Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 18:50, реферат
Дүниетаным, халық арасындағы қолдануына байланысты жинақталған ақпарат қоры немесе ол адамның өмірге деген көзқарасы, бір жетістікке жету жолындағы іс-шара немесе ұстанған ұстанымы түрінде де түсіндіріледі. Дүниетаным дегеніміз не? Көптеген жазушылар әр түрлі түсініктемелер ұсынды. Мысалға алсақ, Джеймс Сайр дүниетанымды – әлемнің негізгі құрылымы жайында алған болжамдарымыз немесе пікірлеріміз дейді. Филипс пен Броун (Phillips and Brown) дүниетаным дегеніміз алдымен дүниенің анықтамасы мен ол жайындағы қалыптасқан пікірі, содан кейін бұл көзқарастың, өмірде қолданылуы дейді. Осындай пікірлерді саралай келе , дүниетаным дегеніміз, менің ойымша, дүниенің бір көрінісі мен біздің соған деген көзқарасымыз.
I. Кіріспе
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі
II. Негізгі бөлім
Түріктердің дүниетанымының қалыптасуының негізі
Көне түріктердің мифологиялық тарихи даму жолы
III. Қорытынды
Жоспар
I. Кіріспе
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
Түркі мәдениетінің қазіргі кезеңдегі мыңыздылығын сипаттау
Кіріспе
Дүниетаным, халық арасындағы қолдануына байланысты жинақталған ақпарат қоры немесе ол адамның өмірге деген көзқарасы, бір жетістікке жету жолындағы іс-шара немесе ұстанған ұстанымы түрінде де түсіндіріледі. Дүниетаным дегеніміз не? Көптеген жазушылар әр түрлі түсініктемелер ұсынды. Мысалға алсақ, Джеймс Сайр дүниетанымды – әлемнің негізгі құрылымы жайында алған болжамдарымыз немесе пікірлеріміз дейді. Филипс пен Броун (Phillips and Brown) дүниетаным дегеніміз алдымен дүниенің анықтамасы мен ол жайындағы қалыптасқан пікірі, содан кейін бұл көзқарастың, өмірде қолданылуы дейді. Осындай пікірлерді саралай келе , дүниетаным дегеніміз, менің ойымша, дүниенің бір көрінісі мен біздің соған деген көзқарасымыз.
Барлығымыз білетіндей,
ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген,
халықтардың географиялық орналасуын
бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен,
қытай сынды ұлы халықты
Негізгі бөлім
Түріктердің
дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар
көзі – табиғат. Бұл,
- қазіргі моңғол,
қазақ, қырғыз т.б.
- ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;
- «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;
- Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата,…);
Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.
Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге к үні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным – сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйлар болды. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев секілді ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді.
Жалпы, осындай көптеген ғалымдардың еңбектерінен мен байырғы түріктердің дінін ғылыми тұрғыда арнайы қарастырған екі ғалымның тұжырымын қолдаймын. Немістің атақты ғалымы Г. Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ. Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: «… бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін. Олар: тотемдік, шамандық және тәңіршілдік»-деген қорытындыға келген. Олай болса байырғы түріктердің дінін осы ғалымдардың айтуынша саралап көрейік:
1. Байырғы түріктердің
түсінігі бойынша Тәңір (teŋri) жерде
емес көкте ол көзге
2. Тәңір жалғыз жаратушы. Ол жаралмайды, тумайды;
3. Бұл дүние тіршілік-тірлік.
Ол дүниеге адамның жаны ұшып
кетеді. Жан жоғалмайды. М: Kűl-tegin qoj jylqa
[toquzynčy aj] jiti jigirmike učdy (Күлтегін қой
жылы тоғызыншы айдың он
4. Ұшқан жан жоғалмайды. Ол дүниеде не жақсылық, не қиыншылық көреді. Олай болса тозақ, пейіш мәселесін мұнда қабат сөз ете білген.
5. Тәңір мен жер киесіне ұшырағанда ақыр заман болады. Адамзат, ағайын туыс өз ара арпалысады. М: Teŋri jer bulγaqyn űcűn (Тәңір мен жер киесіне ұшырағаны үшін) деген сөйлемдер бұған дәлел бола алады.
6. Байырғы түрік
мәтіндерінде жаратушы-бір
Осылайша, жоғарыда аталған танымдық бастаулар байырғы түріктердің ұстанған діні, сол дәуірдің өзінде дін дәрежесіне көтерілгенін дәлелдейді.
Түріктердің сол
кездегі наным-сенімдері
«Тәңірлік» –
әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне
табиғатқа, оның стихиялық күштеріне
табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің
біртіндеп дамуынан туған құбылыс.
Тәңірліктің дүниетанымдық
Тәңірлік діннің
өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне
дейінгі діни наным-сенімдерді теріске
шығармайды, қайта оларды бір жүйеге
келтіруші рөл атқарады. Плано
Карпини түркілердің бір
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, – делінеді.
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: “Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев “таң” және “ер” сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын “таң”, автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты болса, “ер” – түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір “Күн адам”, “Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, “Тәңірім, кешіре гөр”, –дейді.
Көріп отырсыздар, осыдан 30-40 мың жыл бұрын пайда болған, түрік этносының ондаған мыңжылдықтар бойы тұтынған төл мұрасы рухани қазынасы тәңіршілдік дінінің атауы 21 ғасырға қандай өзгеріспен жеткеніне көз жеткіземіз. Дуалистік дүниетанымды арқау еткен, ежелгі тәңірлік діннің бүкіл бүтін жүйесін қалыпқа келтіріп, оның уағыз ілімін жаңғырту, іргелі зерттеулер жүргізу түрік әлемін саралап сараптаушы ғалымдардың алдында тұрған жауапты да, абыройлы істің бірі. Байырғы түріктердің дүниетанымының негізі болған «тәңірлік» тағыда тереңдетіп зерттеуді күтіп тұрған тың салалардың бірі.
Түріктердің мәдениетіне үлкен ықпалын тигізген келесі діни наным – шаманизм болды. Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. “Шамандық дегеніміз, – дейді Шоқан, – әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. …Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: “Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Орталық Азия мен Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным- сенім ретінде шеттетіле бастайды. Енді олар жын-шайтандармен байланысқа түсе алатын адамдар ретінде қабылданады. Қоғамда шамандарға қатысты екі ұшты ұстаным қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады, өйткені олар адамға кесір келтіруі мүмкін. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады. Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыз оларға бара бермейді. Екінші жағынан, сыры беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде шамандар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.
Қазақ философиясының
және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің
мифологиялық ертегілері, хайуанаттар
жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс
салт) ертегілерінің де үлкен әсері
болды. Бұл ертегілер өте ерте
заманда адамның табиғат сыр,ын
әлі толық түсініп болмаған кездерде
туған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік
ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін
қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері
осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының
бір ерекшелігі оның жалпы халықтық
мазмұндылығында ақиқат болғандығы.
Қазақ аңыздарында көшпелі