Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 04:45, реферат
Сақ кезіндегі тайпалардың көркем шығармашылығының неғұрлым айқын және есте қаларлық көріністерінің арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Жаңа дәуірдің 7 ғасырынан Сібірдің, Қазақстанның, Еділ бойының аумақты далалары мен Еуропа оңтүстігі халықтарының аңдық стиль деп аталатын өнердің өзіндік және жарқын құбылысы пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдардарды және мифтік зооморфтық құбыжықтарды бейнелеу болды. Сақ және ғұн шеберлерінің бұйымдарында Еуразия өзендерінің, ормандарының, далаларының бай жанды әлемі: балықтар, жыландар, үйректер, аққулар, бүркіттері, қырандары, кірпілері, бұғылары , бұландар, еліктер, маралдар, арқарлар, қасқырлар, барыстар, жолбарыстар, арыстандар, жылқылар, қойлар, қодастар, түйелер жан бітіп кеткендей болады.
Сақ тайпасындағы аңдық стиль өнері.
Сақ кезіндегі тайпалардың
көркем шығармашылығының неғұрлым айқын
және есте қаларлық көріністерінің арасында
қолданбалы өнер ерекше орын алады. Жаңа
дәуірдің 7 ғасырынан Сібірдің, Қазақстанның,
Еділ бойының аумақты далалары мен Еуропа
оңтүстігі халықтарының аңдық стиль деп
аталатын өнердің өзіндік және жарқын
құбылысы пайда болды. Оның басты тақырыбы
аңдардарды және мифтік зооморфтық құбыжықтарды
бейнелеу болды. Сақ және ғұн шеберлерінің
бұйымдарында Еуразия өзендерінің, ормандарының,
далаларының бай жанды әлемі: балықтар,
жыландар, үйректер, аққулар, бүркіттері,
қырандары, кірпілері, бұғылары , бұландар,
еліктер, маралдар, арқарлар, қасқырлар,
барыстар, жолбарыстар, арыстандар, жылқылар,
қойлар, қодастар, түйелер жан бітіп кеткендей
болады. Олар басы бүркіт, денесі арыстан
және басқа ертегілік құбыжықтармен :
біресе ол кесіртке денелі және ешкі басты
жануар, біресе ол бұғы мүйізді жолбарыс,
қабан тұмсықты және тісті немесе барақ
ит басты түріндегі құлақтарымен қасқырлар
болып алмасып отырады. . Бұл бейнелер
зооморфтық өзгерулер құбылысын білдіреді,
олар ерте темір дәуірі көшпенділерінің
өнерінде жетекші бағыттардың бірін құрайды.
Зооморфты айналулармен қатар неғұрлым
кең тараған мотив - аңдар мен құбыжықтар
қинаулары мен күрес көріністері: бүркіттің,
кодас пен бүркіт жемтігіне таласқан жолбарысқа,
жыланның атқа шабуылы, ағаш көрінісі
алдындағы жолбарыс пен қос өркешті түйенің,
жолбарыстың атпен айқасы бейнелері. .
Қазір б.д.дейінгі І-ші мыңжылдыққа дейінгі
Еуразия көшпенділерінің бұл мотивін
түсіндіретіндей бірде-бір нанымды болжам
жоқ. Бұл көріністер төтемдердің немесе
жақсылық пен жамандықтың күресін білдіретін
рулардың немесе тайпалардың тартысын
бейнелейді деген болжамдар айтылды. Жануарлар
"қинауының" көріністері алғашқы
қауымдық құрылысы ыдырауы дәуірінің
әлеуметтік процестерінің мифологиялық
бейнеленуі болып табылады деген пікір
бар. Зерттеушілер олардан "күштінің
құқын", жеңісті дәріптеуді растауын
көреді. "Аңдық стиль" өнері негізінен
қызмет көрсеткен аристократияның тонау
мен соғыс әдеткі жұмысына айналғанда,
бұл дәуірдің қатаң сыйпатымен байланыстырылады.
"Қинау" көріністерінен ру эмблемасын
көріп, оған геральдикалық мән берілді.
.
Ертедегі суретшілердің шығармашылығы
жануарлар әлемінің нақты бейнесімен
жанды және сан алуан өзара байланыста
болды. Қазақстандық фаунадан арқар мен
тау текенің, жолбарыс пен жабайы шошқаның,
марал мен түйенің, дала бүркіті мен сирегірек
қарақұйрықтың, қасқырдың және қоянның
бейнелері жиі кездеседі. Аңдық образдарды
көркем сомдау да алуан түрлі болды. Олар
домалақ скульптура, бұлдыр кескінді және
сызықты суреттер түрінде орындалды. Бұл
бұйымдарды жасау материалдары ретінде
тек алтын, күміс, қола және темір ғана
пайдаланып қоймай , сонымен бірге сүйек
пен мүйізге ою салу, жапсырма, түрлі түсті
киіз бен теріге өрнек салу кең қолданылды.
.
Сақ қорғандарын қазу біздерді Қазақстанның
ертедегі көшпенділерінің "аң стиліндегі"
үлгілермен кең таныстырады. Сырдарияның
төменгі ағысындағы ‡йғарақ моласынан
(б.д.дейінгі 6-7 ғасырлар) арқар мен грифондар
басы бейнеленген айылбастар, Төгіскен
(б.д.дейінгі 6 ғасыр) моласынан қосарланған
жылқы басы түріндегі қола қалақшалар,
қойдың басы мен жатқан қиялдағыдай екі
құбыжық бейнеленген семсер қынабының
алтын қоршауы белгілі. Сондай-ақ басқа
да үздік олжалар: Павлодар облысындағы
Тасмола қорғанынан (б.д.дейінгі 6-7 ғасыр)
тау-текелердің бейнелері, жолбарыс түріндегі,
мал түріндегі жұқа қабыршықты алтын қаңылтыр
белгілер, б.д.дейінгі 4-3 ғасырларындағы
Қарамұрын моласы жерлеулерінен жолбарыстың
түйеге шапқан көрінісімен қола белгі
және қиял-ғажайып жануары мен қос қыран
түріндегі қайыс бастырма, бүктелген қабан
түріндегі мүйізден жасалған белгі бар..
Ауызына құсты, сондай-ақ бірқатар басқа
бұйымдарды қыстырған арыстан басының
бейнесі бар даңқты Бекқара тоғасы б.д.дейінгі
3 - 2 ғасырларға жатады. Тасмола бейітін
қазған кезде марал мүйізінен жасалған
шағын сымбатты тоға табылды.
Б.д.дейінгі 5 ғасырда, әсіресе 4 ғасырда
скиф мәдениетіне грек өнерінің күшті
ықпалы басталады. Скиф аристократиясының
тұрмысы грек қалаларында жасалған бұйымдармен
толыға түседі. Скиф патшалары мен көсемдері
шеберлерінің көркем шығармашылығына
эллиндік ықпалмен бірге адам бейнесі
енеді. Дегенмен, Еуразияның басқа көшпенділерінің
өнері сияқты скиф өнері, бұл ең алдымен,
аңдарды бейнелеу өнері. Б.Н.Граковтың
айтуынша, ол аңдық стильді тамаша дамыта
білді, ал іс адамды бейнелеуге қатысты
болған кезде қарапайым жағдайынан қиындықпен
арылды.
"Далалардың ұлы белдеуінің" барлық
барысында "аңдық стиль" ішкі бірлігімен
және өз эволюциясының ортақ бағытымен
ерекшеленеді. Қоршаған шындықты өзінше
бейнелейтін бұл өнер ерекше бейнелеу
құрылымына ие.