Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:21, реферат
Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. 5 ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Гередоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанды.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Скиф данасы — Анахарсис
2.Скиф-сақ әлеміндегі қоғамдық ұйымдар
3. Скиф мәдениеті
ІІІ. Қорытынды
Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген
ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б.
5 ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық
құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы
дами түсті. Гередоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында
егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер
қоныстанды. Сонымен қатар олар Азов түбегі
маңында “патшалық” скифтер болғанын,
олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін,
доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын
мәлімдейді. Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда,
скифтер арасында құл иеленушілік орын
алған. Құлдар негізінен көршілес елдерге
жасалған жорықтар кезінде қолға түскен
тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық
бірлестігін құруда Атей патшаның белсенділік танытқаны
жайлы деректік мәліметтер сақталған.
Оның билігі тұсында скифтер Доннан Төменгі
Дунайға дейінгі аралықты мекендеді.
Б.з.б. 3 ғасырдың соңында скифтер патшалығының
астанасы Неаполь (Симферополь маңы) қаласы
болды. Төменгі Днепрдегі Колин қалашығы
оның екінші орталығы болды. Скифтер киммериялықтармен
соғысты, Кіші Азияға жорықтар жасады.
Сирияны, Палестинаны жаулап алып, Алдыңғы
Азияға үстемдік жүргізді. Фракия тайпаларына, А.Македонскийге қ
Сақтар – біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Орталық Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен тайпалар. Сақтар біздің арғы ата-бабаларымыз. Олар тарихта "скифтер" деген атаумен де белгілі. Есік қорғанынан табылған жазу сақтардың көне түркі тілінде сөйлегенін көрсетеді.
Сақтар деген атаумен әлемге белгілі болғанын айтқанбыз. Қандас туыстардың бірте-бірте бір-бірінен ірге ажыратып, жан-жаққа бөліне көшуі шамамен осыдан 2900 жыл бұрын болған оқиға еді.
Ата жұртта қалған негізгі ұлыс бұрынғы көшпелі тұрмыс салтын, дәстүрлі шаруашылығын ілгері дамытып, жерінің аумағын да кеңейте түсті. Алтайдан басталатын кең байтақ Еуразия жазығында оларға қарсы келетін бірде-бір күш жоқ еді. Оның үстіне арбаны алғаш ойлап тауып, желдей ұшқыр тұлпарларының құлағында ойнауды ұлы да, қызы да жас кезінен жақсы меңгерген көшпелілер елі ез заманының ең қуатты мемлекеттерінің біріне айналған-ды. Олар ендігі қоланы тастап, темір қорытуды да жақсы меңгеріп алған. Ал сақтардың алтынға байлығы туралы аңызды естіген жұрт жағаларын ұстайтын. "Олар салт атпен де, жаяу да соғыса береді. Әдеттегісіндей, олар садақпен, найзамен және айбалтамен қаруланады, - деп жазды кейін, біздің заманымыздан бұрынғы Ү-ғасырдың ортасында өмір сүрген тарихтың атасы Геродот, найзаның, жебенің, айбалтаның ұшы мен жүзін жезден жасайды да, бас киімін – дулығасын, белбеуі мен шығыршығын алтынмен аптайды. Олар аттарына жезден өмілдірік-қап кигізеді. Жүгенін, ауыздығын алтынмен жалатып, өрнектеп қояды. Олар темір мен күмісті тұрмыс-тіршілігі үшін қолданбайды, өйткені оларды бұл елден кездестіре алмайсың. Оның есесіне, алтын мен жездің көптігінде есеп жоқ".
