Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 16:39, реферат
Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегіҚарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.
І. Кіріспе
“Сақтар”………………………………………………………1
ІІ. Негізгі бөлім (3-9)
а) Сақ мәдениеті.....................................................................3
б) Сақ өнеріне түсінік............................................................5
в) Тұрғын үй және киімі........................................................7
г) Діни нанымдары мен ғұрыптары............................8
д) Бейнелеу өнері.....................................................................9
ІІІ. Қорытынды бөлім.............................................10
IV . Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................11
Жоспар :
І. Кіріспе
“Сақтар”………………………………………………………1
ІІ. Негізгі бөлім
а)
Сақ мәдениеті.....................
б)
Сақ өнеріне түсінік.......................
в)
Тұрғын үй және киімі.........................
г)
Діни нанымдары мен ғұрыптары.....................
д) Бейнелеу
өнері.........................
ІІІ. Қорытынды бөлім.........................
IV . Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе (Сақтар)
Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта
Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде
Ассирия мен Мидия мемлекеті
құрылады. VІ ғ. Мидия мемлекетінің
орнын Ахеминидтер мемлекеті басады. Бір
топ парсы тайпаларының көсемі ІІ-Кир
оның негізін салады, б.з. дейінгі 550 жылы
ол Мидияны талқандап, өзіне бағындырады
да, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарында
қоластына қаратып орасан зор империя
құрады. Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар арасында
Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия
мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа
енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын
мекендеген халықтарды Ахеминидтер не
жаулап алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар,
соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей
жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар»
мекендеген. Парсы деректерінде турлар
– сақтар деп аталады, бұл «еңіреген ерлер»
деген сөз, ал грек авторларының туындыларында
олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің
екінші аты, бейнесі ретінде айтылып, әдетке
айналып кеткен.
Б.з. І ғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдің
Үлкені: «Яксараттың арғы бетінде скиф
тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны
сақтар деп атайды... Скиф халықтарының
саны хисапсыз көп... Олардың ішіндегі
ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер,
даилар, исседондар... аримасптар» – деп
жазады.
Біздерге жеткен деректерге қарасақ, сақтар
малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі
қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен
ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды
көзінен ататын садақшы-мергендер екен.
Дарийдің Бехустин жартасында сақтарға
жорық кезінде жазған текстерінде сақ
тайпаларының үш тобы аталады. Олар: хаомоварга
сақтары (хаомо сусының дайындайтын сақтар),
парадария сақтары (теңіздің арғы жағындағы
сақтар), және тиграхауд сақтары (шошақ
тымақты сақтар) деп аталады.
Зертеушілердің пікіріне сенсек, парадария
сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Амударияның
төменгі арасында немесе Қаратеңіздің
теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік
құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның
орта аймағы мен Тянь-Шаньді мекендеген;
хаомоварга-сақтар Мұрғап алқабынан қоныс
тепкен. К. А. Ақышевтің пікірі бойынша,
Иран жазба деректеріндегі тиграхауд
сақтарына ортокарибантия скифтері сәйкес
келеді, өйткені жоғарғы екі атаудың екеуі
де «шошақ бөрікті сақтар» деген сөз. Бұған
қоса айтатын бір жәйт, персепольдегі
Ксеркс сарайының барельефтерінде бейнеленген
сақтардың бет пішіні моңғолоидті және
олар биік шошақ бөрік киеді, ендеше бұлар,
әсілі, тиграхауд-сақтар Жетісуда тұрып
тіршілік еткен деп қорытынды шығарады
ол. Есік обасына қойылған сақ патшасының
басына биік шошақ бөрік кигендігі оның
бұл болжамын дәлелдеп дәйектейді.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
№ |
Сақ топтарының аты |
Мекендері |
1 |
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарйа) |
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында. |
2 |
Шошақ бөрік дайындайтын сақтар (Хаумаварга) |
Мургаб аңғарында өмір сүрді. |
3 |
Хоама сусынын дайындайтын сақтар (Хаумаварға) |
Мургаб аңғарында өмір сүрді. |
Олардың
жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті
ерекшеліктері мен өзара жақынд
Талғар
өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері
мұнда сақ тайпалары
Қазбалар
барысында көптеп табылған тас кетпендер
мен дәнүккіштер Орталық
Сақ мәдениеті
Сақтардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.
Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.
Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі:
Ерте
кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге
жануарлардың қозғалыссыз немесе басын
бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.
Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан
кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер,
олардың күрделі топтамалары
келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер
осы кезеңге тән.
Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау
мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.Тарих,
археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты
екі түрлі пікір бар.С.Руденко,
М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау
алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе,
К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников,
т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады
(дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон,
ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик.
композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында
да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті
ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты
деп санайды.
Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.
Сақ өнеріне түсінік
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші
жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді. Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда
болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында
соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларынан: жер бауырлап
жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас,
бүркіттердің стильдендірілген
бастары, жыртқыштар мен «заулап
бара жатқан» бұғылар, аттар, мен түйелер бейнесін тауып
берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан
стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар
бір-біріне тәуелсіз стиль дес
есептейді. Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына
ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, қару – жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Элам мен Урарту
мәдениетімен танысып,
олардың өркениет табыстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан композиция
мен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид
Иранының көркем өнері осылай туып қалыптасады да, ол
сақтар өнеріне қатты ықпал жасайды. Осынау
мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жортуыл-жорықтар жасаған сапарында танысады.
Олардың патшалықтарынан Мидия патшасы
Киаксар талқандағанна кейін, олар
бейнелеу өнерінің көптеген үлгілерін алып, үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді. Тувадағы Аржан обасын қазған кезде – оның диаметрі 120 м, биіктігі
3 м орасан зор құрылыс – оба үйіндісінің астынан археологтар
аса күрделі ағаш конструкциясын
тапты: оның дәл ортасында жуан
бөренелерден қиылған көлемі 8 * 8 м үлкен там, ал оның ішінде көлемі көлемі 4,4х3,7 м тағы бір там бар екен.
Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы тағы бірнеше еркектің – көсемнің туыстары мен серіктернің мәйіттері жатыр, тегі
олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек.
Айналаға радиус бойынша
орнатылған тамдар ішіне жорық ер – тұрмандарымен 160 ат қойылыпты. Тағы да толып жатқан аттар қалдықтары оба сыртындағы шеңберлі қабырлардан табылды.
Барлық аттар құла және жирен түсті яғни патшалар мен абыздар
түстеріне сәйкес келеді екен.
Оба бағы заманда тоналыпты,
бірақ археологтар үлесіне де көп-көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе
барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды.
Оба б.з. дейінгі VIII ғ. тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары
ең ескі дүниеліктер болып
табылады. Соған қарап сақтың «аң стилі» Азия даласында
туған деп болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар,
осы арада оның бастаулары да бар.
Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті
ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғылады, бұқаларды бейнелейтін
тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з. дейінгі ІІ-мыңжылдық соңы мен І-мыңжылдықтың басы кезінде ерекше
бір көркем өнер туып қалыптасқан, бірақ ол әлі «аң стилі» емес еді.
«Аң стилі» өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Дәп сол кездері осы
арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, «өмір дарағы» образдары ауысып
келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс,
бүркіт сияқты жергілікті жануарлар
бейнелірмен сіңісіп кетеді. Осы
бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі
мән берген. Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп,
биік деңгейге көтерілген. Зергер-шеберлер
алтын, күмісті балқытып құю, штампылап, өңдеу ісімен таныс
болған, олар алтын мен
күмістен, феруздан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адам мен
оның киім-кешегін, аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында жануарлар
басымен әсемдеоген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза тізілген
алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім-кешектің сәнін кіргізетін қаптырмалар болған. Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан бәрінен де толығырақ көрінеді, сол бұйымдарға қарап, біз текті-дәулетті сақтардың киген киімі, айқасқа шығарда тағынатын қару-жарағы туралы біраз мәлімет алдық. Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен әшекейлерді қақ алтынмен аптау әдісін кеңінен қолданған. Сақтар арасында ағашты өңдеп, оюлап бедерлеу
ісі қатты дамығанын ағаштан істелген ыдыс-аяқтардан, аңдар мен жануарлар
бейнелерінен, әралуан қапсырмалардан көруге болады. Ағаш ою-өрнектеумен бірге
сүйекті өңдеу және одан әртүрлі бұйымдар – қапсырма, тоға, түйме жасау кәсібі де дамиды. Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық юозыларынан жасап,
оларды ғажайып, ою-өрнектерімен әспеттейтітінін айтқан едік. Түрлі түсті асыл тастардан
– сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ-таналар жасаған. Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, жағажайға, жел-дайылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп
көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самрұқтар көріне бертін болғпн. Осынау образдардың мифиология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай,
евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Еуразияның
мал өсіретін тайпаларының өз негізінде
біртұтас экономикалық базисі, экономикалық
және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағы
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.
Геродот пен Гиппократтың хабар
Археологиялық деректер бойынша,
қола дәуірінде даланы мекендеушілер
күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле
түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі
ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер
Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігі