Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 04:45, реферат
Сақ кезіндегі тайпалардың көркем шығармашылығының неғұрлым айқын және есте қаларлық көріністерінің арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Жаңа дәуірдің 7 ғасырынан Сібірдің, Қазақстанның, Еділ бойының аумақты далалары мен Еуропа оңтүстігі халықтарының аңдық стиль деп аталатын өнердің өзіндік және жарқын құбылысы пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдардарды және мифтік зооморфтық құбыжықтарды бейнелеу болды. Сақ және ғұн шеберлерінің бұйымдарында Еуразия өзендерінің, ормандарының, далаларының бай жанды әлемі: балықтар, жыландар, үйректер, аққулар, бүркіттері, қырандары, кірпілері, бұғылары , бұландар, еліктер, маралдар, арқарлар, қасқырлар, барыстар, жолбарыстар, арыстандар, жылқылар, қойлар, қодастар, түйелер жан бітіп кеткендей болады.