Скифтер патшалыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:21, реферат

Краткое описание

Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. 5 ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Гередоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Скиф данасы — Анахарсис
2.Скиф-сақ әлеміндегі қоғамдық ұйымдар
3. Скиф мәдениеті
ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Скифтер патшалығы.docx

— 65.00 Кб (Скачать документ)

Бұл тайпалар жайлы Страбон  еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы «География» еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. «Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады… аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді», — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады. 
Скиф данасы — Анахарсис

Орталық Азия мен Қазақстан  жерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесінде  Қара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін «Тарихта» Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: «Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған». Анахарсистің басты мақсаты — Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру еді.

Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ойшылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен қараған. Оның көзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді.

Плутархтың «Жеті данышпанның  сауығы» деген әңгімесінен Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: «Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жателдік азамат… скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!»

Сақ-скиф үштігі: ат әбзелдері, қару-жарақ және "аң стилі" Біздің заманызға дейін I мыңжылдықта Еуразия далаларында ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасып, олардың жекелеген орталықтары ерекшеленді. Олар: Қара теңізжағалаулары, Солтүстік Кавказ, Арал маңы (Түгіскен; Үйғарақ), Орталық Қазақстан (Тасмола), Жетісу, Шығыс Қазақстан, Минусинск шұңқыры, Тува, Монғолия және Ордос. Аталған аумақтарда материалдық және рухани мәдениеті ұқсас бірлестіктер қалыптасты.Олардың ортақ белгілері ат әбзелдерінде, қару-жарақта және "аң стилінде" болмған. XX ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі (ұштағаны) деп атады.

Еуразия далаларындағы скиф-сақ-сібір әлемі мынадай факторларымен ерекшеленді:

аталған облыстардың, аумақтардың жақындасуымен;

әлеуметтік-экономикалық негізгі  нышандарымен;

даладағы тұрақты сауда, мәдени және саяси байланыстарымен;

ортақ мәдени дүниетанымдарымен;

Ежелгі Грекия, Ахманид парсылары Қытай әлеміне қарсы далалық аумаққа айналуымен.Далалық өркениеттің экономикалық негізі — дала мен тау аңғарларындағы әр түрлі формадағы мал шаруашылығы болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жылқы шаруашылығы дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарды.Тіптіэнеолит дәуірінен бастап-ақ мініс аттарын өсіру дәстүрі дамыған. Сақ-скифтердің жерлеу дәстүрінің бір сипатты белгісі — молаға ат әбзелдерін бірге көму. Ат жүгендерінің қалдықтары — ауыздық, жүгеннің әр түрлі айылбастары — ерте темір дәуірінің көптеген молаларынан табылған. Ат жүгені елеулі өзгерістерге ұшырады. Ерте кезеңде қола ауыздықтың төрт түрі кең тараған: қосымша тесігі бар және тесігі жоқ, ұштары тік бұрышты және шығыршықты, үзеңгі тәріздес. Біздің заманызға дейін V ғасырда жүгендердің құрылысы да өзгерді. Ауыздықтың бір шығыршықты түрі пайда болды. Бірақ олардың Еуразия аумағында кең таралуы біздің заманызға дейін V—III ғасырларға тура келеді. Шығыршықты ауыздықтар көбіне темірден жасалды.  Ат әбзелдерінің жақсы сақталған түрлері Алтай тауының қазіргі ресейлік бөлігінде зерттелген Пазырық үйінділерінен көптеп табылған. Олар осызаманғы жүгендерге ұқсас болған. Жүгеннің кеңсіріктің үстін басатын қайысы, тамақбауы, ауыздығы болған. Ауыздықтар көбінесе қоладан жасалған. Кейінгі заманғы ауыздықтардан бұл ауыздықтардың ерекшелігі — олардың екі жағындағы тізгін байланатын шығыршықтарының тұсында екі сулық болатын. Ауыздыққа бекіген сулық аттың екі езуінің екі жағында тұрады.

