Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:17, реферат
Қытай тарихнамасында және ғылыми әдебиеттерде Чжоу дәуірі екі негізгі кезеңге бөлінеді: Батыс Чжоу (б.з.д. ХІ ғ.-770ж.) және Шығыс Чжоу дәуірі. Шығыс Чжоу дәуірі өз ішінде тағы 2 кезеңге бөлінеді: «Көктем мен күз» немесе «Чуньцю» кезеңі (б.з.д. 770-475 жж.) және «Чжаньго» патшалықтары немесе «Соғысушы патшалықтар» кезеңі (б.з.д. 475-221жж.). Аталған тарихи кезеңдер сол заманның саяси-тарихи процестерінің даму үлгісін дәл айқындайды. Батыс Чжоу дәуірінде чжоулық орталықтанған мемлекеттің негізі қалыптасып, оның орнығу кезеңін бастан кешірді. Ал «Чуньцю» дәуірінде бұрынғы жекелеген дербес жер иеліктері енді біртіндеп орталықтанған мемлекет құрамына біріге бастайды. Ал «Чжаньго» дәуірінде Чжоу мемлекеттігі күйреп, Қытай жерінде бірнеше дербес мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.
І. Кіріспе 4
1. "Чуньцю" кезеңі(б.з.д. 770-475 жж.). 6
2. "Чжаньго" кезеңі(б.з.д. 475-221). 9
ІІ. Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Шығыстану факультеті
Әлемдік мәдениет және өркениет кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
т.ғ.к. Ж.О.Есеркепова____________
Жобалық жұмыс
Тақырыбы: «Шығыс Чжоу дәуірінің кезеңдері (б.з.д. 770-256 жж.)»
Мамандық бойынша 5В020900-Шығыстану:қытай тілі
Орындағандар: Сабырқызы Д., Сатыбалды А.,
211-топ
Тексерген: т.ғ.к. Есеркепова Ж.О.
Алматы 2013ж.
Жоба тақырыбы: «Шығыс Чжоу дәуірінің кезеңдері (б.з.д. 770-256 жж»)
Мәселе: “ Шығыс Чжоу дәуірі 2 кезеңге бөлінеді: «Чуньцю» дәуірінде бұрынғы жекелеген дербес жер иеліктері енді біртіндеп орталықтанған мемлекет құрамына біріккен. «Чжаньго» дәуірінде Чжоу мемлекеттігі күйреуін, даму кезеңдерін көрсету ”.
Жобаның идеясы: “ Шығыс Чжоу дәуірі. «Чуньцю» кезеңінде бұрынғы жекелеген дербес жер иеліктері енді біртіндеп орталықтанған мемлекет құрамына біріге бастаған. Ал «Чжаньго» дәуірінде Чжоу мемлекеттігі күйреп, Қытай жерінде бірнеше дербес мемлекеттік бірлестіктер пайда болған. Осы кезеңдерді талдауижәне сипаттау ”.
Жобаның мақсаты: “ Тарихи кезеңдердің сол заманның саяси-тарихи процестерінің даму үлгісін айқындау. Қытай территориясында бір орталықтанған ірі мемлекеттің құрылуына дейінгі Чжаньго кезеңі Қытай тарихының күрделі, әрі аз зерттелген беттерінің біріне жатады. Ол кезде Қытай территориясы көпетеген жеке патшалықтарға бөлінген. Олардың ішіндегі ең ірілері – Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь патшалықтары болды. Ел территориясының өзара бақталасушы патшалықтарға бөлінуі мемлекеттің экономикалық дамуына кері әсер етуі ”.
Өзекті мәселе: Қазақ тілінде мәліметтердің аздығы, орыс тілінен аудару.
Жоспар
І. Кіріспе 4
1. "Чуньцю" кезеңі(б.з.д. 770-475 жж.). 6
2. "Чжаньго" кезеңі(б.з.д. 475-221). 9
ІІ. Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Қытай тарихнамасында және ғылыми әдебиеттерде Чжоу дәуірі екі негізгі кезеңге бөлінеді: Батыс Чжоу (б.з.д. ХІ ғ.-770ж.) және Шығыс Чжоу дәуірі. Шығыс Чжоу дәуірі өз ішінде тағы 2 кезеңге бөлінеді: «Көктем мен күз» немесе «Чуньцю» кезеңі (б.з.д. 770-475 жж.) және «Чжаньго» патшалықтары немесе «Соғысушы патшалықтар» кезеңі (б.з.д. 475-221жж.).
