Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 18:15, лекция
Бумын қаған 545 жылы түркінің он тайпасын біріктіріп, Түркі қағанатын құрды. Қағанаттың құрылуы түркі тайпаларының өзге мемлекеттермен түрлі қарым-қатынасқа түсуіне және өз ішінде ортақ этникалық мүддені ұғыну дәрежесіне көтерілуге байланысты болды. Қағанаттың құрылуына деген алғышарт ғұндар кезінде-ақ қалыптаса бастағанымен, жалпытүріктік мүдде негізіндегі тұтас көзқарас немесе түркі идеясы осы Түркі қағанаты кезінде туындаған болатын.