Ол қоладан, сүйектен, темірден өрнектеліп жасалады. Сақ-скифтердің жүгенінде тізгін, шылбырболады. Жүген екі қабатталып тігілген қайыстан жасалады. Қайыстардың қосылған жерлеріне металдан, сүйектен әр түрлі әшекейлер, қапсырмалар, шытыралар орнатылады. Жүгеннің аттың дәл маңдайына келетін жеріне дөңгелек әйкел орнатады.  Қазақ жерімен көршілес аймақтарды мекендеген сақтарда ертоқым болған. Қазіргі ертоқымға қарағанда олардың ерінің айырмашылығы сол, оның ұстынында ағаш болмайды. Кейбірінде ғана ердің алдыңғы қасы тұсында кішкене ағаш болатын. Ал ертоқым ішіне шөп, жүн-жұрқа толтырылған тері көпшік сияқты болатын. Есесіне, тоқым киізден сырылып, неше түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Ертоқымда бір айыл, өмілдірік, құйысқан болған.  Қару жарақ. Көшпелі мал шаруашылығы өндірістік еңбектен көптеген ер адамдарды босатуға мүмкіндік берді. Ер адамдар күшінің босатылуы әскери ұйымдардың өзіне тән көптеген түрлерінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілердің әскери ұйымдары отырықшы егіншіліктегі әскери ұйымдардың алдында өзінің артықшылығын әлденеше рет дәлелдеді. Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар, қылыштан тұрды. Обаларды қазған кезде көп мөлшерде жебе ұштары табылған. Ерте кезеңде (біздің заманызға дейін VII—VI ғасырларда) Қазақстанның барлық аумағында жебелердің қола ұштарының екі түрі таралған: төлке пішіндегі және шие тәріздес. Жебе ұштарының көлемі өзгеріп тұрды. Бұл адырнасы үлкен күшпен керіліп тартылатын күрделі садақты ойлап табуға байланысты болды, мұндай садақ жебенің ұшу қашықтығын, қиратқыш күшін ұлғайтты. Сондай-ақ ұшы кішкентай жебелер анағұрлым қорамсаққа көп сыятын болды. Сақ қару-жарақтарының құрамына қанжарлар да кірді. Ерте кезеңде қырлы сапты, жүрекке ұқсас және көбелек тәрізді айқаспалы бір типті қола және темір қанжарлар таралды. Біздің заманызға дейін V—III ғасырларда қанжарлардың пішіндері жаппай өзгере бастады. Олар қарапайым қылыш қанжардан сабының ұзындығымен ерекшеленді. Қару-жарақтың басқа түрлері бірлі-жарым болды. Мәселен, шоқпар, айбалта. Сақ заманында "аң стилі" деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады. Еуразияның далалық тұрғындарының ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. "Аң стилі" — мазмұны жағынан мифологиялық, өнер, яғни діни-наным сипатында болды. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. "Аң стилі" сәндік сипатта да қолданылды. Өнер туындыларының келесі бір тобында — жолбарыс, арыстан, барыс, т. б. аңдардың тұтас бейнелері, жабайы жануарлардан — бұғы, таутеке,бұлан, қабан, үй жануарларынан — ат пен түйе бейнеленген. "Аң стилін" 3 кезеңге бөлуге болады: Біздің заманызға дейін VIII—VII ғасырларда — архаикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескінделуі;Біздің заманызға дейін VI—IV ғасырларда — классикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыста, реалистік түрде бейнеленуі;Біздің заманызға дейін III—I ғасырларда — біртіндеп құлдырау кезеңі: жануарлардың сұлбасын бейнелеу, жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы (құстың тұмсығы, мүйізі және т.б.). "Аң стилі" белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдірді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды. Жануарлардың жекелеген бейнелерінен басқа олардың топтасқан (синкретикалық) бейнелері де кездеседі. Бұл бейнелер киелі, рәміздік мағына береді. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" бас киімі жылқы, құс, таутеке, барыс, т.б. топтасқан бейнесінде алтын қапсырмалармен әшекейленген. Осындай топтасқан бейнелерді зерттеу темір дәуірі көшпелілерінің идеологиясы мен діни түсініктері туралы мағлұмат береді.