Ежелгі заман тарихшысы біздің ата-бабаларымыз сақтардың байлығы туралы, міне, дәл осылай тамсана жазған. Ал мыңғырған малының көптігі жағынан ол заманда сақтарға жетер ел болмаған. Халқы да өсіп-өніп, кең даланы думанға бөлеген. Және қандай халық десеңізші? Шетінен бірнеше тәуліктер бойы ат үстінен түспей, тіпті, ат жалына басын қойып ұйықтап алып, қайтадан қан майдан соғысқа кірісіп кете беретін шымыр да өжет болған. Ежелгі гректер оларды атымен бірге жаратылған жандар яғни кентаврлар деп атап, аңыз кейіпкеріне айналдырған. Ал қыздары ше?! Олар да үлкен арбалардың үстіне тігілетін киіз үйлерде бала өсірумен, ас пісірумен ғана айналысып қоймай, қажет кезінде ерлерімен бірге жаугершілік жорықтарға араласуға дайын болған. Сол үшін де, олар қылыш пен найза ұстауға кедергі келтірмесін деп оң жақ анарларын жас кезінен сылып тастап, болашақ шайқастарға әзірленген. Мұндай халыққа шабуыл жасауға, әрине, ешкімнің де тәуекелі жетпес еді.
Сақтар арийлер мен турлардың ежелгі дәстүрін сақтап, көктегі Тәңірге сиынған. Күн мен Айға табынған, Жер ананы, Өзен ананы қасиетті санаған. Сібірдегі Енесай (қазіргі Енисей), Ілеана (қазіргі Лена), Қатынсу атауларының түп-төркінінде сақтардың осындай наным-сенімдерінің белгісі жатыр. Сақтар қайтыс болған ардақты адамдарын: патшаларды, ханзадаларды, батырларды о дүниеге асқан салтанатпен аттандырған. Бірнеше күн бойы марқұммен қоштасу рәсімін өткізіп, оны қабірге алтын сауытымен, қару-жарағымен, сүйікті тұлпарымен бірге жерлеген. Басына тастан қорған тұрғызып, обадан мәңгілік ескерткіш қойған. Осындай сақ қорғандары шығыстағы Алтай тауынан батыста Дунайға дейінгі, солтүстікте Орал тауының орталығынан оңтүстікте қазіргі Ауғанстан жеріне дейінгі кең байтақ аймақтан көп табылған. Тіпті, сақ қорғандары Жерорта теңізі жағалауынан да кездеседі. Алғашқыда ғалымдар бұл қорғандарды қазғанда табылған алтын бұйымдардың көптігіне қайран қалады. Содан соң алтын бұйымдардың жасалу нақышындағы ерекше әсемдік пен ортақ тақырыптарға таңырқап, оған зергерлік өнердегі "аң стилі" деген атау береді.
Сақтардың қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының түп атасы болғандығы ғылымда әбден орныққан ақиқат. Себебі, олардың ата жұртының орталығы – қазіргі Қазақстан аумағы болған. Ендеше олар неге сонау Еуропадағы Дунай өзенінің бойына дейін таралып, тіпті, кейбір тобы Жерорта теңізінің жағалауына асып кеткен?! Міне, осы сұраққа жауап іздей отырып, біз енді ежелгі дүние тарихшылары Геродот пен Старобон жазбаларында баяндаған, осыдан 2700 – 2600 жылдай бұрын билік құрған Ассирия патшасы Асархаддон мен парсы елінің патшасы Дарий I тасқа қашап жазып кеткен, әлемнің билеушісі А. Македонский шежірешілері қағазға түсірген қым-қуыт оқиғалар арасына араласып кетеміз.