Аталған тарихи кезеңдер сол заманның саяси-тарихи процестерінің даму үлгісін дәл айқындайды. Батыс Чжоу дәуірінде чжоулық орталықтанған мемлекеттің негізі қалыптасып, оның орнығу кезеңін бастан кешірді. Ал «Чуньцю» дәуірінде бұрынғы жекелеген дербес жер иеліктері енді біртіндеп орталықтанған мемлекет құрамына біріге бастайды. Ал «Чжаньго» дәуірінде Чжоу мемлекеттігі күйреп, Қытай жерінде бірнеше дербес мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.
Шығыс Чжоудың бастапқы кезеңі, жылнамалық дәстүр бойынша «Чуньцю» - «Көктем мен күз» (б.з.д. 770-475 жж.) дәуірі деп аталады.
Елдің шығыс жағына бекінген Пин-уаң бұл жерде, Лои қаласын астана жасап, кішігірім мемлекет құрады. Осы уақытта Қытай жерінде 200-ге жуық ұсақ патшалықтар болған. Дәстүрлі Қытай тарихнамасына сүйене отырып, ғалымдар оларды қала-мемлекеттер болған деген пікір айтады. Шығыс Чжоу дәуірінде өмір сүрген патшалықтардың ішінде Лу, Суң, Цзинь сияқты мықты патшалықтардың атын ерекше атап өтуге болады.
Ұлы Қытай жазығындағы, Хуанхэнің
төменгі және орта ағысында өмір сүрген
патшалықтардың кейбіреулері өздерін
чжоулықтардың, кейбіреулері шаньдықтардың
ұрпақтарымыз деп санады. Бірақ олардың
барлығы Чжоу ваңның жоғарғы билігін
мойындады. Чжоу-ваң өзін «Тянь-цзы»
- «Аспанның ұлы» деп жариялады, ал
елін – Орталық патшалық – Чжуңго
– дүниенің кіндігі деп есептеді.
Осы кезде кеңінен тарай
«Жер кіндігі патшалықтарынан» басқа «Чжоу әлемінің» жерінде көлемі жағынан да, мәдени жағынан да еш кем емес басқа да мемлекеттер болды. Олардың арасында ерекше көзге түсіп, көрінгендері – Янцзының орта ағысындағы Чу патшалығы, құяр сағасындағы У патшалығы және олардан оңтүстікке таман Юэ патшалғы болды. Олардың тұрғындары оңтүстік-шығыс Азияның вьетнам, чжуань, мяо, яо, тан және басқа да халықтарының арғы аталарымен туыстас болды. Б.з.д. VII ғасырға қарай Чу патшалығы ең күшті патшалықтардың қатарына кірген, оның билеушілері өздерін ваң деп атап,оңтүстік патшалықтардың коалициясына билік етіп, Ежелгі Қытай патшалықтарының Аспан асты мемлекетінің гегемондығы жолындағы күресіне белсене қатысады.
Чжоу өркениеті Шан-Инь мәдениетінің ең маңызды жетістіктерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Әсіресе, петроглифтік жазу мен қола құю өндірісін жетілдірді.
Чжоу мемлекетінің қоғамдық
құрылысына келсек, үстемдік билік
құлиеленуші аристократтардың қолында
болған. Аристократтар тобына чжоу
мұрагерлік тобы және әскери біліктілер,
сонымен қоса чжоу аристократтарының
сенімін ақтаған инь
Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жер иеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады [1, 24-26б.].
Бұл дәуірдің атауы
Лу патшалығынынң жылнамасының
атымен байланысты. Конфуций редакциялап,
халыққа жеткізген «Чуньцю»
Чуньцю дәуірі Қытайдағы қола ғасырынң дамыған кезеңі деп саналады. Бұл кезеңде қола құймаларды жасау әдісі өркендеген. Қоладан еңбек құралдарын жасау кеңейе түскен. Әскери қару-жарақтар әсіресе, атқыш құралдар жасау пайда бола бастады. Чу патшалығында сол кезде дөңгелекті арбаға орнатылған қуатты атқыш құрал жасалды. Осы кезеңде мәдени-саяси орталықтар ретінде қалалырдың өсуі байкалады. Олардың көлемі аса үлкен болмағанымен, кейбіреулерінде халық саны 5-15 мыңға дейін жетті. Көне патшалықтардың билеушілері қызметіне қарай үлестіруді әдетке айналдырған. Көптеген патшалықтарда қауымдық меншіктің ыдырауына байланысты қауымдарға жер бөлу тоқтатылып, жер үлестері енді жеке отбасыларға мұрагерлікке бекітіліп беріле бастайды. Ал бұл жағдай мемлекеттің негізгі өндірушілерден артық өнімдерін жинау жүйесіне өзгерістер әкелді.
