Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 18:50, реферат
Дүниетаным, халық арасындағы қолдануына байланысты жинақталған ақпарат қоры немесе ол адамның өмірге деген көзқарасы, бір жетістікке жету жолындағы іс-шара немесе ұстанған ұстанымы түрінде де түсіндіріледі. Дүниетаным дегеніміз не? Көптеген жазушылар әр түрлі түсініктемелер ұсынды. Мысалға алсақ, Джеймс Сайр дүниетанымды – әлемнің негізгі құрылымы жайында алған болжамдарымыз немесе пікірлеріміз дейді. Филипс пен Броун (Phillips and Brown) дүниетаным дегеніміз алдымен дүниенің анықтамасы мен ол жайындағы қалыптасқан пікірі, содан кейін бұл көзқарастың, өмірде қолданылуы дейді. Осындай пікірлерді саралай келе , дүниетаным дегеніміз, менің ойымша, дүниенің бір көрінісі мен біздің соған деген көзқарасымыз.
I. Кіріспе
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі
II. Негізгі бөлім
Түріктердің дүниетанымының қалыптасуының негізі
Көне түріктердің мифологиялық тарихи даму жолы
III. Қорытынды
Түріктердің мифологиясына
тағы да бір деректі мысалдармен
тоқталып өтейін.Көне түркілер өз табиғатында
тек тәндік қана емес, сонымен қатар
руханилықтың бар екендігін ерте
ұғынса керек және ол осы ұғымын
мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы,
Өгізхан, Шыңғысхан туралы аңыздарда
олар күн сәулесінен жаралған делінеді.
. Бұл аңыздарда хан қызы күн
сәулесі түскеннен кейін жүкті
болып, ұл туады. Аталған аңыздарда
ел билеуші хандардың құдайлық табиғатын,
яғни билігін заңды деп тану мағынасында
қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан,
ал олардың бастапқы мәні адамның
руханилығын негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын
— жан тұрағы деп қарастыру
оларды құдіреттендіруге жол ашады.
Дамудың белгілі бір сатысында
адам болмыс пен сананың, тән мен
рухтың аражігін ажыратады және соңғысын
жоғарғы әлеммен
Қазақтардың мифологиялық тарихи даму жолында генотиптік діни жүйелер басым болды. Бұл ұғымға Профессор Т.Ғабитов төмендегідей анықтама береді: “Генотиптік діни жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тән ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі –аруақ”. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі. Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз санаған. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа деген көзқарас айқын көрініс тапқан.
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталады. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай делінген: «Шаньюй ертемен күнге табыну үшін, кешке қарай айға табыну үшін шығады». Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған, Монғолиядан айырмашылығы осында. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді. Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: «Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік». Бұл кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.
Қорытынды
Қорытындылай келе, байырғы түріктердің дүниетанымының қалыптасуындағы географиялық орналасудың, өмір сүру шарттары мен уақытының, наным-сенімдерінің әсерлері қарастырыла келе олардың жазу-сызу өнеріндегі әсерінен сөз етілген болатын. Сөз соңында айтайын дегенім, түркі мәдениеті қазақ халқының ел, мемлекет болып қалыптасуына тікелей әсер еткен, біздің шыққан тегіміздің көшпенділер екенін көрсететін ең негізгі фактор болып табылады. Қазақтардың ата-тегі болып табылатын ежелгі түркі елінің мифологиясы мен дүниетанымын зерттеп білу, әрбір иманды қазақтың парызы деп санаймын. Жоғарыда талдап өткеніміздей, тарихтың толқынында сан-қилы өзгерістерге ұшырап келген түркі дүниетанымы, қазіргі кездегі қазақтармен қоса бүкіл түркі халықтарының рухани және мәдени негізі болып табылатыны анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
v Орынбеков М. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы», Алматы- 1996, 168 б.
v Өмірәлиев Қ. «VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері», Алматы- 1985
v www.asik.kz
v www.enu.kz
v Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» Алматы 1999
v Е.Аққошқаров «Қазақстан тарихынан», Алматы 1997
v М.Қани «Қазақтардың көне тарихы», Алматы 1993