім жасалды. Австрия империясы жойылып, оның құрамындағы жерлер Чехославакияға, Югославияға, Италия және Румынияға өтті. Австрияның әскери күштері 30 мың адамға қысқартылды. 3) 1919 жылы 27 қарашада Болгариямен бейбіт бітімге қол қойылып, оның біраз жерлері Румыния, Югославия, Грекияға берілді. Болгарияға теңіз флотын ұстауға тыйым салынды, әскери салық төлеуге, қарулы күштерін 20 мыңнан артық ұстамауға міндеттеді. 4) 1920 жылы 4 маусымда Венгриямен бейбіт бітім жасалды. Ол біраз жерлерін Чехославакия, Румыния, Югославияға беруге, әскер санын 30 мыңға төмендетуге тиіс болды. 5) 1920 жылы 10 тамызда Севр (Париж маңында) бітімі іс жүзінде биліктен айырылған Түркияның Стамбұлдағы үкіметімен жасалды. Осман империясы өз аумағының 3/4-нен айырылды. Бұғаздар (Дарданелл және Босфор) ашық деп жарияланып, сауда және соғыс кемелерінің еркін өтуіне құқық берілді. Түркияның теңіз флоты қатты шектеліп, әскери күш 50 мың адамға қысқартылды. Бұл бітімді Мұстафа Кемал (Ататүрік) бастаған революциялық үкімет мойындамады. Кейін Грекия – Италия интервенциясы сәтсіздікке ұшырағанда, Анкарадағы Түркия үкіметі 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна бітім шартына қол қойып, негізгі аумағын сақтап қалды, бірақ араб елдерінен, Жерорта теңізіндегі көптеген аралдардан бас тартты. Батыс мемлекеттерінің қысымына байланысты Мосул аймағының тағдыры Ұлттар лигасына тапсырылып, ол 1926 жылы Иракқа берілді. Бұғаздар мәселесі батыс елдерінің мүдделеріне сәйкес шешілді. Париж бітім конференциясы Еуропада бейбітшілік орнатуға жарамады. Оны көп ұзамай тұтанған 2-дүниежүзілік соғыс дәлелдеді.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Париж конференциясы

 

1918  жылдың  11  қарашасында  жеңімпаз  Антанта  мемлекеттерінің  талабымен  Франциядағы  Компьен  орманында  Германия  жеңілгендігін  мойындап,  бітімге  қол  қоюға  келісті.  Төрт  жыл  үш  айға  созылған  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Үштік  Одақтың  жеңілісімен  аяқталды.  Дүниежүзілік  соғыс  адамзат  тағдырына  орасан  зор  зардабын  тигізіп,  көл-көсір  қайғы-қасірет  әкелген  оқиға  болды.  Соғыста  10  миллион  адам  қаза  тапты,  20  миллион  адам  жараланды.    1919  жылы  18  қаңтарда  соғыстың  қорытындысы  шығарылып,  жеңген  елдер  мен  Германия  және  оның  одақтастары  арасында  келісімге  келу  үшін  Париж  қаласында  халықаралық  конференция  өз  жұмысын  бастады.  Конференцияға  27  елден  делегаттар  қатысты,  азамат  соғысы  жүріп  жатқан  Ресей  және  жеңілген  елдер  қатысқан  жоқ.

Жеңіске  жеткен  мемлекеттер  яғни  Англия,  Франция  және  Америка  Құрама  Штаттары  алдында  өздеріне  ыңғайлы  және  қолайлы  етіп  соғыстан  кейінгі  дүние  жүзі  құрылымын  құру  мәселесі  тұрды.  Бірақ  басынан-ақ  оның  антидемократиялық  бағыты  байқалды.  Конференциядағы  басты  мәселе: 

-  бірінші  дүниежүзілік  соғысты  қорытындылау;   

-  Германиямен  және  оның  одақтастарымен  бітім  жасау  болды.   

 Негізгі  мәселелерді  талқылауда  Ұлыбританияның  премьер-министрі  Дэвид  Ллойд-Джордж,  Францияның  премьер-министрі  Жорж  Клемансо  және  АҚШ  президенті  Вудро  Вильсон  қатысып,  басшылық  жасады.  Конференцияға  қатысушы  ірі  мемлекеттердің  әрқайсысының  өзіндік  мақсат-мүддесі  болды  және  де  өз  мүдделеріне  ыңғайлы  шешу  үшін  күрес  жүргізді. 