Деректерге сүйенсек, алдымен
Лу патшалығында (б.з.д. 594 ж.) содан ккейін
Чу (б.з.д. 548 ж.), одан әрі басқа да
мемлекеттерде қауымдық жердің патшаның
пайдасына тиесілі бөлігін
Қауымдардаң өзін өзі басқару органдарының өкілдерінен бізге белгілісі: ақсақалдар кеңесі – фулао, оларды қауымдардағы (ли) қарапайым халық (шужэнь) сайлайды, үш адамдық ақсақалдар коллегиясы (санлао) және қала әкімі – личжэн. Қауымдық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері еңбек міндеткерлігінің орындалуын салықтың жиналуын, қауымдығы қоғамдық тәртіптің сақталуын, қауымаралық дәстүрдің сақталуын қадағалап отырды. Олар жергілікті жасақтарды құра алатын, қаланы қорғауды ұйымдастыра алатын болды, сондай-ақ, олар қауым адамдарын жазаға тартып, оларды өлім жазасына дейін жазалауға мүмкіндігі болды. Кейбір патшалқтарда олар, тіпті, сыртқы дүниемен байланысқа түсті, жергілікті жасақтардың күшімен патша тағына таласушылар арасындағы бәсекелестік күреске де өз ықпалын тигізіп отырды.
Қауымның жіктелуі тереңдей түскен сайын, құлдыққа түсу жағдайлары пайда бола бастады. Жеке меншік қауымдардапатриархалдық құлдық кеңінен тарады. Үй жұмыстарын көбіне құлдар (нучаньцзы) атқарды. Құл еңбегі егіншілікте де кеңінен пайдаланылды. Бұл кезеңде құлдар санының көбеюі құл сату фактілерінің кездесетінін жоққа шығармайды. Мемлекеттік құл иеленушілік соғыс тұтқандары мен қылмысқа тратылғандар есебінен толығып отырды. Осы заманда құлдықты білдіретін – «классикалық» - ну (құл) ұғымы қалыптасады да, ол Қытайдың тарихының бұдан кейінгі кезеңдерінде қолданылатын тұрақты терминге айналды. Шығыс Чжоу қоғамының құл иеленушілік сипатына тән нәрсе – құлдың жеке құқық субъектісі ретіндегі белгілердің сақталуы еді (1, 25-27б.) .
«Жер кіндігі патшалықтарының» аумағында сол заманда этно-мәдени қауым – хуасяның қалыптасу процесі жүрді. Хуася туралы қалыптасқан пікір бойынша, ол – «дүниенің төрт бұрышының варварларынан» (Сы и) ерекше және олардан мәдениеті жоғары болуымен ерешеленеді. «Чжуңго жэннің», яғни, Жер кіндігі патшалығының адамдарының мәдени артықшылығын абсолютті дәріптеу идеясы, осы уақыттан бастап, ежелгі қытайлықтардың сана-сезіміндегі маңызды сипатқа ие болады. Бірақ, сол заманның өзінде-ақ бұл түсінік ежелгі Қытай ойшылдарының арасында талас-пікір тудырып, олар ақырында бұл ұғымның өздері өмір сүріп отырған заман шындығына сәйкес емес екендігін мойындаған болатын.
