Сырым Датұлы – батыр, қолбасшы, шешен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 21:21, реферат

Краткое описание

“Тарихсыз — ел жоқ” демекші, қазақ халқының тәуелсіз ел болып орнығып, нығайып күшейгенге дейінгі, ата-бабаларымыздың түрлі елеңсіз жағдайларға тап болып отырғаны сөзсіз. Соның бірі Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ халқының көрген зорлық-зомбылықтың нәтижесінен туған түрлі көтерілістердің бірі – Сырым Датұлының қолбасшылығымен өткен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж.).

Содержание

Кіріспе .................................................................................... 3
II
Негізгі бөлім
2.1 Cырым Датұлы - қазақтың біртуар батыры.................................4
2.2 Кіші жүздегі көтерілістің көрнекті қолбасшысы...........................7
2.3 Сырымның шешендік өнері ...........................................................9
III
Қорытынды ........................................................................................12
IV Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

referat_syrym.docx

— 43.13 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

           Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

                             Физика-техникалық факультет

«Радиотехника электроника  және телекоммуникациялар»  кафедрасы

 

 

 

                                

РЕФЕРАТ

тақырыбы: «Сырым Датұлы – батыр, қолбасшы, шешен.»

 

 

                                 орындаған: «РЭТ-15» топ студенті

Жубатканова Ж.А.

 қабылдаған: тарих пәні оқытушысы

Ақпанбет Н.Н.

 

 

 

 

 

Астана-2013ж.

                                              ЖОСПАР

 I

Кіріспе .................................................................................... 3

II

Негізгі бөлім

2.1 Cырым Датұлы - қазақтың біртуар батыры.................................4

2.2 Кіші жүздегі көтерілістің көрнекті қолбасшысы...........................7

2.3 Сырымның шешендік өнері ...........................................................9

III

Қорытынды ........................................................................................12

IV Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    “Тарихсыз — ел жоқ” демекші, қазақ халқының тәуелсіз ел болып орнығып, нығайып күшейгенге дейінгі, ата-бабаларымыздың түрлі елеңсіз жағдайларға тап болып отырғаны сөзсіз. Соның бірі Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ халқының көрген зорлық-зомбылықтың нәтижесінен туған түрлі көтерілістердің бірі – Сырым Датұлының қолбасшылығымен өткен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж.).  

     Отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, ұзаққа созылған саяси алауыздықтарға шыдай алмай, байбақты руынан шыққан батыр Сырым Датұлы бастаған топ бөлініп қарулы күреске шығады.

      XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «…Сырым батыр - жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға.

      Ар-ожданына, намысына дақ түсірмей, халқының алдындағы азаматтық парызына әрқашан адал болған Сырым бірге туған апасына үйленген Нұралы хан жақыны болса да, хан мен халықтың біріне таңдау жасауға келгенде ойланбастан халық жағына шыққан, халыққы тізесін батырғандарды,

зорлық- зомбылық жасағандарды аямай жазалаған, халқына берік намысшыл  біртуар батыр болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Cырым Датұлы қазақтың біртуар батыры

      Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтарың орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

        Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген.