 Париж  конференциясының  алдында  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастағы,  әлемдегі  өзгерістерді  ескере  отырып,  дүниені  қайта  құру  мәселесі  тұрды: 

-  халықаралық  қатынастағы  өзгерістерді  ескере  отырып,  жаңа  принциптерді  қалыптастыру;   

-  ірі  капиталистік  елдер  арасындағы  дүниежүзілік  ықпалды  реттеу; 

-  Германия  мен  Түркияның  отарларының  тағдырын  шешу. 

 АҚШ-тың  конференциядағы  негізгі  мақсаты 

-  дүниежүзілік  әлемде  өзінің  үстемдігін  қалыптастыру  болды.  Бірақ  бұған  Париж  конференциясында  Франция  мен  Англия  басшылары  қарсылық  жасады.  Англия  мен  Франция  Үштік  Одақ  елдерінің  отарларын  бөлісіп  алуды  көздеді.  Франция  Германияны  қатты  әлсіретуді,  оған  соғыс  шығындарын  толық  төлетуді,  мүмкін  болса,  Германияны  ұсақ  мемлекеттерге  бөлшектеп  жіберуді  мақсат  тұтты.  Англияның  басты  мақсаты-  неміс  флотын  талқандау  -  соғыстың  барысында-ақ  орындалғандықтан,  Англия  Германияны  бөлшектеуге  қарсы  болды.  Францияға  1871  жылы  Германия  тартып  алған  Эльзас  пен  Лотарингияны  қайтаруды  барлық  ірі  мемлекеттер  дұрыс  деп  тапты.  Италия  Австро-Венгрияның,  Жапония  Германияның  иеліктерінің  бір  бөлігін  алудан  үміттенді.   

 АҚШ-тың  мұндай  саясат  жүргізуіне  оның  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  экономикалық  дамуы  негіз  болды.  Соғыстан  кейін  Франция  мен  Англияның  экономикасы  күйзеліске  ұшырап,  экономикалық  даму  жағынан  АҚШ-тан  артта  қалды.  Соғыстың  ауыртпалығын  Франция  мен  Англия  көтерді.  АҚШ  соғысқа  тек  1917  жылы,  соғыстың  үшінші  жылы,  ғана  кірісті.  АҚШ-тың  территориясы  майданнан  алыс  болғандықтан,  Еуропаның  кейбір  мемлекеттері  сияқты  қирамады.  АҚШ-тың  әскери  шығыны  да  аз  еді.  Соғыста  50  мың  адамы  өліп,  230  мың  адамы  жараланған.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  халықаралық  аренада  Американың  орнын  өзгертті.  АҚШ  соғыс  кезінде  қолайлы  жағдайда  болды.  Соғыс  жылдарында  соғысушы  Еуропа  елдерін  қарумен,  азық-түлікпен,  шикізатпен  қамтамасыз  етіп  отырды.  Осындай  қамтамасыз  етумен  айналысқан  кәсіпорындар  көп  пайда  көрді.  1914-1918  ж.ж.  арасында  АҚШ  соғыс  өнеркәсібінің  таза  пайдасы  33,5  млрд.  долларға  жетті.  Жаңа  алып  қаржы  салымдар  Америка  экономикасының  өндіру  мүмкіндігін  арттырды.  Өнеркәсіптің  осылай  дамуы  АҚШ-тың  әлемдік  өнеркәсіп  өнімінің  басы  болуға  ықпал  жасады.

Сонымен,  1919  ж.  АҚШ  дүние  жүзінде : 

-көмірдің  50%  өндірді; 

-болат  пен  шойынның  3/5-ін; 

-мұнайдың  2/3-сін; 

-автомобильдің  85%  шығарды. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  АҚШ  дүние  жүзінде  қаржы  саласында  толық  үстемдік  алды.  Шет  елдердегі  инвестициясы  өсіп,  Канада  мен  Латын  Америка  елдерінде  7  млрд.  доллар,  Еуропа  елдерінде  18  млрд.  долларға  жетті.  АҚШ  президенті  В.  Вильсон  :  “Дүниежүзіне  кім  көп  ақша  берсе,  сол  ел  әлемде  билік  жүргізуі  қажет”-  деген  болатын.  Сөйтіп,  АҚШ  дүниежүзілік  үстемдік  жасау  үшін  күрес  жүргізді.  Соғыстың  соңғы  жылында  Вильсон  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларын  негіздеген  бағдарлама  ұсынды.  Конгресске  тапсырылған  бұл  құжат  Вильсонның  “он  төрт  пункті”  деп  аталады.  Мұнда  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастарды  реттеудің  негізі  ретінде  құпия  дипломатиядан  бас  тарту,  сауда  және  теңізде  жүзу  еркіндігін,  қаруларды  қысқарту,  езілген  ұлттарға  өзін-өзі  билеу  құқығын  беру,  әлемдік  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қорғайтын  халықаралық  ұйым  құру  ұсынылды;  мемлекеттердің  шекараларын  белгілеуде  тұрғындардың  этникалық  тегі  мен  тарихы  ескерілсін  деген  ой  айтылды.  Вильсонның  ойлары  әділетті  және  демократиялық  бітім  жасауды  көздейтіндерге  неғұрлым  ыңғайлы  еді.  Алайда  Ресейдің  Антанта  елдерімен  соғыс  алдында  және  соғыс  барысында  жасаған  құпия  келісімдерінің  жариялануы  АҚШ  саясаткерлерінің  ашу  ызасын  туғызды.  Конгресс  мүшелері  Вильсонның  идеяларын  қолдаудан  бас  тартты.  Олар  Антанта  елдерінің  арасында  жер  бөлісу,  соғыстан  пайда  табу  мақсаттары  бейнеленген  құпия  келісімдер  жасалғанын  білмегені  үшін  Вильсонды  кінәләді.  АҚШ  президенті  В.Вильсонның  “14  пункттен”  тұратын  бағдарламасының  мазмұны  төмендегідей  болды: 

-Антанта  елдерінің  арасындағы  жасырын  келісімдерден  бас  тарту;

-Дүниежүзілік  мұхиттар  мен  теңіздерде  еркін  жүзу;

-Барлық  кедендік  кедергілерді  жойып,  халықаралық  “ашық  есік”  және  “ашық  қол”  принципін  сақтау;

-отар  елдердің  мәселесін  әділетті  шешу; 

-қару-жарақтықысқарту; 

-Германиямен  және  оның  одақтастарымен  әділетті  келісімдер  жүргізу;

-дүниежүзілік  дау-жанжал  мәселелерді  бейбіт  жолмен  шешу  үшін  халықаралық  ұйым  -  Ұлттар  Лигасын  құру. 

“14  пункттен”  тұратын  бағдарламаның  мазмұнынан  АҚШ-тың  экспансиялық  саясаты  анық  көрінді.  Бұл  бағдарламадағы  АҚШ  саясатының  мәні  дүниежүзілік  әлемде  үстемдік  жүргізу  екенін  түсініп,  Франция  мен  Англия  Париж  конференциясында  АҚШ  саясатын  әшкерелеп,  Вильсонның  бағдарламасын  қабылдамады.  Бірақ  оның  Ұлттар  Лигасын  құру  бағдарламасын  Клемансо  мен  Ллойд-Джордж  қолдап,  халықаралық  қатынастағы  дау-жанжал  мәселелерді  шешуде  айтарлықтай  рөл  атқаратын  ұйым  құруға  келісті.

