Сақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 16:39, реферат

Краткое описание

Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегіҚарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Содержание

І. Кіріспе
“Сақтар”………………………………………………………1
ІІ. Негізгі бөлім (3-9)
а) Сақ мәдениеті.....................................................................3
б) Сақ өнеріне түсінік............................................................5
в) Тұрғын үй және киімі........................................................7
г) Діни нанымдары мен ғұрыптары............................8
д) Бейнелеу өнері.....................................................................9
ІІІ. Қорытынды бөлім.............................................10
IV . Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 178.50 Кб (Скачать документ)

Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

Мұндай  ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.

Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы  уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар  мен тас жәшіктерге жерлеу тон  болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.

Жерлеу  ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра  айырмашылықтар орын алып, олар шағын  және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Оралсырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.

Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

Бейнелеу өнері


Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылыгының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.

Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмүны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсак, айбалта, жүген, айна секідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды. Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бүйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен кабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, касқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр түрлі материалдар қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі.

Аң  стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.

Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір  орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара  бейнелеу тэн болып келеді. Таутекенің, аркардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Жетісудан (Талдықорған) табылган екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бүралган арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шыгыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шагын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе түтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Скифтер, сақтар мен ғұндардың өркениетке ерте жеткенін дәлелдейтін жазба және археологиялық деректерді осы еңбегіміздің тиісті жерлерінде келтіргенбіз. Скиф, сақ және ғұн этникалық құрамалардың шаруашылығы кешенді болған. Олар кең-байтақ жерді меңгерген демократиялы тайпа болған. 
Сақ  тайпалары әскери өнерінің тереңдей зерттемелерде көптеп кездеседі.Сақ жауынгерінің өз жауын күшпен емес, айламен қолға түсірген.Олардың сана — сезімдерін ұшқыр болғандығын көрсетеді. Сақтардың көсемдері әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирді қалай өлтіргені туралы мәліметтер өте көп. Парсы, грек деректемелерінде Томиристің батылдығына қарап, сақ әйелдерінің жігерлі екенін байқадық. Қорыта айтқанда, сақ тайпасының әскери өнері де, мемлекеттік құрылымы да өз жағынан дамыған. 

Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған Әдебиеттер

 

  1. Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан?  
  2. Тараз энциклопедиясы 
  3. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.

      4.  Акишев К.А., Кушыев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, 1963; Артамонов М.И., Сокровища саков, М., 1973; Акишев А.К., Искусство и мифология саков, А.-А., 1984; История Казахстана, т. 1, А., 1996. А. Бейсенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сақтар