Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 12:17, реферат

Краткое описание

ас дәуірі бірнеше кезеңнен тұрады: палеолит (ерте тас ғасыры) 2,5 млн – 12 мың жыл аралығын қамтиды, ол өз кезегінде ежелгі (2,5 млн – 100 мың жыл бұрын), ортаңғы (100 – 40 мың жыл бұрын), кейінгі палеолитке (40 – 12 мың жыл бұрын) бөлінеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тас және Қола дәуіріндегі Қазақстан.docx

— 3.26 Мб (Скачать документ)

С. Бегалин атындағы Мемлекеттік  Балалар Кітапханасының қорында  бүкіл әдебиеттер тізімі бар.

Өзіңді тексер

Ежелгі Қазақстан. Тас дәуірі

1. Алғашқы адамдардың  негізгі шаруашылығы қандай болған?

  • а) аң аулау, балық аулау, терімшілік
  • ә) мал шаруашылғы, қолөнер
  • б) жер өңдеу
  • в) қолөнер және сауда

2. Ерте палеолитке  тағы қандай атау беруге болады?

  • а) ежелгі
  • ә) жоғарғы
  • б) орталық
  • в) төменгі

3. Ежелгі палеолит  дәуірінің ескерткіштері қай ауданда табылған?

  • а) Шығыс Қазақстан
  • ә) Солтүстік Қазақстан
  • б) Оңүстік Қазақстан
  • в) Батыс Қазақстан

4. Соңғы палеолит  қай кезеңді қамтиды?

  • а) 150 мың – 30 мың жыл бұрын
  • ә) 35 мың – 10 мың жыл бұрын
  • б) 700 мың – 150 мың жыл бұрын
  • в) б. з. 2 млн – б. з. 800 мың жыл бұрын

5. Мезолит дәуірі қандай аралықта орналасқан?

  • а) төменгі және жоғарғы палеолит аралығында
  • ә) неолит және қола ғасыр аралығында
  • б) палеолит және неолит аралығында
  • в) қола және темір ғасырлары аралығында

6. Қашан бумеранг, садақ пен жебе жасалынған?

  • а) неолит
  • ә) энеолит
  • б) палеолит
  • в) мезолит

7. Қола дәуіріне дейін адамдар қандай металды қолданды?

  • а) мыс
  • ә) темір
  • б) алюминий
  • в) жез

8. Неолит кезеңінің соңында (б. з. д. III мың жыл бұрын) адамдар немен шұғылдана бастады?

  • а) аң аулау
  • ә) тоқыма
  • б) құрылыс
  • в) бейнелеу

9. Неолит дәуірін қалай атайды?

  • а) ескі тас ғасыры
  • ә) қола ғасыры
  • б) жаңа тас ғасыры
  • в) мыс тас ғасыры

10. Қандай кезең  неолиттен бұрын болған?

  • а) палеолит
  • ә) қола ғасыры
  • б) темір ғасыры
  • в) мезолит

Өзіңді тексер

Ежелгі Қазақстан. Қола дәуірі

1. Андронов тайпалары  қашан өмір сүрген?

  • а) темір дәуірі
  • ә) қола ғасыры
  • б) тас ғасыры
  • в) тастан мысқа өтпелі кезеңде

2. Қоланың құрамы  қандай?

  • а) қалайы мен мыстың қортындысы
  • ә) мыс пен алтынның қорытпасы
  • б) табиғатта таза түрде кездеседі
  • в) мыс пен темір қорытпасы

3. Қола ғасыры  орталық Евразия континентінде  қай мәдениетпен байланысты?

  • а) түркі мәдениеті
  • ә) сақ мәдениеті
  • б) скиф мәдениеті
  • в) андронов мәдениеті

4. Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылды?

  • а) 1924 ж.
  • ә) 1950 ж.
  • б) 1914 ж.
  • в) 1921 ж.

5. Андронов мәдениеті қай дәуірдің алдында қалыптасты?

  • а) қола ғасыры
  • ә) неолит
  • б) темір ғасыры
  • в) тас ғасыры

6. Андронов тайпалары  тұрғылықты мекен-жай үшін (б. з. б. XVIII-VIII ғғ.) нені пайдаланған?

  • а) үңгірлерді
  • ә) ағаш үйлерді
  • б) киіз үйлерді
  • в) балшық үйлерді

7. Андроновтарға  бағалы болған малдың түрі

  • а) сиыр
  • ә) жылқы
  • б) қой
  • в) ешкі

8. Қола дәуірінде қандай үй тұрақтары көбірек тараған?