Хуася патшалықтарының «дүниенің төрт бұрышының варварларының» барлығына қарсы тұруы «Чуньцю» дәуірінде ерекше көзге түседі. Б.з.д. VIIғ. аяғы – б.з.д. VІғ. басында, олардан шеткері өмір сүрегн, хуася емес патшалықтар саяси аренада гегемондық үшін күресте жеңіске жетіп, «Чуньцю» дәуірінде Көк Тәңіріне өз ықпалын жүргізе білген. Солардың ішінен, ежелгі Қытай тарихи дәстүрінің мәліметі бойынша, «варварлық» патшалықтардың төрт билеушісінің аты аталады: солтүстік-батыс жун патшалағы – Цинь, оңтүстік маньдық патшалықтар – Чу мен У, ең орналасқан, этникалық қауым құрамы әр қилы – Юэ патшалығы. Олардың ішінде тек Цинь патшалығы ғана Шығыс Чжоу ваңның билігін номинальді түрде мойындаған.
Ғасырлар бойында «жер кіндігі патшалықтары» осы және басқа да Шығыс Азияның этникалық халықтары және тайпаларымен тұрақты және жан-жақты байланыста болып, оның нәтижесінде олардың арасында ассимиляция жжәне өзара ықпал ету процесі жүріп отыған. Хуася қауымының қалыптасуына б.з.д. ХІІ-ХІ ғғ. Орта Қытай жазығында солтүстік ди тайпаларының орнығуы елеулі ықпалын тигізді. Бұл ди тайпалары «скиф әлемі» деп аталатын дүниеге жататын. «Бөтен» этностардың мәдени жетістіктерін қабылдау «жер кіндігі патшалықтарының» әлеуметтік-саяси, экономикалық және идеологиялық дамуына зор ықпалын тигізді.
«Чуньцю» дәуірінің аяғынан бастап, хуася территориясы Хуанхэ өзені аумағы мен Янцзы өзенінің орта ағысына дейін кеңейеді. «Жер кіндігі патшалығының» шеткері Цинь, Янь, Чу патшалықтарымен байланыстары барған сайын жақындай түседі де, өз кезегінде, бұл патшалықтар да Хуасяның мәдени ықпалына тікеле» тартыла бастайды. Б.з.д. І-мыңжылыдқтың екінші жартысында патшалықтар арасындағы бақталастық күрестер мен қырғын соғыстар өршиді. «Жер кіндігі патшалықтарының» өз ішінде де жік туып, бақталастық күрес күшейеді. Ірі патшалықтарды императорылық билікті сақтап қалу үшін орталықтанған саяси-әкімшілік билік күшейтіледі. Б.з.д. І-мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Қытай саяси картасының «Чуньцю» дәуірінің бастапқы кезеңімен салыстырғанда, түбірлі өзгеріске ұшырайды: 200-дей мемлекеттік құрылымдардан тек 30 ғана қалады, олардың ішінен «7 мықтысы» - Цинь, Янь, Чу сияқты шеткергі және Вэй, Чжао, Хань, Ци деп аталатын «Жер кіндігі патшалықтарының» ішінен шыққандар ерекше көзге түседі. Олардың арасындағы Аспан асты елінде билік пен үстемдікке ие болу үшін бітіспес күрес Ежелгі Қытайдың саяси тарихының одан кейінгі, б.з.д. V-IIIғғ. кезеңінде шешуші мәнге ие болып, ол «Чжаньго» дәуірі деп аталады. «Чжаньго» - «Соғысушы патшалықтар» дәуірі ежелгі Қытай тарихында б.з.д. 221 жылға дейін созылды (5, 45-46б.).
Чжаньго дәуірі (б.з.д. 475-221). Қытай территориясында бір орталықтанған ірі мемлекеттің құрылуына дейінгі Чжаньго кезеңі Қытай тарихының күрделі, әрі аз зерттелген беттерінің біріне жатады. Ол кезде Қытай территориясы көпетеген жеке патшалықтарға бөлінген. Олардың ішіндегі ең ірілері – Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь патшалықтары болды. Цинь патшалығы елдің солтүстік-батысында орналасты. Оның территориясы қазіргі Шаньси провинциясының батыс және солтүстік-шығыс бөліктерін; Ганьсудың шығыс бөлігі мен Сычуань провинциясының солтүстік аймақатрын қамтыған. Патшалық астанасы – Сяньян қаласы болды. Патшалық территориясының мұндай қолайлы жерде орналасуы стратегиялық жағынан өте ұтымды болды, әрі одан кейінге кездерде де патшалықтың тарихында маңызды роль атқарды.
Информация о работе Шығыс Чжоу дәуірінің кезеңдері (б.з.д. 770-256 жж.)