 Тегі - 12 ата Байұлына  жататын Байбақты руынан. Сырым  Датұлының атасы Шолан Байбақты  руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен  дараланып, төрелердің қолынан  қаза табады. Шоланды төрелер  кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші  баласы Дат шешесінің құрсағында  қалған екен. Шешесі аман-есен  босанған соң, төрелермен арадағы  зіл ұмыт болмас үшін баланың  атын Дат қояды. Ел аузында  сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым  Датұлы тана руының Малайсары,  беріш руының Алдар, есентемір  руының Есет секілді билерінен  бата алған көрінеді. Мұның өзі  Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының  арасында өзіндік беделге ие  болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы  арқасында өз ортасында тым  ерте танылып, әділдігімен «Бала  би» атанды. Сондықтан да Нұралы  хан батырды бауырына тартып, оның беделіне арқа сүйеуге  тырысты. Ол әуелі Сырымның  әпкесіне үйленіп, оған жезде  болады, кейін «ақсүйек тұқымы  қара халыққа қыз бермейді»  деген ата дәстүрін бұзып, Орын  деген әйелінен туған қызы - Айғараны  батырға қосып, оны күйеу бала  етеді. Бірақ патшалық Ресейдің  далалық өлкеде әкімшілік-саяси  реформа жүргізіп, хандық билікті  күшейту арқылы қалың бұқараның  Жайық өзенінен өтуіне тыйым  салып, шұрайлы жайылым мен  өрісінен айырып табиғи құқыларын  шектеуі, жергілікті билік органдары  арқылы алынатын салық көлемін  көбейтуі Сырым Датұлы мен  орыс патшасы тағайындаған Нұралы  ханның арасын ашып жіберді.  Патша әкімшілігінің озбырлығына,  хан-сұлтандардың дәрменсіз халіне  ашынған батыр рубасыларының  қалауымен қолына қару алып, қалыптасқан  саяси жүйеге қарсы шықты. Ол  өзінің Орынбордың генерал-губернаторы  Игельстромға жазған бір хатында:  «Сіздердің түрлі әдістермен  алдап, қолға түсірген ноғай,  башқұрттар сияқты бізге де  бұғалық салып, езбекші екендігіңіз  белгілі» деп жазады. Бұдан Сырым  батырдың қолына қару алып, көтеріліске  шығып, басын бәйгіге тігудегі  мақсатының айқындығы, халқының  мойнына түскелі тұрған сол  бұғауды үзуге ұмтылғаны анық  аңғарылады. С.Датұлы Е.Пугачев бастаған  шаруалар көтерілісіне қатысты.  Орал казак-орысы Ф.Куричын 1774 жылы Пугачев әскерінің құрамындағы  қазақ жасағын Сырым батыр  бастағанын мәлімдейді. Е.Пугачев  өлтірілгеннен кейін де ол  патша үкіметінің жазалаушы отрядына  қарсы күресін жалғастыра берді.  Оған генерал Ф.Суворовтың 1775 жылы  граф П.Панинге: «Сырым батыр  бастаған қырғыздарды қай жерде  кез келсе де, қандайлық алысқа  қууға тура келсе де оның  өзін ұстап алып, тамырына біржола  балта шауып немесе сол жерде  өлтір дедім, оның басты жолдастарына  да осыны істеңдер, әскерлік ант  бойынша өздеріңнің күштеріңді  де, өз бастарыңды да аямаңдар  деп тапсырдым» - деген мазмұнда  жолдаған баянхаты дәлел. Дегенмен  батыр араға уақыт салып Ресей  әкімшілігімен келісімге келді.  Бұған белгілі дәрежеде 1775 жылы  қарашаның 7-інде Ресей Сыртқы  істер алқасының Сырымның Еділ-Жайық  арасына, Каспий теңізінің жағалауына, Жем-Сағыз атырабына қоныстануына  рұқсат берген жарлығы ықпал  етті. Бірақ Ресейдің жасаған  «кеңшілігі» ұзаққа созылмады,  әсіресе, Орал казак-орыс әскерлері  қазақтардың жер-су иелену құқыларын  кеңейтуге үзілді-кесілді қарсы  шықты. Осыған орай 1782 жылы желтоқсанның 27-інде патша үкіметі қазақтардың  мал жаюына рұқсат еткен аудандарын  енді тек жалға беру туралы  жарлық шығарды. Бұл өз кезегінде  ұлт-азаттық қозғалыстың қайта  өрістеуіне алып келді. 