  • а) киіз үйлер
  • ә) тастан және балшықтан жасалған үйлер
  • б) үлкен жертөлелер
  • в) үңгірлер

9. Андроновтықтар  жерлеу рәсімінде адамды қалай қойған?

  • а) ұзыннан созылған, қолы қусырылған түрде
  • ә) бетін төмен қаратып
  • б) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ
  • в) бүктелген түрде

10. Жерленген андроновтықтардың  басы қай жаққа бағытталып қойылған?

  • а) шығыс немесе солтүстік-батыс
  • ә) солтүстік
  • б) батыс немесе оңтүстік-батыс
  • в) оңтүстік

Ертедегі Қазақстан (б.э.д. VII — б.э. VII)

Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Қазақстанды мекендеген тайпалар осы кезде көшпелі мал шаруашылығына бейімделе бастады. Бұл жағдай шаруашылықтың дамуына негіз болды. Мұнымен қатар көшпелілер арасында мәдениет те дамыды. Б. з. б. VIII – VII ғғ. Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар темірді пайдалана бастады. Бұл кезең тарихта тас, қола дәуірінен кейінгі ерте темір дәуірі деп аталды. Аталған дәуірге жататын ескерткіштер Қазақстанның Зайсан көлі маңынан, Жетісудан, Тасмола қорғандарынан табылды. Бұл дәуірде Қазақстан аумағын сақ, ғұн, қаңлы т. б. тайпалары мекен еткен.

Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)

V ғасырдан бастап  Қазақстан аумағын мекендеген  тайпалар арасында қоғамдық қатынастың  жаңа түрі орнаған еді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қоғамдық қатынастың жаңа түрі – феодалдық (немісше феод — "жер”, аль — "иесі”, яғни жердің иесі деген ұғымды білдіреді) қатынастың орнауынан бастап, XV ғасырдағы Қазақ мемлекеті мен қазақ халқының қалыптасуына дейінгі кезең кірген.

Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі  тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болды. Феодалдық қатынастың орнауы Қазақстанның оңтүтігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Феодалдық қатынас соғыс, шапқыншылық, жорықтар негізінде қалыптасты. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастың орнауы болды.

Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)

Қазақстанның Ресейге  қосылуы XVIII ғасырдың 30-жылдары басталып, ұзақ және күрделі оқиғалар мен үрдістерден кейін ғана XIX ғасырдың 60-жылдары аяқталды. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:

  • XVIII ғасырдың 30-жылдарынан – XIX ғасырдың 20-жылдарына дейін. Бұл жұзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы істеріне орыс билігі тығыз араласты және хандарды бекітіп отырды.
  • Бағыныштылық (вассалитет) кезеңі, XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесінде ішкі және сыртқы округтер ашылды. Округ басшылары аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.
  • Таза бодандық кезеңі, 1860 жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың уездерге т. б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы – сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым-қатынастарының шеңберіне тартыла бастады.

Революция және Азамат соғысы (1917 — 1920 ж.ж.)

1917 жылғы Қазан төңкерісі – 1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Ә. Майкөтов, И. Дубинин, К. Шугаев, Я. Ушанов, А. Иманов, С. Цвиллинг, Т. Рысқұлов, Т. Бокин, П. Виноградов, Л. Емелев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, т. б. белсене қатысты.

Азамат соғысы Қазақстанды  да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Большевиктер мен кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

Ұжымдастыру және жаппай жазалау(1930 — 1940 ж.ж.)

Компартияның 1927 жылы желтоқсанда өткен ХҮ съезі ауыл шарушылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен ланкестікке негізделді. Ұжымдастыру (колхоз құру) алдын ала даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік –күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты.

Бұл орайда шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық объектілер салу жай ғана жарияланған күйінде қалды. Ұжым- дастыру және сонымен бірге отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын түп негізіне дейін күйретті. Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды, ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тірек- тер қиратылды. Қатаң әкімшілдік жағдайында, әскери коммунизм кезеңіндегі белсенділердің мерейі үстем болды. Кей жерде кедейлер мен орта шаруларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмеген кедейлер мен орташалары Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе «кулактар» қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.

1930–1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр етті. Аштық тарихқа «Ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Ұжымдастыру көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей, күштеу әдісімен жүзеге асырылғандықтан, ауыр қантөгіс, дүрбелең жағдайында өтті.

Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).

1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және өндіріс орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5мың шынжыр табанды трактор, 110,4мың жылқы жіберілді.

Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталып, қазақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның ішінде екі қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Төрт қазақстандық Т. Бигельдинов, С. Луганский, И. Павлов, Л. Беда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстагта Р. Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б. Момышұлына берілді.

Информация о работе Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан