Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 17:35, курсовая работа
Краткое описание
Мемлекеттілік мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой, сол халықтың өзі жазған тарихи деректері маңызды. Қазақ даласында кем дегенде мемлекеттіліктің 2,5 мың жылдық тарихы бар. Бізге тәуелсіздік өзінен-өзі келген жоқ, оның бастауы мен сабақтастығы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Еуразия даласының ұлы көшпелі мемлекеттері өз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына өшпестей мұра қалдырып отырған.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3 Ғұн мемлекетінің саяси-тарихы..............................................................................4 Мөденің дәуірі..........................................................................................................5 Ғұнмен қытай арасындағы соғыс............................................................................6 Қорытынды..............................................................................................................11 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................
Шу атақты мемлекеттің астана
қаласы екенін Махмұд Қашғари де айтады.
«Искендер Зұлқарнайын заманынан бұрын
Жетісуда бір үлкен қала болған, оны Шу
деп атаған. Оны салдырған сол жердің ел
басқарушысы Шу деген кісі».
Бұл екі «Шу»: біріншісі - Шу
өзенінің аты, екіншісі - қаланың аты. Махмуд
Қашғари мен Сыма Цяньның айтып отырғаны
сол қала туралы.Сыма Цянь айтуынша, бұл
қалаларды Жетісуда, Талас өзені бойында
келістіре салған ғұн, үйсін, қаңлылар.
Тарихтың сөйлеуінше: «Шижы
построил свою столицу и организовал шелковую
дорогу от китайских пограничных территорий,
которая вела через столицу Шижы Талас
к Антиохии и Маргиане (Мерв)»
Шижы Қытайдың ұлы жауы. Ол өзіне
келген Қытай елшілерінің сондай зұлымдығын
білген соң, оларды еліне жібермей, тура
жойып отырады. Қытай патшасы оған тісін
қайрап, тез жоқ қылудың соңына түседі.
Қытай енді Шижыны қалай құртудың соңына
түседі, бірақ сегіз жыл бойы ешнәрсе істей
алмайды. Тек қана қылмысты болып жүрген
Чен Тан деген бір офицер үкіметіне арыз
беріп: «Егер менің қылмысымды кешірсең,
Шижының басын кесіп әкеліп беремін»,
- деп ант береді. Қытай оған жойқын әскер
беріп, Чен Тан б.з.36 жыл бұрын Қытайдан
шығып, ұзақ жолмен жорық жасап, Шу өзенінің
бойына келеді. Ол жерде тұрған қаңлы мен
ғұн әскері жойқын қолды тоқтатып тұра
алмайды. Қытай әскері тура Талас қаласына
келеді. Қаланың жан-жағынан қамайды. Бірнеше
күн жойқын соғыс болады.Әскерді бастаушы
Чэнь Тан көп қолмен Шэньсиден шығып, мыңдаған
шақырым тұрған Талас қаласына жетеді.
Ол жерде бірнеше күн жойқын соғыс болады.
Ол Тасақыр, Қызылқайнар қамалының түбінен
басталады. Қытай әскері ғұндарды қырық
шақырым Талас қаласына серпілтеді. Ғұндардың
бұл соғыстағы ұлы күші қаңлылар, чубандар,
жалдамалы Рим әскері болды. Алғашқыда
Қытай әскеріне бірталай соққы берсе де,
жаудың топталған қаруын жеңу оңай болмайды.
Жаудың әскері Талас қаласының қамалына
кіріп соғысады.
Шижы оларды мұнараның басына
шығып атады. Жау әскері сарайына өрт жіберіп,
оның ағаш бағаналары тегіс жанып жатады.
Шижы барлық үмітінен айырылып, қолға
түседі.
Қытай әскері оның басын кесіп
алып, Талас қаласын тегіс тонап, қымбат
дүниелерін, алтын-күмістерін алып, тезінен
еліне кетеді.
Шижы өлген соң Орта Азия ғұндарының
алып ері Қоян барлық тайпаларды бұрынғыша
біріктіріп, Қытайға аяусыз қарсы тұрды.
Шижының ұрпақтарына ұлы көмек
көрсеткен қаңлылар. Олар күнбатыстағы
ғұндардың мықты одағы еді. Кезінде Шижыны
елімен, әскерімен өз жеріне шақырып, Талас
өлкесін оларға береді. Алтайдан Шижы
Талас бойына келерде, олардың алдынан
мыңдаған түйе, сәйгүлік ат жіберіп көшіріп
алады.
Ғұндардың өз тайпалары чубан,
икюй, абдал (эфталит), кердер. Жубан (чубан)
– ескі тайпа, тілі ұйғыр тілімен бірдей,
әуелде теріскей ғұндарының қауымында
болған, сұлулықты жақсы көретін таза
ел. Олар екі тайпаға бөлініп тұрған. Бірі
Талас қаласында Шижының ұрпағында, кейін
Түрік қағанаты кезінде Дулат одағына
кіріп, шүніш-чубан аталған, енді бірі
қыпшақтар төңірегінде болып, кешу-чубан
сығын деп белгілі болған.
Жубанның еркектері басын таза
қырып, қабағын сипап отырады. Тамақ жеудің
алдында қолын тазалап жуады, ас ішуге
содан кейін отырады. Бергі кезде олар
жужан елімен жақындасып, олардың шақырған
қонағына бара жатып, елінің бет-аузын
жумай, кірге батып жүргенін көріп, еліне
қайтып кетеді.
Жубандардың ортасында аттары
қызықты әңгімеге айналған атақты бақсылары,
ауруды тез жазатын емшілері көп болған.
Біздің заманымыздан 104 не 99 жыл бұрын
қытай әскері келіп, ғұндарды қаратпақшы
болғанда, жубанның бақсылары қытай әскеріне
қарсы барып қажытып, жеңіп шығады. Бергі
кезде жужандар келіп шаппақшы болғанда,
жубанның бақсылары тағы и күн жайлатып,
боран соқтырып, елін аман-есен алып қалады.Сақтар,
ғұндар, үйсіндер, қаңлылар қазақ сахарасында
ерте дәуірден қала мәдениетін жасаған
әйдік елдер. Олар қаланы Жетісуда, Алатаудың
қойнауларында, Іле, Шу, Талас өзендерінің
бойында, Сырдарияда, Қаратауда, Арал теңізінің
жағасында көбейте бастады.
Оларды сақтардан кейін ғұн
елінен жасаушылар жубандар (қытайша юебань),
абдалдар (эфталиттер), кердерілер (кидариттер),
қалын, қаңлылар, Жетісудың үйсіндері.
Ғұн мен қаңлылар Жетісуда байтақ Шу қаласын,
көркем Талас қаласын тұрғызып, тарихта
көркем аттар қалдырды. Ғұн мен қаңлылар
бірігіп, сондай мәдениеттің бай орталығы
етіп, Сырдарияның төменгі алабы мен Арал
теңізінің жағасын, Қаратауды көркейтеді.
Бұл өлкені қоныстаған ғұн тайпалары жубандар,
абдалдар (эфталиттер, хиониттер), кердерілер
(кидариттер)
Демек, чубандар (юеабаньдар)
сол бастан Шижының күш алған ұлы тайпасы.
Шижының Талас қаласындағы сарайында
Рим әскері тұруы, олардың Иранға қарсы
одақ болуы да сол кезден басталған болу
керек. Кейін барлық ғұн тайпалары (чубан,
абдал, кердер) Иран патшалығына қарсы
тұрады. Ол Иран хикаясында, Фердоусидің
«Шахнаме» поэмасында жарқын түрде жазылған.
Абдалдар көп заман Амудария
мен Арал теңізінің өлкесін мекендеген
ғұндардың екінші бір мықты ұлысы. Абдалды
гректер хионит, рим жазушылары эфталит
болмаса, «кидарит ғұндары», армян жазушылары
«хептал», арабтар «хайтал» дейді. Бұл
тайпаның атын дұрыс жазған Византия жазушысы
Феофилакт Симокатта: «Ғұндардың өзі қандай
айтса, солай жазған - «абдал», бізде «эфталит»
деп айтылатын түпкі нұсқасы», - дейді.
Истеми қағанның Византия патшасына жазған
хатында «мен абдалдардың көсемін өзіме
бағындырдым, ол менің одақтасым болды»
Абдал тайпасы кейін Кіші жүз
құрамында сақталады. Олардың ұрпағы әлі
күнге бар Қытайлар абдал мен кердеріні
бір қосып, оларды «ақ ғұн» деп атаған.
Олар мәдениеттің жоғарғы сатысына шығып,
көп қала салған елдер.
Жетісу, Сырдария өлкесінде
жасаған ғұн тайпаларының кейбіреулері
Еділ бойына, күнбатысқа ауысқан. Оны жазған
Г.Моравчик. Оның айтуынша, «гуннские племена,
жившие на Северном Кавказе первоначально
селились по рекам Сырдарья, Талас, Или,
Чу. Продвигаясь на запад, часть их осела
на Северном Кавказе, другие же, пройдя
вдоль северных берегов Черного моря,
вторглись в Дакию, Мезию, Фракию».
Ғұндарды әлеуметтік жағынан,
антропология тұр жағынан, тұрмыс салты
жағынан көп жазған IV ғасырдың жазушысы
Аммиан Марцеллин. Марцеллиннің баяндауынша,
ғұндар қыстыгүні басына үш құлақты тымақ
киіп жүретін, соғысқа оң қол - сол қол
болып кірісетін, соғысқа кіргенде сүрең
салып ұран шақырады, алыстан атпалы найза
қолданады (кейін оны қазақтар да қолданған),
найзаның өткір басын темірден жасамай,
ұзын сүйектерден жасаған. Олардың жауынгерлік
қимылы өзге халықтардан бүтіндей басқа,
үміттің ерлік түрі орасан асқақтап тұрады.
“Ғұн державасы” орасан зор
үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері
де болатын. Мұның өзі олардың арасындағы
берік бірліктің болмауымен байланысты
еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғүндардың
өз арасында соғыс басталды. Ғұндардың
өз іштеріндегі болып жатқан мұндай талас-тартыстарды
Қытай мемлекеті пайдаланып қалуға тырысты.
Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып,
ғүндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.
Ғұн мемлекеті үздіксіз жүргізілген
соғыс нәтижесінде құлдырайды.Тек Ғұн
мен Қытай елінің арасындағы соғыс кимылдары
300 жылдан астам уақытқа созылған. Біздің
заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік
және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік
хундардың тағдыры негізінен Хань империясына
тәуелді болды, Солтүстік хундар батысқа
қарай коныс аударды.
Батысқа жылжыған Ғұндар IV ғасырда Дон өзенінде
тоқтап, V ғасырда Еуропаға кіреді.Еуропаға
ене бастаған ғұндар Аттила кезінде өте
күшейді.
«Полихромные украшения гуннской
эпохи обнаружены во многих странах Европы
– в Польше, Румынии, Югославии, Чехословакии,
Венгрии, Германии».
«Особое значение имеет то,
что гунны пользовались ранней формой
рунического письма, следы которого найдены
в пределах Восточной Европы»
Еділ (Аттила) өлген соң ғұндар
қайыра күншығысқа қайтып кетеді, кейбіреулері
Қырым мен Солтүстік Кавказға тоқталады,
өзгелері Орта Азияға қайтып, туысқан
түрік тайпаларымен бірігеді. Олардың
тұқымдары пешенелер, хазарлар, кердерілер,
абдалдар.
Қорытынды
Қорыта айтсақ,Ғұнмен Қытай
арасындағы жанжал 300 жылға созылған болатын.Сол
уақыт аралығында Ғұн мемлекеті қытай
императорларының үрейін ұшырып,ауыр-ауыр
соққы береді.
Мөде шаньюйдің кезі «Ғұн мемлекетінің
өрлеу кезеңі» еді.Мөде ғұндарды күшті
державаға айналдыру үшін әскери реформалар
жүргізді. Мөденің басшылығымен ғүндар
өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды
талқандады.Мөде Қытаймен кесікілескен
соғыс барысында ғұн тайпаларын біріктіріп,
билеуші - шаньюй деген атаққа ие болады.
Мөде шаныюйдің билікке келуімен ғұндардың
көршілес тайпалар мен жерлерге жеңімпаз
жорықтары басталады. Мөденің бастауымен
ғұндар қытайды талқандайды.
Амалы қалмаған қытай императоры
хундармен туыстыққа негізделген бейбіт
келісім шартын жасауға мәжбүр еді.Оның
негізгі шарты жыл сайынғы алым және
ғұндарға ұзатылатын Қытай ханшайымы
еді.Бұл деген қытайлықтардың нағыз бағыныштылығын
білдірген.Ғұндармен Хань әулетінің бейбіт
қатынасы б.з.б 166-163 жылдарға дейін созылды
Бұдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы
шарт қайтадан басталып,жаңарып отырған.Ұлы
Қытай қорғаны салынуынын бір себебі осы
ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді.
Қытай императоры, елдің солтүстік аудандарын
көршілес көшпелі тайпалардың жауынгер
атты әскерлерінің шабуылынан корғау
үшін, елдің бүкіл солтүстік шекарасын
қамтитын қорғаныс қабырғасын салуды
ұйғарады.Бұл атақты Ұлы Қытай қабырғасының
күрылысы еді.Қорған 5000шақырымғасозылған,биіктігі10
метр,әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы
орнатылған.
“Ғұн державасы” орасан зор
үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері
де болатын. Олардың арасындағы берік
бірліктің болмауымен байланысты еді.
Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз
арасында соғыс басталды.Іштеріндегі
болып жатқан мұндай талас-тартыстарды
Қытай мемлекеті пайдаланып қалуға тырысып,
ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.
Ғұн мемлекеті үздіксіз жүргізілген
соғыс нәтижесінде құлдырайды.Біздің
заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік
және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік
хундардык тағдыры негізінен Хань империясына
тәуелді болды, Солтүстік хундар батысқа
қарай коныс аударды.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
Алдабек Н.Ә. «Қытай тарихы»
Алматы 2007.
Мусин Ч. «Қазақстан тарихы»
3-ші бөлім Алматы 2005.
Аманжолов К.,Рахметов Қ.«Түркі
халықтарының тарихы» Алматы1996.
Артықбаев Ж.О.,Пірманов Ә.Б.
«Қазақстан тарихы»
Гумилев Л.Н. История народа
хунну. – М.: АСТ: Астрель, 2010. – 700 с.
Рене Груссе. Империя степей.
Астана, 2006. – 216 с.
Хазанов А. Кочевники и внешний мир.
Крадин. Н.Н. Империя Хунну. Изд.
2-е, перераб. и до. – М.: Логос, 2002. – 312
Қ.С.Қаражан,Ж.Әбсеметова,С.С.Саржанова
«Қазақстан тарихы»2009 Алматы.