Скиф-сақ әлеміндегі қоғамдық ұйымдар  Б. з. б. I мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жедел жүруімен сипатгалады. Қазақстан жерінде бұл ұзаққа созылған үрдістің басталуы сақ заманының алдындағы қола дәуіріне ұштасып жатады. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісінен, мыс пен қола металлургиясының тууы мен дамуынан кейін алғашында үлкен патриархаттық, ал одан кейін шағын және моногамиялы отбасылар окшаулана бастады. Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін барып отбасылық меншіктің шыққанын айқын көрсетеді. Мұндай арнаулы әлеуметтік институт таңбалардан — б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында және I мыңжылдыктың басында қыш ыдыстар мен кейбір қола заттарға салынған жеке меншік белгілерінен көрінеді. Алғашқы қауымдық қатынастардың ұшырауы сақ заманында, б. з. б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында одан әрі жалғаса берді. Сақ қоғамынын экономикасындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуден, металлургия өндірісінің өсуінен тұган прогрестік өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына және қатардагы қауым мүшесін канау элементтерінің шығуына өкеліп соқты. Өндірістің негізгі кұрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін болу жөнінде бір кезде болған алғашқы тендіктің орнына археологиялық деректемелер бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі келіп шықты. Жерге қауымдық меншіктің сақталуы тұсында малға отбасылық жеке меншік пайда болды. Бір кезде әмбебап әлеуметтік ұя болған, өзіндегі өндірістік қатынастар кандас-туысқандық байланыстармен сәйкес келіп барынша тығыз астасқан рутуыстық жағынан емес, аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылған қауымға біртіндеп орын бере бастады. Тарихи үрдіс алғашында қоғамдық құрылыстың рулық байланыстарға тікелей тәуелділігінін әлсіреуіне, ал түптеп келгенде қауымдардың рулық текке қарамастан, экономикалық және аумақтық мүдделер негізінде құрылуына алып келді. Көршілестік қауым жерді меншіктенуші болған суармалы егіншілік елдерінің көпшілігіңде осындай болды. Мұнда рулықбайланыстар көршілестік кауым- дардың өндірістік мүдделерімен қайшылыққа ертерек түсті. Шаруашылығының негізгі түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған қоғамдарда ескі рулық тәртіптер жаңа қоғамдык кұрылымдарда ұзақ уақыт сақталды, бірақ енді көшпелі қауымның өндірістік негізі ретінде емес, экономикалықтенсіздікпен канаудың шың мәніндегі қатынастарын бүркемелеген рулық байланыстар түрінде сақталды. Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери демократия кезеңі немесе алғашкы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Соңғы анықтама қазіргі уақытта барган сайын жиі қолданылады, ойткені ол заманның әлеуметтік-экономикалық сипатын негұрлым дәл береді.Бірақ көршілестік (жер) кауымның түрлері бірдей болмады, сондықтан мұндай анықтаманы әмбебап анықтама деп атауға болмайды. Екі ұғымның да — әскери демократия мен алғашқы көршілестік қауым ұғымдарының бір-бірін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн. Олар тек алғашкы қауымдық кұрылыстың ыдырау заманындағы қоғамдык құрылымының әр түрлі жақтарына баса назар аударады. Патриархаттың пайда болуы — оның бастапқы кезені, ал соңғы шебі таптық құрылысқа көшу болды. Сақ заманы қоғамдық құрылысының құрылымын схемалық тұрғыдан былайша елестетуге болады: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) — көшпелі қауым — тайпа — тайпалар одағы. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әулеттін үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөлінген әулет басшысының есімімен аталды. Көшпелі-жайылымдық қауым патронимиялар жиынтығынан құрылды. Оның негізіне өндірістік, аумақтық белгі алынды, бірақ көшпелі және жартылай көшпелі қауымдарға тән белгі рулық институтгардың консерватизмінде және отбасылардың бірігу принциптеріне олардың ықпалының күштілігінде болды. Тайпа қоғамдық кұрылыстың маңызды сатысына айналды. Тайпаға тән ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарында оның өз жерінің, атының және осы тайпаға тән диалектінің болуы, діни үғымдарының және діни ғүрыптарының ортақтығын, ортақ істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсем мен әскери басшының болуы тән болды. Бұл енді әскери-демократиялық құрылыс ие болған қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастырылу түріне айналды. Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы үлгісі болды. 
Қорғандарды, обаларды, темір дәуірінің қоныстарын, сондай-ақ жазбаша деректерден алынған мағұлматтарды зерттеу осы кезең қоғамының әлеуметтік құрылымы жайында көптеген мағлұматтар береді. Сонымен қатар әртектес жерлеу құрылыстары мен жерлеудің әдет-ғұрыптарын зерттеу ерте темір ғасырындағы көшпенді қоғамның күрделі ұйымдары туралы, мұндағы әр түрлі әлеуметтік жіктер туралы айғақтайды. Ерте темір дәуірінде ежелгі обалардың құрылымында көрініс тапқан патриархалдық-отбасылық жекелену — көлемді рулық бейіттер жоқтың қасы. Олар отбасылық қауымның жерлеу кешені болып табылатын қорғандардың шағын тобына орын береді. Жерлеу аспаптарының әр түрлі құрамы мен қорғандардың көлемі қоғамда болып жатқан әлеуметтік және мүліктік жіктелу туралы мәліметтер береді. Тұрғызылған бейіт құрылыстарының биіктігі жерлеу әдет- ғұрпына қатысушылардың санына байланысты болды. Үлкен қорғандар тайпа көсемдерін, сондай-ақ тайпалық бірлестік көсемдерін есте мәңгі сақтау үшін қызмет атқарды. Орташа қорғандарға тайпаның атақты адамдары, ал ұсақтарына сақ қоғамының қатардағы мүшелеріжерленді. Сақтар қоғамында белгілі бір сословиелік билік көрініс тапқан деп ұйғарым жасауға болады. Иерархиялық басқыштың ең жоғары тұғырында патша, шонжарлар мен салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, құлдар, жаяу жауынгерлер орналасты. Патша дәріптеліп, биікте тұрған Күн бейнелі Құдайға теңестірілді, жарқыраған алтын киімі күнді еске түсірді. Мәселен, Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" киімі мен бас киімі осыған дәлел. Оның бас киіміндегі, бешпентіндегі зооморфтық белгілерде сословиеге бөлінушілік құпия белгіленген: бас киімі — жоғарғы сословие мен абыздықты бейнелейді, ортаңғы жағы (кеудесі, белдігі) — атты әскерлерді, төменгі жағы (етігі) — жауынгерлер мен көшпелі малшыларды бейнелейді. Рулық-тайпалық құрылым төрт сатыдан тұрады: отбасы;ру — рулық кеңес;тайпа — көсем;рулық-тайпалық бірлестік — басқарушы. Қорғандағы төрт жебенің, қанаттардың, аттардың белгілері "Алтын адам" басқарған қоғам төрт бөлікке бөлінгенін айғақтайды.Осы бөліктердің әрқайсысы дүниенің төрт тарабының бірімен немесе осыған сәйкес 4 ру-тайпалық бірлестік жерімен байланыстырылған. "Оқ" ұғымының өзі кейінгі түрік кезеңінде ру мен тайпаны білдіретін болды.

