Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:17, реферат
Қытай тарихнамасында және ғылыми әдебиеттерде Чжоу дәуірі екі негізгі кезеңге бөлінеді: Батыс Чжоу (б.з.д. ХІ ғ.-770ж.) және Шығыс Чжоу дәуірі. Шығыс Чжоу дәуірі өз ішінде тағы 2 кезеңге бөлінеді: «Көктем мен күз» немесе «Чуньцю» кезеңі (б.з.д. 770-475 жж.) және «Чжаньго» патшалықтары немесе «Соғысушы патшалықтар» кезеңі (б.з.д. 475-221жж.). Аталған тарихи кезеңдер сол заманның саяси-тарихи процестерінің даму үлгісін дәл айқындайды. Батыс Чжоу дәуірінде чжоулық орталықтанған мемлекеттің негізі қалыптасып, оның орнығу кезеңін бастан кешірді. Ал «Чуньцю» дәуірінде бұрынғы жекелеген дербес жер иеліктері енді біртіндеп орталықтанған мемлекет құрамына біріге бастайды. Ал «Чжаньго» дәуірінде Чжоу мемлекеттігі күйреп, Қытай жерінде бірнеше дербес мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.
І. Кіріспе 4
1. "Чуньцю" кезеңі(б.з.д. 770-475 жж.). 6
2. "Чжаньго" кезеңі(б.з.д. 475-221). 9
ІІ. Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Чжаньго дәуірінде Қытай терииториясында аталған 7 патшалықтан басқа, Сун, Лу, Вэй, Чжэн, Тэн, Се, Чжоу сияқты ұсақ патшалықтар болды. Олар жеті патшалықтың өзара қырқыстары нәтижесінде жойылып кетті. Осылардың ішінде ең белгілісі – Лу патшалығы еді. Өйткені, Лу атақты Чжоу-гунның жеке меншігіндегі иелік болған, сонымен қатар, ол ғұлама – Кофуций туып-өсккен орта еді. Лу патшалығында білімді адамдар көп болды, тарих пен жылнамалар көп сақталды. Лу патшалығында «Чуньцю» жылнамасы жазылды (2, 30б.).
Ел территориясының өзара
бақталасушы патшалықтарға
Халық арасында өзара қырғын соғыстарға қарсы наразылық өрши түсті. Бұл наразылық Чжаньго дәуірінің әр түрлі идеологиялық бағыттағы көптеген философиялық мектеп терінің саяси-идеологиялық сипатын айқын көрсетеді. Мысалы, сол кезде өмір сүрген Қытай философиясының негізін слушы – Мэн Цзының еңбектерінен осы бейбітшілікке ұмтылыс өз көрінісін тапты. Ол «Адамдардың қанын төкпей, елді біріктіру» принципін уағыздады. Сонымен бірге, бір орталықтанған күшті мемлекет құруға ұмтылу, әсіресе, Цинь патшалығында жазылған «Люйшичуньцю» трактатында айқын көрінеді. Бұнда «Төрт теңіз ішінде (Қытай территориясында деген мағынада) бір отбасындағыдай болу керек» деген идея көтеріледі.
Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасынан бастап, ежелгі Қытай тарихында экономика мен мәдениетте терең өзгерістер әкелген жаңа дәуір басталады. Өндіргіш күштердегі түбірлі алға басушылық темір мен болат өндірісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Темір қорытудың әдісін игеру басталысымен, қолөнер мен егіншілікте күрт өрге басу байқалып, жаппай темірден жасалған бұйымдар өндіру жолға қойыла бастады. Егіншілік енді өзен жағалаулыранан әріге алыс жазық ойпаттарға қарай кеңеюге мүмкіндік алды. Б.з.д. 1-мыңыншы жылдықтың екінше жартысынан бастап, Хуанхэ Хуайхэ бассейні және Янцзының жоғарғы сағасында күрделі гидротехникалық құрылыстар салу басталды. Суармалы егістік Цинь патшалғының экономикасының негізіне айнала бастайды. Сөйтіп, Хуанхэ өзені бассейнінде суармалы егіншілік гүлденеді. Нәтиженсінде, бұл жерлерді мекендеуші халықтың саны барған сайын ұлғая түседі. Дәл осы уақыттан бастап, суармалы егіншілік мәдениетінің дамуы Қытай өркениетінің дамуының маңызды факторы бола бастайды (3).
Чжаньго дәуірінде қытай
өркениетінде философиялық толғаныстың
түрлері көбейді.Қытайдың алғашқы
әйгілі тарихшысы Сыма Цян (б.д.д. ІІ-І
ғғ) өзінің "Тарихи жазбалар"("Ши
цзи") еңбегінде ежелгі Қытайдың
философиялық мектептерін алты топқа
жіктеген:"инь және ян туралы ілімді
жақтаушылар" (натурфилософтар), "қызметтегі
адамдардыңмектебі" (кунфуцияшылдық),
"моистер мектебі", "номиналистер
мектебі" (софистер),"заңшылдар
мектебі" (легистер), "дао және
дэ туралы ілімді жақтаушылардың мектебі"(даосистер).
