Сырым Датұлы – батыр, қолбасшы, шешен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 21:21, реферат

Краткое описание

“Тарихсыз — ел жоқ” демекші, қазақ халқының тәуелсіз ел болып орнығып, нығайып күшейгенге дейінгі, ата-бабаларымыздың түрлі елеңсіз жағдайларға тап болып отырғаны сөзсіз. Соның бірі Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ халқының көрген зорлық-зомбылықтың нәтижесінен туған түрлі көтерілістердің бірі – Сырым Датұлының қолбасшылығымен өткен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж.).

Содержание

Кіріспе .................................................................................... 3
II
Негізгі бөлім
2.1 Cырым Датұлы - қазақтың біртуар батыры.................................4
2.2 Кіші жүздегі көтерілістің көрнекті қолбасшысы...........................7
2.3 Сырымның шешендік өнері ...........................................................9
III
Қорытынды ........................................................................................12
IV Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

referat_syrym.docx

— 43.13 Кб (Скачать документ)

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

 

Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Жеңілмейтін жау жоқ, шешілмейтін  дау жоқ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді;

Қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

 

Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

 

Дау шешімі: тірі малдың өзі қайтсын, өлісінінің құны қайтсын.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

 

Қарадан хан болсам - халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам - атам жараған болар,

Жоқтан бар болсам - құдайым  қараған болар.

Адам өмірі туралы

                                                                          [3.157-160б.,6.]

 

 

 

 

                                               Қорытынды

    

      Ел үшін еңкілдеп жауға қарсы шаба бергендердің бәрін батыр деп санауға тағы да болмайды. Қазақ тарихында Сырым жалғыз. Ол жай батыр емес – саясатшы батыр. Ресей империясының генерал-губернаторларын ғана емес, Петербордың императорлық сарайлары мен Хиуа хандықтарын қазақтың геосаясатына жүгіндіре білген батыр.

Сырым барша қазақ халқына  ортақ батыр. Ол ұлт-азаттық қозғалыс делінетін биік тарихи ұғымның бастауында тұрған тұлға. Арғы-бергі тарихымызда  дәл мұндай мәселемен Сырымға  дейін ешкім шұғылданып көрмеген. Тіпті мұндай күрес күні бүгінге дейін жалғасып келеді десек, қателеспейміз. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін білмей төгіп алып жүрсек, халқымыздың болашағы бұлдыр болып қалады. Сырым есімі бізге сонысымен де қымбат.

Оны көсем еді, шешен еді  деп ділмәрси беру де біртүрлі ыңғайсыз. Өйткені, Сырым көпірме, лепірме  сөздің адамы емес. Бұлай төгілдіре  беру оның бітім-болмысы мен табиғатына, жаратылысына жат. Сырым дүниеге  келген кезде бүкіләлемдік саясат күрт өзгеріп кетті. Тарих өрнегін бүкіл адамзаттық коллизиялар тоқиды. Сырым нағыз рыцарь, ноян, пайғамбардай адал, құдіретті тұлға.

    Сырым батыр бастаған  көтеріліс қазақтың рухының мықтылығын, оның еркіндікті аңсайтынын көрсеткен белді белес еді. Орыстың зиялы адамдарының бірі, белгілі тарихшы Михаил Порфирьевич Вяткин: «Тарих мынаны айқын көрсетеді. Ол – Сырымның өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі; өз халқын сатқан ел басшыларымен ешқашан ымыраласпайтындығы; өз Отанының бостандығы үшін, оның мемлекеттігі нығайып, дамуы үшін жанын аямай күрескені… Қазақтар халық қамы үшін күрескен осы бір батырды ешқашан есінен шығармақ емес», – деп жазып еді.

      Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған казақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды.

      XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі  Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

 

 

                                                          

                    IV Пайдалынған әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы. Мусин Чапай, А.,2008
  2. Тарихи тұлғалар. Б. Тоғысбаев, А. Сужикова  —  А.,2011 
  3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша хрестоматиясы – А.,2005
  4. Өскен өлке тарихы. Т. Рысбеков – О., 1997
  5. kk.wikipedia.org/wiki/Сырым Датұлы
  6. http://www.kazakhadebieti.kz

 

 

 

.

 


Информация о работе Сырым Датұлы – батыр, қолбасшы, шешен