 "Алтын адам" жауынгердің киімін киген, Жауынгерлік даңқты алып жүруші бейне көшпенді ортадағы жоғары идеалды білдіреді, осылайша көсемдер мен билеушілер әскери сословиеден шыққандар болып есептеледі. Сонымен қатар жауынгер бейнесі арғымағына құрметпен қарайтын көшпенді ұғымыны да саяды.Қалыптасып келе жатқан көшпелі қоғам белгілі бір көзқарасы бар, ашық әлеуметтік жүйеге айналды: малшы, қажет болған жағдайда, жауынгер де болды, ал әйелдер өз жауапкершілігіне ерлердің саяси қызметін де алып, оны абыроймен орындады. Ашық әлеуметтік жүйе көшпелілерге, олардың өмір сүруінің өзгермелі жағдайларына икемденуіне мүмкіндік тудырды.

Идеология

 Далалық өркениет Күнге, табиғат күштері мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осының барлығы "аң стиліндегі" олардың қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелілердің идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтардың өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейнелер символикалықмәнге ие болды. Жауынгердің бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүниенің келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киімнің жоғары жағындағы алтын қойдың бейнесі Митра Құдайының кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебелер күннің сәулесі болып есептеледі." Алтын адамның" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киімнің беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалықтың белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейнелерді бір жерге топтастырады: құс — жоғарғы әлем, аспан; ат — ортаңғы әлем, жер; ешкі — төменгі жақ, жер асты әлемі; қанатты жебелер — Жердің 4 тарабы. Бұл рәміз көсемнің билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғары билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты.

Бас киімдегі ағаш басындағы құстардың бейнеленуі, сондай-ақ құс тәрізді бейнелер өз мәніне ие болды. Құс — аспан мен Күннің жалпы адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап,Құдайларға ғарыш шекарасын қорғауға көмектеседі. Құстар бейнесі жоғары әлем рухына, аспанға ұшумен байланыстырылады. Бас киімдегі қанаттар "Алтын адамның" абыздық қызметін көрсетеді.Әскери жасауларда жыртқыштардың яки барыстың, арыстанның, жолбарыстың, қасқырдың бейнеленуі осы аңдардың жауынгер мен оның қару-жарағына дем беруші күш деп есептелді. Сондай-ақ жолбарыстың бейнесі отқа табынушылықпен байланысты болды. Нақ солардың бейнелері мен табынубұйымдары алтарь  және темекі тартатын бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспапты қорғайды.Белгілі бір түс және олардың туғызған әсері дүниені мифологиялық түрде пайымдаудың маңызды элементі деп табылады. Киімнің қызыл түсі және оның алтын жасауы — Күннің түстері,күміс түс — Айдікі, көгілдір түс — аспан түсі деп есептелді. Түс ерекше ақпараттық құндылыққа ие болды. Қызыл және алтын түспен байланысты эмоциялық сипаттамалар Құдайға және күйдіретін Күннің буырқанған қуаты мен құдіреттілігін бейнеледі.Осылайша сақтарда Күн Құдайымен байланыстырылған әскери және діни жолбасшыға табынатын әлеумет пен кеңістіктің антропоцентрлік үлгісі өмір сүрді.Сақ обаларың осылайша түсіндіріп бағалаудың дұрыстығына олардын біреулерін (патшалық) қазған кезде лақаттардан көп материалдық қазыналардың табылуы, Есік обасында болғанындай, киім-кешек пен қарудың байлығы, басқаларында (қатардагыларында) — ондайлардың болмауы дәлелдейді. Патшалық обаларды тұрғызуға пайдаланылған құрылыс материалдарының — топырақгың, қиыршықтастың, тас пен ағаштың және жұмсалған адам еңбегінің ауқымы да маңызды дәлел болып табылады. Мәселен, ең үлкен Бесшатыр обасы үйіндісінің көлемі 80 мың текше метрден астам, оны салуға 60 мындай адам-күн қажет болды. Осындай шектегі далалық, өлшеу жұмыстары оба үйінділері ауқымының әрқилылығын көрсетеді: үлкендері: диаметрі 104—48, биіктігі 20—7 м; орташалары: диаметрі 45—30, биіктігі 6—2 м; кішілері: диаметрі 18—6, биіктігі 1—0,5 м. Оларды салуға жұмсалган орасан зор адам-күн шығыны эсер қалдырарлықтай: үлкендері - 60—65 мыңнан 20-30 мыңга дейін; орташалары — 1700—2000-нан 300—400-ге дейін; кішілері - 0,2—0,9-дан4,7—4,8-гедейін. Сонымен, ең үлкен патшалық обалардың құрылысына ең үлкен қатардағы обаларды тұрғызуға он мыңнан астам адам-күн жұмсал- ган. Үйінділер ауқымының әрқильшығы мен оларды салуға жүмсалған еңбек мөлшері сақ қоғамында әлеуметтік иерархия дамығандыгының салдары болып табылады.