1783 жылы  Сырым бейқам жатқан қазақ  ауылдарын шауып, кезекті тонауға  келген казак-орыс атаманы Чагановтың  отрядымен шайқасып, оны ойсырата  жеңді. Атаманның өзін тұтқындап,  Хиуаға құлдыққа сатып жіберді.  Бұл патша әкімшілігіне үлкен  соққы еді. Соған орай Орал  қаласындағы патша әскері түгел  аттанып, сол жылдың күзінде  Cырымды қолға түсірді. Бірақ  оны Нұралы хан қыруар мал  беріп, бірер айдан кейін босатып  алды. Түрмеден босағаннан кейін  Сырым Табын руының старшыны  Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін  әрі жалғастырды. Бірақ Нұралы  хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық  әкімшіліктен көтерілісшілерді  басу үшін арнайы әскер жіберуін  талап етті. Сөйтіп ол былайғы  жерде Сырымға қарсы күресте  шекара әкімшілігімен бір болды.  Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан  бастап патшаның отарлау саясатына  қарсы күресте ханының да, қарашасының  да ортақ ниеттестігіне ие  болып келген көтерілісшілер  арасына жік түсіп, Сырым бастаған  халық қозғалысының күресі енді  Әбілқайыр әулетінен шыққан хан  мен сұлтандарға қарсы бағытталды. Кіші жүздің көптеген рулары  Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер  жағына шықты. 1785 жылдың күзінде  болған старшындар жиналысы Нұралыны  хан деп танудан бас тартты. Келесі жылдың көктемі қарсаңында  көтерілісшілердің қысымына шыдамаған  Нұралы шекаралық шептегі қамалға  қашуға мәжбүр болды. Оның ақыры  сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны  хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа  қол қоюына әкеп соқты. Хан  тағынан Нұралы кетіп, Ералы  отырғанымен де жағдай түзелмеді.  Халықтың наразылығы одан сайын  күшейе түсті. Сырым бастаған  көтерілісшілер енді ашық соғыс  қимылдарына көшіп, патша қамалдарына  шабуыл жасай бастады. Бірақ  олар пәлендей нәтижеге жете  алмады. Елек қамалына жасаған  шабуылдың сәтсіздігінен кейін  Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға  көшті. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар  мен оларды қолдаушылардың ауылына  тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын  тұтқынға алды. 1797 жылы көтерілісшілердің  үлкен бір тобы Ералыдан кейін  хан тағына отырған Есімнің  ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап,  ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі  Сырымға тілектес билер мен  старшындардың одан ірге ашуына  себепші болды. Есімнің орнына  Айшуақ хан сайлағаннан кейін,  ол Eсімнің кегін алмақ болып,  арнайы отряд жасақтап, Сырымға  қарсы аттанды. Соңынан індете  қуып, маза бермеген патша экспедициясынан  ығысып, Сырым Хиуа хандығының  жеріне өтіп кетті. Ел арасына  атағы кеңінен тараған батырдан  қауіптенген Хиуа ханы оның  көзін жоюдың амалын жасады. Ақыры  оның есебін тауып улап өлтірді.  Бұл жөнінде халық ауызында  түрлі әңгімелер айтылады. 1803 жылы  Сырым Датұлына арналып ас  берілді. Бұл астың өзіндік  маңызды оқиға ретінде аталып  өткендігін сол кезде Бұхарға  сапар шегіп бара жатқан Ресей  елшісі поручик Я.Гавердовский  өз күнделігінде жазып қалдырған.  Батыс Қазақстан облысында Сырым  Датұлы атындағы аудан бар. 

                                                         

                                                                        [2. 221-224б.]

 

 

 

  

 

 

           

 

 

 

 

 

 

                  Кіші жүздегі көтерілістің көрнекті қолбасшысы

   

    ХVIII ғасырдың аяғына қарай Ресей империясының отаршылдық саясатының күшеюі халықтың əлеуметтік-шаруашылық жағдайының нашарлауына алып келді. Қазақтар өздерінің ежелгі қоныстарынан ығыстырылып шығарылды. Аймақтағы саяси жəне экономикалық билік барған сайын Ресей əкімшілігінің қолына шоғырлана берді. “Бөліп ал да, билей бер” принципі бойынша құрылған жүйе аймақтағы барлық қайшылықтарды шегіне жеткізе шиеленістірді.

   Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші — қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты.

   Көтеріліс басында 1783 жылы бұл көтеріліс басталғанда — Сырым Датұлы осы жақсы қасиеттерінің бəрін танытты.

     Сырым батыр бастаған 1783-1797 жылдар арасындағы Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы бағыт алған, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болғанын айтуымыз керек. Сырым халық бұқарасының жер үшін күресін қолдады, хандық билікті жойып, оны халық съездерімен алмастырып, ал съездер аралығында билікті ағамандардың қолына беретін қазақ мемлекеттілігінің жаңа формаларын құруға талпынды.

  Алайда Сырым Датұлы бастаған көтерілістің жеңіліске үшырауының көптеген себептері бар. Оның жеткілікті үйымдаспаған стихиялы сипатта болуы, айқын бағдарламасының жоқтығы, қозғалысты мақсатына жеткізе алған жоқ. Балтамен, айбалтамен, айырмен, найзамен т. б. қаруланған қазақ шаруаларының мұздай жарақтанған, зеңбірекпен және мылтықпен каруланған патша әскерлеріне қарсы тұруы ешқандай мүмкін емес еді, ол көтерілістің жеңіліске ұшырайтынын алдын-ала айқындап берді. Көтерілістің жеңілуінің тағы бір себебі жергілікті қауымдық-рулық меншік ру ақсүйектерінің қоныстарға иелік етуіндегі кедергі, қайшылықтар еді. Осыдан келіп халық бүқарасы мен басшыларының қолға қару алып, күресу мақсаттарындағы көзқарастары әртүрлі болды. Жеке көтерілген топтардың арасындағы байланыстар әлсіз еді. «Жақсы ханға» сенушілік Сырымды да құтылдырмады. Патша әкімшілігімен келіссөз жүргізу кезінде, хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды.

     Әйтсе де, тәуелсіздікке ұмтылған Сырым бастаған көтерілістің қазақ халқының азаттық идеясын шыңдауда үлкен әсері мен ықпалы тиді. Көтеріліс Кіші жүздегі  хандық биліктің негіздеріне зиян келтіріп, оның түпкілікті жойылуын жақындатқан ірі аттаныс еді. Көтеріліс және оның көсемі туралы хабар ой мен қырға, қазақ даласына кеңінен жайылды. Бүкiл үш жүздің басын құрайтын қазақ халқы Сырымның, оның сарбаздарының ерлігі мен батырлығын, тапқырлығын аңыз етіп, айтып жүрді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Сырымға, ол бастаған ұлт-азаттық қозғалысына байланысты тамаша жырлар, әндер туды. Сырымның, оның төңірегіндегілердің шешендік сөздері ауыздан-ауызға тарап кетті.

 

                                                                                        [1.192-199б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Сырымның шешендік өнері

 

 Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық – ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық, даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғаның бірі – Сырым Датұлы.

    Сырым 1712 жылы  туылған. Байбақты руынан шыққан, жастайынан топ жарып көрсеткен  өнегелі істері, әділ билігі үшін  бала би аталады. 

    Сырым шешеннің  тұңғыш рет билік айтуы былайша  екен. Мал өрістен қайтқан кезде,  бірі атқа мінген, бірі жаяу  кісіні көреді. Екеуара бір түлкі.  Шекесі қызып таласқан. Содан  Сырымға төрелік айтуды өтінеді.  Жаяу адам мән-жайды: «Жаздай  осы түлкіні көз жазбай аңдып,  алғашқы қансонарда қолға түсірем  деп» – жүр едім деп түсіндіреді.  Ат үстіндегісі: «Бүгін таңертең  ерте ізіне түсіп соғып алып  едім» – дейді.

    Мұқият тыңдаған  Сырым: «Бұл түлкі еркек болса,  аттылы–сенікі, ұрғашы болса,  жаяу–сенікі» – деп түйін  жасайды. Сөйтсе  түлкі еркек  екен де, аттылыға бұйырады.

   Дүниетанымы терең,  түйсігі ерен, білім – білігі  кемел өндірдей жас Сырым:  «Әйел адамның жүретін жері–ауыл  арасы ғана болады. Ал еркек  адам қайда бармайды, сірә Сіздің  көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі  болар, әлі де болса күтіңіз,  жүрген болар» – деп тұжырымдайды.