Негізгі  мемлекеттердің  жаңа  монополистік  кезеңіне  кооперативтік  капитализмге  кіруі,  ұйымның  структурасына  үлкен  өзгерістер  енгізді.  Тәуелсіз  бәсекелестік  капитализмінің  терең  кризисы  байқалды.  Оның  түбегейлі  реформалану  керектігі  байқалды.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  бұл  жағдайды  одан  әрі  өршелендіре  түсірді.  Бұл  жағдай  өткен  онжылдықта  саясат  және  әлеуметтегі  маңызды  құқықтардың  біразына  қол  жеткізген  қалың  жұртшылықты  қозғалысқа  әкелді.  Қалың  жұртшылықтың  қалауының  өсуі,  негізгі  қоғамның  түбегейлі  демократиялық  реформалануы  көптеген  қозғалыс  қаупін  төндірді.  Сонымен  қатар,  жұмысшылар  қозғалысының  арасында  әлеуметтік  альтернативтік  капитализмнің  шығу  идеясы  пайда  болды.  Ресейдегі  Қазан  революциясы  және  Германия,  Венгрия  және  басқа  батыс  еуропа  елдеріндегі  революция  толқулары,  сол  кездегі  әлеуметтік  тәртіпке  үлкен  қауіп  төндірді.  Колония  мен  тәуелді  елдерде  күшті  ұлт-азаттық  қозғалыстар  пайда  болды.  Алдын-ала  көріп  білетін  және  реалисттік  ойшыл-саясаткер-президент  Вильсон  капитализмге  қауіпті  идеялар  мен  қозғалыстарға  жаңа  және  әділетті  дүние  жүзілік  тәртіптің  демократиялық  лозунгтарын  қарсы  қою  керектігін  жақсы  түсінді.  Бұл  демократиялық  лозунгтар  бейбітшілік  пен  демократия  және  “Ұлтық  Лига”  халықтарының  теңдігі  принциптерінде  қаланды.  Президент  Вильсон  өз  сөзінде:  “Біз  Ұлттық  Лига  көмегімен  ірі  капиталға  қарсы  көтерілістерге  құмар  дүние  жүзін  емдейміз”-деген.  Вильсонның  ойынша  бұл  демократиялық  лозунгтер  Қазан  революциясының  большевизм  идеясына  қарсы  күрес  үшін  өте  маңызды  болды.  Ол:  “әділетті  әлем  және  күшті  тәртіп  большевизмге  қарсы  күрес  үшін  маңызды”,-  деді. 3 Сондықтан  1918  ж.  Америка  президенті  тарапынан  көрсетілген  әлем  өзгерту  бағдарламасы  дара  болған  жоқ.  Керісінше,  ол  күрделі  болып,  құрамына  глобализм  мен  либерализмнің  принциптерін  енгізді.  АҚШ  мемлекеті  өзінің  екі  маңызды  мақсаты  ретінде:  Америка  гегемониясына  қол  жеткізу  мен  әлеуметтік  қауіпке  қарсы  либералдық  альтернативаны  қою.  Бұл  туралы  Вильсонның  өзі  АҚШ-тың  сыртқы  саясатының  мақсаты-дүниежүзілік  либералдық  қозғалыс  басшыларымен  дүниежүзілік  билік  үшін  бірігіп  күресу  керектігін  айтты.  Осылайша  президент  Вильсон  көрсеткен  “он  төрт  пункт”  бағдарламасы  либералды  экспансионизм  бағдарламасы  ретінде  қарастырылады.  Осы  есептеулерден  АҚШ-тың  Бірінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңілген  Германияға  қарасты  қатынастарды  қарастыратын  бағдарламасы  құрылды.  Олар  Англия  мен  Францияның  күшеюіне,  салыстырмалы  түрде  күшті,  бірақ  әлсіреген  Германияны  қарсы  қоюды  көздеді.  Сонымен  қатар  1918  ж.  қараша  айында  Германияда  басталған  революцияны  басып  тастау  керек  болды.  Бұл  революция  большевизмнің  Батыс  Еуропаға  таралу  қаупін  төндірген  еді.  Сондықтан  АҚШ  мемлекетінің  мақсаты  ретінде  неміс  буржуазиясына  революцияға  қарсы  күресте  көмек  беру  көзделді.  Сонымен  қоса  ірі  инвестицияларын  Германияның  экономикасына  енгізіп,  ол  жердегі  алдыңғы  қатарлы  орындарға  ие  болып,  соңында  оны  соғыстан  кейінгі  еуропаның  экономикасы  мен  саясатына  кеңінен  тарату.