  Есік обасы дәлелденіп отырған тезисті растайтын қосымша маңызды мағлүматтар береді. Есіктегі жерлеуге жұмсалған түрлі бұйымдар — қоғамның жоғары дәрежелі тұлғасының байлығы мен билігінің өлшемі. Лауазымды адамдарды сақтардың өздері қалай атағаны белгісіз, бірақ Бесшатыр мен Есік обаларында жерленгендерді патшалар деп атауга болады. Бұл орайда қателік лауазымды атақтың айтылуында болуы мүмкін, ал оның мазмұны мен мәні толық сай келеді.

  Антик авторларының Азия скифтері қоғамының әлеуметтік жіктелуі туралы мәліметтерін жинақтау — әлеуметтік атақтардың қалай айтылғанын түсіндірудің бірден-бір мүмкіндігі.Сақтардың иерархиялық атақтары (дегенмен, мазмұны жағынан алғанда олар антик дүниесі дәстүрінде болуы мүмкін) — коғамның жіктелуінің терендей түскенін айқын көрсетеді. Иерархиялық сатының биік түғырында — патша мен ханша, шонжарлар мен «ақсүйек» адамдар, салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, кұлдар, кызметшілер, жаяу жауынгерлер орналасқан.

  Жинакталған ақпарат мынадай қорытындыны негіздейді: сақтар өздерінің өлген патшаларына алтын киімін киіндіріп, кең лақатқа қойған, ал олардың үстіне зәулім архитектуралык ескерткіш — алып оба тұрғызған. Қоғамның басқа мүшелерін жерлеу ғұрпы иерархиялық басқыш сатыла- рының төмендеуіне карай оңайлатылып отырған. Ғұрыптың әлеуметтік жағдайға қарай саралануына ата-баба аруақтарына, әсіресе патшаларға — күн бейнелі күшті камқоршыларға табыну үлкен рөл атқарды. Патшаның жеке басы дәріптеліп, ол иерархиялық сатының ең биік тұғырында тұрған күн бейнелі кұдай дәрежесінде көрсетілген. Күнкөсемінің мұрагерлері жерлеу ғұрпының рәсімдерін сақ патшалары әулетінің бұлжымастығын идеологиялық жағынан негіздеу мақсатымен бұқараға діни ықпал жасау ретінде пайдаланған. Есік сағының алтын киімінен бір ғана қызықтыра тандандыру мәні аңғарылып қоймайды, қайта оның әлеуметтік салмағы көбірек болғаны, саяси-насихат мақсатын көздегені күмәнсіз. Жарқыраған киім патшаның тұлғасын асқақтатып, оны күн бейнелі құдай дәрежесіне көтерген. Бас киіміндегі зооморфтық бейнелердің діни-идеологиялық мазмұны осы қорытындыны растайды. Есік жауынгері бас киімінің мандай жағындағы қанатты және мүйізді пырақ бейнесіне күрделі символика негіз етіліп, сақтардың діни дүниетанымының қағидалары бейнеленген. Есік олжаларының қарастырылып отырған проблема үшін маңызы жазу ескерткішінің - жазбасы бар күміс тостағанның табылуына байланысты арта түседі. Жазуды көне түркі және парсы-арамей әліпбиі негізінде ажыратып оқудың ғылымда бірнеше нұсқасы бар. Кез келген қоғамда жазудың бөлу фактісі әлеуметтік-экономикалык ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді. Мемлекеттік құрылым үлгісіндегі қоғамдық құрылыс түрі осындай орган болуы мүмкін. Мемлекет пен жазудың пайда болу үрдістері өзара байланысты болған, тегінде, жазу мемлекет туып, қалыптасқаннан кейін әлдебір аз уақыттан сон пайда болса керек. Археологиялық және эпиграфиялық деректерден алынып келтірілген ақпаратты (үйінділер аукымдарының әрқилылығын, материалдық қазыналардың көп болуын, құрылыска жұмсалған адам-күн санын, жазуды және т. т.) қорыта келгенде, біз Жетісу сақтары әлеуметтік құрылымының деңгейі жөнінен өндірістік қатынастарын мемлекеттік құрылым үлгісіндегі орган тәртіпке салып, реттеп отырган алдыңғы таптық қоғамның қалыптасу сатысында болған деп санауға бейімбіз.

Информация о работе Скифтер патшалыгы