Кейін оған "эклектик мектебі"
және басқа да үш-төрт мектептер
қосылады.Кейде философиялық мектептердің
қалыптасуы басқаша да аталынады. Олар:
1. Ду цзя(кунфуциялық); 2. Мо цзя (моизм);
3. Фа цзя (заң мектебі немесе батысша
легизм); 4.Даодэ цзя (даосизм); 5. "Иньян
цзя" мектебі (натурфилософтар); 6. Мин
цзя (атаулармектебі).Бұл
Б.з.д. ІҮғ. Ортасында Цинь патшалығында мемлекеттік қызметкер Шан Яң жүргізген саяси, әлеуметтік және экономикалық даму жөніндегі реформалық шаралар сол кездің талабына туындаған еді. Легизмнің нағыз теоретигі болған Шан Яң вэй патшалығында дүниеге келген. Б.з.д. 361 жылы Цинь патшалығына келіп, император Сяо Гунға қызмет етуге ниет білдіреді. Сөйтіп, императордың сеніміне кіреді. Ол кейіннен Цинь патшалғының өте мықты билеуші министрлерінің бірі болды. Шан Яң осы жартылай варварлық Цинь патшалығын қуатты мемлекетке айналдыру үшін, өзінің саяси доктринасын шығарады. Оның пайымдауынша, әкімшілік биліктегі басты нәрсе – қатал билік, биліктің құлағына жеткен өмекке құлақ асып, болар-болмас қылмысы үшін жазаға тарту қажет. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықтысынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрлері мен рәсімдерін қабылдамады. Легистер заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. Адамгершілікке нандыру рәсімінен гөрі құқыққа бағындыру және көндіру талабы жоғары қойылды.Мемлекетті бұрынғыдай үлкен отбасы деп қабылдамай, оны жансыз тетікке айналдырады. Ізгі даналардың орнын – шенеуніктер, өз халқының әкесіндей көрінетін басқарушылардың орнын – қатаң басшылар басады. Соңғылар өздерін халықтан да, кейде тіпті көк аспаннанда жоғары қойды. Көрші патшаларды жаулап алу, бағындыру, Қытайда көк Аспанмен теңестіру – мемлекеттің ең жоғары мақсаты ретінде ұсынылды. Жер шаруашылығы мен соғыс – мемлекеттің бірден-бір басты мақсаты және сүйенербағыты деп есептеген заңшылдар тұсында: а) мемлекеттің экономикалық негізі мен қуаты жер шаруашылығында деп ұқты; ә) қол өнері мен сауда-саттық жұмыстары тарыла бастайды.
Сөйтіп, Шан Яңның Цинь патшалғыны 20 жыл бойы жүргізілген реформаларының мақсаты – елді саяси орталықтандыру, әкімшілік-территориялық қайта құруларды жүзеге асыру, салық салу жүйесіне өзгеріс енгізу болды. Шан Яң мемлекетте біртұтас заң шығаруды және сот ісін енгізді, жерді кепілдікке беру және сатуды заңдастырды, жер үлестерінің мөлшерін шектеуді қойды, қауымдық бірлестіктердың жер иеліктеріне араласып, ірі отбасылардың шаруашылықтарын бөлуді талап етті.
20 жыл бойы жүргізілген
реформалар өз нәтижесін берді.
Қорытынды
Б.з.д. І-мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Қытай саяси картасының «Чуньцю» дәуірінің бастапқы кезеңімен салыстырғанда, түбірлі өзгеріске ұшырайды: 200-дей мемлекеттік құрылымдардан тек 30 ғана қалады, олардың ішінен «7 мықтысы» - Цинь, Янь, Чу сияқты шеткергі және Вэй, Чжао, Хань, Ци деп аталатын «Жер кіндігі патшалықтарының» ішінен шыққандар ерекше көзге түседі. Олардың арасындағы Аспан асты елінде билік пен үстемдікке ие болу үшін бітіспес күрес Ежелгі Қытайдың саяси тарихының одан кейінгі, б.з.д. V-IIIғғ. кезеңінде шешуші мәнге ие болып, ол «Чжаньго» дәуірі деп аталады. Чжаньго – «Соғысушы патшалықтар» дәуірі ежелгі және орта ғасырлардығы Қытайдың рухани мәдениетінің тарихында қайталанбас кезеңі еді. Қоғамдық ой-пікірлердің, дүниеге көзқарастың философиялық бағыттарының еркін және жан-жақты күрестерінің дамыған кезеңі болды.
Сонымен, Чжаньго дәуірінің 2-жартысының басында елді біріктіруге қажетті алғышарттардың пісіп-жетілгенін көруге болады. Енді шайқасушы патшалықтар күшінің ара салмағында да түбірлі өзгерістер жүреді. Осы кезде Цинь патшалығы экономикалық, саяси, әскери күші жағынан басқалардан қарағанда, барынша күшейе түскен еді. Ал қалған 6 патшалық өзара қырқысудың әсерінен әлсіреген еді. Сонымен бірге, бұл патшалықтардың әрқайсысының өз ішінде билеуші тап арасында, яғни, бай және ықпалды аристократия мен мемлекет билеушісі арасында күрестер жүріп жатты. Бұл сол кездегі өте тез дамып келе жатқан тауар-ақша қатынастарына қайшы келді. Ал экономикалық жағынан күшейген Цинь патшалығы болса, жүз жылдан астам уақыт бойы Орталық жазық аудандарын басып алуды мақсат етті және осы жерлерге үздіксіз саяси, экономикалық және әскери басқаншылығын жүргізіп отырды. Цинь патшалығының бұл саясаты қалған 6 патшалық ішінде ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуіне әкеп соқты, яғни оларды жеңіп алуға жағдай туғызды. «Чжаньго» дәуірі әскери-саяси оқиғалар мен түбірлі қоғамдық өзгерістерге толы болды. Бұрын соңды Қытай қоғамы мұндай ақыл-ойдың жылдам дамыған кзеңін бастан кешірмеген еді.
Дегенмен, бұл дәуірде
де халық санасында көнеден
Пайдаланылған әдебиет
Информация о работе Шығыс Чжоу дәуірінің кезеңдері (б.з.д. 770-256 жж.)