Осылайша,  Бірінші  дүниежүзілік  соғысынан  кейін  АҚШ  мемлекетінің  алдында  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  өте  маңызды  және  жауапты  мәселелер  туындады.  Сондықтан  Парижде  өткен  бейбіт  конференциясында  АҚШ  делегациясын  президенттің  өзі  басқарды.  Тарихта  алғашқы  рет  АҚШ  президенті  өзінің  ел  басқару  мерзімінде  мемлекеттің  аумағынан  шықты.  Бірнеше  ай  бойына  Парижде  өткен  конференцияда  сол  кездегі  әлемнің  ең  ірі  көшбасшылары-  Ллойд-джорд,  Клемансо  және  Вильсон  арасында  тартысты  күрес  басталды.  “Ең  бай  мемлекеттердің  “үлкен  төрттігі”  -  Клемансо,  Ллойд-Джордж,  Орландо  және  Вильсон  дүние  жүзінің  жаңа  халықаралық  қатынастарын  құруға  отырғызылды”,-деді  В.И.  Ленин.4  Бұл  тартыс  себебі-  алдыңғы  қатарлы  державалар-  АҚШ,  Франция  және  Англияның  көзқарастары  әртүрлі  болды.  Шындығында  Америка  президентінің  алға  қойған  жаңа  әлемдік  тәртібін  құру  ойы  Англия  үшін  де,  Франция  үшін  де  мүлдем  тиімсіз  болды.  Англияның  Бірінші  дүниежүзілік  соғысына  қатыспауға  амалы  болмады,  өйткені  жас  және  мықты  империалисттік  Германия  державасы  колониялар  мен  олардың  ықпал  ету  ортасын  өзгерту  маңыздылығы  туралы  ашық  жариялады.  XIX-XX  ғасырдағы  Англо-Герман  қарсыластығы  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  негізгі  қарама-қайшылық  болды.  Ірі  Британ  империасының  жоғалып  кету  қауіпі  төнді,  ал  Англия  болса  оның  сақталуы  мен  одан  әрі  кеңеюі  үшін  күресті.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Англия  басшылары  тарапынан  қойылған  мақсаттардың  орындалуына  әкеліп  соқтырды.  Германия  әлсіреп,  Ұлы  державалар  қатарынан  шығып  қалды.  Африка  мен  Тынық  мұхитындағы  Германияның  колонияларының  біраз  бөлігі  Англияның  қол  астына  өтті.  Германияның  Таяу  Шығыстағы  Түрік  империясының  кең  байтақ  жерлерінде  маңыздылығы  жойылды.  Енді  Англияның  басты  мақсаты-  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  жаулап  алынған  жерлерді  заңдастыру  және  Британ  империасының  күшін  арттырып,  Англияның  әлемдік  сахынада  беделін  өсіру.  Әрине,  осындай  жағдайда  АҚШ-тың  күшеюі  Англияның  есебіне  кірген  жоқ.  Сондықтан  Парижде  өткен  конференцияда  Ллойд-Джордж  басқарған  ағылшын  делегациясы  күннен  күнге  АҚШ-тың  басшылығына  қарсы  күрес  жүргізді.  Өйткені  АҚШ  Ұлттар  Лигасын  қолданып  “ашық  есіктер  мен  мүмкіндіктер”  лозунгтары  арқылы  билікке  ие  болғысы  келді.  Бұл  арқылы  АҚШ  соғыстан  кейінгі  әлемге  өз  гегомониясын  орнатуға  тырысты.  Ленин  айтқандай  “сол  уақыттарда  тек  АҚШ  қаржы  жағынан  мүлде  тәуелсіз  болып  қала  берді”.  Бірақ  Ллойд-Джордж  тәжірибелі  саясатшы  болғандықтан,  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  үлкен  өзгерістер  келгенін  түсініп  отырды.  Ол  капитализмді  реформалау  қауымының  қалыптасуын  және  әлеуметтік  альтернативтік  қауіпін  жойдыру  керектігін  жақсы  түсінді.  Ол  Ұлттар  Лигасының  құрылу  ойын  жақтап,  бұл  ой  Вильсонның  монополиясы  емес  екендігін  айтты.  Бірақ  Ллойд-Джордж  АҚШ-тың  Ұлттар  Лигасына  мол  әсері  болмауын  қалады.  Ағылшын  делегациясының  ойынша  бұл  ұйымның  басты  мақсаты  соғыстан  кейін  жеткізілген  status-quo  жағдайын  және  Британ  империясын  сақтандыру.  Бұл  мақсатпен  Англия  Ұлттық  Лигада  басшылық  қызметіне  ие  болу  үшін  өз  байлықтарын  қолдануға  тырысып,  ол  арқылы  халықаралық  қатынастарда  status-quoны  сақтап  қалу.

Информация о работе Версаль бітім шарты