Жоғарыда атап өткеніміздей, сырттан ешбір жау ала алмайтын сақ ұлысы жүздеген жылдарға созылған мамыражай тіршіліктен кемеліне келіп, толыспай ма?! Халқы да өсіп, мыңғырған малы кең далаға сыймайтын дәулетке ие болған ел енді не істеуші еді?! Әрине, ата жұртының өрісін кеңейтіп, жаңа қоныстарды игере бастайды. Айтпақшы, арийлердің бір тобының Солтүстік Үндістанға асып, енді бір тобының қазіргі Иранның солтүстігіне табан тіреуі де дәл осындай себептерге байланысты болатын. Қап (қазіргі Кавказ) тауын асып, Алдыңғы Азияға үдере көшкен арийлердің сол тобы барған жерлерінде Мидия мемлекетін құрады. Олай дейтін себебіміз, мидиялықтардың (ассирия тілінде – матайлықтар) қай халыққа жататыны туралы ғылымда соңғы кезге дейін ортақ тұжырым болмай келеді. Алғашқыда оларды парсы тілінде сөйлеген халық десе, кейін бұлардың қазіргі ирандықтардың арғы аталарынан мүлде басқа болғаны анықталды. Содан соң оларды каспи тайпасының (яғни сақ тайпасының) бірі болған, "каспи тілінде" сөйлеген деген тұжырым жасалды. Қалай болғанда да, сақтардың Алдыңғы Азиядағы оқиғаларға араласып, ежелгі грек тарихшыларының жазбаларына арқау болуына, олардың осы мидиялықтармен туыстық қарым-қатынастары себеп болған сияқты. Мидиялықтардан берірек, қазіргі Қара теңіздің жағалауында тағы бір сақ тайпасы – кемерліктер барып қоныстанған."Сақтардың (грекше скифтердің – ред.) айтуы бойынша, олардың халқы – ең жас халық, деп жазады кейін тарихтың атасы Геродот, - оның шығу тегін былай таратады: әлі жан аяғы баспаған осынау елсіз мекеннің алғашқы иесі Тарғытай деген адам екен. Сақтардың айтуы бойынша, оның әкесі Зевс (Көк Тәңірі) шешесі Борисфен өзенінен жаралған екен.
Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.
Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі «Авеста»1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған «Авеста» жырларының авторы Заратуштра («Кәрі түйеші» деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.
Шамамен алғанда, адамзат
тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз
Заратуштра, біздің заманымызға дейін
IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының
арқасында арийлердің батыр ұлдары
жайлы жырлап, отыз жасында жаңа
дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық
Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде
таралған Заратуштра ілімінің қасиетті
жазбалар жипағы біздің заманымызға
дейін III ғасырында хатқа түскен
21 кітаптан тұрады. «Авестаның» сақталған
бөлігінде Құдай атына
Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар «турлар» деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар «Авестада» «сайримдер», «дахтар» деген тайпалар туралы да айтылады.
Tурлар мен арийлер
арасындағы шым-шытырық
«Авестадағы» Құдай әнұрандары
Орталық Азия мен оның солтүстігінде
жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші
тайпаларының рухани өмірі туралы құнды
материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық
шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері
археологиялық деректермен де расталып
отыр.
Көне грек авторларының
шығармалары
Келесі кезекте — Ежелгі Қазақстан жөнінде
ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек)
авторларының шығармалары. Көбіне грек
және ішінара латын тілдеріндегі деректердің
ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан
шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты
(біздің заманымызға дейін 490 және 484—425
жылдардың арасы) ерекше атауға болады.
Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты
«тарихтың атасы» деп көрсетеді. Көне
грек авторларын үлгі етуіміздің себебі,
олардың мұраларының ең ескі дерек көздері
болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға
дейін V ғасырдың ортасында жазған «Тарих»
атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш
рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық
орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы
суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы
далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін
айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі
сияқты сақтарды «азиялық скифтер» деген
терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік
Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның
көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады.
Грек деректемелерінде басқа да тайпа
атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер,
сарматтар (савроматтар), аргиппейлер,
аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот
массагеттерді Каспий теңізінен шығыска
қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына
орналастырады. Сақтар мен массагеттер
еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын
егжей-тегжейлі әңгімелейді.
Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында», — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: «Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты», — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.
«Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды», — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған » Алтын адам», «қайқы қылыш» сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады.
Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: «Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті», — деп жазды. Геродот: «Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты» деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған.
Геродот келтірген «алтын қырыққан құзғындар» туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай өңірі алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды. Геродот Батыс псифтерінің Шығыстан көшкен далалық тайпалардың арасынан қолгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.