    Шынында да  жаяу кісі артынан өзі көріп  бақылап жүрген ұрғашы түлкіні  қолына түсіреді. Бұл Сырым шешеннің  туа бітті қасиетті көргендігі  ме, әлде білімпаздығы ма, не болмаса  тәжірибесі ме?

    Халық даналығына  жүгінсек, «сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас» дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескін–  келбеті мінсіз, жан– жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу  керек. Бұған Байбақты руынан  шыққан қарындасы елден ерте  кетіп, жырақта қоныс теуіп,  көрмей– білмей 40 жігіттің ішінен  Сырымды жазбай танығанда, сол  ауыл ақсақалы: «Сырымды сен қалай  таныдың?» – деп сұрайды.

    Сол мезетте  қарындасы: «Сырымда 3қасиет бар,  біріншісі–батырға біткен тұлғасы,  екіншісі–өжет мінезі, үшіншісі–асқан  даналығы деп естуші едім. Маған  Сырым қыран топшылы, толық  денелі, кең иықты, шалқақ төсті,  жолбарыс бетті, басы да елден  ерек, торсық шекелі боп көрінді»  – дейді. 

    Демек, талант  дегеніміз ағзаның ерекше дамуы,  орталық жүйке жүйесінің мықтап  шарықтауы, белгілі бір қабілеттің  биіктеп, кең өріске шығындап  шырқауы ғой. «Кемеңгерлік–адам  қабілетінің айрықша ашылып гүлденуі, мидың биохимиялық, физикалық  қызметі, ақыл–ой органдарының  үзбей жаттығуы, үнемі үздіксіз  еңбектенуі жасушаның қуатын  еселей түседі» деп жазады  П.Ф.Лесгарт.

Ділмар шешен Байұлы тайпасының Байбақты руынан  шыққан Сырым Датұлының ата тегіне  тоқталар болсақ, Байбақтыдан Батақ, Батақтан Ителген, Ителгеннен Әйтімбет, Әйтімбеттен Дауымшар, Ақберді, Шолан, Сүгір, Құл, Олжа, Орыс, Арқаршы. Ал Сырымның атасы Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы тарайды.

Сырымның ата тегіне байланысты Алаша руының қызы айтқан мынадай  бір ауыз өлеңі де бар:

Жайнаған қызғалдақтай Түкіш  пен Дат,

Байторы болған екен мінезден жат.

Дүниеде ешнәрсенің нарқын білмес,

Апарып Есенбайды базарға  сат.

Нұралы ханнан кейін, Кіші жүздің ханы болып, Нұралының баласы Есім хан Сырым бастаған көтерілістерді басу үшін қолдан келегн шараларды  істеп бақты. Осы арада ниетінің нәтижесі өзінің басын  жұтып  тынды.  Сырым бастаған көтерілісшілер тобы    1797 жылы наурыз айының аяқ шамасында  Есім ханды өлтірді. Есім ханды өлтіріп  келген Сырымға Алдар би:

Қарадан хан болдың,

Айырдан нар болдың.

Жоқтан бар болдың,

Көнеден дәурен озды,

Көлдей қамқа тозды.

Атадан ұл озды,

Анадан қыз озды, - 

Деген екен. Сонда Сырым  кідірместен: 

Қарадан хан болсам,

Халқым қалаған шығар,

Айырдан нар болсам,

Атам жараған шығар,

Жоқтан бар болсам,

Құдайым қалаған шығар.

Көнеден дәурен озса,

Тозығы жеткен шығар.

Атадан ұл озса,

Еркіндігі шығар.

Анадан қыз озса,

Еркелігі шығар, - дейді.

 

  

 

    

 

 

 

 

 

 

      Сырым Датұлының кейбір шешендік сөздері:

 

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ. 

Тәлім-тәрбие, өсиет,тағлым туралы 

 

Дау мұраты - біту, қыз мұраты - кету, жол мұраты - жету.

Тәлім-тәрбие, өсиет,тағлым туралы 

 

Инабат - ер азығы, инабатты ер - ел қазағы.

Тәлім-тәрбие, өсиет,тағлым туралы 

 

Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.

Информация о работе Сырым Датұлы – батыр, қолбасшы, шешен